Сабақтың мақсаты: Дамытушылық



жүктеу 101,12 Kb.
Дата11.12.2017
өлшемі101,12 Kb.
#3947
түріСабақ

Тақырып: Циклдік алгоритм

Сабақтың мақсаты:

Дамытушылық:

Себеп салдар байланысын орнату негізінде оқушылардың логикалық және алгоритмдік ойлауын, олардың пәнге деген танымдық қызығушылықтарын, оқушылардың қабілеттерін кеңістіктегі ой - қиялы мен шығармашылығы арқылы дамыту



Тәрбиелік:

Оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу;Танымдық қызығушылыққа, коммуникативтік дағдыны қалыптастыруға тәрбиелеу;Тұлғаның рухани – әдептілік, адамгершілік қасиеттерін: елгезектікке, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.



Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап, әңгімелесу, жазбаша жұмыс, өзіндік жұмыс

Сабақ барысы. 

1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Көңіл күйлерің тексеру

2. Сергіту сәті

3.Үй тапсырмасын пысықтау. Тест сұрақтары арқылы

І - нұсқа

1.Компьютердегі жұмысты аяқтаған оқушы не істеуі керек?

А) Мұғалімнің нұсқауы бойынша жұмысты аяқтап, жұмыс орнын ретке келтіру.

Б) Компьютерді ажырату батырмасын басу.

С) Тұрып кабинеттен шығу.

Д) Бөлмені ылғалдап сүртіп шығу және желдету.

Е) Компьютердің бөлшектерін ажырату.

2.Көзден экранға дейін ара-қашықтық қанша болу керек?

А)10-15 см. Б) 20-30 см.

С) 40-50 cм. Д) 55-65 cм.

Е) 70-80 см.

3.Ақпаратты сақтау үшін адамдар нені қолданбайды?

А) Қағазды Б) Дискіні

С) Тасты Д) Суды

Е) Телефонды

4.Ақпараттың өлшем бірлігі қандай?

А) кг, тонна Б) м, км

С) Бит Байт Д) см, килобайт

Е) мбайт, мм

5.Адам ақпаратты қанша пайыз көру арқылы алады?

А) 80% Б) 96% С) 90% Д) 91%

Е) 92%


6. Алгоритм ұғымын енгізген ғалым

А) Мухаммед Әл-Хорезми

В) Билл Гейтс С) Лейбнец

D) Робертсон

7. Алгоритмнің негізгі қасиеттері?

А) сызықтық, циклдік

В) тармақталу, сызықтық, негізгі

С)Түсініктілік, дискреттілік, анықтылық, нәтижелік, жалпылық

D) негізгі, қосымша

ІІ – нұсқа

1. Компьютерде жұмысты бастамас бұрын оқушы не істеуі керек?

А) Компьютер жабдықтамаларында немесе жалғағыш сымдарында ақаудың жоқ екеніне көз жеткізу керек

Б) Мониторды көз деңгейімен бірдей етіп, көру бұрышына перпендикуляр орналастыру керек

С) Оқу құралдарын үстел үстіне орналастыру керек

Д) Су қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеу керек

Е) Сыныпта компьютерді аралап жүру керек

2. Адам ақпараттың неше пайызын есту арқылы алады?

А) 5 % Б) 6 % C) 7 %

Д) 8 % Е) 9 %

3. 1 мбайт неге тең?

А) 1000 кбайт Б) 1020 кбайт

С) 1024 кбайт Д) 1024 бит Е) 1000 бит

4. Дыбыстық ақпаратты не арқылы жеткіземіз?

А) Кітап Б) Радио

С) Журнал Д) Плакат

Е) Дәптер

5. Санау құралдарын Қытайлықтар не деп атаған?

А) Суан-пан Б) Абак

С) Серобиян Д) Есепшот

Е) Механика

6. Алгоритмнің түрлері?

А) сызықтық, циклдік

В) тармақталу, сызықтық, негізгі

С) сызықтық, тармақталу, циклдің

D) негізгі, қосымша

7. Тармақталған алгоритм дегеніміз не?

А) нәтижеге жету

В)тізбектеле орындалатын

С) әрекеттердің біріншісін немесе басқасын орындайтын



D) негізгі, қосымша
4.Суретпен жұмыс






5. Тізбекті толтыр
6. Жаңа сабақ

Қоршаған ортада көптеген үдерістер жүйелі түрде ретімен бірнеше рет қайталанып отырады. Мысалы, апта күндерінің ауысуы: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі немесе ауа райының маусымдық ауысуы.



Циклдік алгоритм- бұл командалары бірнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанып орындалып отырады. Математикада есеп шығару кезінде бір теңдеуді пайдаланып, ондағы айнымалы мәнінің өзгеруіне байланысты оны бірнеше рет қайталап есептеуге тура келеді. Осындай есептеу процесі бөліктерінің талап орындауын цикл деп атайды, ал қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер тобы циклдік алгоритмдерге жатады. Циклдік алгоритмдерді пайдалану, оларды кейіннен программаларда цикл командалары түрінде қысқартып жазу мүмкіндігін береді.

Циклдік процесті қамтамасыз ететін алгоритм бөлігін қайталау командасы құрайды. Бұл команда алгоритмді жинақы етіп жазуға мүмкіндік береді.

Қайталау командасын алгоритмдік тілде жазу үшін әзірше (әзір), цикл басы (цб) және цикл соңы (цс) түйінді сөдері қолданылады: әзірше сөзінен кейін қолданылатын шарт, ал цикл басы мен цикл соңы түйінді сөдерінің арасына қайталанатын командалар жазылады. Мұнда да цикл басы мен цикл соңы түйінді сөздер арасындағы цикл аздап оңға ығыстырылып жазылады, олай ығыстыру қайталанатын командалардың орындалу реттігін түсінуді оңайлатады.

Қайталау санының алдын ала белгілі және белгісіз болуына байланысты цикл екі түрге бөлінеді. Қайталау саны алдын ала белгілі цикл – арифметикалық цикл деп, орындалу саны белгісіз цикл - командалық (итерациялық) цикл деп аталады.


Арифметикалық цикл. Арифметикалық цикл ең қарапайым цикл болып табылады және практикада жиі қолданылады. Қайталану барысында цикл параметрі арифметикалық прогрессияның заңы бойынша тұрақты шамаға өзгеріп отырады. Алгоритм атқарылар алдында цикл параметрінің бастапқы мәні белгілі, осыдан кейінгі қайталану барысында цикл параметрі белгілі бір шамаға (қадамға) өзгере отырып, алдын ала берілген соңғы мәнге жетуі қажет.

Алгорим мен программа жазуды жеңілдету үшін циклдік алгоритмдер ықшамдалған түрде «модификатор» немесе «цикл басы» блогын пайдалану арқылы жазылады. Бұл программадағы арифметикалық циклдің өз командалары былай жазылады:

Интерациалық (қадамдық) цикл. Цикл орындалмас бұрын, оның қайталану саны белгісіз болған жағдайда, қадамдық циклді пайдаланады. Циклді аяқтау үшін белгілі бір шарт тексеріледі. Егер шарт орындалмаса, онда кайталану командасы атқарылады. Ал шарт орындалса, онда цикл қайталанбайды. Қадамдық циклді кескіндегенде модификатор қолданылмайды, себебінеше рет қайталанатынын алдын ала білмейміз. Енді қадамдық циклге мысал келтірейік.

Қайталану саны белгісіз циклдер:


Блок - схема

Алгоритм

Pascal

Иә жоқ



Цикл денесі




Алг

Басы

Енгізу

Әзір шарт

Цб

Цикл денесі



Цс

Соңы

While шарт do


Begin цикл денесі

End.



7 .Информатикалық диктант

  • Қайталану санының алдын ала белгілі және белгісіз болуына байланысты цикл .. түрге бөлінеді.

  • ... бұл командалары бірнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм.

  • Тармақталған алгоритмді жазудың ... түрі бар.

8. Компьютерде практикалық жұмыс жасау.

Оқушыларға тапсырманы бермес бұрын оларға программаның жаңа мүмкіндіктерін түсіндіру керек. Алгоритмдегі цикл сабағын меңгеру үшін:



  • «Алгоритмді»  «Циклдік» пунктіне ауыстыру керек

  • ДЕЙІН, БАСТАП, ҚАДАМ, ІСКЕ ҚОСУ батырмалары автоматты түрде белсенді болады.

9.Рефлексия.

Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мағлұмат алдың?

Саған қай тапсырманы орындау қиын болды?

Нені біліп, үйренуіміз керек?

Сендерге барлығы түсінікті болды ма?

Қызықты болғаны
10. Бағалау

11. Үй тапсырмасын беру: 
Циклдік алгоритм, 3.1-3.3 тақырыптарына 5 тест құрастырып келу.

Сабақтағы эмоционалдық жағдайды анықтау. (күншуақ)

Сіздердің алдарыңызда күннің суреті жатыр, оның бетіне қараңыз, сол және оң жақ беті әртүрлі: сол жақ қуаныштың белгісі, оң жақ көңілсіз. Егер сіздерде сабақтан кейін жақсы көңіл-күйлеріңіз қалса, онда сол жақ бетіне айшық суретін салыңыз. Егер жоқ болса, оң жағы.
жүктеу 101,12 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау