183
Ақпараттық
технологияларды
пайдаланудың
мынадай
артықшылықтарын атап өтуге болады:
– əрбір адамның өздігінен білім алуының меншікті траектория-
сын қамтамасыз ететін білім берудің ашық жүйесін құрайды;
– -ақпаратпен жұмыс істей алу білігін қалыптастырады жəне
қатынас жасау қабілетін дамытады;
– таным үдерісін ұйымдастыруды оны жүйелі ойлау жағына
жылжыту жолымен түбегейлі өзгертеді;
– оқу үдерісінде білім алушылардың танымдық іс-əрекетін
қолайлы ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады;
– жаңа таным құралдарын пайдалануға жəне ұйымдастыруға
жағдай жасайды;
– білім беруді ақпараттық-əдістемелік тұрғыдан қамтамасыз
етеді[9].
Осы орайда, білім беру ісіне қашықтан оқыту технологиясы
ендірілуде.
Педагогикалық сөздікте «қашықтан оқыту» білім беру
орталығынан қашық тұратын білім алушылардың (алатын білім
деңгейіне қарамастан) оқу-танымдық іс-əрекетіне мақсатты
бағыттылықпен жəне əдістемелік тұрғыдан ұйымдастырылған
жетекшілік ету технологиясы»
-деген анықтама берілген
1
. [Педаго-
гический энциклопедический словарь / Гл. Ред. Б.М.Бим-Бад; Ред-
кол.: М.М.Безруких, В.А.Болотов.ю Л.С.Глебов и др. –Большая Рос-
сийская энциклопедия, 2002.- С.73.] Қашықтан оқыту мəселесінің
жалпы қазақстандық білім беру саласында өзектілігі күннен-күнге
танылып келеді. Ал дүниежүзілік өзекті мəселе ретінде күн тəртібіне
қойылғалы да көптеген жылдар өтті деуге болады.
Қашықтан оқытудың негізгі технологиялық тірегі – ақпараттық
жəне компьютерлік телекоммуникация жүйесі (КТКЖ) болып та-
былады. Қашықтан оқыту жүйесін ұйымдастыруда түрлі тұрғылар
қалыптасқан. Олар негізінен оқытудың мəні - мəтінімен (мақсаты,
контингенті, шарт-жағдайлары жəне т.б.) анықталатын оқу матери-
алдарын жəне əдістемелік тəсілдерін жеткізудің алуан түрлі амалда-
рын пайдалануға байланысты ерекшеленеді. Сондықтан, қашықтан
оқыту жүйесін құрудың варианттарын анықтау үшін нақты жағдайға
лайықты жүйенің құрылысын (əдістемелік, ұйымдастырушылық
қамтамасыз етілуі; бағдарламалық жəне ақпараттық қамтамасыз
1
[Педагогический энциклопедический словарь / Гл. Ред. Б.М.Бим-Бад; Редкол.: М.М.Безруких,
В.А.Болотов.ю Л.С.Глебов и др. –Большая Российская энциклопедия, 2002.- С.73.]