125
Географиялық карталардағы жазулар. Жазуларды
географиялық карталардың мазмұнын ашатын маңызды құрамдас
бөлік ретінде қарастыру қажет. Олармен қамтылған аумақтардағы
меншікті атаулар беріледі. «Мұхит», «жота», «асу», «СЭС», «жа-
нартау» сыяқты географиялық атаулардың түрлері түсіндірмелі
жазулармен беріледі. Сипаттама-жазулар нысандардың
сапалық ерекшеліктерін жəне олардың қасиеттерінің сандық си-
патын түсіндіреді. Көптеген сипаттама-жазулар топографиялық
карталардың құрамдас бөлігі болып табылады.
Ұсақ масштабты карталарда жазулар меншікті географиялық
атаулары мен нысандардың түрлерін көрсету үшін қолданылады.
Оларда сипаттама-жазулар аз болады. Шолу карталарында сан
түріндегі түсіндірмелі жазулар биіктіктер мен тереңдік белгілерін
көрсету үшін қолданылады [3.1-сурет].
3.1-сурет. Картографиялық шрифттердің бірқатар түрлері
3.2-сурет 1:100 000 масштабты карталардағы жазулардың жазылу
ерекшеліктері
Ұсақ масштабты тақырыптық карталарда жазулармен
(қысқартылған) көбінесе қабылданған жіктеу бойынша же-
келеген аумақтардың сапалық сипаттарын, атап айтсақ, тау
126
жыныстарының геологиялық жастарын, климаттың типтерін,
топырақ пен өсімдіктердің сипаттарын көрсетіледі.
Сандық жазулармен абсолютты жəне салыстырмалы көрсет-
кіштерді белгілейді. Тек меншікті географиялық атаулар, нысан-
дар мен құбылыстардың түрлері көрсетілетін карталармен қа тар
тек жазулары жоқ, барлық мазмұны тек географялық шартты
бел гілермен ғана кескінделетін тақырыптық карталар да болады.
Карталардағы жазуларды əріптерді теру мақамдарының сипат-
тарына, өлшемдеріне, түсіне, бас əріптермен жазылуына қарай да
ажыратылады. Карталар мазмұнының əртүрлі элементтеріне жа-
татын нысандар əртүрлі шрифтпен жазылады. Картографиялық
жазулардың əріптер мен сандардың бейнесіне, олардың салыстыр-
малы қалыңдығына, көлбеулігіне қарай өздеріне тəн ерекшелік те-
рі болады [3.2-сурет].
Атаулар жазылған шрифттердің белгілі бір пішіні нысанның
маңызды сапалық ерекшеліктерін айқындайтын шартты бел
гі
қызы метін атқарады. Мысалы, жазылу мақамы арқылы елдімекен-
дердің түрлерін анықтауға болады.
Жазулардың түсі де нысандардың карта мазмұнының құрам-
дас бөліктерінің қандай да бір түріне жататынын көрсетуге мүм-
кін дік береді. Атап айтсақ, жалпы географиялық карталарда су
нысан дары көк, жер бедері қоңыр түсті жазулармен жазылады.
Картографиялық жинақтаудың түрлері. Кез-келген
географиялық карталарда шектелген қағаз бетінде жер шарының
ірі аумағын дағы географиялық нысандардың барлығын кескіндеу
мүм кін емес. Картада көрсету үшін олардың негізгілері іріктеліп
жинақ талып алынады.
Карталардың масштабына сай жер бетінің қамтылатын аума-
ғындағы географиялық нысандардың негізгілерін таңдап, іріктеп
алу ды картографиялық жинақтау дейміз.
Ұсақ масштабты карталарда жер бетінің аумағы өте кішірей-
тіліп, жинақталады. Мысалы, 1:2 500 000 масштабты картаның
1 см
2
аумағында жер бетінің 6,25 шақырым
2
ауданы қамтылады.
Географиялық картада кескінделетін құбылыстарды іріктеу
картаның мазмұны мен қызметіне сай ең қажетті нысандарды
таңдау арқылы жүргізіледі.
Картада қамтылатын əртүрлі дəрежедегі географиялық ны-
сандар мен құбылыстарды сандық жəне сапалық тұрғыдан
127
іріктеп алудың шегін ценза дейміз. Қамтылатын нысандар мен
құбылыстардың шегі картаның масштабына байланысты.
Мысалы: Жер бетінің 1шақырым
2
аумағы 1:10 000 масштабты
картада 1 дм
2
сиса,1:100 000 масштабтыда 1 см
2
, 1:1 000 000 мас-
штабты карталарда 1мм
2
сияды. Осыған орай картаның масшта-
бы кішірейіп қамтылатын аумағы артқан сайын айқындылығы
кемиді. Мысалы, 1:25 000 ірі масштабты картада өзеннің ені,
орташа тереңдігі мен жылдамдығы түсіндірмелі шартты белгімен
көрсетілсе, 1:200 000, 1:1 000 000 масштабты карталарда тек көк
сызық түрінде кескінделеді. Жоғарыда келтірілген мысалдар
картографиялық жинақтаудың дəрежесі картаның масштабына,
атқаратын қызметіне тікелей байланысты екенін көрсетеді.
Қамтылған аумақтың сипатын толық ашып көрсететін
анықтама карталарда масштабтың мүмкіндігі толық пайдала-
нылады. Басқа мақсатта қолданылатын жалпы шолу картала-
рында картографиялық жинақтаудың дəрежесі жоғары болады.
Мектептің оқу карталарының мазмұнына, атқаратын қызметіне
сай артық нысандар алынып тасталады. Ол оқушылардың есте
сақтауын арттырады. Картографиялық жинақтауға белгілі бір
аумақтың ерекшелігін ашып көрсету қажеттілігі де əсер етеді. Ол
қажетті нысандарды іріктеп жинақтауы немесе əлсіретуі мүмкін.
Картографиялық жинақтау географиялық картаның жағымды
ерекшеліктерін айқындайтын артықшылықтарының бірі болып
табылады. Масштабы мен қызметіне қарай жалпы географиялық
заңдылықтарды ескере отырып, кескінделетін аумақтағы ны-
сандар мен құбылыстарды іріктеп алу арқылы автор картаның
мазмұнын ашу мүмкіндігіне ие болады.
Ғылыми тұрғыдан алғанда картографиялық жинақтаулары
дұрыс жүргізілген карталар атқаратын қызметі мен мазмұнына
сай ғылыми, оқу, өндірістік басқа да мақсатта пайдалануға
мүмкіндік береді. Картада қажетті географиялық нысандардың
пішін мен ауданын, созылған бағытын анықтауды геометриялық
тұрғыдан жинақтау дейміз.
Қажетті географиялық нысандардың жер бетіндегі жəне
картадағы орнының бір-бірімен сай келуін картаның геометрия-
лық дəлдігі дейміз. Картадағы қажетті нысандардың ауданы мен
пішіні, екі нүктенің ара-қашықтығы геометриялық нақтылыққа
сəйкес анықталады.