Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет98/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   141

322

жақтарының, жергілікті уақыт бағдарлайтын заттың атымен 

топографиялық картадағы орны беріледі.

Топографиялық   бағдарлау   нəтижесінде   адамдар   өзі 

 

 

тұрған   жерден елдімекенге, өзенге, көлге немесе басқа да 



жергілікті ірі заттарға қатысты орны мен бағытын, олардың 

аттарын анықтай білуді үйренеді. Мысалы: жергілікті уақыт 

18º35’. Солтүстік  теміржол  көпірі, 211,7 м биіктікте тұрмыз. 

Оң жағымызда 3 шақырымда Ивановка; Тура 4 шақырым 

қашықтықта Бежица өзені; 10 шақырым кашықтықта Каменск; 

Сол жақта 3 шақырым қошықтықта Глубокое көлі, бұдан соң 

жолбасшы бағытты көрсетіп, бағдарлау жұмыстарын жүргізеді. 

Топографиялық бағдарлау тұрған орынды карта болмаған немесе 

бағдардан адасқанда байланыс құралдары арқылы хабарлағанда 

да қолданылады. Мысалы: теміржол көпірінің   солтүстігіндегі  2 

шақырым қашықтықтағы қорғанда тұрмын; 900 м  ол батысын-

да орман; 5 шақырым оңтүстік қашықтықта заводтың екі түтін 

шығатын мұржасын көріп тұрмын.

8.4. Жерсеріктік ғарыштық электронды навигациялық 

құралдардың көмегімен бағдарлау

Тұтынушының  ғарыштық электронды навигациялық 

құралдары туралы түсінік. Жерсеріктік навигациялық 

жүйелердің көмегімен  нысандардың координатын сызықтық 

белгілеуді құру əдісімен анықтайды. Белгілі координаттары бар 

нысаналау қондырғысы ретінде навигациялық жер серіктіктері, 

ал координатты өлшеу құралы ретінде антенасы бар  электрон-

ды есептеу қабылдағышы (блогы) қолданылады. Шағын антена-

мен Жердің жасанды серіктерінен біршама əлсіз сигналдың өзін 

қабылдай алатын микрокомпьютерлер мен радиоэлектрониканың 

заманауи озық технологияларын енгізу аталған əдісті іс жүзінде 

пайдалануға мүмкіндік берді.  

Қазіргі GPS-қабылдағыштардың өлшемі микрокалькулятор-

лар 


дың өлшемдерінен аспайды. Кері белгілеулерді шешуді 

қамтамасыз ету үшін Жер маңы орбитасында жасанды Жер 

серіктерінің саны 18-ден кем болмауы тиіс. Мұндай сан Жер 

шарының кез-келген нүктесінен бір мезетте кем дегенде 4  Жер 

серіктерінің бақылауына мүмкіндік береді. Жердің жасанды 



323

серіктерінің талап етілетін кеңістіктік координаттарының  тұрақ-

тылығы мен жоғары дəлдігі олардың орбитасын тұрақты бақылап 

отыратын жер үсті бекеттері қамтамасыз етеді. Өйткені жер үсті 

бекеттерінің үстінен Жердің жасанды серіктері бір тəулікте  екі рет 

өтеді.  Позициялайтын Жер серіктік жүйелердің артықшылығына 

ғаламдығы, жеделдігі, кез-келген ауа райында жүргізілуі, оңтайлы 

дəлдігі мен тиімділігі  жатады. Олар геодезияда, картография-

да, географияда, жерді орналастыруда, ауыл шаруашылығында, 

авто-, əуе-, теңіз навигацияларында, т.б. салаларда қолданылады. 

«Magellan», «Ashtech», «Rockwell», «Trimble Navigation» (АҚШ), 

«Leica Geosystems» (Швейцария), «Carl Zeiss» (Германия) 

сыияқты көптеген фирмалар ГАЖ деректер жинауға бағытталған 

арнайы позциялау қабылдағыштарын шығарады. 



Орта орбиталы жер серіктік  навигациоялық GPS 

жүйесі. 1960 жылы атомдық сағаттың жасалуына байланысты 

навигациялық мақсатқа координаттық белгілерді синхрондап, дəл 

бере алатын қабылдағыштар торын құруға мүмкіндік 1964 жылы 

АҚШ əскери əуе күштері орналасқан орынды анықтау үшін жалған 

кездейсоқ шулар кодтармен үлгіленген  кең жолақты сигналдарды 

пайдалану мүмкіндіктерін жасауға жəне оларды сынауға кірісті.  

1973 жылы əскери əуе күштерінің бағдарламалары  «Навстар-

GPS» жалпы технологиялық бағдарламаға біріктірілді. Бірақ 

жүйе тек 1995 жылы толығымен іске аса бастады. Бүгінгі таңда 

GPS (Global Positioning System – ғаламдық позициялау жүйесі) 

құрамына Жердің 30 астам серіктері кіреді. Бүгінгі таңда  100-

ге тарта компаниялар əуе, су, автомобиль, теміржол көліктерінен 

бастап құрылыс пен жерді орналастыруға дейінгі адам əрекетінің 

көптеген салаларында қолданылатын  қабылдау құрылғыларының 

шамамен 600 түрін шығарады.

GPS жүйесі жылдамдық пен уақыттың векторларына сəйкес 

келетін қозғалыстағы əртүрлі нысанның орналасқан орнының 

үш координатын анықтауға арналған. АҚШ көрсетілетін қыз мет  -

теріне қандайда бір арнайы ақы төлеуді қажет етпейтін  азамат тық, 

коммерциялық жəне ғылыми мақсатта пайдалану үшін GPS жүйесін 

стандарттық режимде ұсынады.  Ғарыштық сегмент ша ма мен 20 

000 шақырымға дейінгі биіктіктегі 6 шеңберлі орбитада ор на лас қан  

31 ғарыш аппараттарынан тұратын орбиталық топ тү зеді.  Ғарыш 

аппараттар орбитаны 12 сағатта бір рет толық ай на лып шығады. 




324

ГЛОНАСС Жерсеріктік навигациялық жүйелері. 

Жердің жасанды серігін «Космос 1413» ұшырылуына байла-

нысты Ресейдің орта орбиталық навигациялық жүйесін ұшыру 

сынақтары 1982 жылы қазан айында басталды. ГЛОНАСС 

жерсеріктік навигациялық жүйесін қолданысқа енгізу 1995 жылы 

аяқталып, штаттық құрамы 24 ғарыш аппаратына жетті.  

Ресейдің зияткерлік меншігі болып табылатын ГЛОНАСС 

АҚШ-тың GPS жүйесіне қарағанда орбитада қызмет еткен 

уақыты қысқалау болды. ГЛОНАСС ғарыштық жерсеріктер 

бағын əлсіз қаржыландыруға байланысты олардың саны 10…12 

бірлікке дейін кеміді. Жүйе толық қанды жұмыс істеу үшін ғарыш 

аппараттарының саны 18 кем болмауы тиіс. 

ГЛОНАСС жүйесіне 191000 шақырым биіктіктегі геоорталық-

ты орбитада 11 сағат 15 минутта бір рет толық айналып шығатын 

ғарыш аппараты қолданылады. Ғарыш аппараттың бортын-

да атомдық стандартты жиілікте жұмыс істейтін орбиталық 

шоғыр 

 

лармен шағылысатын эталонды электронды уақыт пен 



жиілі к ті қолдану  жүйеде радиосигналдарды өзара синхрондау  

қамтамасыз етіледі.  

Қозғалыстағы нысан 4-тен кем емес радио көрінетін 

жерсеріктерінен сигнал қабылдап, оны  4-тен кем емес жалған 

қашықтық пен жалған жылдамдықты өлшеу үшін қолданады. 

Өлшеу нəтижелері мен «эфемеридті ақпарат» əр ғарыш аппаратта-

рынан қабылдайды. Өлшеу нəтижелері  үш координат пен жылдам-

дықтың сəйкес келетін үш векторын, сонымен қатар,  ғарыш 

аппараттарының уақыт шкаласына қатысты алғанда    нысан ның 

уақыт шкаласының ығысуын анықтауға мүмкіндік бе ре ді. 



GPS жəне ГЛОНАСС ғарыштық навигациялық 

жүйелерінің нысандардың координатын анықтау дəлдігі GPS 

пен ГЛОНАСС ғарыш навигациялық жүйелерінің



  координатты 

апнықтау дəлдігі шамамен бірдей. Сигналдар GPS жүйесінде 

1227 жəне  1575 МГц,  ал ГЛОНАСС-та-1250 и 1600 МГц 

жиілікте  шағылысып «селективті (таңдамалы)» деп аталатын 

қолданыс аясын ұйымдастыру үшін кодталады.  Екі сигналда екі 

кодты пайдаланады.  Олардың біріншісі GPS-те «жеңіл табатын», 

ал  ГЛОНАСС-та «стандартты дəл» деп аталады. Екіншісі код 

GPS-те «жабық», ал ГЛОНАСС «жоғары дəлдікті» деп аталып, 

тұрақты пайдалануға арналған. Бұл дəлдік кейбір міндеттерді 



жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау