322
жақтарының, жергілікті уақыт бағдарлайтын заттың атымен
топографиялық картадағы орны беріледі.
Топографиялық бағдарлау нəтижесінде адамдар өзі
тұрған жерден елдімекенге, өзенге, көлге немесе басқа да
жергілікті ірі заттарға қатысты орны мен бағытын, олардың
аттарын анықтай білуді үйренеді. Мысалы: жергілікті уақыт
18º35’. Солтүстік теміржол көпірі, 211,7 м биіктікте тұрмыз.
Оң жағымызда 3 шақырымда Ивановка; Тура 4 шақырым
қашықтықта Бежица өзені; 10 шақырым кашықтықта Каменск;
Сол жақта 3 шақырым қошықтықта Глубокое көлі, бұдан соң
жолбасшы бағытты көрсетіп, бағдарлау жұмыстарын жүргізеді.
Топографиялық бағдарлау тұрған орынды карта болмаған немесе
бағдардан адасқанда байланыс құралдары арқылы хабарлағанда
да қолданылады. Мысалы: теміржол көпірінің солтүстігіндегі 2
шақырым қашықтықтағы қорғанда тұрмын; 900 м ол батысын-
да орман; 5 шақырым оңтүстік қашықтықта заводтың екі түтін
шығатын мұржасын көріп тұрмын.
8.4. Жерсеріктік ғарыштық электронды навигациялық
құралдардың көмегімен бағдарлау
Тұтынушының ғарыштық электронды навигациялық
құралдары туралы түсінік. Жерсеріктік навигациялық
жүйелердің көмегімен нысандардың координатын сызықтық
белгілеуді құру əдісімен анықтайды. Белгілі координаттары бар
нысаналау қондырғысы ретінде навигациялық жер серіктіктері,
ал координатты өлшеу құралы ретінде антенасы бар электрон-
ды есептеу қабылдағышы (блогы) қолданылады. Шағын антена-
мен Жердің жасанды серіктерінен біршама əлсіз сигналдың өзін
қабылдай алатын микрокомпьютерлер мен радиоэлектрониканың
заманауи озық технологияларын енгізу аталған əдісті іс жүзінде
пайдалануға мүмкіндік берді.
Қазіргі GPS-қабылдағыштардың өлшемі микрокалькулятор-
лар
дың өлшемдерінен аспайды. Кері белгілеулерді шешуді
қамтамасыз ету үшін Жер маңы орбитасында жасанды Жер
серіктерінің саны 18-ден кем болмауы тиіс. Мұндай сан Жер
шарының кез-келген нүктесінен бір мезетте кем дегенде 4 Жер
серіктерінің бақылауына мүмкіндік береді. Жердің жасанды
323
серіктерінің талап етілетін кеңістіктік координаттарының тұрақ-
тылығы мен жоғары дəлдігі олардың орбитасын тұрақты бақылап
отыратын жер үсті бекеттері қамтамасыз етеді. Өйткені жер үсті
бекеттерінің үстінен Жердің жасанды серіктері бір тəулікте екі рет
өтеді. Позициялайтын Жер серіктік жүйелердің артықшылығына
ғаламдығы, жеделдігі, кез-келген ауа райында жүргізілуі, оңтайлы
дəлдігі мен тиімділігі жатады. Олар геодезияда, картография-
да, географияда, жерді орналастыруда, ауыл шаруашылығында,
авто-, əуе-, теңіз навигацияларында, т.б. салаларда қолданылады.
«Magellan», «Ashtech», «Rockwell», «Trimble Navigation» (АҚШ),
«Leica Geosystems» (Швейцария), «Carl Zeiss» (Германия)
сыияқты көптеген фирмалар ГАЖ деректер жинауға бағытталған
арнайы позциялау қабылдағыштарын шығарады.
Орта орбиталы жер серіктік навигациоялық GPS
жүйесі. 1960 жылы атомдық сағаттың жасалуына байланысты
навигациялық мақсатқа координаттық белгілерді синхрондап, дəл
бере алатын қабылдағыштар торын құруға мүмкіндік 1964 жылы
АҚШ əскери əуе күштері орналасқан орынды анықтау үшін жалған
кездейсоқ шулар кодтармен үлгіленген кең жолақты сигналдарды
пайдалану мүмкіндіктерін жасауға жəне оларды сынауға кірісті.
1973 жылы əскери əуе күштерінің бағдарламалары «Навстар-
GPS» жалпы технологиялық бағдарламаға біріктірілді. Бірақ
жүйе тек 1995 жылы толығымен іске аса бастады. Бүгінгі таңда
GPS (Global Positioning System – ғаламдық позициялау жүйесі)
құрамына Жердің 30 астам серіктері кіреді. Бүгінгі таңда 100-
ге тарта компаниялар əуе, су, автомобиль, теміржол көліктерінен
бастап құрылыс пен жерді орналастыруға дейінгі адам əрекетінің
көптеген салаларында қолданылатын қабылдау құрылғыларының
шамамен 600 түрін шығарады.
GPS жүйесі жылдамдық пен уақыттың векторларына сəйкес
келетін қозғалыстағы əртүрлі нысанның орналасқан орнының
үш координатын анықтауға арналған. АҚШ көрсетілетін қыз мет -
теріне қандайда бір арнайы ақы төлеуді қажет етпейтін азамат тық,
коммерциялық жəне ғылыми мақсатта пайдалану үшін GPS жүйесін
стандарттық режимде ұсынады. Ғарыштық сегмент ша ма мен 20
000 шақырымға дейінгі биіктіктегі 6 шеңберлі орбитада ор на лас қан
31 ғарыш аппараттарынан тұратын орбиталық топ тү зеді. Ғарыш
аппараттар орбитаны 12 сағатта бір рет толық ай на лып шығады.
324
ГЛОНАСС Жерсеріктік навигациялық жүйелері.
Жердің жасанды серігін «Космос 1413» ұшырылуына байла-
нысты Ресейдің орта орбиталық навигациялық жүйесін ұшыру
сынақтары 1982 жылы қазан айында басталды. ГЛОНАСС
жерсеріктік навигациялық жүйесін қолданысқа енгізу 1995 жылы
аяқталып, штаттық құрамы 24 ғарыш аппаратына жетті.
Ресейдің зияткерлік меншігі болып табылатын ГЛОНАСС
АҚШ-тың GPS жүйесіне қарағанда орбитада қызмет еткен
уақыты қысқалау болды. ГЛОНАСС ғарыштық жерсеріктер
бағын əлсіз қаржыландыруға байланысты олардың саны 10…12
бірлікке дейін кеміді. Жүйе толық қанды жұмыс істеу үшін ғарыш
аппараттарының саны 18 кем болмауы тиіс.
ГЛОНАСС жүйесіне 191000 шақырым биіктіктегі геоорталық-
ты орбитада 11 сағат 15 минутта бір рет толық айналып шығатын
ғарыш аппараты қолданылады. Ғарыш аппараттың бортын-
да атомдық стандартты жиілікте жұмыс істейтін орбиталық
шоғыр
лармен шағылысатын эталонды электронды уақыт пен
жиілі к ті қолдану жүйеде радиосигналдарды өзара синхрондау
қамтамасыз етіледі.
Қозғалыстағы нысан 4-тен кем емес радио көрінетін
жерсеріктерінен сигнал қабылдап, оны 4-тен кем емес жалған
қашықтық пен жалған жылдамдықты өлшеу үшін қолданады.
Өлшеу нəтижелері мен «эфемеридті ақпарат» əр ғарыш аппаратта-
рынан қабылдайды. Өлшеу нəтижелері үш координат пен жылдам-
дықтың сəйкес келетін үш векторын, сонымен қатар, ғарыш
аппараттарының уақыт шкаласына қатысты алғанда нысан ның
уақыт шкаласының ығысуын анықтауға мүмкіндік бе ре ді.
GPS жəне ГЛОНАСС ғарыштық навигациялық
жүйелерінің нысандардың координатын анықтау дəлдігі GPS
пен ГЛОНАСС ғарыш навигациялық жүйелерінің
координатты
апнықтау дəлдігі шамамен бірдей. Сигналдар GPS жүйесінде
1227 жəне 1575 МГц, ал ГЛОНАСС-та-1250 и 1600 МГц
жиілікте шағылысып «селективті (таңдамалы)» деп аталатын
қолданыс аясын ұйымдастыру үшін кодталады. Екі сигналда екі
кодты пайдаланады. Олардың біріншісі GPS-те «жеңіл табатын»,
ал ГЛОНАСС-та «стандартты дəл» деп аталады. Екіншісі код
GPS-те «жабық», ал ГЛОНАСС «жоғары дəлдікті» деп аталып,
тұрақты пайдалануға арналған. Бұл дəлдік кейбір міндеттерді
Достарыңызбен бөлісу: |