Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет110/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   141

362

Мемлекеттік геодезиялық тордың қосындары 1:500 масштабқа 

дейінгі топографиялық түсірулерге тірек қызметін атқарады.

Қосындары  жергілікті жерде жақсы бекітілген жəне айқын  

анықталған жағдайда ғана геодезиялық тірек торлары өз қызметін 

атқарады. Жергілікті жердегі əрбір қосын арнайы  жерасты 

белгісі–орталықпен бекітілген. Орталықтардың тұрақтылығына 

тау жыныстарының маусымдық қатуы мен еруі тағы да басқа 

көптеген қоршаған орта жағдайлары əсер етеді.

Трилатерация сызбанұсқасы  бойынша триангуляцияға 

ұқсас бірақ мұнда арақашықтық өлшегіштердің көмегімен 

қателіктері 1:400 000-нан аспайтын сызықтардың барлық үш 

бұрыштарын өлшеп алып, содан соң олардың координатта-

рын есептеп шығарады. Алыстағы қол жету қиынға соғатын 

геодезиялық қосындардың координаттарын жердің жасанды 

серіктерінің көмегімен бақылау жүргізу арқылы анықтайды. 

Ол үшін қазіргі кезде ғарыштық триангуляция əдісін қолдана 

отырып, жұмыстар жүргізетін  біртұтас ғарыштық геодезиялық 

тор құрылған.  Белгілі координаттар бойынша бекеттерден 

 

бақылау жүргізу арқылы сол сəттегі жердің жасанды серігінің 



жағдайын анықтайды. Ғарыштық бекеттен бақылау барысында 

белгісіз жəне жердің жасанды серігінен алынған  белгілі болған 

координаттардың көмегімен орнын анықтайтын бекеттердің ко-

ординаттарын табады.

Жоспарлы геодезиялық қосындарды белгілеп, жергілікті 

жерде бекіту үшін геодезиялық белгілер деп аталатын жер 

астындағы қондырғылар мен  жер бетіндегі құрылыстар 

 

тұрғызылады. Олар жергілікті жерде биіктіктік, теодолиттік, 



тахометрлік түсіру жұмыстары кезінде жоғары дəлдікпен 

өлшеу жұмыстарын жүргізуге  мүмкіндік береді. Триангуляция 

мен полигонометрияның жер бетіндегі белгілері геодезиялық 

құралдарды бекітетін штатив сонымен қатар көршілес жатқан 

қосындардың көрінуін қамтамасыз ету қызметін атқарады. 

Геодезиялық қосындар жер бетінде өзара көрінген жағдайда, 

биіктігі 6-8 метр болатын тек бетон бағана немесе қарапайым пи-

рамида орнатады. Үлкен биіктікке қосарланған пирамида  жəне 

геодезиялық белгібергіш орнатады  [10.3-сурет].



363

10.3 сурет. Геодезиялық тордың белгілері

Орталықтар мен реперлердің орнатылу тереңдігін анықтау 

үшін тау жыныстарының маусымдық қатуы, көпжылдық тоң 

 

мен сусымалы құм шағылдар, жартастар, қорым тастар  мен 



батпақтар таралған аймақтар көрсетілген аумақты аудандастыру 

картасы құрылған. Құрылыстар салынған аумақтарда мемлекеттік 

геодезиялық тордың қосындары ғимараттардың қабырғасы мен 

іргетастары да бекітіледі. 

Бұрынғы КСРО-ның мемлекеттік геодезиялық мекемелері 

1984–1993 жылдар аралығында американдық жер серіктік по-

зициялау жүйесінің  бірінші ұрпағы TRANZIT-тің көмегімен 162 

қосыннан тұратын 



қосымша геодезиялық тор (ҚГТ)  құрды.

Қазақстан Республикасының əскери қарулы күштерінің 

Топографиялық қызметі Ресейлік ГЕОИК-1, ЭТАЛОН 

геодезиялық жер серіктерінің, сонымен қатар,  жерсеріктік по-

зициялау жүйесінің көмегімен 

ғарыштық геодезиялық тор 

(ҒГТ) құру ісін жзеге асыруда. Қазіргі кезеңде бұрынғы КСРО 

аумағында 26 ғарыштық геодезиялық тор, Антарктидада 7 қосыны 

бар. Қосымша геодезиялық тор мен ғарыштық геодезиялық 

тордың қосындары  сəйкес келетін астрономиялық-геодезиялық 

торлардың қосындарымен үйлестірілген. Оларды бірлесіп 

басқару  нəтижесінде біртұтас координаттар жүйесіндегі134 

қосынның кеңістіктік орны анықталған. Көршілес қосындардың 

арақашықтығы 400-500 шақырым құрайды. Бұл қосындардан 

бірлесіп басқару нəтижелері басқа жаңа мемлекеттік геодезиялық 

торларға таратылады. 




364

Болашақта Қазақстан Республикасында ғарыштық геоде-

зия əдісімен  жəне жерсеріктік позициялау жүйесінің көмегімен 

құрылған мемлекеттік геодезиялық торлар төменде көрсетілген 

үш деңгейлі тордан тұруы тиіс:

– бірінші деңгейді Қазақстан   Республикасы аумағында құры-

лып жатқан  бір-бірінен 700-800 шақырым қашықтықта орналаса-

тын өзара орналасу қателігі 1-2см аспайтын іргелі астрономиялық-

геодезиялық торлар құрайтын оннан астам қосындар құрайды.  

–  екінші деңгей  еліміздің аумағында құрылатын орташа 

ара  қа шықтығы 150-300шақырым жəне өзара орыналасу дəлдігі 

2-3см болатын жоғары дəлдіктегі астрономиялық-геодезиялық 

торлардан тұрады. 

– үшінші деңгейді 1 класты жерсеріктік геодезиялық тордан 

тұрады. Ол халық тығыз қоныстанған аумақтарға 1000 шақырым

2



аз қоныстанған аумақтарға 2000 шақырым

бір қосыннан деген 



есеппен құрылады. Көршілес қосындардың арақашықтығы 40-50 

шақырымнан өзара орналасу дəлдігі 1-2 см болады. 

Барлық геодезиялық жұмыстар мен топографиялық 

түсірулерге негіз болатын ғылыми-тəжірибелік мақсатта құрыла-

тын 

мемлекеттік нивелирлік тор бүкіл ел аумағында біртұтас 

биіктік жүйесін түзеді. Биіктіктік тор төменде көрсетілген үш 

міндетті шешеді:

– барлық қосындарға бірыңғай биіктікті есептеу жүйесін 

енгізу;

– мемлекеттің жағалауын шайып жатқан теңіздер мен 



мұхиттар деңгейінің бірдей екенін анықтау;

– жер бетінің тік бағыттағы қозғалысын оқып-үйрену.

Қазақстанда мемлекеттік биіктік қосындарының торын 

қалыпты биіктік жүйесі мен Кронштадт футштогының нөл 

деңгейіне қатысты  Балтық теңізінің көп жылдық орташа деңгейін 

көрсететін  металл тақтадағы сызықпен анықтайды. 

Мемлекеттік нивелирлік тор жоспарлы сияқты «үлкеннен 

кішіге, жалпыдан жекеге» қағидасымен құрылып, оның құрамына  

І, ІІ, ІІІ жəне ІV дəлдіктегі   кластар кіреді. І жəне ІІ  класты тор-

лар басты биіктіктік негіз; ал, ІІІ жəне ІV  кластар инженерлік 

міндеттер мен топографиялық түсіру қызметін атқарады. Барлық  

кластардағы торлар геометриялық нивелирлеу əдісімен құрылады. 

І жəне ІІ  класты нивелирлеу желілері  географиялық орындары  



жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау