338
келеді. Оларды картада кескіндеу горизонтальдардың сызу си-
паты арқылы ерекшеленеді. Бір-біріне қарама-қарсы жатқан екі
беткейдің түйіліскен жерінде жер бедерінің иілу сызықтары пай-
да болады. Оларға суайрық пен су жинау сызықтары жатады.
Бір-біріне қарама-қарсы жатқан екі беткейдің түйіліскен
қырын суайрық деп атайды. Ол жер бедерінің дөңес пішініне
жатады. Суайрық біртіндеп аласырып етегіне ұласады. Бір-біріне
қарама-қарсы жатқан екі беткейдің иілу сызықтарын су жинау
сызығы немесе
тальвег деп аталады.
Онда еңістен біртіндеп
көтерілу байқалады. Біршама тік беткейдің тегіс текшелермен
түйліскен жері кемер деп аталады. Қарама-қарсы тік беткейлердің
тегіс алаңға ұласқан бөлігін етегі деп аталады. Беткейдің ернеуі
мен етегінде көлбеулік өзгереді [9.6-сурет].
9.6 сурет. Беткейлердің негізгі түрлерінің жазықтықта горизонтальдармен
кескінделу ерекшеліктері
Жер бедеренің иілу сызықтары табиғатта көбінесе көлбеу не-
месе иілген күйде болады. Күрделі емесе беткейлердің үйлесуі
нəтижесінде жер бедерінің қарапайым пішіндері түзіледі. Олардың
қатарына жергілікті жердің көтеріңкі пішіндері төбелер, жолдар,
кемелер мен жылғалар, сайлар, шұңқырлар сияқты жер бедерінің
теріс пішіндері жатады.
Беткейлері көлбеу немесе тік болатын жер бедерінің күмбез
тəрізді пішіні тау деп аталады. Тау беткейлерінің тегістеліп
өзін қоршаған жазықтарға ұласатын бөлігі етегі деп атала-
ды. Төбелер сияқты таулар да горизонтальдармен кескінделіп,
созылған бағыттары сыртқа қарай бағытталған бергштрихтармен
белгіленеді.
Біршама көлбеу немесе тік болып келетін тұйықталған
беткейлермен шектелген шұңқыр ойыс деп аталады. Таулар
сияқты ойыстар да тұйықталған горизонтальдармен кескінделеді.
339
Бірақ, таудан айырмашылығы бергштрихтар сыртқа емес ішке
бағытталады. Суайрық сызығында бір-бірімен түйілісетін белгілі
бағытқа созылған тау тізбегін жота деп атайды. Жоталар
∪
тəріз
тұйықталған белгілі бір бағытқа созылып жатқан горизонтальдар
жүйесімен кескінделеді.
Жылға мен
сайлар сияқты аңғарларда
су айрық сызықтардың
етегіне қарай біртіндеп аласаратын екі беткейден тұратын белгілі
бір бағытқа созылған тау аралық иін болып табылады.Аңғарлар
да
∪
тəрізді горизонтальдар жүйесімен кескінделеді [9.7-сурет].
9.7 сурет. Жер бедері элементтерінің ірі масштабты карталарда
кескінделу ерекшеліктері
Жергілікті жердің бедерін ірі масштабты топографиялық
карталардан оқыпүйрену. Картадан жер бедерін оқыпүйренуді
белгілі бір аумаққа тəн жер бедерінің жалпы сипаты мен оның
жекелеген элементтерінің арасындағы үйлесімділікті табу-
дан, бағдарлауға, қолайлылығы мен бүркеніштік қасиеттерін
анықтаудан бастау қажет.
Жер бедерінің жалпы сипатын горизонтальдардың жиілігіне,
биіктік белгілеріне жəне жер бедерінің жекелеген тетіктерінің
шартты белгілерінің көмегімен жылдам анықтауға болады. Мы-
салы, 1:50 000 масштабты оқу картасының бетінің оңтүстік
бөлігінде абсолют биіктігі 50-100 метрге жететін төбелер
кескінделген горизонтальдарының арақашықтығы 1, 0,5 мм-ден
аспауы, беткейлерінің тіктігі 3º тан 15° дейін жететінін көрсетеді.
340
Бірнеше беткейде тек жар бар жылғалар көп жағдайда
оңтүстіктен солтүстікке бағытталған. Олар сырт көзге байқалмай
қозғалуға мүмкіндік береді. Орман алқаптарының аздығы
аумақтың бүркеніштік қасиетін азайтады.
Жер бедерінің қырсырын оқып үйрену биіктікті нүктелердің
бір-біріне көрінуі мен өзара биіктік айырмаларын, беткейдің
бағыты мен көлбеулігін жылғалардың, жылғалар мен шұңқыр-
лардың сипатын (тереңдігі, ені, ұзындығы) оқыпүйрену
мақсатында жүргізіледі [9.10 жəне 9.11-суреттер].
Бақылау жағдайын оқыпүйренудің мақсаты белгілі бір
аумақтың көріну дəрежесін, бүркеніштік қасиетін анықтау,
бақылау мен бүркеніштік жағдайы жер бедерінің сипатына, өсім-
дік
тер жамылғысына жəне ондағы елдімекендердің болуына
тəуелді.
Жер бедері қатты тілімделіп, онда ағаштар мен бұталардың
саны көп болған сайын көрінуі төмендеп, бүркеніштік жағдайы-
ның қолайлығы артады.
Жергілікті жердің бақылау жағдайы мен бүркеніштік қасиетін
оқыпүйрену нəтижесінде картадан:
– жергілікті жердегі ашық көрінетін қосындарды;
– жергілікті жердің жекелеген бөліктерінің көріп бақылауға
қолайлылығын анықтауға болады.
Аспаннан немесе жерден бақылау жүргізу кезінде тығылуға
мүмкіндік беретін жергілікті жердің белгілі бір бөлігінің қасиетін
бүркеніштік сиымдылығы дейміз.
Жергілікті жердегі нысандардың бір-біріне көрінуін анықтау-
дың бірнеше жолы бар. Бақылайтын жəне нысаналайтын нүктенің
арасын қосатын түзу сызық жүргіземіз де, горизонтальдардың
көмегімен сол сызықтың бойындағы нүктелердің абсолют
биіктігін анықтаймыз.
Картадан бақылайтын нүктелердің бір-біріне көрінуін нақты
анықтау үшін үшбұрыш тұрғызу əдісі қолданылады. Ол үшін
бақылау жүргізетін А жəне нысаналайтын В нүктелерінің аралығын
қосатын тік бұрышты үш бұрыш жүргіземізде горизонтальдардың
көмегімен олардың абсолют биіктіктерін анықтаймыз. Со-
дан соң екі нүктенің аралықтарындағы нысандардың абсолют
биіктіктерін жазамыз.