17
1.2. Картографияның құрылымы мен теориялық
тұғырнамалары
Теориялық тұғырнама – (бұл картография пəні мен оның
əдістеріне қатысты белгілі бір көзқарастар жүйесі. Онда қазіргі
кезеңдегі картография ғылымы мен өндірісінің дамуын айқын-
дайтын үрдістерді түсіну мен анықтау деңгейі қарастыры ла ды.
Тұғырнама ғылымның бұрынғы тəжірибелерін жинақтап
болашақтағы даму үдерісін бағалайды. Бірақ онда əрқашан
ғылымды түсінудің бүгінгі жағдайы мен болашағын ашып көр-
сетіп, қазіргі көзқарастары мен өзекті мəселелері талқыланады.
Тұғыр наманың эволюциясын жаңа прогрессивті заманауи əдістер
мен технологияны, озық тəжірибелерді игеріп оларды жетілдіру
дəре жесіне сəйкес ескінің жаңаға орын беруі арқылы көрініс та-
ба тын ғылым теориясының біртіндеп даму жолы айқындайды. Қа-
зір гі кезеңде картографияда бірнеше теориялық тұғырнама бар.
Танымдық немесе үлгілік-танымдық тұғырнама карто-
графияны шындықты картографиялық үлгілеу құралы арқылы
тану туралы ғылым деп қарастырып, картаны шындықтың үлгісі
ретін де алады. Бұл анықтама картографияны жаратылыстану
жəне əлеуметтік-экономикалық ғылымдарға жəне таным теория-
сына жақын танымдық ғылым ретінде көрсетеді. Картографияға
қатыс ты бұл тұғырнаманы Н. Н. Баранский, К. А. Салищев, А. Д.
Геды мин, А. Г. Исаченко мен олардың ізбасарлары 1940 жылдары
негіздеді.
Коммуникативтік тұғырнама картографияны кеңістіктік
ақпаратты беру туралы ғылым, ол картаны ақпараттың арнасы
жəне коммуникация құралы ретінде қарастырады. Бұл жағдайда
картография ақпарат теориясымен, автоматикамен, қабылдау тео-
риясымен тығыз байланысты ақпараттанудың бір саласы болып
табылады. Бұл тұғырнаманың негізін ХХ ғасырдың 70-80 жылда-
ры батыс картографтары Е. Арнберг, А. Колачный, А. Робинсон
тағы да басқа ғалымдар қалады.
Тілдік (картаның тілдік) тұғырнама картографияны
картаның тілі туралы ғылым, ол картаны шартты белгілердің
көмегімен құрылған ерекше мəтін ретінде қарастырады. Бұл
жағдайда картография лингвистика мен семиотиканың (тіл ту-
2–1171
18
ралы ғылым) саласы, ал зерттейтін пəні картографиялық шартты
белгілер жүйесі болар еді. Бұл көзқарастар жүйесі ХХ ғасырдың
70-80 жылдары А. Ф. Асланикашвилидің, А. А. Лютыйдың, Я.
Правданың еңбектерінің нəтижесінде дамыды.
Картографияның өзге де ерекшеліктеріне баса назар ау-
даратын жəне əр түрлі көзқарастармен үйлесетін басқа да
теориялық ойлар да бар. Олардың қатарына картографияның
үлгілік жəне коммуникативтік қызметі туралы түсініктер,
басқа да бірқатар тұғырнамалар өзара үйлестірілген бейнелеу
теориясының логикалық-философиялық қағидаларына негізделіп
картографияның жалпы теориясы құрылатын метакартография
(А. Ф. Асланикашвили бойынша) жəне картология (Л. Ратай-
ский бойынша) жатады.
Жоғарыда аталған тұғырнамалардың əрқайысының шынайы
негіздемелері, тиімді түйіндері бар. Олар картографияны бірі
дүниені тану туралы ғылым, екіншісі коммуникация құралы,
үшіншісі білім берудің ерекше тілі ретінде қарастырады.
Бұл картографияның сан қырлы екенін, қасиеті мен атқаратын
қызметі алуан түрлі болатын карта шындықтың үлгісі, кеңістіктік
ақпаратты берудің арнасы болумен қатар география мен Жер тура-
лы ғылымның басқа түрлерінің ерекше тілі бар екенін айғақтайды.
Қазіргі кезеңде картографияда біртіндеп конвергенция үдерісі
басым бола бастауы байқалып, картографияның пəніне қатысты əр
түрлі көзқарастар жақындасып, картография мен картаның үлгі лік,
коммуникативтік, тілдік қызметтері туралы ұғымдар құ рам дасуда.
ХХ ғасырдың 80 жылдарында картографияны ақпараттық-
картографиялық жүйелі үлгілеу жəне геожүйені тану тура-
лы ғылым ретінде қарастыратын жаңа геоақпараттанулық
тұғырнама қалыптаса бастады. Геоақпараттану Жер туралы
ғылымдармен жəне қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты.
Картографияның құрылымы. Картография құрылымы
жағынан күрделі пəндер жүйесін құрайды. Оның маңызды құрамдас
бөліктеріне – картатану, картография тарихы, математикалық кар-
тография, картометрия, картографиялық ақпарат тану, картаны
жобалау жəне құру, картографиялық семиотика, картаны безендіру
(картографиялық дизайн), картографиялық өндірістің экономи-
касы мен ұйымдастырылуы, картаны шығару, картографиялық
19
зерттеу əдістері, картографиялық деректану, картографиялық то-
понимика пəндері кіреді.
Картатану – ғылым ретінде пəннің жалпы мəселелерін, пəнін,
зерттеу əдістерін, картаны құру мен пайдаланудың əдіснамасын,
географиялық карта жəне оның түрлерін, қасиеттері мен құрамдас
бөліктерін, даму тарихын, пайдалану əдістерін зерттейді.
Картография тарихы картографиялық ойлар мен түсініктер-
дің, картография өндірісінің даму тарихын, сонымен қатар, ескі
картографиялық өндірісті оқытады.
Математикалық картография – жер беті мен ғаламдағы аспан
денелерін жазықтықта (картада) кескіндеудің математикалық
əдістерін зерттейді. Онда картографиялық проекцияларды құру дың
теориясы мен əдістері жасалып, белгіленген шартқа сəйкес бұр-
маланулардың таралуы мен картографиялық торға талдау жа са ла ды.
Картометрия – картадағы əртүрлі географиялық нысандардың
сандық сипатының мазмұнын айқындайтын өлшеу жұмыстарын
жүргізу əдістерін жасап шығарады.
Топография – географиялық жəне геометриялық əдістерді пай-
далана отырып, жергілікті жерді оқып-үйрену негізінде ірі мас-
штабты карталарды құру жолдарын зерттейтін картографияның
бір саласы. Картаны жобалау жəне құру-карталарды зерт-
хана жағдайында құру жəне саралау əдстерін жасап, оларды
оқып-үйрену мəселелерін қарастырады. Ол өз кезегінде жалпы
географиялық жəне тақырыптық карталарды жобалау мен құру
мəселелерімен айналысатын бірнеше тараулардан тұрады.
Картографиялық семиотика – картография мен лингвис-
тика ғылымының аралығындағы географиялық карталардың
тілі болып табылатын картографиялық белгілер жүйесінің
қасиетін зерттейді. Оның шегінде картографиялық шартты
белгілердің шығу тегіне, жіктелуіне, қасиеттері мен қызметіне
картографиялық кескіндеу əдістеріне қатысты көптеген мəселелер
қарастырылады. Картографиялық семиотика синтактика, семан-
тика, прагматика бөлімдерінен тұрады.
Картографиялық семиотика Картографиялық синтакти-
ка шартты белгілер жүйесін құру жəне пайдалану ережелерін,
олардың құрылымдық қасиеттерін, карта тілінің граматикасын
зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |