Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет95/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   141

313

– ормандар мен қалың бұталар, бау-бақша сияқты өсімдік 

жамылғысының басқа түрлері-жасыл;

 – өзен, бұлақ батпақ, көл-көк;

 – жолдар – қоңыр;

 – елдімекендер қара;

 – жер бедері –  ашық қоңыр түс.

Карталарды көтеру жергілікті жерді оқып-үйренумен қатар 

жүреді.

Карталарды қаттау. Жергілікті жерде картамен жұмыс істеу 



жеңіл болу үшін оларды қаттайды. Қаттау карталарды көтергенге 

дейін де, кейін де жүргізіле береді. Үйдің ішінде жұмыс істеу 

үшін карталарды қабаттап жинайды. Алдымен ұзыннан созылған 

бағытын, содан соң түзілген жолақтарын жинайды.



Жергілікті жерді карта бойынша оқыпүйренудің жалпы 

ережелері мен реті. Жергілікті жерді  оқыпүйренудің дəлдігі 

мен реті алдыға қойған мақсаттар мен шешуге тиісті міндеттерге 

байланысты болады.  Алдымен жергілікті жердің жалпы 

ерекшеліктері, содан соң ондағы жекелеген заттар мен жер беде-

рінің пішіндерінің тетіктерін  оқыпүйрену жүзеге асырылады.

Жергілікті жердің жалпы сипатын 

 

оқыпүйрену барысында жер бедерінің 



елдімекендердің, жолдардың, өзен тор-

лары мен өсімдіктер жамылғысының 

ерекшеліктерімен жан-жақты танысу 

мақсат көзделеді.

Жергілікті жердің жалпы ерекшелігі 

картаға көз жүгірту арқылы жүргізіледі. 

Жергілікті жерді жан-жақты оқыпүйрену 

қозғалатын бағыттың бойындағы жергілікті 

заттар мен жер бедерінің пішіндерінің 

тетіктерін оқыпүйрену мақсатында 

жүргізіледі [8.13-сурет].

Жолды біршама терең  оқыпүйрену 

барысында оның бойында көпірлердің, болат құбырлары бар 

бөліктердің, төгілген құм үйінділерінің болуын да ескерту қажет.



Су торлары. Су нысандары жергілікті жердің тілімделу 

дəрежесін анықтайды. Ол сумен қамтамасыз етуге, су көлігімен 



8.13-cурет. Карталарды  

қаттау



314

қозғалуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Картада су нысан-

дары жергілікті жердегі басқа заттардан айқын ажыратылатын 

көк түспен кескінделеді. 

Өзендер, көлдер, бұлақтар, каналдар, көлдер мен батпақтар 

сияқты табиғи кедергілерді  оқыпүйрену барысында олардың 

енін, тереңдігін ағысының жылдамдығын, арнасының 

табанындағы шөгінді тау жыныстарының сипатын жағалауының 

ерекшеліктерін, көпірлердің саны мен олардың сипатын, тас 

бөгеттер мен өткелдерді анықтауға мəн беру қажет. Мысалы, 

1:100 000, 1:50 000, 1:25 000 масштабты оқу карталарында Соть 

өзені көрсетілген. Жазуының сипаты өзеннің жол қатынасына 

жарамдылығын  айғақтайды.  Бағдар  сызықтағы  сан  ағысының 

жылдамдығының  0,1 м/с,  



n

8

,



4

285


 енінің 285 тереңдігінің  4,8 метр 

екенін, арнасының табаны құмды жыныстардан тұратынын 

көрсетеді. Андога, Голубая сияқты шағын өзендердің таба-

нын түзетіп шөгінді жыныстар берілмеген. Оларды ағысының 

жылдамдығына қарап анықтауға болады.

8.1-кесте. 

Өзен ағысының жылдамдығына сай арнасының табанында түзілетін 

шөгінді жыныстардың сипаты

Ағысының жылдамдығы м/с 

есебімен

Арнаның табанына шөгуге тиісті 

шөгінді тау жыныстары

0,1-0,2


құм қайраң

0,2-0,5


құм

0,5-1,0


ірі түйіршікті құмдар

1,0-1,5


тығыздалған саз қиыршық тас 

1,5 жоғары

ірілі-ұсақты малта тастар

Топырақпен өсімдік жамылғылары. Картадан топырақ 

пен өсімдіктер жамылғысын оқып-үйрену барысында өтуге, 

бақылауға, тығылуға мүмкіндік беретін жергілікті жердің 

орманды-бұталы алқаптарға, батпақтар мен сортаңдардың, 

құмдар мен қорымдардың сипатына талдау жасалады.

Батпақтардың сипатын шартты белгілердің сызықтарына 

қарап анықтайды. Бірақ оның өту мүмкіндігін анықтағанда жыл 

мезгілі мен ауа-райының сипатын ескеру қажет. Картадағы өтуге бо-




315

латын батпақтар жауын-шашынды кезеңдерде өткел бермейді. Ал 

өтуге қиын батпақтар қыста қатты аязды күндері жеңіл өткел бе руі 

мүмкін.


Ірі масштабты карталарды жергілікті жерде бағдарлау 

мақсатында пайдаланудың маңызы. Топографиялық карта бейта-

ныс жерде жолбасшы болатын маңызды құрал болып табылады. Одан 

өзің тұрған орынды жылдам тауып, белгіленген бағытпен сенімді əрі 

алаңсыз қозғалуға болады. 

Картаның қазіргі кезеңде бағдарлау құралы ретіндегі қызметі 

күннен-күнге артуда.

Жергілікті жерде бағдарлау мақсатында туристік саяхат кезінде 

жол басшылар, маман геологтар мен əскери  құрамалардың  басшы-

лары  көбінесе 1:50 000, 1:100 000 масштабты топографиялық карта-

ларды қолданады.

Картаның көмегімен бағдарлау жақын орналасқан бағдарларды 

пай далана отырып, жергілікті жермен беттестіруді, өзің тұрған орын-

ды анықтауды жəне карта арқылы бағдарлап қозғалуды қам ти  ды.

Жергілікті жерде дұрыс бағдарлау үшін картадан өзің тұрған 

орынды тауып алып, бағдардың дұрыстығына көз жеткізу үшін 

жергілікті жердегі жақын жəне алыс орналасқан бағдарларды таба 

отырып, картаны жергілікті жермен беттестіреді. Карта бойынша 

бағдарлауды үйрену кезінде жергілікті жердегі бағдар болар заттар-

ды картадан тауып, бір-бірімен беттестіруді бағдарлау тəсілдерін 

меңгеруі қажет. 

Картаның көмегімен бағдарлау үшін оны көлденең түзу жағ дай-

ға келтіріліп, солтүстік (жоғарғы) бұрыштамасын солтүс тік   ке ба ғыт-

тауы тиіс.

Картаны мұндай жағдайда ұстау жергілікті жердегі заттармен 

жер бедерінің негізгі пішіндері бір-біріне сəйкес келуіне мүмкіндік 

береді.Картамен бағдарлау сызықтық бағдарлау немесе тұратын ор-

нын алдын-ала белгілі болған жағдайда бағдарға бағыттау арқылы 

жүргізіледі.

Сызықтықтарды бағдарлау шамамен  көз мөлшері мен немесе 

нақты болуы мүмкін. Шамамен көз мөлшерімен бағдарлау кезінде 

өзің тұрған нүктеден сызықтық шартты белгімен жергілікті жердегі 

сызықтық бағдармен сəйкес келетіндей етіп картаны ойша бұрады. 

Мысалы, сызықтық бағдар ретінде алынған жолдың шартты белгісін 

жергілікті жердегі бағдар ретінде алынған жолға бағыттап бір-біріне 

сəйкестендіреді.




жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау