9-сынып Информатика пәнінен тест сұрақтары
АҚПАРАТ ЖƏНЕ АҚПАРАТТЫҚ ҮДЕРІСТЕР
1. Желілік вирустар:
сыртқы тасымалдаушылар арқылы таралады;
операциялық жүйе арқылы таралады;
әртүрлі компьютерлік желілер мен жүйелерде таралады;
өздігінен көбейеді;
ақпараттық жийынға зиянкестік жасайды
2. Ақпаратты қорғаудың жалпы шаралары:
дискіні физикалық зақымданудан сақтау, дұрыс жұмыс істейтін программаларды қолдануға және жұмыс істеп отырған адам қателіктер жібермеуіге тырысу;
басқа программаларға қажет кезінде қосылатын оверлейлік файлдарды болдырмау;
операциялық жүйені жүктегенде және әрдайым компьютердің жедел жадын тұрақты тазалау;
дискеттің жүктеуіш жазбасы мен операциялық жүйенің басты жазбасын тексеріп отыру;
шеткері құрылғылар драйверлерін тазалап отыру.
3. Файлдағы өзгерістерді анықтап қана қоймай, оларды автоматты түрде «емдеп» бастапқы қалыпты жағдайды түзейді:
филътр программалар;
вакцина – программалар;
ревизор – программалар;
доктор – ревизорлар;
детектор – программалар.
4. Жүйелік прогламмалаушылардың информациялық есептеу желілерінің бос тұрған ресурстарын анықтау прогламмаларына кіріп алып сол бос құрылғыларды тектен тек жұмыс істеуге мәжбүр ететін вирус түрі:
ұстауыш- вирустар;
логикалық бомбалар;
құрттар;
троян аттары;
файлдфқ вирустар.
5. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді қорғау ҚР ақпаратты қорғау заңнамасынның келесі де көрсетілген:
1 тарауда;
3 тарауда;
4 тарауда;
6 тарауда;
8 тарауда;
6. Саны шектеулі компьютерлердің байланысы қалай аталады?
интернет;
компьютерлік желі;
ауқымды желі;
корпоративтік желі;
желілік орта.
7. Компьютерлік вирус :
өз бетімен көбейетін және операциялық жүйе мен желіде тұрған объектілерге залал келтіруге қабілетті бағдарламалар;
қатқыл немесе иілгіш дискіде сақталатын, бірақ одан шығарылып оқылмайтын ақпарат;
жоюсыз жоғалатын және қайта қалпына келтірілмейтін, ақыр соңында дискілерді жарамсыздыққа әкелетін бағдарламалар;
жою (удалить) командасының көмегімен жоқ қылу мүмкін емес жасырын бағдарламалар;
құпия сөзбен қорғалған және құпия сөз жоғалған кезде ашылмайтын ақпарат.
8. Ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қорғау:
қорған қою;
заңсыз қол жеткізуді болғызбау;
көп орын алатын ақпараттарды қысу;
керексіздерін жою;
сыртқы тасымалдаушыларға сақтау.
9. Ең алғашқы Ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының Заңы бекітілген жыл:
2002 жылғы 8 маусым;
2003 жылғы 8 мамыр;
2007 жылғы 11 қаңтар;
2005 жылғы 10 желтоқсан;
2006 жылғы 3 шілде.
10. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңдары негізделген:
Қазақстан Республикасының Конституциясына;
Бала конвенциясына;
Еңбек кодексіне;
Білім туралы заңға;
Тіл туралы заңға.
11. Ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырылулар енгізілген жыл:
2002 жылғы 8 маусым;
2003 жылғы 8 мамыр;
2007 жылғы 11 қаңтардағы;
2005 жылғы 10 желтоқсан;
2006 жылғы 3 шілде
12. Ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының Заңы:
9-тарау 45 баптан тұрады;
5 тарау 25 баптан тұрады;
7-тарау 30 баптан тұрады;
4-тарау 30 баптан тұрады.
6-тарау 25-баптан тұрады.
13. ҚР ақпарат туралы заңында Ақпараттандыру объектілері мен субъектілері туралы көрсетілген:
1-тарау 3-бабында;
2-тарау 2 бабында;
3 тарау 3 бабында;
1 тарау 1 бабында;
2 тарау 5 бабында.
14. ҚР ақпараттандыру туралы заңының 2-тарау қарастырады:
Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану тәртібі;
Ақпараттық жүйелерді қалыптастыру және пайдалану тәртібі;
Ақпараттық ресурстарды ақпараттық жүйелерді қорғау;
Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар;
Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеу;
15. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган;
электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді құру жөніндегі қызмет;
пайдаланушыларға ақпараттық ресурстарды ұсыну жөнінде қызмет көрсету;
ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде электрондық ақпараттық ресурстар;
ақпараттық процестерді қамтамасыз ететін бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы.
16. Ақпараттық қызмет көрсету:
пайдаланушыларға ақпараттық ресурстарды ұсыну жөнінде қызмет көрсету;
ақпаратты құру, жинау, өңдеу, жинақтау, сақтау, іздеу, тарату және тұтыну процестері;
технологиялық кешенге біріктірілген бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы;
ақпараттық процестерді қамтамасыз ететін бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы;
ақпаратты өңдеу жүйесінің компьютерлік бағдарламаларының, рәсімдерінің, әдістерінің, қағидалары мен ілеспе құжаттамасының жиынтығы.
17. Электрондық үкімет:
ақпараттық технологиялар қолданыла отырып көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер;
ведомствоаралық ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі жобалық-ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды жүзеге асыратын ұйым;
мемлекеттік функцияларды уақтылы және сапалы орындауға бағытталған, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым негізінде мемлекеттік басқару жүйесі;
материалдық жеткізгіште тіркелген, өзін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректемелері бар ақпарат;
электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну жөнінде қызмет көрсету.
18. Электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің меншік иесі:
аталған объектілерді олардың меншік иесі айқындаған шекте және тәртіппен иелену, пайдалану және оларға билік ету құқықтарын іске асыратын субъект;
өзіне қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект;
электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді иемдену, пайдалану және оларға билік ету құқықтарын толық көлемде іске асыратын субъект;
электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер сипаттамаларының жиынтығын қамтитын жүйеленген тізбе;
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға.
19. Интернет желісіндегі адрестеу ережелеріне сәйкес қалыптастырылған, желі объектісіне атаулы жолданымға арналған және белгілі бір желілік мекенжайға сәйкес келетін нышандық (әріптік-цифрлық) белгі атауы:
желілік адаптер;
интернет-ресурстар;
бағдарламалық өнім;
домендік атау;
электронды пошта.
20. Ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық, интерактивтік және транзакциялық қызмет көрсетуді ұсыну:
электрондық қызмет көрсету;
электронды нысандар;
ақпараттық ресурстар;
электрондық әкімдік;
құжатталған ақпарат.
КОМПЬЮТЕР-АҚПАРАТТЫ ӨҢДЕУ ҚҰРАЛЫ
1. Кез келген компьютер программасының негізгі мақсаты:
аппаратты құралдармен басқару;
жиынақталған программал;
программалық жасақтама;
программалық конфигурация;
операциялық жүйе.
2. Белгілі бір типтегі есептеуіш машиналарға арналған, қолданушының есептеу ресурстарына мұқтаж кез келген есептерін шығаратын программалар жиынтығы.
аппаратты құралдармен басқару;
жиынақталған программал;
программалық конфигурация;
операциялық жүйе;
программалық жасақтама;
3. Компьютердегі программалық жасақтама құрамы:
программалық конфигурация;
операциялық жүйе;
программалық жасақтама;
аппаратты құралдармен басқару;
жиынақталған программал.
4. Программалық жасақтама деңгейлері:
желілік, қолданбалы, пайдалы,;
жүйелік, желілік, негізгі, қолданбалы;
негізгі, жүйелік, қызметтік, қолданбалы;
қолданбалы, қызметтік, желілік;
басқару, қызметті, пайдалы.
5. Компьютерді пайдалану мен техникалық қызмет етуге, есептеу жұмыстарын ұйымдастыру мен қолданбалы программалар әзірлеуді автоматтандыруға арналған программалық жабдықтама.
жүйелік программалық жасақтама;
жиынақталған программал;
программалық жасақтама;
программалық конфигурация;
операциялық жүйе
6. Қызметші (сервистік) программалар:
әртүрлі қолданбалы есептерді шешуге жиі қолданылатын программалық құралдар енеді;
белгілі бір саладағы есептерді жүзеге асыруға мамандандырылған программалық құралдардың жиынтығы;
әрбір адамның амалдық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы;
компьютердің жұмысын атқаратын программалар;
белгілі бір мамандық саласында берілген нақты есептерді шығара алатын әмбебап программалар жиынтығы.
7. Жалпы мақсаттағы қолданбалы программалық жасақтама:
әртүрлі қолданбалы есептерді шешуге жиі қолданылатын программалық құралдар енеді;
белгілі бір саладағы есептерді жүзеге асыруға мамандандырылған программалық құралдардың жиынтығы;
әрбір адамның амалдық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы;
компьютердің жұмысын атқаратын программалар;
белгілі бір мамандық саласында берілген нақты есептерді шығара алатын әмбебап программалар жиынтығы.
8. Қазіргі уақытта қолданбалы программалық жасақтаманың қарқынды және қуатты дамып жатқан бөлігі:
жаңартылған;
интегралданған;
әмбебап;
жан жақты;
көп қолданатын.
9. Мәселелік бағытталған қолданбалы программалық жасақтама:
әртүрлі қолданбалы есептерді шешуге жиі қолданылатын программалық құралдар енеді;
белгілі бір саладағы есептерді жүзеге асыруға мамандандырылған программалық құралдардың жиынтығы;
әрбір адамның амалдық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы;
компьютердің жұмысын атқаратын программалар;
белгілі бір мамандық саласында берілген нақты есептерді шығара алатын әмбебап программалар жиынтығы.
10. Компьютердің программалық құралдарына мыналар жатады:
операциялық жүйе, программалау жүйесі, қолданбалы программалар;
бумалар, жарлықтар, файлдар;
операциялық жүйе;
файлдар құрылымы;
микропроцессорлар, жедел жады.
11. Утилиттер – бұл:
редакторлар;
қосымша программалар;
трансляторлар;
компиляторлар;
модульдар.
12. Біз жұмыс істеп жүрген компьютерлер даму кезеңі:
IV буын;
V буын;
I буын;
II буын;
III буын.
13. Операциялық жүйе түрлері:
орталықтандырылған, желілі, бөлініп берілген;
универсальды тілде жазылған;
иерахиялық, желілі, реляциялық;
көлемді және кіші;
біресепті және көпесепті.
14. Программа жасауда синтаксистік қателер табылатын және түзетілетін кезеңі:
Программа жұмысының нәтижелерін талдау;
Есепті алгоритмдеу;
Сүйемелдеу;
Есептің қойылымы;
Программаны компьютер тілінде аудару (трансляция).
15. Компьютердің жұмысын атқаратын программалардың атауы:
RAM (Random Access Memori);
Hardware;
ROM (Red Onli Memori);
Software (программалық жасақтама);
CD –ROM.
16. Ақпараттық технологиялар – бұл...
ақпаратты өңдеуде типтік есептерді шешуге арналған әдістер мен тәсілдер жиынтығы;
ақпаратты өңдеуде типтік есептерді шешуде қолданылатын бағдарламалық жабдықтама;
ақпараттық есептерді шешу үрдісінің технологиялық сипаттамасы;
ақпараттық есептерді шешуде қолданылатын техникалық құрылғылар;
ақпараттық тесттерді шешу кезіндегі қолданушылардың және құрастырушылардың жұмысын ұйымдастыру;
17. Драйвер – бұл:
компьютер құрылғысының бір бөлігі;
вирусқа қарсы бағдарлама;
компьютер құрылғысының жұмысын қамтамасыз етуші бағдарлама;
мұрағаттаушы бағдарлама;
интерфейс.
18. Қолданбалы программалар дегеніміз:
белгілі бір мамандық саласында берілген нақты есептерді шығара алатын әмбебап программалар жиынтығы;
Бір мақсатта пайдаланылатын программалар жиынтығы;
белгілі бір саладағы есептерді жүзеге асыруға мамандандырылған программалық;
мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған программасы;
дискідегі қажет емес файлдардан тазартушы қызметін атқарады.
19. Программалау жүйелері:
компьютердегі есептерді программалауды автоматтандыруға арналған программалар жиынтығы;
программаны құрайтын жазбалар жүйесі;
компьютердегі есептерді шешуге арналған программалар жиынтығы;
компьютердің жұмысын басқаратын жүйе;
компьютер құрылғысының жұмысын қамтамасыз етуші бағдарлама.
20. Қолданбалы программалар дестесі деп:
белгілі бір мамандық саласында берілген нақты есептерді шығара алатын әмбебап программалар жиынтығы;
Бір мақсатта пайдаланылатын программалар жиынтығы;
белгілі бір саладағы есептерді жүзеге асыруға мамандандырылған программалар;
мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған программасы;
дискідегі қажет емес файлдардан тазартушы қызметін атқарады.
АЛГОРИТМДЕУ ЖƏНЕ ПРОГРАММАЛАУ
1. Файл деген:
көптеген жазбаларды сақтап қою тәсілі;
бір жерге бірктірілген құжаттар;
жад құрылғыларына белгілі бір атпен жазып қоятын мәліметтер жиыны;
іс қағаздар жинаға;
сыртқы құрылғылармен байланыс.
2. Прграмманың орындалу кезеңінде файл элементтерімен жұмыс жасау тәсілдері:
құрылымдық және арнайы ені арқылы;
тізбектей және тікелей ені арқылы;
жекелей және толық ені арқылы;
жасанды түрде ені арқылы;
программалық код түрінде.
3. Мәтіндік файл:
пернелер тақтасынан енгізілген немесе экранға шығаратын мәліметтер стандарты;
қатты диск немесе дискеттерде сақталған стандартты мәліметтер;
құжаттар сақталатын бума;
бумадағы іс қағаздар жинағы;
бір жерге біріктірілген құжаттар жиыны.
4. Қатты дискте немесе сыртқы тасымалдаушыларда сақталған мәліметтер:
мәтіндік файлдар;
сыртқы файлдар;
кестелік файлдар;
жиынтық файллдар;
иреархиялық файлдар.
5. Шартты түрде файлдардың қарастырылуы:
сызық түрінде;
жолақ түрінде;
баған түрінде;
жол түрінде;
атау түрінде.
6. Паскальда файылдарды топтастыру:
жазылу және түрі бойынша;
берілгені және атауының ұзындығы бойынша;
типі және түрі бойынша;
атауы және типі бойынша;
типі және элементтеріне қатынау тәсілі бойынша.
7. Файл программаның қай бөлігінде хабарланады:
басында;
сипаттау;
оператор;
тұрақтыларда;
соңында.
8. Прграммада файлдармен жұмыс пнктері:
енгізу, жазу, аяқтау;
шығару, оқу немесе жазу, аяқтау;
ашу, оқу немесе, жазу, жабу;
ашу, сақтау, оқу;
ашу, жабу, тасымалдау.
9. Программада нақты файлды белгілейтінін көрсететін процедура:
ASSIGN;
WRITELN;
INPUT;
REWRITE;
OUTPUT;
10. Программада файлды жабу роцедурасы:
ASSIGN;
CLOSE;
WRITELN;
INPUT;
OUTPUT
11. Барлық элементтері бір типті болып келетін файл түрі:
жолдық файл;
стандартты файл;
типті файл;
құрылымдық афйл;
енгізілген файл.
12. Циклдік операторлардың түрлері:
FOR,WHILE, REPEAT;
IF, ELSE, THEN;
GOTO, IF, FOR;
WHILE, WRITE, READ;
FOR, GOTO, IF.
13. Қабаттасқан циклдер:
цикл денесі шартқа қарамастан бір рет болса да орындалуы;
бір цикл денесінің ішіне басқа цикл денесі орналасуы;
қайталану саны белгіз болғандағы цикл;
бір әрекет әртүрлі мәндері бойынша қайталануы;
цикл ішінде параметрдің алғашқы мәні өзгеруі.
14. Бір атаумен белгіленіп, бір өлшеммен өлшенетін шамалардың реттелген тізбегі:
атау;
белгі;
массив;
жиын;
тип.
15. ARRAY операторының типі:
жазбалар
файл
күрделі;
қарапайым;
нақты
16. Массивпен жұмыс істеу үшін қолданылатын операторлар:
тармақталу;
сызықтық;
цикл;*
меншіктеу;
енгізу-шығару.
17. Бірөлшемді массив:
бірнеше жолдан құралған кесте;
бір жолдан тұратын кесте;
қарапайым кесте жолдары;
кесте жиыны;
реттелген кестелер.
18. Егер кесте бірнеше жолдан құралса:
көпөлшемді массив немесе матрица;
бір өлшемді массив немесе вектор;
массивтер жиыны немесе кестелер;
массив сипаттамасы немесе атауы;
жинақталған немесе вектор.
19. Символдар жолында қолданылатын қызметші сөз:
STRING;
INTEGER;
CHAR;
TEXT;
20. Мәтін ұзындығын анықтау үшін қолданылатын функция:
CONCAT;
LENGTH;
POS;
UPCASE;
COPY.
АҚПАРАТТЫҚ МОДЕЛЬДЕУ
1. Модель:
Нысанды құру және зерттеу;
Нысанның, құбылыстың, үдерістің кейбір ерекшеліктерін сипаттайтын көрсетілім;
Нысан құбылыстарын, үдерістерін немесе жиындары;
берілген қасиет бойынша нысанды құру;
құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды тиімді басқару.
2. Модельдеу:
Нысан құбылыстарын, үдерістерін немесе жиындарының моделін құру мен зерттеу тәсілі;
көрнекі оқу құралдары, әр түрлі машықтандырушы, үйретуші программалар түрі;
нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру;
берілген қасиет бойынша нысанды құру;
құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды тиімді басқару.
3. Модельдеудің негізгі мақсаты.
нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру;
берілген қасиет бойынша нысанды құру;
нысанды немесе құбылыстарды зерттеу үшін құрылған модель;
құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды тиімді басқару моделі;
нысанның, құбылыстың, үдерістің кейбір ерекшеліктерін сипаттайтын көрсетілім.
4. Модельдің негізгі қасиеттері:
нақтылық, нәтижелік, дәлдік;
бейімділік, дәлдік, құндылық;
құндылық, нақтылық, дәлдік;
айқындық, нақтылық, нәтижелік;
нақтылық, үзіктілік, ортақ.
5. Түпнұсқаның модельдеу ерекшелігіне сәйкес келуі:
Дәлдік қасиеті;
Бейімділік қасиеті;
Құндылық қасиеті;
Айқындық қасиеті;
Нақтылық қасиеті.
6. Модельдерді қасиеттеріне қарай жіктелуі:
3;
4;
5;
6;
7.
7. Қолдану аймағы бойынша модельдердің жіктелуі:
статистикалық, динамикалық;
физикалық, химиялық, социологиялық, тарихи, математикалық, экономикалық;
материалдық, ақпараттық;
вербальдық, ауызша, кестелік;
оқыту, зертханалық,ғылыми-техникалық, ойын, еліктеу.
8. Статистикалық және динамикалық модельдер:
қолдану аймағы;
білім саласы;
көрсету тәсілі;
уақыт факторы бойынша;
есептеу эксперименті.
9. Модельдердің көрсету тәсіліне қарай жіктелуі:
статистикалық, динамикалық;
физикалық, химиялық, социологиялық;
материалдық, ақпараттық;
вербальдық, ауызша, кестелік;
оқыту, зертханалық,ғылыми-техникалық, ойын, еліктеу.
10. Ақпараттық модель:
сыртқы ортамен өзара байланысатын нысанның қаситеттерін сипаттайтын мәліметтер жиынтығы;
уақыт ішінде нысанның өзгеру үдерісін сипаттайды;
уақыт аралығында болып жатқан өзгерістерді ескермейтін нысан;
құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды тиімді басқару моделі;
нысанның, құбылыстың, үдерістің кейбір ерекшеліктерін сипаттайтын көрсетілім
11. Графикалық модель:
әдеби шығарма;
картина, сызбалар;
тізім;
жіктелу;
таңба.
12. Иерархиялық модель:
Нысан және оның қасиеттері тізім түрінде берілуі;
уақыт ішінде нысанның өзгеру үдерісін сипаттайды;
уақыт аралығында болып жатқан өзгерістерді ескермейтін нысан;
құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды тиімді басқару моделі;
саты бойынша жіктеліп, бір біріне бағынышты болып орналасады.
13. Есептің қойылуы, формальдау, компьютерлік модельді құру, эксперимент, нәтижесін талдау:
модельдің қасиеттері;
модельдеу кезеңдері;
модельдеу мақсаты;
модельді талдау;
модельді зерттеу
14. Модельді тестілеу:
дұрыс құрылуын тексеру үдерісі;
зерттеу жүргізу;
нысан қасиетін анықтау;
есепті формальдау;
нысанды талдау.
15. Нақты модельденетін нысан мен оның қасиеттерінің анықталуы:
тестілеу;
талдау;
мақсаттау;
тексеру;
формальдау;
16. Құрылымды иерархиялық болатындай ақпараттық модель:
сабақ кестесі;
көбейту кестесі;
файлдық жүйе;
теледидар бағдарламасы;
математикалық формула.
17. Модельдер тізбегінен тұратын топ:
формула, теледидар, глобус, нұсқау;
сызба, географиялық карта, ойыншық теміржолы, көлік макеті;
формула, теледидар, глобус, нұсқау;
қазақ тілі, математика, физика, химия;
орындық, сызба, глобус, нұсқау.
18. Компьютерлік модель:
құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды тиімді басқару;
уақыт ішінде нысанның өзгеру үдерісін сипаттайды;
қолданбалы ортада нәтижеге әкелетін технологиялық әдістер тізбегі;
құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды тиімді басқару;
нысанды құру және зерттеу.
19. Нысанның маңызды қасиеттері мен көрсеткіштерін белгілеу:
формальдау;
нақтылау;
тестілеу;
талдау;
мақсаттау.
20. Ақпараттық модель болатын мысал:
адам қаңқасының макеті;
ойыншық паровоздың моделі;
метроның сызбасы;
пойыз жүрісінің кестесі;
суреттрі бар кітаптар.
АҚПАРАТТЫҚ КОМУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
1. Eхcel электрондық процессорының мүмкіншілігі:
берілгендерге анимация қолданады;
салдынған объектіні тұрғызу;
суреттер салу;
берілгендері ені бойынша форматтау;
кестелік берілгендерді өңдейді.
2. Excel – де мәліметтер базасындағы жазба:
мәліметтер базасы орналасқан кестенің қатарлары.
міліметтер базасындағы ең бірінші немесе соңғы қатар;
мәліметтер базасындағы ењ бірінші немесе соңғы бағана;
мәліметтер базасындағы өзара тең мәндер;
мәліметтер базасы орналасқан кестенің бағаналары;
3. Excel. Жүйе жұмыс істейтін құжат:
кітаптар;
парақтар;
кестелер;
файлдар;
жолдар.
4. Excel – де мәліметтер базасындағы өріс:
мәліметтер базасындағы ең бірінші немесе соңғы қатар;
мәліметтер базасындағы ењ бірінші немесе соңғы бағана;
мәліметтер базасындағы өзара тең мәндер;
мәліметтер базасы орналасқан кестенің бағаналары;
мәліметтер базасы орналасқан кестенің қатарлары.
5. Excel. Жұмыс парағында жолдардың атауының белгіленуі:
цифрлармен;
латын әріптерімен;
орыс әріптерімен;
арнайы символдармен;
таңбалармен.
6. Excel. Жұмыс парағында бағандардың атауы көрсетілген:
цифрлармен;
латын әріптерімен;
орыс әріптерімен;
арнайы символдармен;
таңбалармен.
7. Excel кестелік процессорының мәлімет енгізілетін ең кіші элементі:
блок;
баған;
қатар;
ұяшық;
диапазон.
8. Электрондық кесте жұмыс парақтарының өзара байланысы қалай жүзеге асады:
бір парақтан екінші параққа буфер арқылы мәліметтер көшірмесін енгізу арқылы;
бірнеше парақтарды бір файл ретінде сақтау арқылы;
байлау формуласында параққа сілтемені пайдаланып, басқа жұмыс парағына жасалған сілтеме көмегімен буфер арқылы графиктік объектіні көшіру көмегімен;
бір параққа басқа парақтағы ұяшыққа сілтеме жазылған формуланы енгізу арқылы;
бірнеше парақта тұрған информацияны біріктіру арқылы.
9. Сұраныс дегеніміз:
берілгендерді енгізуге арналған объект;
берілгендерді енгізуге және экранға бейнелеуге арналған объект;
берілгендерді шығаруға арналған объект;
берілгендерді бейнелеуге арналған объект;
берілгендерді қағазға бейнелеуге арналған объект.
10. MS Excel - те өңделетін объект ... кеңейтілуі бар файл:
.mdb;
.doc;
.txt;
.ppt;
.xls.
11. Мәліметтер базасын басқару жүйесі дегеніміз ...
деректерде экранды бейнелеу және оларды басқаруға қолданылатын құрал;
пайдаланушының қойған шарты арқылы деректерді таңдап алуға пайдаланылатын құрал;
мәліметтер базасын құруға , жүргізуге бірігіп қолдануға арналған графикалық құралдардың кешені;
жаңа мәліметтер базасын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге арналған программалық құралдар кешені;
программалау тілдерін тиімді пайдалануға арналған программалық құралдар кешені.
12. Форма дегеніміз:
берілгендерді бейнелеуге арналған объект;
берілгендерді экранға шығаруға арналған объект;
берілгендерді енгізуге және экранѓа бейнелеуге арналған объект;
берілгендерді енгізуге арналған объект;
берілгендерді шығаруға және оларды экранда бейнелеуге арналған объект.
13.Қолданбалы программаға тәуелсіз, белгілі бір ережелер бойынша ұйымдастырылған мәліметтерді сақтау, сипаттау, олармен әр түрлі әрекеттер жасау принциптері қарастырылған мәліметтер жинағы.
мәліметтер базасы;
құжаттар жиыны;
берілгендер тізімі;
анықтама;
файлдар.
14. Тізімнің жолы:
құжаттар жиыны;
мәліметтер базасының жазылуы;
мәліметтер базасының өрісі;
берілгендер тізімі;
ақпараттық қор.
15. Мәліметтер базасының өрісі:
тізімнің бағаны;
тізімнің жолы;
ұяшықтар құрылымы;
формула жолы;
кесте құрылымы.
16 Мәліметтер базасындағы жазуларды EXCEL –дің дұрыс реттестіруі үшін қай өрісте жаңа жазу болатынын көрсету қажет.Мұндай өрістер ...
реттеу жолы;
құрылымдық кілт;
ретеу кілті;
сақтау кілті;
ашу кілті.
17. Мәліметтерді реттеу:
Өсуі және кемуі бойынша;
Санау бойынша;
Тек кемуі бойынша;
Есептеу жүргізу;
Сүзгілеу.
18. Кез келген мәліметтер базасымен негізгі жұмыс істеу дегеніміз
ақпараттард сақтап, тасымалдау;
белгілі бір ақпараттарды іздеу болып табылады;
мәліметтерді мұрағат үшін жинақтау;
тұтынушылар үшін құрылады;
баспаға беру үшін.
19. Сүзу (Фильтрация):
мәліметтерді тез тауып, олармен және тізім бойынша жұмыс істеу әдісі;
мәліметтері реттелінетін өріс және реттеудің типі таңдау;
сандар өсуі бойынша, ал мәтін алфавит бойынша реттеледі;
мәліметтері реттелетін және бірдей мәндері бар өріс таңдалынады;
сүзуді қажет ететін мәліметтері бар қатардың батырмасын басу.
20. Microsoft Excel-де сүзудің екі түрі бар. Олар:
кемуі немесе артуы;
өсуі бойынша;
автосүзгі және кеңейтілген сүзгі;
іздеу бойынша;
жинақтау бойынша.
Достарыңызбен бөлісу: |