Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет94/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   141

310

солтүстік бағытын өзгертпестен қажетті бағыттың бұрышын 

(азимутын) лимбаның шкаласынан тез тауып алуға болады. 

Тұсбағдардың қақпағының ішінде бірден қажетті нүктенің 

бұрышын анықтап, магнитті бағдардың бағытын реттеп отыруға 

мүмкіндік беретін металл  айна (а) болады.

Турист-2 тұсбағдары да осы негізде құралған. Бұл тұсбағдарда 

жұмыс істеу барысында күшті электромагниттік алаңдар немесе 

жақын орналасқан металл заттардың магнитті бағдардың бағы -

тын ауытқытатынын ескеруді қажет етеді. Сондықтан тұсбағдар-

мен жұмыс істегенде бағыттың ауытқуын болдырмас үшін ме-

талл заттармен электр желірінен тұсбағдар 50 м қашықтықта 

орналуы тиіс.

Көкжиектің бағыттарын тұсбағдардың көмігімен анықтау 

өлшеу жұмыстарын жүргізуді тұсбағдарды көлденең түзу 

жағдайда нысаналағыш құралдың тетігін 0º-ке келгенше 

бұрайды. Содан кейін жағдайды өзгертпестен алыста орналасқан 

нүктеге нысаналағыш құралдың тетігін бағыттап, оның азимутын 

анықтайды да, тілдің солтүстік бағыты 0º келгенше бұрайды, со-

дан кейін жағдайды өзгертпестен нысанға нысаналағыш тетікті 

бағыттап, оның азимутын анықтайды да, өлшегіштің көрсеткіші 

мен өлшейді. Солтүстік магниттік полюсті анықтаған соң оған 

қатысты басқа бағытты анықтайды.

8.3. Жергілікті жерде картаның көмегімен бағдарлау

Жергілікті жерді карта бойынша оқып-үйрену əдістері.  

Саяхатшылар мен əскери құрамалардың, геологтардың бейтаныс 

таулы, орманды, шөлді жерлерде күндіз немесе түнде қозғалуы 

үшін жергілікті жердің бүркеніштік жəне бағдарлау жағдайларын 

картадан алдын-ала  оқыпүйренудің маңызы зор.

Жергілікті жердің ерекшеліктерін оқып-үйрену жолбасшы лар-

дың күрделі жағдайда дұрыс шешім қабылдауына мүмкіндік бере ді.

Жергілікті жерді оқып-үйрену қажетті аумақтың жалпы 

ерекшеліктерін, жер бедерінің жекелеген құрамдас бөліктерінің 

сандық жəне сапалық сипатын сонымен қатар, жергілікті 

нысандардың бағдарлауға əсерін қамтиды. Жергілікті жерді 

оқып-үйренуге қалыптасқан жағдайға сай əртүрлі дерек көздерін 

қолданылады. Жергілікті жерді оқыпүйрену:



311

– саяхатқа шығар алдында топ жетекшісінің баратын аумақты 

көзімен көріп оқу, ғылыми-танымдық немесе басқада іс-

шараларды өткізуге қолайлылығын барлауды;

– топографиялық карталарды пайдаланып жергілікті жердің 

жалпы ерекшеліктерін оқып-үйренуді;

– топографиялық карталар мен аэрофотосуреттерді бір-

бірімен беттестіре отырып, жергілікті жердің ерекшеліктерін 

айқындайтын жаңа деректер алуды;

– жергілікті тұрғындардың арасында сауалнама жүргізу арқы-

лы қажетті аумақтың негізгі ерекшеліктері жөнінде ақпараттар 

жи нау ды  қамтиды.



Жергілікті жерді карта бойынша оқыпүйрену. 

Топографиялық карта-жергілікті жер туралы мағлұмат беретін 

негізгі дерек көзі болып табылады. Оның көмегімен жергілікті 

жердің бүркеншіктік қасиеттері мен ондағы заттардың сандық 

жəне сапалық сипаттарын жедел анықтауға мүмкіндік туады. 

Картаны оқыпүйрену барысында картаны құрғаннан кейін сол 

жерде болған өзгерістерді де ескеру қажет.

Жергілікті жерді карта бойынша  оқыпүйренуді картаның 

өзімен танысып, оны жұмысқа даярлаудан бастайды.

Картаны бағалау. Картаны бағалау бұрыштаманың 

сыртындағы деректерге негізделіп масштабын, горизонталь 

аралық қима биіктігін, шығарылған жылын анықтаудан баста-

лады. Масштаб пен горизонталь аралық қима биіктігі жергілікті 

жердегі заттар мен жер бедерінің тетіктерінің кескінделу 

дəлдігінің дəрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Масштабтың 

мəніне сүйене отырып, жергілікті жердегі заттардың мөлшері мен 

олардың бір-бірінен қашықтығын жылдам анықтауға болады.

Картаның құрылған жылы туралы мəліметі қамтылған 

 

 



аумақтағы нысандардың қазіргі кезеңдегі шындыққа сəйкестігін 

анықтауға мүмкіндік береді. Бағытқа түзетуді жатқа білсең, 

дирекциондық бұрыштан магниттік азимутқа  немесе картадан 

шақырымдық тор бойын бағдарлауға болады.



Картаны жұмысқа даярлау. Картаны жұмысқа даярлау кар-

таларды бір-бірімен жалғауды, көтеру мен қаттауды қамтиды.



Карталарды жапсыру. Оқып үйренетін аумақ пен оған ба-

ратын бағыт іс жүзінде бірнеше картада болуы мүмкін. Ірі мас-

штабты картаның əр бетімен бөлек-бөлек жұмыс істеу қиындық 



312

тудыратындықтан оларды бір-біріне жапсыруға тура келеді. Ол 

үшін карталарды номенклатурасына сай іріктеп алып, кесетін 

жерлерін белгілеп, кесілмейтін бұрыштарын ғана қалдырып 

қалған бұрыштарын түгел кеседі де, бір-бірімен жалғайды. 

Көбінесе,   карталарды   алдымен   колонналары   бойынша,   содан   

соң  оңнан солға қарай үстіңгі бетін астыңғы бетімен беттестіріп, 

бұрыш тамалары мен шақырымдық тордың кескіндерін бір-бірі-

мен беттестіріп желімдейді [8.12-сурет].

8.12 сурет. Ірі масштабты карталарды бір-бірімен жалғау: а) шолу карта-

лары;  б) карталарды калонналары бойынша бір-бірімен жалғау; 



в )карталарды жапсырудың реті

Картаны көтеру жергілікті жердегі жекелеген заттар мен 

жер бедерінің тетіктерін жан-жақты оқып-үйрену мақсатында 

жүргізіледі. Картаны дұрыс көтеру қозғалатын бағытты мұқият  

оқыпүйренуге мүмкіндік береді. Картаны көтеру кезінде аса 

қажетті заттарды бояу қарындашпен сызу арқылы бөліп көрсетеді. 

Олардың аты мен сандық деректерінің астын сызып қояды. Кейде 

картада жекелеген нысандармен заттар (көпірлер, мұнаралар, же-

келеген үйлер) мөлшері шағын шартты белгілермен көрсетіледі 

Картаны көтеру барысында жер бедерінің биіктік белгілерінің 

шыңдары, жылға, жота сияқты жер бедерінің жекелеген тетіктері 

боялып (штрихталып), жуандатылған горизонтальдармен 

белгіленеді.

Жергілікті жердегі заттардың тобы төменде көрсетілген 

түстермен көрсетілінеді:




жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау