207
Антропоцентрлік (грек сөзінен аударғанда «antropos»
- адам деген
ұғымды білдіреді). Көзқарас дегеніміз басқару ісінің мақсаттары
мен міндеттеріне мəнді түзетулер ендіруді білдіреді. Басқару
қызметінің негізгі өзегі - адамдардың шығармашылық мүмкіндігін
мейлінше өнімді пайдалануы болып табылады. Осыған байланысты,
менеджменттік стратегиялардың жаңа қызметтерін жүзеге асыру мына
төмендегі базалық негізге арқа сүйейді.
1. Шығармашылық топтарды іске тарту арқылы қабылданған
шешімдердің сапасын арттыру.
2. Қызметкерлердің жауапкершілік сезімін күшейту.
3. Инженер-педагог қызметкерлері арасында ақпарат
жариялылығы мен өзара сенімділікті арттыру арқылы оқу орнында
дұрыс ахуал қалыптастыру.
Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберінің еңбектерін
дер кезінде бағалап, олардың шығармашылық идеялары мен
инновациялық іс-əрекеттеріне қолдау көрсету.
Студенттер мен білім алушыларды шешім шығаруға қатыстырып,
олардың оған деген жауапкершілігін арттыру.
Қазіргі заманның білім беру жүйесінің басты ерекшеліктерінің
бірі мемлекеттік басқарудан мемлекеттік қоғамдық басқаруға өту.
Білім берудегі мемлекеттік-қоғамдық басқарудың негізгі идеясы –
білім беру проблемаларын шешуде мемлекет пен жұртшылықтың күш-
қуатын біріктіру, оқытушылар, білім алушылар мен ата-аналарға
оқу үдерісінің мазмұны мен түрін ұйымдастыру əдістерін жəне білім
беру мекемелерін таңдауға барынша кең құқық пен еркіндік беру.
Осы орайда, білім беру менеджменті дəстүрлі басқару түрлері-
нен басқа, соңғы уақытта педагогикалық жүйені басқарудың ғылы-
ми негізі ретінде кибернетика заңдылықтарын мақсатты пайдала-
нуға көшуде. Бұл жағдайда білім беру аясының менеджері өз
жұмысының бағдарын ғылыми негізделген басқару технологиялары
негізінді жүргізуі қажет. Білім беру менеджері өз ісін субъект
қызметін басқаруда белгілі бір кəсіп саласын игеруге, ондағы білім
мазмұны мен деңгейіне бағыттауы керек. Оқытушы мен өндірістік
оқыту шебері үшін бұл білім алушылар қызметінде белгілі бір
жүйедегі білім, білік жəне дағдылық қабілеттерді игертіп, сапалық
жəне жеке қасиеттерге қол жеткізу. Ал, кəсіптік білім мекемесінің
басшысы не жоғарғы оқу орнының ректоры үшін - аталмыш оқу
орны педагогтары, студенттері мен тыңдаушыларына тəрбие мен
білім негіздерін игерту қызметі. Аудандық оқу бөлімі, қалалық,