Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет2/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   141

5

Əскери істе əскери құраманы басқарып олардың қозғалысы 

мен іс əрекеттерін ұйымдастыруда карта жергілікті жер туралы 

мəлімет беретін негізгі ақпарат көзі болып табылады. 

Қазіргі нарықтық-экономикалық қатынас жағдайында табиғат 

байлықтарын шаруашылықтық мақсатта тиімді пайдаланып, 

географиялық орта жағдайларын қалпына келтіру, экологиялық 

тепе-теңдігін сақтау, өндіргіш күштерді тиімді орналастырып, 

экономикалық аудандардың кешенді дамуын қамтамасыз ету 

мəселелерін шешу сапасы жоғары карталарды дайындауды қажет 

етеді.

Карталардың ғылыми-зерттеу құралы ретінде, əсіресе, 



географиялық зерттеулердегі маңызы өте зор. Əрбір геогра-

фиялық зерттеулер қолда бар карталарға негізделіп, жинақталған 

жаңа материалдар арқылы толықтырылып одан əрі жетілдіріледі. 

Геология, геоморфология, климатология сияқты білімнің 

бірқатар салаларында карталар негізгі зерттеу нысаны ретінде 

қолданылады. Зерттеулердің нəтижесінде жергілікті жердің 

геологиялық құрылысын, пайдалы қазбалардың таралу заңды-

лықтарын анықтап, оларды табуға жол ашатын білімнің жиынтығы 

геологиялық картаны құру болып табылады. 

Ғылыми-техникалық прогресс қарқынының артуына сəйкес 

картаны ғылыми зерттеу құралы ретінде қолдану аясы да 

кеңеюде. Қазіргі ғылымға үлгілеу əдістерінің қарқынды енуі 

қандай да бір нақты зерттеу мақсаты үшін маңызды, шынайы 

əлемге тəн қасиеттер мен үрдістерді жан-жақты ашып көрсететін 

жинақталған кеңістіктік бейнелі картографиялық үлгісін құруға 

мүмкіндік берді. Карталар жаңа білім алуға, көптеген үрдістер 

мен құбылыстарды оқып-үйреніп, дамуын болжауға мүмкіндік 

береді. Картаны ғылыми-зерттеу құралы ретінде қолдану 

əдістерін жасау, қазіргі картографияның маңызды міндеттерінің 

бірі болып табылады. 




6

1 - т а р а у.

 

КАРТОГРАФИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ МЕН 

КАРТАНЫҢ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Географиялық карта жəне олардың қасиеттері

Географиялық карталарды жіктеу. Қандайда бір 

құбылыстарды немесе заттарды жалпы белгілеріне қарай бөлуді 

жіктеу дейміз. Тиімді тіркеу, сақтау жəне пайдалану мақсатында 

географиялық карталарды жіктеу əр түрлі белгілеріне негізделіп 

жүргізіледі. Картаны жіктеудің басты белгілеріне мазмұны, 

аумақты қамтуы, атқаратын қызметі, масштабы, пайдалану 

əдістері, шыққан жылы жəне т.б. жатады. Солардың ішіндегі ең 

маңыздылары картаның масштабы, мазмұны мен қызметі оның 

сипатын айқындайды. 

Мазмұнына қарай карталар жалпы географиялық, 

тақырыптық немесе, арнайы болып бөлінеді. Зерттелетін 

аумақты жалпы шолып танысу мүмкіндігі жалпы географиялық 

карталарда қамтылған, онда аумақтың негізгі физикалық-

географиялық жəне əлеуметтік-экономикалық элементтерінің 

алуан түрлі сипаттары кескінделеді. Бірде-бір құрамдас бөлігі 

ерекшеленбейтін жалпы географиялық картаның мазмұнының 

құрамына су нысандары, жер бедері, елді мекендер, жол торап-

тары, əр түрлі шекаралар, топырақ пен өсімдік жамылығысының 

кейбір элементтері енгізілген. 

Бір, екі, сирек жағдайда өзара байланысы бар бірнеше табиғи 

жəне əлеуметтік-экономикалық элементтері тереңдетіліп нақты 

көрсетілетін жəне олардың бірі тақырыбын айқындайтын 

карталарды  тақырыптық карталар дейміз. Арнайы немесе 

тақырыптық карталардың қатарына төменде көрсетілген карта-

лар жатады.

1. Жалпы географиялық карталардың бірнеше элементтері 

енгенімен солардың бірі басым болатын карталар, оған 

гипсометриялық карта жатады. Өйткені оның басты мазмұны 

жер бедері болып саналады. 



7

2. Белгілі бір құбылыстарды сипаттау арқылы жалпы 

географиялық картаның элементтерінен басқа арнайы деректер 

берілген карталар. Ондай карталарға экономикалық, климаттық 

топырақ карталары жатады. Арнайы тақырыптық карталарда 

жалпы географиялық элементтері толық берілмейді.

Жіктеу тұрғысынан алғанда арнайы карталар үш топқа 

бөлінеді. Олар: физикалық-географиялық, əлеуметтік-экономи-

калық жəне техникалық карталар. 

Аумақты қамтуына қарай географиялық карталар 

төмендегідей топтарға бөлінеді:

1. Дүние жүзінің картасы;

2. Жартышарлар картасы (батыс, шығыс, оңтүстік, солтүс-

тік);


3. Материктер мен мұхиттардың картасы;

4. Мемлекеттер тобының картасы (Орталық Азия, Балқан 

жəне т.б.)

5. Мемлекеттің жəне оның жеке бөліктерінің картасы.



Қызметіне қарай белгілі бір қажеттілікті өтеп, міндеттерді 

шешуге мүмкіндік беретін оқу, əскери, навигациялық, теңіздік, 

жол  жəне туристік карталарға бөлінеді. Географиялық карта-

лар көп мақсатты қызмет атқаратындықтан жіктеудің бұл түрі 

шашыраңқы болуымен көзге түседі. Пайдалану əдістеріне 

қарай қабырға карталары, стол карталары; бояуының сипаты 

мен  бетінің санына қарай бір бояулы жəне көп бояулы, бір 

бетті, көп бетті болып бөлінеді.

Масштабына қарай жіктеу масштабы картаның мазмұны мен 

аумақты қамтуына, картографиялық торына əсеріне негізделіп 

анықталады. Барлық географиялық карталар масштабына 

қарай ірі масштабты (1:200 000 жəне оданда ірі), орта масштаб-

ты (1:200 000 нан 1:1 000 000 дейін) жəне ұсақ масштабты (1:1 

000 000 ұсақ) болып бөлінеді.

Ірі масштабты жалпы географиялық шолу карталары 

топографиялық карталар, ал ұсақмасштабтылары шолу кар-

талары деп аталады. 

Картографиялық өнімдерге географиялық карталардан 

басқа географиялық атластар, глобустар, жер бедерінің кар-

талары, көлденең қима-сызбалар, блок-диаграммалар жатады.



жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау