194
Модульдік оқыту технологиясында білім алушылардың оқу
іс-əрекетінің нəтижелерін бағалаудың, өзін-өзі жəне бірін-бірі
бағалаудың мəні зор. Білім алушылар білімін бағалау балдық жүйемен
жүреді, онда əрбір білім алушыға əртүрлі күрделілік деңгейіндегі үш
тапсырма беріледі. Олар шартты белгілермен көрсетіледі.
Топтық жұмыс формасын ұйымдастыруда бірін-бірі бағалау
əдісін қолдануға болады. Сонымен,
талқылауға ұсынылып отырған
бұл технологияның: білім алушы тұлғасының танымдық қабілеттерін
дамытуға; таным үдерістерін дамытуға; белсенді сөздік қорын,
ауызша жəне жазбаша тілін дамытуға; тұлғаның қиындықтарға
даяр болу жəне оны жеңе білу, қарым-қатынас, ойын, танымдық,
қауіпсіздік, сыйласу, шығармашлық өзін-өзі белсендіру, өзін-өзі
бекіту қажеттіліктерін қанғаттандыруға əсер ететіні сөзсіз.
Модульдік оқытуда оқу материалын үйренудің реті, игеруге
тиісті негізгі ұғымдар, дағдылар мен біліктер, материалды игерудің
деңгейі мен сапасы-барлығы алдын-ала жоспарланып қойылады.
Модульдердің саны пəннің ішкі ерекшеліктеріне, сонымен қатар
оқытудың қажетті бақылу жиілілігіне де байланысты. Модульдік
оқыту рейтингілік бақылау жүйесімен тығыз байланысты. Модуль
неғұрлым ірі жəне маңыздырақ болса, соғұрлым оған балалар саны
көбірек беріледі. Пəннің базалық мазмұнды ұғымы, құрамында
базалық мазмұнды блоктар логикалық бір жүйеге келтірілген, оқу
модулі ұғымымен тығыз байланысты.
Базалық ұғымдар негізінде модуль бойынша істелетін істердің
барлығын қамтитын жəне модульді оқып біткеннен кейін бақылауға
(əдетте тест түрінде) алынатын сұрақтар мен тапсырмалар
құрастырылады. Əрбір модуль қарастырылып болғаннан кейін, тест
бақылауының нəтижелері бойынша оқытушы білім алушыларға
қажетті ұсыныстар жасайды.
Витогенді технология – инновациялық технология, оның пай-
да болуы мен дамуына, түрлеріне тоқталмас бұрын, қазіргі білім
беру жүйесінің негізгі бағытарына тоқталу керек. Жаңа техноло-
гияларды оқыту үдерісінде пайдалану қажеттіліктен туындады.
Ғылыми-техникалық даму ғасырындағы жаңа қажетті жағдайдың
бірі – интеллектуалдық, шығармашылдық, гуманды жас ұрпақты
тəрбиелеу. Даму педагогикалық оқыту үдерісінің, терең мағыналы
мəніне айналды. Осы жаңа педагогикалық технологиялардың бірі
–
витогенді технология.
«Витогенді»
сөзі латын тілінен аударғанда «өмір», «тіршілікке
қатысты құбылыс» деген мағынаны береді. Витогенді технологияны