Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87


Екінші белгіге сəйкес жобалардың типтері



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет58/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   105

190
Екінші белгіге сəйкес жобалардың типтері.
Моножобалар. Əдетте, мұндай жобалар бір пəннің шеңберінде 
жүргізіледі.
Осы  орайда,  сабақтар  топтамасының  барысында  меңгертілетін 
ең күрделі бөлім немесе тақырып таңдалады. Моножобамен жұмыс 
барысында  проблеманың  шешімін  іздестіруде  өзге  салалардағы 
білімдер де қолданылады. Мұндай жобада тек жобаның ғана емес, 
нəтижесінде  білім  алушылардың  шамамен  қабылдауға  тиісті 
білімдері  жəне  іскерліктерінің  мақсаттары  мен  міндеттері  нақты 
айқындалып, сабақтар бойынша мұқият ойластырылған құрылымын 
талап  етеді.  Əрбір  сабақтағы    топтар  бойынша  жұмыс  логика-
сы  (топтардағы  рөлдерді  білім  алушылардың  өздері  анықтайды), 
жобаға  қатысушылардың  өздері  таңдаған  презентациялардың  фор-
малары алдын-ала жоспарланады.
Пəнаралық жобалар. Олар əдетте сабақтан тыс уақытта орында-
лады. Бұлар жобаға қатысушылардың барлығы үшін маңызды бола-
тын қайсыбір жеткілікті деңгейдегі күрделі проблеманың шешімін 
іздестіруді  жоспарлайтын  бір-екі  пəнге  қатысты,  көлемді,  ұзаққа 
созылатын,  жалпы  мектепішілік  кішігірім  жобалар.  Оған  қоса, 
осы  іспеттес  жобаларды  орындау  мамандар  жағынан  өте  жоғары 
біліктілікті, нақты айқындалған зерттеу міндеттері қойылған, аралық 
жəне  қорытынды  презентациялардың  формалары  белгіленген 
көптеген шығармашылық топтардың үйлесімді жұмыс істеуін талап 
етеді.
Жобамен  жұмыс  кезеңдері.  Жобамен  жұмыс  жүргізу  ізденіс, 
құрастыру,  технологиялық,  қорытынды  кезеңдері  арқылы  жүзеге 
асырылады.
1 Ізденіс кезеңі.
1.1 Проблеманы анықтау жəне талдау.
1.2 Жобаның тақырыбын таңдау;.
1.3 Жобалық іс-əрекеттерді кезеңдер бойынша жоспарлау.
1.4 Жобаның тақырыбы бойынша мəліметтерді жинау, зерттеу, 
өңдемелеу.
2 Құрастыру кезеңі.
2.1 Жоба міндеттерінің тиімді шешімін іздестіру.
2.2 Құрастыру варианттарын іздестіру.
2.3 Орындау технологиясын таңдау.
2.4 Экономикалық баға беру.
2.5 Сараптама жүргізу.


191
2.6 Құрастыру жəне технологиялық құжаттарын дайындау.
3 Технологиялық кезең.
3.1 Жобаны практика жүзінде іске асыру жоспарын құру.
3.2 Жоспарланған технологиялық операцияларды орындау.
3.3 Сапаның ағымдағы тексерілуі.
3.4 Технологияның құрылымына қажетті өзгерістер енгізу.
Қорытынды кезең.
4.1 Жобаның орындалу сапасына баға беру.
4.2 Жоба нəтижелерінің орындалуына талдау жасау.
4.3  Жоба  нəтижелерін  пайдалану  мүмкіндіктерін  зерттеу 
(көрме, жобалар банкіне ұсыну, публикациялар жəне т.б.).
  «Жобалау  əдісінің»  негізін  білім  алушылардың  танымдық 
іскерліктерін,  өзінің  білімін  өз  бетімен  құрастыра  алу    жəне 
ақпаратттық кеңістікте бағдар ала алу іскерліктерін, сонымен бірге, 
сыни  тұрғыдан  ойлауын  дамыту  сияқты  сапалары  құрайды.  Жоба-
лау əдісі əрдайым білім алушының белгілі бір уақыт бөлігінде жеке
жұппен,  топпен  өз  бетімен  іс-əрекет  етуіне  бағдарланған.  Аталған 
əдіс  оқытудағы  топтық  тұрғымен (cooperative learning) табиғи 
түрде үйлесе келе, қандай да бір проблеманың шешімін іздестіруді 
қарастырады.  Ал  проблеманың  шешімін  іздестіру  өз  кезегінде, 
бір  жағынан,  оқытудың  сан  алуан  əдістері  мен  құралдарының 
жиынтығын пайдалануды, екінші жағынан, ғылымның, техниканың, 
технологияның,  шығармашылық  салалардың  түрлі  ағымдарынан 
білімнің жəне іскерліктердің кіріктірілуін талап етеді. Орындалған 
жобалардың нəтижесі «көзге көрінетін» болуы тиіс: егер теориялық 
проблема болса, онда оның нақты шешімі, ал егер практикалық бол-
са, ендірілуге дайын нақты нəтижесі болуы тиіс.
Ғалымдардың 
пайымдауынша: «Егер 
жобалау 
əдісін 
педагогикалық  технология  ретінде  қарастырсақ,  онда  бұл  техно-
логия  өзінің  мəнінде,  зерттеушілік,  ізденушілік,  проблемалық, 
шығармашылық əдістердің жиынтығынан құралады»
1

1
Новые педагогические и информационные технологии в системе образования: Учеб. Пособие 
для  студ.пед.вузов  и  системы  повыш.  Квалиф.  пед.кадров / Е.С.Полат,  М.Ю.Бухаркина, 
М.В.Моисеева,  А.Е.Петров;  Под  ред.  Е.С.Полат.-2-е  изд.,стер. –М.:  Издателеьский  центр 
«Академия», 2005. –С. 67. 


192
5.4. Кəсіптік білім берудегі модульдік жəне тұлғаға бағдарлы 
технологиялар
Модульдік  оқыту  жəне  рейтинг - бақылау  жүйесінің 
ерекшеліктеріне тоқталар болсақ, модуль дегеніміз - міндетті түрде 
білім  алушының  білімі  мен  біліктерін  тексеру  элементі  бар  оқу 
материалының  логикалық  аяқталған  бөлімі.  Модульді  құрастыру 
негізіне  пəннің  жұмыс  бағдарламасы  алынады.  Ол  көбіне  пəннің 
тақырыптарына  немесе  өзара  байланысты  тақырыптар  блогы-
на  сəйкес  келеді.  Бірақ,  тақырыптан  айырмашылығы – модуль-
де:  тапсырма,  жұмыс,  білім  алушылардың  сабаққа  қатысуы,  білім 
алушылардың старттық (бастапқы), аралық жəне қорытынды білім 
деңгейі – бəрі-бəрі өлшеніп, бағаланып отырады. Оқу модулі қайта 
жаңғыртушы  оқу  циклы  ретінде  үш  құрамды  бөліктен  тұрады: 
кіріспе,  сөйлесу  жəне  қорытынды.  Модуль  білім  алушының  өз 
бетімен  еңбектену, оқу-танымдық үдерісті басқара алу икемділігінің 
дамуын қамтамасыз етеді (1- кесте).
1-кесте 
Модульдік оқыту технологиясы
Сонымен, модульдік оқыту технологиясы құрлымының мынадай 
нұсқасын көреміз: 


193
1. Оқу мақсаттарымен таныстыру: 
2. Мазмұны жақын тақырыптар тобымен немесе тарау бойынша 
жасалған жалпы модульмен таныстыру. 
3. Оқытушының оқу материалын қысқаша баяндауы. 
4.  Өзара  сөйлесу  негізінде  білім  алушылардың  танымдық  іс-
əрекетін ұйымдастыру жəне əрбір білім алушының еңбек нəтижесін 
əр сабақта бағалап отыру. 
5. Жалпы тақырыпқа, тарауға («өсу» бағытымен) 4-7 рет қайта 
оралу негізінде оқу материалын оқып-үйрену.
6.Тұтас тақырып бойынша тестілеу. 
7.Тақырып бойынша қалыпты сынақ (өзіндік жұмыс, бақылау 
жұмысы, т.б.).
Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшелігі - оқытушының даярлық 
жүйесі. Ал педагогикалық үдеріс барысында ол фасилитатор, кеңесші 
жəне  білім  алушылардың  танымдық  үдерісін  ұйымдастырушы 
рөлінде болады. Оқытушы бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын 
анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұнын жəне нəтижелерін, 
сондай-ақ, сол модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ой-
ластырып, оқу модулін құрады.
Оқытушының  алдын-ала  жүргізетін  жұмысы  төмендегідей 
əрекет-қадамдардан  тұрады:  берілген  тарау,  блок  немесе  тақырып 
бойынша  бағдарламада  меңгерілуі  тиіс  деп  көрсетілген  мақсаттар 
мен  міндеттерді  айқындау;  берілген  модуль  бойынша  оқу 
материалының тұтас мазмұнын оқып зерттеу; берілген модуль бой-
ынша  негізгі  мағынаны  беретін  түйінді  ұғымдарды,  тақырып  бой-
ынша негізгі ақпарат беретін рефльефтік (код сияқты) сөздерді табу. 
Олардың  өзара  байланысы  мен  өзара  бағыныштылығын  анықтау; 
тұтас тақырып бойынша тірек сызбаларын құрастыру (анықталған 
түйінді  ұғымдар  мен  «кодтар»  негізінде);  оқу  модулінің  тұтас 
мазмұны бойынша тестілік тапсырмалар құрастыру (15- 20 тапсыр-
ма шамасында).
Берілген модульдегі оқу материалының тұтастай мазмұны бой-
ынша сынаққа қажетті сұрақтар мен тапсырмалар блогын құрастыру 
(оқу  пəнінің  ерекшелігіне  байланысты  сынақты  алмастыруға  бо-
лады).  Сөйлесу  бөлімін  əзірлеу.  Оқытудың  белсенді  формала-
рын  таңдау.  Оқу  материалының  мазмұны  бойынша  əрбір  білім 
алушыға  арнап  күрделі  дəрежедегі  тапсырмалар  жəне  ізденушілік 
(зерттеушілік) элементтері бар аса күрделі дəрежедегі тапсырмалар 
əзірленеді.


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау