Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет42/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   141

134

3.5-суретАнтрактиданың физикалық картасындағы биіктік жəне 

тереңдік шкаласы мен жер бедерінің изогипспен жəне қабатты бояулармен 

кескінделуі

Географиялық карталарда елді мекендердің кескінделуі

Елді мекендер   жалпы   географиялық   карталардың мазмұнының 

маңызды құрамдас бөлігінің бірі. Көптеген елдімекендер саяси-

əкімшілік, экономикалық, мəдени орталықтар болып табылады. 

Ұсақ масштабты карталарда қалалар пішіні дөңгелек пунсон-

дармен кескінделеді. Елді мекендер картаның масштабына сай 

маңызына қарай іріктеліп алынады.  Халық тығыз қоныстанған 

аймақтарда елді мекендердің 2-4%-ы, сирек қоныстанған 

аймақтарда барлығы картада кескінделеді. Пунсондардың мөлше-

рі мен ішіндегі елді мекендердің халқының санын, ішіндегі боя-

уы мен аттарының жазылу мақамы қалалардың сая си-əкімшілік 

қызметін көрсетеді. Саяси əкімшілік мəні бар қала  лар  дың атының 

асты толық немесе үзік сызықтармен сызылады. Астаналар ар-

найы боялған пунсондармен ерекшелендіріп көр сеті леді.



Қатынас жолдарының картада кескінделуі.   Қатынас 

жолдарының бес түрі - құрлық, өзен, теңіз, құбыр, əуе көліктерінің 

ішіндегі бастапқы үшеуі жалпы географиялық карталар-

да кескінделеді. Жалпы географиялық карталарда қамтылған 

аумақтың қатынас жолдарымен қамтамасыз етілуі мен көліктің 

құрылымдарын ашып көрсетуге тырысады. Автокөліктен темір 




135

жолдың экономикалық маңызы жоғары болғандықтан эконо-

микасы жақсы дамыған аудандарда темір жолды сол қалпында 

кескіндеп, автомобиль жолдарын мүмкіндігінше көп жинақтап 

тек маңызды автомагистральдар ғана көрсетіледі 

Жалпы географиялық карталарда кескінделген құрлық жолда-

ры маңызына қарай төмендегі топтарға бөлінеді [3.6-сурет] :

–  магистралды, маңызды жəне басқа темір жолдар;

–  магистралды, басты жəне басқа автомобиль жолдары; 

Ұсақ масштабты шолу карталарында құрлық жолдарының 

ерекше бөліктері асулар мен тоннельдер көрсетіледі. Шолу карта-

ларында теңіз айлақтары мен маңызды темір жолдары пунктирмен 

көрсетіліп, теңіз айлақтары ерекше белгі якорьмен көрсетіледі. 

Маңызды теңіз жолдардың бағытының бойына жалғастыратын 

порттардың аты мен қашықтығы жазылады. Ерекше белгілермен 

теңіз паромдары мен олар жалғап жатқан қалалары жазылады.



3.6-сурет.  Сызықтық белгілердің негізгі түрлері

Тақырыптық карталарда құбылыстарды кескіндеу 

тəсілдері.  Кескінлеу тəсілдерін таңдау. Кескіндеу  тəсілдерін 

таңдауда кескінделетін нысандардың сандық жəне сапалық си-

паттамаларын, кеңістіктікте орналасуын, динамикасын жəне 

тағы басқа барлық мəліметтер жинағы ескеруді қажет етеді. 

Картаның мазмұны мен типі де   əсер етеді. Сондықтан ғылыми-

анықтамалық, анықтамалық жəне жедел карталарға нақты жəне 

дəл кескіндеу үшін  белгілеу, сапалық түс, сызықтық белгілер, 

қозғалыс белгілері жəне тағы басқа тəсілдерді таңдау қажет. Ал, 

жалпы танымдық жəне ғылыми-тұғырнамалық бағыттағы карта-

ларда жалған сызықтар, изосызықтар, ареалдар жəне тағы басқа 

жалпы географиялық кескіндеу тəсілдерін қолданған тиімді. 

Кескіндеу  тəсілдерін таңдауға елеулі түрде, əсіресе, есептік-

статистикалық материалдардың нақтылығы мен дəлдігі де əсер 



136

ететіндіктен кескінделенетін құбылыстардың географиялық 

мəліметтерінің сəйкестігін нақтылау керек.

Ареал əдісі (area) – (латын тілінде аудан, кеңістік) карта-

да кескінделетін құбылыстар: пайдалы қазбалардың алаптары

өсімдіктер мен жануарлардың жеке түрлерінің таралған аумағы, 

ауылшаруашылық дақылдарының өсірілетін аудандарының шека-

расы айқындалып ерекше шартты белгілермен кескінделеді. Аре-

ал жəне сапалық түс əдістері тақырыптық карталарда кескінделген 

құбылыстардың кеңістіктік таралуымен қамтылған аумағын 

сипаттайды. Ареал жəне сапалық түс əдісінде құбылыстардың 

сандық сипаты ескерілмейді.      

Белгілі бір құбылыстың таралған шектеулі ареалы 

сызықтармен, пунктирлермен немесе нүктелермен көрсетіледі. 

Егер ареалдың нақты шекарасы көрсетілмесе құбылыстың аты 

жазумен жазылып, болмаса, бейнелі геометриялық шартты 

белгімен немесе əріппен белгіленеді.

Бір-бірінен қашықта немесе бір-бірімен жалғасып, белгілі бір 

құбылыстардың сандық көрсеткіштерін айқындайтын сандық ареал-

дар да болады, оған жүк тасымалындағы белгілі бір жүк тасымалының 

үлес салмағын көрсететін ареалдар мысал болады [3.7-сурет].



3.7 сурет. Ауыл шаруашылық дақылдарының жеке түрлері өсірілетін ау-

дан шекарасының ареал əдісімен кескінделуі



Сапалық түс əдісі. Тақырыптық карталарда кескінделетін 

құбылыстардың таралатын аумағы белгілі бір түспен боялады, 

бояудың түсі белгілі бір құбылыстың таралған аумағын көрсетеді. 



137

Сапалық түс əдісі табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық құбы лыс -

тарды кескіндеуге кеңінен қолданылады. Геологиялық, текто 

ни 


-

калық, топырақ, климат, саяси, экономикалық тағы басқа та қы   рыптық 

карталарда сапалық түс əдісі кеңінен қолданылады  [4 .8-сурет].

Изосызықтар тəсілі белгілі бір құбылыстардың көрсеткіштері 

бірдей нүктелерін қосатын қисық сызықты изосызықтар дейміз.

Изосызықтар тəсілін жер бедерін кескіндеуге, тақырыптық 

карталарды құруға кеңінен қолданылады. Жер қыртысының 

құрылысын сипаттайтын геологиялық карталарда стратои-

зогипстер құру арқылы шөгінді жыныстардың қандай да 

бір қабатттарының қалыңдығын көрсетеді. Тереңдігі бірдей 

 

нүктелерді қосатын сызықтар изобаттар арқылы мұхит суының 



тереңдігі мен бедерінің  ерекшелігін анықтайды.

Климаттық жəне метеорологиялық карталарда жер бетіндегі 

температуралары бірдей нүктелерді қосатын изотермалар 

мен жауыншашынның мөлшері бірдей нүктелерді қосатын 

қисық сызық изогиеттер, атмосфералық қысымы бірдей 

нүктелерді қосатын изобарлар, құбылыстың бір датада түсетін 

құбылыстарды қосатын қисық сызық изохрондар,  жер бетіндегі 

магниттік ауытқуы бірдей нүктелерді қосатын сызықты изогон-



дар, халықтың тығыздығы бірдей нүктелерді қосатын сызық изо-

дазалар кеңінен қолданылады [3.8-сурет].

3.8-сурет. Сапалық түс жəне изосызықтар тəсілдері қолданылған  

Аустралияның климат картасы




жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау