14
Өндіріс пен ғылымның əр түрлі салаларында жəне мектеп
оқушылары мен студенттердің білім алу мақсатында пайдалану-
ды географиялық картаның танымдық қызметі дейміз.
Белгілі бір құбылыстарды картаға талдау жасау негізінде
оқыпүйренуді картографиялық зерттеу əдісі дейміз. Бұл əдісті
құру қазіргі картографияның басты міндеті болып табылатын
картада кескінделген құбылыстарды танып білу мəселелерін
қарастыратын пəннің ерекше бөлімінің мазмұнын құрайды.
Картографиялық əдістерді пайдалана отырып табиғат құбы-
лыс тарын зерттегенде жүйелік, кешендік қағидаларын кеңінен
қол дану ға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде картографиялық əдіс-
пен жүргізілетін зерттеулер əлеуметтік ғылымдарда да кеңінен
қол да нады.
Құнды ақпараттар сақталған дерек көзі əрі ғылыми-зерттеу
құралы ретінде географиялық карталардың маңызы жылдан-
жылға артуда. Білімнің көптеген салаларында құбылыстарды
оқыпүйрену бұрын құрылған картаға талдау жасап, ондағы
деректерді бақылау жүргізу нəтижесінде анықталған құбылыстар
мен үрдістердің ерекшеліктерімен салыстыру арқылы жаңа кар-
талар құрылады. Танымның мұндай жолы негізінен жаратылы-
стану ғылымдарының ішіндегі жер туралы ғылымға тəн. Олар
геология, физикалық география, геоморфология, зоогеография,
өсімдіктер географиясы, топырақ географиясы.
Географиялық картаның белгілі бір аймақтағы əр түрлі
құбылыстардың арасындағы бірізді себеп-салдарлы байланысын
анықтау бағытындағы кешенді зерттеулерде де маңызы зор. Мы-
салы, ғалымдар жер сілкінуді болжауға ұмтылғанда геотермальды
сулардың геохимиялық құрамының өзгеруі мен жер қыртысында
басталмақ қозғалыстың арасында байланыс барын анықтады.
Географиялық картаның құрамдас бөліктері. Картаны жа-
сап шығару, толыққанды пайдалану үшін оның қасиеттері мен
ерекшеліктерін білу қажет. Сондықтан картаны оқып-үйрену мен
құру оны түзетін құрамдас бөліктеріне жіктеп, мəн мағынасын
түсінуді, əрбір құрамдас бөлігінің маңызы мен атқаратын қызметін
білуді, олардың арасындағы байланысты анықтауды талап етеді.
Картаның құрамдас бөлігктеріне картографиялық кескіндеу, мате-
матикалық негіздері, қосымша жабықтау элементтері жатады.
15
Картографиялық түсіру кез-келген
картада қамтылған табиғи
жəне əлеуметтік-экономикалық нысандар мен олардың орналасу
ерекшеліктері, өзара байланыстары туралы үйлесімді ақпарат беретін
ең басты бөлігі болып табылады. Картаның мазмұнын айқын дайтын
бұл деректер кескінделген нысандардың біртекті тобы на қарай жеке-
леген географиялық элементтерге бөлшектеніп кетуі мүмкін. Мыса-
лы, топографиялық карта мазмұнының негізгі элементтеріне су ны-
сандары, жер бетінің бедері, өсімдіктер жа мыл ғысы, қатынас жолда-
ры, байланыс жəне электр желілері, өнер кəсіп пен ауыл шаруашылық,
мəдени-ағарту тағы да басқа нысан дар жатады.
Мазмұнының элементтер кешені əр түрлі карталарда бірдей
болмайды. Атап айтсақ, тақырыптық карталарда мазмұнының ба-
сты құрамдас бөлігі пайдалы қазбалар, топырақ жамылғысы, жа-
нуарлар дүниесі, өнеркəсіп кəсіпорындары болуы мүмкін. Бірақ
солардың ішінде бір құрамдас бөлігі басқа элементтерді бір-бірімен
байланыстыратыруға мүмкіндік беретін бастысы болып табы лады.
Картографиялық кескіндерді талдау барысында мазмұны мен
олардың белгілі бір картографиялық шартты белгілер мен жазу-
лар жүйесімен берілу нышанына мəн беру қажет.
Картографиялық кескіндерді құрудың геометриялық
заңдылықтары мен олардың геометриялық қасиеттерін картаның
математикалық негіздері айқындайды. Картаның бұл құрамдас
бөлігіне картографиялық проекциялар жəне онымен тығыз бай-
ланысты координаттар торы, масштаб пен геодезиялық тірек тор-
лары жатады.
Картографиялық проекцияның мəні жер эллипсойдының
бетіндегі нүктелердің координаты мен олардың жазықтықта
кескінделуінің арасындағы байланыстың болуы картаны құруды
эллипсойд бетімен сəйкес келетін жазықтық координаттар
сызығынның жүйесін жасаудан бастауға міндеттейді.
Қандай да бір координаттар торы кез-келген географиялық
картаны құрудың міндетті құрамдас бөлігі болып табылады. Бірақ
шағын кеңістікті қамтыған кескінделген құбылыстарды өлшеуді
қажет етпейтін сызба-нұсқа түріндегі кейбір карталарда коорди-
наттар торы болмайды.
Геодезиялық тірек торлары жердің физикалық бетінен эл лип -
сойд тың бетіне өтумен қатар, картаның географиялық құрамдас
бөліктерінің координаттар торына қатысты орнын дұрыс анық-
16
тауды қамтамасыз етеді. Геодезиялық тор жергілікті жерді кес кін-
деу жұмыстарын жүргізу үдерісінде қолданылып, топогра фия лық
карталарда көрсетіліп, мазмұнының құрамына енгізіледі. Мас -
штабына сəйкес координаттар торының жалпы өлшемін анық тап,
нысандардың орналасуы мен бағдарлауды, ірі аумақты қам тыған
карталарды жеке беттерге бөлуді бұрыштамалар қамта ма сыз етеді.
Картаны оқуды, онымен жұмыс істеуді жеңілдететін
картографиялық кескіндеуден басқа қосымша құрамдас бөліктері
болады. Олардың қатарына картада пайдаланылған картографиялық
шартты белгілер мен кестелер, диаграммалар, ірі масштабты карта-
ларда жүргізілетін картометриялық өлшемдердің түсініктемелері
жатады. Оның құрамына карта мен баспаның аттары, шыққан
жылы сияқты шыққан орны деректері де жатады. Кейде картаның
бұрыштамаларының ішіндегі бос орында қосымша карталар мен
графиктік құрулар (көлденең қима-сызбалар, блок диаграммалар,
жеке диаграммалар) кестелер, мəтіндік деректер беріледі [1.1 сурет].
1.1 сурет. Жалпы географиялық картаның құрамдас бөліктерінің
сызбасы