215
Содан кейін бұл түстер полигафия үрдісінде біріктіріледі де
көп түстер түзеді. Шығарар алдында полиграфиялық үрдістің
нəтижесін көру арқылы бағалау мақсатында пленкалардың сына-
малары тексеріледі. Принтерлер мен плоторлар басып шығарғанда
бейненің растрлы құрылымдарын ашып көрсете алмайтындықтан
бұл қондырғыларды тексеруге қолдану тиімсіз. Сондықтан түс
сынамалары дайын қалыптан жоғары сапалы қағазда шығарып
тексеріледі.
5.3. Геоақпараттық жүйелер (ГАЖ)
Геоақпараттық жүйелерінің базасындағы технологияны ірі
масштабты жалпы географиялық, тақырыптық жəне монито-
ринг жүргізу мақсатындағы, сонымен қатар, басқару міндеттерін
шешуді көздейтін арнайы карталар жасауға пайдаланған
қолайлы. Мұндай карталар жүріп жатқан үрдістердің динами-
касын бақылап, ақпараттарды тұрақты түрде жаңартып отыруды
талап етеді. Олар əртүрлі масштабта жəне проекцияда құрылған
карталарды, аэроғарыштық түсірілімдер мен жергілікті жерде
жүргізілген геодезиялық түсіру жұмыстарының нəтижелерін,
сонымен қатар, алуан түрлі дерек көздерін қолданатындықтан
жобалық түрлендіруді қажет етеді. Жоғарыда аталған карта-
лар қолданбалы сипатымен, қарапайымдылығымен, күрделі
дизайнерлік өңдеуді қажет етпейтін рəсімделуінің стандартты
болуымен ерекшеленеді. ГАЖ белгілі бір аумаққа нысандардың
кесте (электронды карталар, слайдалар, фототүсірулер, диа-
граммалар) мəтін-кесте түріндегі сипаттамалары бар кешенді
ақпараттық база жасауға мүмкіндік береді. Нысандардың
артибутивті деректер базасымен үйлестірілген ГАЖ карталар
электронды түрде қолданылады жəне жедел карта ретінде қағазға
бастырылып шығарылады.
Картографиялық көзқарас тұрғысынан алғанда ГАЖ-үлгілеу, ба-
сып шығару, картографиялық шығармаларды құру, бақы лау, əртүрлі
шешімдер қабылдау қызметін атқаратын, кес теалық, тақырыптық
деректер базасымен жұмыс істеуге арнал ған автоматтандырылған
жүйе. ГАЖ деректерді тез іздеуге, аэро ға рыш тық фотосуреттерді
өңдеп, түрлендіруге жəне оларды сан дық карталармен үйлестіруге,
216
проекциясы мен масштабын өзгер туге, əртүрлі үлгілерді қолдана
отырып кеңістіктік өзара байла ныс ты анықтауға, сонымен қатар,
кең көлемді ақпараттарды син тез деуге мүмкіндік береді. Картогра-
фиядан айырмашылығы ГАЖ басымдық деректер мен алуан түрлі
формада ұсынылған нəти же лерді (карталар, кестелер, кестетер,
фотосуреттер) талдау ға арналған.
Геоақпараттық жүйелерге төменде көрсетілген жүйе
тармақтары енеді: 1) деректерді жинау (əртүрлі дерек көздеріндегі
деректерді алдын-ала талдау); 2) деректерді сақтау жəне іріктеу; 3)
деректерді манипуляциялау жəне талдау; 4) қорытынды шығару.
Сəулеті (деректерді ұйымдастыруы) жағынан ГАЖ бірнеше
түрге бөлінеді. Жабық түрлері қолданылуы қарапайым жəне арзан
болуымен ерекшеленгенімен,пайдаланушымен сараланбайды.
Көптеген қосымшалар мен көбейткіштерден тұратын арнайыла-
ры белгілі бір ауқымды міндеттерді шешу мақсатында құрылады.
Соңғыларын орнату есебінен олардың бағасы қымбаттайды.
Ашық түрі өте қымбат болғанымен, қосымша шығынсыз ұзақ
пайдалануға болады.
Сонымен қатар, ГАЖ кəсіби (мысалы, бірінші деңгейлі ESRI
ArcInfo, InterGraf MGE жүйелері) жəне столүсті (мысалы,
екінші деңгейлі MafInfo, GeoDraw/GeoGraf, WinGis жəне тағы
басқа жүйелер). Жоғары сапалы ГАЖ қымбат тұрады.
ГАЖ негізгі бөлігі тақырыптық жəне кестетік болып
бөлінетін деректер базасы (ДБ). Терілген деректері бар бұл
файл векторлық/растрлық жəне деректер базасын басқаратын
жүйе файлдарына сəйкес келеді. Нысан жеке приметивтерден
немесе олардың топтарынан тұруы мүмкін атрибутивті кесте-
лермен (тақырыптық деректер базасымен) байланыстыратын əр
нысанның өзінің бірғана сан-сəйкестендіргіші (идентификато-
ры) болады. Кестетік приметивтер мен олардың атрибуттарының
үйлесуі қарапайым нысан түзеді.
ГАЖ-гі карта бір тақырыпқа біріктірілген жеке нысандар-
дан тұратын қабаттарды теру арқылы ұйымдасқан. Тақырыптық
ДБ тақырыптық мазмұнының элементтері мен картада тікелей
ұсынылмайтын қосымша деректерді сақтайды. Деректер база-
сын басқару жүйесін (ДББЖ) жүзегеасырылатын (PARADOX,
DBASE, ORACLE) файлдары жазудан, ал əр жазу үйлескен жол-
217
дардан тұрады. Жазулардың үйлесуі қарапайым ДБ түзеді. Кез-
келген деректер базасы берілген өлшемдер бойынша сұранысты
іздеу қабілетіне ие болады. Таңдау нəтижелері картада көрініс
тауып талдау үшін негіз болуы немесе басқа қабатқа көшірілуі
мүмкін. ДБ жолдарымен жұмыс істеу қызметі жолдың аты мен
оның маңызын, құрылуын, саралануы мен жолды жоюды, каль-
куляцияны, жіктеуді, деректерді қайта топтастыруды немесе
топтардың жалпы мəні негізінде жаңа мəнді алуды қамтиды.
Калкуляция – бұл енгізілген формула бойынша ДБ жинақтау
немесе оның жаңа мəнін алу (мысалы, картаның масштабы
бойынша жер телімінің ауданын өлшеу). Жіктеу-бұл жіктеу
ережесі бойынша жолдың жаңа мəндерін алып əртүрлі типтегі
нысандарға сапалық бірлігі бойынша сандық кодтар беру. Нысан-
дарды мұндай топтастыру жіктеу кестесі деп аталады.
ДБ утелиттері мен ГАЖ кестетік утелиттері əртүрлі тал-
дау қызыметтерін атқаруға жағдай тудырады. Зондлау картада
болмаған аймақтарды (мысалы, нүктелі ластаушылардың əсерету
аймағы). Белгілі бір өлшемдер бойынша ДБ көмегімен нысандар-
ды бөліп алу нысаннан белгілі бір өлшемдер немесе өлшемдер
тобын қанағаттандыратын жаңа қабат түзуге, сонымен қатар,
қажет болған жағдайда ескісін жаңартып түрлендіруге мүмкіндік
береді. Желілік талдау жақын немесе біршама қолайлы жолды
таңдау; қандайда бір нысандар торының нысанға ықпал ететін
аймағын; қажетті мекен-жайды тағы басқаларды анықтау үшін
қолданылады. Біршама ірі ГАЖ-де (ArcInfo, InterGraf) де растрлы
бейнелерді талдау, беттердің үлгілерін жасау, арнайы талдау тағы
басқа қызметтері бар.
ГАЖ деректер базасын, электронды карталарды, навигациялық
жəне іздеу жүйелерін құруға қолданылатын əмбебап жүйе бо-
лып табылады. Бірақ онда картаны толық қанды рəсімдеп басып,
дəстүрлі əдіспен басып шығаруға дайындауға мүмкіндік беретін
бағдарламалар жоқ. ГАЖ кемшіліктеріне төменде көрсетілгендер
жатады:
– сызықтарды қисық безьемен ұсынатын сызықтардың (қи-
сық тар сынық сызықтарға аппрексимияланатындықтан, бейне-
нің сапасы жоғалатындықтан, сандау кезінде жұмыс пен файлдың
көлемдері ұлғаяды) жоқ болуы;
Достарыңызбен бөлісу: |