218
мекемесінің педагогикалық кеңесінің ұйымдастырушылық қызметіне
білім беру мекемесінің педагогикалық кеңесінің құрамы, құрылымы
жəне оның қызметінің мазмұнын білім беру мекемесі Жарғысы
анықтайды. Педагогикалық кеңестің жұмысын педагогикалық
қызметкерлер ұжымы сайлайтын төраға басқарады. Білім беру
мекемесі кеңесі мен педагогикалық кеңес бірін-бірі қайталамайды,
олар бірін-бірі толықтырады. Педагогикалық кеңес - тікелей оқу-
тəрбие үдерісімен жəне оны жетілдіру мəселелерімен айналыса-
тын, бір педагогикалық ұжымда жұмыс істейтін кəсіпқойлардың
кеңесі. Педагогикалық кеңестің қызметі мынадай міндеттерді ше-
шуге бағытталады: оқу бағдарламаларын, жоспарларын, оқулықтар
мен оқу құралдарын мемлекеттік стандарт талабына сай талқылау,
бағалау жəне таңдау, сол сияқты оқу-тəрбие жұмыстарының сапасын
талқылау; білім беру мекемесі оқытушылары мен тəрбиешілерінің
біліктілігін арттырудағы шығармашылық белсенділігін дамыту,
педагогикалық ұжымда инновациялық орта қалыптастыру, озық
педагогикалық тəжірибені зерттеу, жинақтау жəне насихаттау
жұмыстары. Педагогикалық қызметкерлерді білім алушылардың,
білім алушылар мен ата-аналардың пікірін ескере отырып, аттеста-
циялаудан өткізу, аттестация технологиясын жетілдіруге байланы-
сты ұсыныстар енгізу, білім басқармаларының алдына категория-
лар, атақтар мен разрядтар беру туралы өтініш жасау. Тəжірибеден
өту, біліктілік көтеру курсына, аспирантураға жіберілетін білім
алушылардың кандидатурасын талқылау жəне бекіту, озат білім алу-
шыларды əртүрлі моральдық жəне материалдық көтермелеу шара-
ларына ұсыну; білім беру мекемесінің ғылыми-зерттеу мекемелері
жəне оқу орындарымен, мемлекеттік жəне қоғамдық ұйымдармен,
шығармашылық одақтармен өзара байланысының негізгі бағыттарын
анықтау; тəжірибелік-эксперименттік жұмысты ұйымдастыру, білім
беру мекемесі құрылымында əдістемелік қызмет, орталық құру.
Педагогикалық кеңес демократия мен жариялылық жағдайында
- дайындыққа білім алушыларды, білім алушылар мен ата-аналар-
ды қатыстыру арқылы өтеді. Педагогикалық кеңесті өткізудің ал-
дында сұрау салу, анкеталау, бақылау жұмысы, байқау өткізілуі
мүмкін. Педагогикалық кеңес мəжілісіне білім беру мекемесі өмірі
мен қызметінің принципті мəселелері енгізіледі. Педагогикалық
кеңес мəжілісінің жүгін жеңілдету үшін білім беру мекемесінде
ұйымдастырудың оқу орны жетекшісі жанындағы кеңес формасы
қолданылады. Білім беру мекемесі оқу орны жетекшісі жанындағы
219
кеңес оқытушылар, басшылар үшін міндетті болғандықтан, онда
оқу-тəрбие үдерісін ұймдастыруға тікелей қатысты мəселелер
талқыланады. Ондай мəселелер қатарында оқу үлгерімі ішкі тəртіптің
сақталуы, сабақтан тыс қызметті ұйымдастыруды атауға болады. Оқу
орны жетекшісі жанындағы кеңесте жекелеген білім алушылардың
білім стандартын орындауы, білім алушылардың шығармашылық
белсенділігін дамытудағы жұмысы жəне т.б. мəселелер қаралуы
мүмкін. Кеңестің өткізілу жиілігін білім беру мекемесі оқу орны
жетекшісі белгілейді. Білім беру мекемесі жетекшісінің орын-
басары жанындағы кеңесте оның əкімшілік қызметіне жататын
ағымдағы мəселелер қаралады. Мұндай кеңестерді өткізу білім
беру мекемесінің тоқсандық немесе айлық жоспарында белгіленеді.
Шұғыл ақпараттық кеңес білім беру мекемесінде оқу үдерісін
ұйымдастыруға қажетті форма болып табылады. Оның мазмұны
нақты жағдайдан туындайды. Ол біріңғай педагог қызметкерлер не-
месе тек білім алушылар үшін, тіпті екеуіне де бірдей тақырыпта
өткізілуі мүмкін. Басқару қызметінің ұйымдық формаларын сабаққа
жəне сыныптан тыс сабаққа, спорт жарыстары, кештер мен көркем
студияларға қатысу сияқты жұмыстар да толықтырады. Білім беру
мекемесі басшыларының шұғыл ұйымдастырушылық жұмыстары
ата-аналар, жұртшылық, еңбек ұжымдарының өкілдерімен кездесуді
де қамтиды.
Балалардың білім беру мекемесін басқару ісіне қатысуының
тиімді формасы сайланбалы орган – білім алушылар комитетінің
құрамында жұмыс істеуі. Балалардың білім алушылар комитетінің
түрлі комиссияларына қатысуы білім беру мекемесі өмірінде
демократиялық бастаулардың дамуына, балалардың бойында
бастамашылдық пен жауапкершіліктің қалып-асуына негіз қалап,
қабылданған шешімді іске асырудың жеделдігін арттырады.
Білім беру мекемесін басқарудың ұйымдық формаларын тиімді
пайдалану оның дайындық деңгейі мен бағыттылығына тікелей
байланысты. Педагогикалық кеңес, оқу орны жетекшісі жанындағы
кеңес немесе ұйымдастырудың шұғыл формалары педагогикалық
үдеріске қатысушылардың ынтымақтастығы мен мүдделілігіне
қарай мақсатқа жеткізеді.
Білім беруді мекемеішілік бақылау жəне басқаруды реттеу.
Жете зерттелгеніне қарамастан кəсіптік білім беру мекемесінен тыс
тəрбие жұмыстарын ұйымдастырушысының (білім беру мекемесі
жетекшісінің орынбасары құқында) міндеттерінің аясына балалар
220
шығармашылығының сарайлары, жас натуралистер, жас техниктер
станциялары, балалар бірлестіктері мен клубтары сияқты қосымша
білім беретін мекемелермен байланыс орнату, сынып жетекшісінің
жұмыс мазмұнын жақсарту, оларға əдістемелік көмек көрсету,
білім алушылардың тұрғылықты жері бойынша жұмыс жүргізу,
БҰҰ Конвенциясының талаптарына сай балалардың қоғамдық
ұйымдарына қолдау көрсету сияқты өзекті мəселелер жатады.
Демек, бақылау үдерісінде жинақталған нақты материалдар
педагогикалық талдауға негіз болады. Сондықтан, білім беруді
мекемеішілік бақылау мен педагогикалық талдау білім беру мекемесі
қызметінің бір бағыты деп есептелінеді.
Білім беруді мекемеішілік бақылаудың ерекшелігі оның бағалау
қызметімен байланысты. Бағалау оқытушы тұлғасының ерекшелігін
ескеруге бағытталады. Егер, бақылаушы жас оқытушы болса, бағалау
оның кəсіптік қалыптасуына, еңбек өтілі мол оқытушы болса, оның
кəсіпқойлық позициясының нығаюы немесе əлсіреуіне жəне білім
беру мекемесіндегі беделіне байланысты болмақ. Сондықтан, тексе-
ру барысында тексерушінің кəсіпқойлылығы мен ісін жете білуінің
маңызы зор. Тексерушілік қызметті орындайтын қазіргі инспекто-
ры немесе білім беру мекемесі жетекшісінің кісілік келбеті мығым
тұлға болуы қажет.
Олардың міндеті білім алушыларды қорқытып, үркіту емес,
қайта істің жағдайына əділ баға беріп, педагогикалық қызметті ын-
таландырып, қолдап, əдістемелік көмек көрсету болуы тиіс. Осы
тұрғыдан алып қарағанда, білім беруді мекемеішілік бақылауда
кездесетін бірқатар кемшіліктерді атауға болады:
біріншіден, оқу орны жетекшісі мен оның орынбасарлары ара-
сында тексеру нысандарының бөлінбеуі, тексерудің есеп үшін немесе
өзара сабаққа енудің санын анықтау мақсатында ұйымдастырылуы,
байқаудың жүйесіздігі.
екіншідін, бақылауды ұйымдастырудағы немқұрайлылық. Ол,
жүргізілген тексеру мақсатының анық қойылмауы, бағалаудың əділ
критерийлерінің болмауы немесе қолданылмауы түрінде көрінеді.
- үшіншіден, тексерудің педагогикалық үдерістің бір ғана бағытын,
бір ғана қырын қамтудан көрінетін, білім беруді мекемеішілік
бақылаудың біржақтылығы. Мысалы, тек оқу үдерісінде немесе
қазақ тілі мен математика пəндері ғана тексеріледі.
- төртіншіден, тексеруге тек лауазымды адамдар қатыстырылып,
оның есесіне тəжірибелі оқытушылар мен əдіскерлердің тыс қалуы.
Достарыңызбен бөлісу: |