186
– қашықтан оқыту жүйесінің чаттары немесе бейне
конференциялардың қолданылуы;
– консультациялық модельдегі сияқты асинхронды модель жеке
кездесулермен, жекелеген лекциялармен толықтырыла алады.
Асинхронады құралдар хабар алмасу жағымен тұрақты
байланыстың болуын талап етпейді.
Ондай құралдарға автомат-
ты түрде жан-жаққа жіберу негізіндегі e-mail (mail-listis),
Bulletin
Board System (BBS) хабарландыру тақталары, FidoNet «жаңғырық»
типіндегі offl ine-конференциялар жатады.
Синхронды құралдарды пайдалану хабарласатын жақтардың бір
мезетте келісілетін əрекетін шамалайды.
Қарастырлып отырған online-құралдары интернет жүйесіндегі
қызметтерді пайдаланады. Интернет жүйесін қолданушылар ара-
сында ICQ жəне NetMeeting сияқты қатынас құралдары кең тараған.
Реттелетін өздік оқу моделіне студенттің анағұрлым мол
өзбеттілігі, яғни оқудың мерзімі мен орнын, оқу үшін жұмсалатын
уақыт көлемділігін, оқу курсын өту мен емтихан мерзімін өз
еркімен таңдауы тəн. Оқыту тапсырмалары мен сұрақтары, мұқият
құрастырылған материалдардың көмегімен жүзеге асырылады.
Модельдің жүзеге асырылуы үшін қажетті шарттар:
– студент өздігімен оқуға қабілетті болуы тиіс;
– оқу материалдарын өңдемелеуге жоғары білікті оқытушылар
тартылуы тиіс.
«Кейс»-технологиялар моделі. Студент қабылдау емтихандары-
нан кейін оқу материалдарының (кейс, кешендер) жиынтығын ала-
ды.
Оқытушы–кеңесшілермен (консультанттармен) қатынас осы
мақсатта құрылған оқу орталықтарында жүзеге асырылады. Осы
топқа дəстүрлі сырттай оқу технологиясын жатқызуға болады.
Əр пəн бойынша бағыт беруші дəрістерде тьютор оқу-əдістемелік
құралдармен қалай жұмыс жасау керектігін, пəнді зерделеуде неге на-
зар аудару керектігін түсіндіреді, сонымен қатар, өздік жұмыстарды
ұйымдастыру жөнінде нұсқаулар береді.
Кейс-технология моделінің дəстүрлі сырттай оқу кестесімен
ұқсастықтары болғанымен, айрықша ерекшелігі оқу құралдарының
арнайы кешендері өңдемеленіп пайдаланылуында жəне сабақтарға
қатысудағы уақыт еркіндігінде.
Қашықтан оқытуды ұйымдастыру формаларын қарастыралық.
Қашықтан оқыту лекциялары есту-жəне көру кассеталарын-
да, CD-ROM дисктерінде жазылады. Жаңа ақпараттық құралдарын