306
темірқазықпен, жергілікті заттардың белгілерімен, тұсбағдардың,
сағаттың көмегімен анықтайды.
Солтүстік жартышарда декретті уақыт бойынша жазда күн
таңғы сағат 7ºº-де шамамен шығыста, 13ºº оңтүстікте, 19ºº ба-
тыста тұрады [8.7-сурет].
8.7 сурет. Көкжиектің тұстарын күндіз сағаттың көмегімен анықтау
Орта жəне жоғары ендіктерде 1 сағатта күн азимут бойынша
15° қозғалады, бақылаған кездегі жəне тал түстегі уақыт айырма-
сына қарай күннің оңтүстікпен қилысқан бұрышын есептеу ар-
қы лы көкжиектің бағытын анықтайды. Күн арқылы сағаттың
кө ме гі мен көкжиектің бағытын біршама нақты анықтауға
бо ла ды.
Көкжиектің тұстарын анықтау үшін сағатты көлденең түзу
жағдайға келтіріп қысқа тілін күнге бұрып, үстіне ши қою арқылы
сағат тілінің шеңберін тең екіге бөлетін түзу сызық жүргіземіз.
Содан соң аталған түзуді ортасынан тең екіге бөлеміз.
Сағаттың күнге қараған қысқа тілінен түзу жүргізілген
сызықтықты екіге бөлу нəтижесінде түзілген бұрыштың бис-
сектрисасы əрқашан шамамен оңтүстікті көрсетеді. Демек
оңтүстікке қарсы бұрыш солтүстік болып табылады. Сағат 13
00
де күн оңтүстікте тұратындықтан сағаттың қысқа тіліне қарсы
бұрышты солтүстік деп есептеу қажет.
Түске дейін оңтүстікті көрсететін бағытқа қарама-қарсы
бағыт солтүстік деп есептелінсе, түстен кейін оны қарама-қарсы
бағытта анықтау қажет.
307
Аспан денелерінің көмегімен бағдарлау. Поляр жұлдызы
темірқазық əрқашан солтүстікті көрсетеді. Бұлтсыз ашық түнде
үлкен аю шоқжұлдызын (жетіқарақшыны) жылдам тауып алуға
болады. Жетіқарақшының шөмішінің басының соңғы екі жұл-
дызынан ойша түзу сызық жүргізіп оны теңдей бес бөлікке бөліп,
бесінші бөліктің соңы поляр кіші аю жұлдыздың шөмішінің
сабындағы соңғы жұлдызы темірқазыққа тіреледі.
Темірқазықтың бағыты географиялық (геодезиялық) меридиа-
наға сəйкес келетіндіктен, оны солтүстіктің бағытын ғана емес,
тұрған нүктедегі магниттік ауытқу бұрышын анықтауда да қол-
дану ға болады [8.8-сурет].
8.8 сурет. түнде жұлдызды
аспаннан поляр жұлдызы
темірқазықты табу
8.9 сурет. Айдың жартысы көрінгенде ай
толық туған кездегіге сəйкес көкжиектің
бағыттарын анықтау
Толық туған ай əрқашан күнге қарама-қарсы орналасатын-
дықтан ол түнгі сағат 12
00
де онтүстікте, таңғы 7
00
де бастыс-
та, 19
00
де шығыста орналасады. Түнде айдың көмегімен сағат
ар қылы көкжиектің бағыттарын біршама нақты анықтауға болады.
Ай толық тумаған кезде көкжиектің бағыттарын төмендегі
əдіспен анықтайды. Ол үшін алдымен бағытты анықтайтын
уақытта толық айдың тұратын орнын анықтап алады (шама-
мен), содан соң ай толық туғандағыдай көкжиектің бағыттарын
анықтайды.
Мысалы: аспаннан айдың сол жақ жартысы көрінсе,
көрінбейтін жағына 90º
бұрыш жасап бұрамыз. Егер айдың
дискісінің жартысы көрініп тұрса, 90° (аз немесе көп) бұрыш жа-
сай бұрамыз. Егер əрең, көрініп тұрса көрінбейтін жағына 180º
бұрыламыз [12.11-сурет].
308
Жергілік жердегі заттардың белгілеріне қарап бағытты
анықтау. Егер тұсбағдар болмай аспандағы жарық денелер
(күн, жұлдыз) көрінбесе, көкжиек тұстарын жергілікті жердегі
заттардың төмендегі белгілеріне қарап анықтайды:
– ағаштардың сабағының солтүстігінде мүктер мен қыналар
жабысады;
– егер мүк пен қыналар ағаш сабағында толық өссе онда көп
əрі жиі өскен жағы солтүстік болып саналады;
– ағаштардың əсіресе аққайыңның қабығы сабағының солтүс-
тігінде, оңтүстігіне қарағанда күңгірт əрі бұжыр болады;
– көктемде орман алқаптарының солтүстік шеті мен же-
келеген ағаштар мен ірі тастардың оңтүстік шетінде шөптесін
өсімдіктер көп, əрі жиі өседі;
– орыс шіркеулерінің кресінің төменгі, көлбеу қағылған
ағашының (темір т.б.) көтеріңкі бөлігі əрқашан солтүстікті
көрсетеді;
– ормандағы құмырсқаның илеуі əрқашан ағаштардың оңтүс-
тік шетінде орналасады, илеудің оңтүстік жағы солтүстігіне
қарағанда көлбеу болады;
– ағаштардың бұтағы солтүстігіне қарағанда, оңтүстігінде
көп, əрі жиі болады.
– таудың солтүстік беткейіне қарағанда оңтүстік беткейінде
қар тез ериді;
– кесілген ағаштың жылдық сақинасының оңтүстік жағы си-
рек, солтүстік жағы жиі болады.
– орман алқаптарының шаршыларын санмен белгілеу баты-
стан шығысқа жүргізіледі.
Көкжиектің бағыттарын тұсбағдардың көмегімен
анықтау.Магниттік меридианның бағытын анықтауға көбінесе
тұсбағдар қолданады. Ең тиімдісі ішіне сұйықтық құйылған
Адриановтың тұсбағдары. Ол ортасындағы үшкір өткір ине-
ге магнитті бағдар (3) бекітілген сыртқы қораптан (1) тұрады.
Жұмыс жағдайында оның солтүстік бағдары əрқашан солтүстік
магниттік полюсті, оңтүстігі оңтүстік магниттік полюсті
көрсетеді. Жұмыс істемей тұрған жағдайда магнитті бағдар
тежегішпен бекітіледі (6).
309
Тұсбағдар корабының ішінде 120 бөлікке бөлігін шеңберлі
шкала орналасқан, бір бөлігі
3° тең немесе 5º ұсақ бөлікке
бөлінген бұрыш өлшегіш сан-
дардан тұрады. Шкала екі
жақты сандармен белгіленген,
ішкі сандар сағат тіліне
бағыттас 0º-360° аралығында
15° кейін (5 шкаладан соң)
жүргізілген. Шкаланын
сыртқы сандары сағат тіліне
қарсы бағытта əр 5 шкаланың
бұрыш өлшегіш бөліктерге
бөлініп жүргізілген [8.10-су-
рет].
Жергілікті жердегі тірек
нүктесі ретінде алынған
заттарға нысаналап, олардың азимутын анықтау үшін
тұсбағдардың қорабын
да ай
налмалы нысаналық құралмен
орнатылған (4), есептеуді көр сет кіш ортанылады.
Түнде көруге қолайлы болу үшін магниттік бағдар көрсет-
кіштің солтүстік бұрышы мен сандық шкаланың əрбір 90º түнде
жа рық шығаратын күнгірт бояумен белгіленген.
АК Артериялық тұсбағдары
қораптан (1) жəне оған орналас-
тырылған бұрыш өлшегіш шкала-
дан (3 ) лимбтен (2) тұрады. Бұр-
ыш өлшегіш 60 бөлікке бөлінген,
бір бөлігі теңдей 100 бөлікке
бөлін ген шкаланың бөліктерінің
саны сағат тіліне бағыттас 0°-360°
дейін артады.
Тұсбағдардың қорабында
қозғалмайтын нысаналағыш те-
тік ор натыл ған, қорапты қозғай
оты
рып, магниттік бағдардың
8.11 сурет. Тұсбағдарының
сыртқы көрнісі
8.10 сурет. Адрианов
тұсбағдарының құрылысы
1-қорабы; 2-шкала; 3-магниттік
бағдар; 4-нысаналау құралы;
5-бұрыш өлшегіш; 6-тежегіш.
Достарыңызбен бөлісу: |