218
– күрделі шартты белгілерді жасау мүмкіндігінің болмауы;
– бір ғана жүйе (RGB) түсті ұсына алады;
– дизайнерлік нəтиженің жоқтығы;
– фототеру құралуын ұсыну мүмкіндігінің болмауы.
ГАЖ-де карталарды бастырып шығаруға дайындау қатты
көшірмені принтер мен плоторда шығару арқылы жүзргізілуі же-
дел міндеттерді шешуге жеткілікті. Бірақ аталған қондырғының
деректерді өткізу шегінің (300-600 dpi) төмендігі, сонымен қатар,
сапасы мен қымбаттығы карталарды тираждауға қолдануға
мүмкіндік бермейді. Түс бөлетін үлдірлерді фототеретін автомат-
тарға енгізу, деректерді өткізу шегін 2500 dip жəне одан да
жоғарыға арттырады.
Бастапқыда ГАЖ картографиялық өнімнің барлық түрлерін
құруды көздейтін əмбебап құрал болу мақсатын көздеген жоқ.
Басымдық оның талдау мүмкіндігі мен ДББЖ байланысының бо-
луына байланысты берілді.
Картографиялық мақсат та қолдануға ГАЖ-САЖ (немесе
тек САЖ) қолайлы. Жоғарыда аталған əдістердің үйлесуінің
артықшылықтарын көрсететін ГАЖ-САЖ технологиясының
болашағы зор.
САЖ-ды пайдалану картаны құрудың технологиялық тізбегін
ең төменгі шегіне дейін қарапайым етуге мүмкіндік береді.
Деректерді ГАЖ нен САЖ-не конвертациялауды, қайта рəсімдеуді,
сызықтарды жойуды тағы басқаларды болдырмайды. Барлық
қабаттар бойынша сандау, рəсімдеу, саралау жəне ескертулерге
түзету енгізу тек САЖ жүргізіледі жəне қатар орындалады.
Қазіргі кезде ГАЖ мен баспа бағдарламаларын бір-бірімен
жақындау үдерісі байқалуда. ГАЖ-дің кестетік мүмкіндіктері
біршама кеңейуде жəне деректерді экспорттау САЖ классикалық
(ai, eps тағыда басқа) пішімінда жүргізілуде. ГАЖ бірқатар
қызметтері САЖ-не енгізілуіне байланысты біршама танымал
ГАЖ-форматтар мен ДБ қолдайтын модульдер екіншісіне икем-
делуде. Мысалы, MapPablisher деректерді ГАЖ ден конверта-
циялайды да олардың нысандарын ДБ-мен байланыстырады, 50
астам проекциямен байланысты қолдайды. Түсірулерге коор-
динатты дəл байланыстырады. Бірақ ол ақпараттарды танымал
ГАЖ-ден САЖ ортасына экспорттау үшін жиі қолданылады.
219
Қазіргі кезеңдегі компьютерлік технологиялар дəстүрлі
карталардың электронды нұсқаларын құрумен қатар карто-
графиялық шығармалардың жаңа заманауи түрлерін қалып тас-
тыруға мүмкіндік береді. Егер электронды картаға дыбыстық, бей-
не немесе анимациялық нəтиже берілсе онда олар мультимедиялық
қосымша түріне көшеді. Ақпараттар жан-жақты əрі нақты
берілген картографиялық шығармалар энциклопедияларға жақын
болады. Мұндай өнімдерде сезім мүшелерімен байланысқан
əртүрлі ақпараттық орталар қолданы
ла
ды. Мультимедиялық
картографиялық өнімнің негізгі түріне көрінетін электронды кар-
талар жүйесінен тұратын электронды атластар жатады.
Геоиконика картаны құрудың жаңа ғылыми бағыты.
Қазіргі ғылымның даму үдерісінде ойлар мен əдістердің құрам-
да суы байқалады. Атап айтсақ, география мен экологияның ара-
лы
ғын
да кешенді бағыт геоэкология дамыса, картографияның,
қа шық тықтан зондлау мен машиналық кестеаның аралықтарында
пай да болған шекаралық ғылыми бағыттқа геоиконика жатады. Қа-
зір гі кезеңде қалыптасу сатысында тұрған геоиконика 1985 жыл -
дан бастап Мəскеу мемлекеттік университетінде дами бастады.
Геоиконика – негізгі міндеті геобейнелердің жалпы теориясын,
талдау, түрлендіру жəне ғылыми-тəжірибелік мақсатта пайдалану
əдістерін жасау боып табылатын ғылыми пəн. Ол картографияның,
қашықтықтан зондлаудың, жəне геоақпараттанудың жетістіктерін
біріктіреді.
Геоиконика тұғырнамасын алғаш рет 1980 жылдардың орта-
сында профессор А. М. Берлянт ұсынды.
Барлық карталарды, түсірілімдер мен географиялық кеңістіктің
басқада кестетік бейнелеріне «геобейне» термині қолданылады.
Белгілі бір масштабта құрылған жəне кестетік əдіспен шолу
түрінде ұсынылған жер нысандарының немесе үрдістерінің
жинақталған кез-келген кеңістіктік-уақыттық үлгісін геобейне
дейміз. Геобейненің қасиеттері оның анықтамасында берілген.
Оған нақты нысанмен салыстырғанда неше есе кішірейтіліп
алынғанын көрсететін масштабы, кескінделген нысандар мен
құбылыстардың ең басты белгілерін іріктеп алуды айқындайтын
жинақталуы, ұсынылатын бейнені кестетік əдіспен кескіндеу
жатады. Барлық геобейнелер төменде көрсетілген үш сыныпқа
220
жіктеледі: 1. жазық немесе екі өлшемді; 2. көлемді немесе үш
өлшемді; 3. динамикалық немесе үш, төрт өлшемді.
Бірінші топқа жататын фотосуреттік, телеарналық, сканерлік
машинакестеалық сыяқты жазық немесе екі өлшемді геобейнелер
əлі күнгедейін біршама кең таралған.
Екінші топты блоктық, голографиялық жəне стереоскопиялық
геобейнелер сыяқты көлемді немесе үш өлшемді үлгілер
құрайды. Бүгінгі таңда голограммалар картографияда кеңінен
қолданысқа ие болмай отырғанымен голлограмма-геобейнелерді
құру болашақтың ісі болып табылады. Ол мұхит табанының
көрінбейтін бөліктерін экранда көрсетуге мүмкіндік берер еді.
Үшінші топқа Жер туралы ғылымға біршама жылдам еніп
келе жатқан динамикалық геобейнелер жатады. Ол динамикалық
құбылыстарды оқып-үйрену, сонымен қатар, мониторинг жасау
үдерісіне пайдалану ауқымын кеңейтуде.
Болашақта динамикалық бейнелер карталар мен аэро- жəне
ғарыштық түсірілімдер сыяқты қоршаған ортаны танудың
үйрен шікті құралдарының біріне айналады. Үшінші топқа карта-
дан немесе түсірілімдерден құрылған мультиплекациялық жəне
киномотографиялық геобейнелерде жатады.
Əртүрлі кластардың түйлісінде жоғарыда аталған үш топтың
да қасиеттері үйлескен көптеген құрамдасқан геобейнелер де бар.
Геобейнелердің біртұтас теориясы геокеңістіктің əртүрлі
үлгілерін бір-бірімен беттестіріп, ғаламшардың көптеген кестетік
бейнелерін жүйелеуге, сонымен қарар, геоақпараттану мен
геоақпараттық жүйенлердің дамуына мүмкіндік береді. Геобейне-
лер – (кестетенген географиялық кеңістік) ГАЖ пайдаланушыға
ақпарат ұсынудың негізгі нышаны, ал геобейнелерді автоматты
түрде дайындау ГАЖ атқаратын ең басты қызыметіне айналған.
Пайдаланылатын əдебиеттер тізімі:
1. Билич Ю. С., Васмут А. С. Проектирование и составление карт. – М.:
Недра, 1984.
2. Васмут А. С., Бугаевский Л. М., Портнов А. М. Автоматизация и ма-
тематические методы в картосоставлении. –М.: Недра, 1991.
3. Евтеев О. А. Проектирование и составление социально-экономи-
ческих карт. Учебник для вузов. –М.: Изд-во МГУ, 1999.
Достарыңызбен бөлісу: |