319
Бағыт өзі орналасқан орыннан (солға, оңға, түзу) немесе
көкжиектің жақтарының, жергілікті уақыт бағдарлайтын заттың
аты мен топографиялық картадағы орны беріледі Топографиялық
бағдарлау нəтижесінде адамдар өзі тұрған жерден елдімекенге,
өзенге, көлге немесе басқа да жергілікті ірі заттарға қатысты орны
мен бағытын, олардың аттарын анықтай білуді үйренеді. Мыса-
лы: жергілікті уақыт 18º35’. Солтүстік теміржол көпірі, 211,7 м
биіктікте тұрмыз. Оң жағымызда 3 шақырымда Ивановка; Тура 4
шақырымда қашықтықта Бежица өзені; 10 шақырым кашықтықта
Каменск; Сол жақта 3 шақырым қошықтықта Глубокое көлі, бұдан
соң жолбасшы бағытты көрсетіп бағдарлау жұмыстарын жүргі зеді.
Топографиялық бағдарлау тұрған орынды карта болмаған
немесе бағдардан адасқанда, байланыс құралдары арқылы
хабарлағанда да қолданылады. Мысалы: теміржол көпірінің
солтүстігіндегі 2 шақырым қашықтықтағы қорғанда тұрмын; 900
м батысында орман; 5 шақырым оңтүстік қашықтықта зауттың
екі түтін шығатын мұржасын көріп тұрмын.
Картадан азимутпен қозғалуға қажетті деректерді да-
ярлау. Азимутпен қозғауға қажетті деректер ірі масштабты
топографиялық картадан алынады. Оның құрамына жергілікті
жерді оқып үйрен қозғалатын бағытпен бағдарларды таңдау
бағыттардың магниттік азимутын жəне таңдаған бағытпен
олардың бұрылыстарына дейінгі ара қашықтықты өлшеп,
қозғалатын бағыттың сызба-нұсқасын құру кіреді. Жергілікті
жерді оқыпүйрену барысында оның өтуге қолайлылығы мен
қорғаныштық қасиеттері, кездескен өте алмайтын кедергілерді
айналып өту жолдары қарастырылады.
Қозғалатын бағытпен бағдарларды таңдау. Қозғалатын
бағытты сызу жергілікті жердің сипатына, қозғалатын бағыттың
жағдайына байланысты. Қозғалатын бағытты таңдау барысында
олардың бұрылыстарының аздығы ескеріледі. Қозғалатын бағыт
бұрылыстардың аз болуын ескере отырып таңдалады. Қозғалатын
бағыттың құрамына жүретін жолдың бағытқа сəйкес келетін ав-
томобил жолдары, соқпақ жолдар сияқты басқа да сызықтық
бағдарлар алынады. Олар қозғалыс барысында бағдарды дұрыс
ұстануға көмектеседі.
Қозғалатын бағыттың бұрылыстарының тірек нүктесі ретінде
мұнара текті құрылыстар, жол айрықтар, көпірлер геодезиялық
320
белгілер сияқты оңай есте сақталатын, жылдам танып білуге
мүмкіндік беретін заттар таңдалады.
Бағдарларды таңдағанда қозғалатын бағыттың жекелеген
бөліктеріндегі бағдарларды таңдау барысында бағытты дұрыс
ұстау əдістері мен нақтылығы ескерілуі тиіс. Мысалы, жаяу
қозғалу кезінде жүріп өткен жолдың ұзындығы мен компас бой-
ынша бағытты ұстану дəлдігі 0,1 тең.
Егер қозғалатын жолмен бағдардың арақашықтығы 4шақырым
болса, келесі бағдарға дейінгі ауытқу 400 метрге тең болады.
Білдірмей келуді қамтамасыз ету үшін бағыттарды жылғаларды
бойлай құрады. Бағытпен қозғалу барысында көрінбей жүру үшін
жолдар мен төбеге шығуға тыйым салу қаже
Картадағы нысанмен жергілікті жердегі нысандардың бағыты
сай келуі керек [8.13, 8.14-суреттер]. Егер өзің тұрған нүктенің
орны картада белгілі болса, бағдарлардың бағыты дұрыс анықтал-
са, сол жаққа қарай карта арқылы нысаналайды. Ол үшін өзі
тұрған нүктеден бағдарлайтын нысанға бағыттап сызғыш қояды.
Сызықтың қабырғасы жергілікті жердегі нысанға сай келуі тиіс.
Түнде нашар көрінетін жағдайды жəне бағдарлық нысандарға
кедей жерлерде картада тұсбағдар арқылы бағдарлайды.
Тұсбағдардың магниттік бағдарын босатып, 0º-180º топографиялық
картаның тік бағыттағы шақырымдық сызығымен сай келетіндей
жағдайда орналастырып, тілін бағытқа енгізілетін түзетуге
сəйкес 3 бұрыш жасайтындай жағдайға келгенше бұрамыз.
Егер түзету 3º кем болса, онда 0º келгенше бұрамыз. Адрианов
тұсбағдарының лимбасының шкаласы 3º кейін жүргізілгендіктен
жергілікті жерде бұрышты жоғары дəлдікпен өлшеу мүмкін емес.
Өзің тұрған жердің орнын жергілікті жерді картамен беттестіріп
көз мөлшерімен жергілікті нысандармен салыстыру арқылы жəне
арақашықты өлшеп немесе жүріп өту арқылы анықтайды.
Егер нүктелік бағдарлар (жеке тұрған ағаш, бұлақ) болса,
бағдарлар өзі тұрған орынды картадан еш қиындықсыз таба алады.
Ашық жердегі А нүктесінің өзің тұрған нүктеден қашықтығын
көз мөлшерімен немесе олардың арақашықтығын өлшеу арқылы
анықтайды. Тұсбағдармен бағдардың азимутын жəне оған
дейінгі арақашықтықты өлшеп, одан соң шартты белгіден өзің
тұрған нүктеге дейінгі кері азимутты анықтап, арақашықтықты
масштабқа салып өлшейді. Егер өзің тұрған нүктеден бір бағдар
321
көрінетін болса, сызықтық кескінді жүріп өтіп, кесте сызу арқылы
өзің тұрған нүктенің орнын анықтайды.
Ол үшін алдымен тұсбағдармен немесе жергілікті жердегі
сызықпен бағдарлап, содан соң бағдардың картадағы белгісіне
сызғышты қойып, жергілікті жердегі бағдарлық нысанға
бағыт тайды да, жолдан (байланыс желісінен) нүктеге дейін түзу
сызық жүргізіп тұрған нүктенің орнын табады. Жергілікті жер де
қозғалғанда картаның бетін жергілікті жермен салыстырып, өзі
тұрған орынды оның маңында кескінделген бағдарлық нысан-
дардың бірінші ірісін, содан соң ұсақтарын тауып алады.
Бағытпен қозғалғанда жұп адымды үздіксіз санап отыру
қажет. Көріну нашар болғанда (түнде), бағытты тек тұсбағдармен
анық тайды. Сондықтан бағытты дұрыс бақылап арақашықты
өлшеп отыру қажет. Картадан көзге көрініп тұрған заттарды тау-
ып алу үшін оған дейінгі қашықтықты көз мөлшерімен анықтап
картадағы нүктеге дейін масштабқа сай өлшеп алып, сызықтың
соңынан нысанның кескінін табады.
Картада кескінделген нысандарды жергілікті жерден табу
үшін өзің тұрған жерді картадан тауып алып, одан нысаналайтын
затқа дейінгі қашықтықты ойша анықтайды. Картаны қолданып
таныс емес жерлердегі бағытпен қозғалуды ұйымдастырғанда
картадан қозғалатын жағдайды анықтап, бағытты бағдарлаудың
ең тиімді жолын таңдайды. Картаның бетіне қозғалатын бағыттың
сызықтарын түрлі түсті қарандашпен сызып, жер бетіндегі
бағдарладың арақашықтығын өлшеп жазады. Егер жүретін жол
ұзақ болса, онда тоқтап демалатын, қонатын жерлерді картада
белгілейді. Бағытпен қозғалу барысында жергілікті жердегі ны-
сандар мен картаны салыстырып, бағдарлық нысандарды тауып
отыра ды.
Топографиялық бағдарлау. Көріну жағдайы əртүрлі
жергілікті жерде жылдам əрі тез бағдарлаудың маңызы зор.
Жергілікті жерде бағдарлауды топографиялық бағдарлау
дейміз. Топографиялық бағдарлау жүргізу үшін алдымен уақыт
пен көкжиектің бір бағыты көрсетіледі. Көбінесе солтүстік
пен белгілі бір нүктенің арасындағы бұрыш, градус есебімен
алынған азимут беріледі. Содан соң өзің тұрған орын мен оны
қоршаған заттар мен оларға дейінгі қашықтық беріледі. Бағыттың
өзі орналасқан орыннан (солға, оңға, түзу) немесе көкжиектің
21–1171
Достарыңызбен бөлісу: |