175
* Орташа білім алушыға лайықты көпшілік (дəстүрлі) мектеп
технологиялары;
* Ілгерілеген деңгей технологиялары (пəндерді тереңдетіп
оқыту, гимназиялар, лицейлер, арнайы білім беру жəне т.б.);
* Компенсаторлық оқыту технологиясы (педагогикалық түзету,
сүйемелдеу, теңдестіру жəне т.б.);
* Виктимологиялық технологиялар (сурдопедагогика, ортопеда-
гогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика;
* Көпшілік мектептерде ауытқушылығы бар (қиын жəне
қабілетті) балалармен жұмыс технологиялары.
Педагогикалық əдебиеттерде жиі қолданылатын педагогикалық
технологияларды жіктемелеуге бірқатар талпыныстар жасалған.
Солардың қатарында, педагогика ғылымы мен практикасында
кеңінен танылған жүйелеу негізінде жасалған Г.К.Селевконың
жіктемесі жинақтап, қорытылған түрінде ұсынылып отыр (2-Кесте).
Қазіргі білім беру саласының инновациялық технологияларын
меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес.
Инновациялық технологияны меңгеру оқытушының зейін-зерделік,
кəсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық жəне басқа да көптеген
ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі əсерін тигізеді, өзін-өзі дамы-
тып, оқу-тəрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.
Көрсетілген технологиялар жіктемесін кəсіптік білім беру оқу-
тəрбие үдерісінде көптеген озат тəжірибелі педагогтар пайдаланып
жүр. Енді осы технологияларға тоқталып кетейік.
Қарқынды күшейте (интесивті) оқыту технологиясы.
Оқытуды интенсивтендіру (қарқынды күшейте оқыту) дегеніміз –
оқытудың сапасын да, мерзімін де өзгертпей, бірақ оқу ақпаратын
кеңірек көлемде беру. Оқу үрдісін күшейте түсу үшін тұлғаның
шығармашылық потенциалын іске қосатын, танымдық үрдіске
жетекшілік ететін ғылыми негізделген əдістерді жасау жəне енгізу
қажет.
Оқыту жылдамдығын арттыру үшін оқу материалының мазмұны
мен оқыту əдістерін жетілдіру қажет. Мазмұнды жетілдіру үшін:
оқу материалын жаңаша таңдап іріктеу, яғни оқулықтың негізгі,
базалық бөлімі мен негізгі емес, қосымша ақпараттық бөлімін
айқындап алу жəне орналастыру. Соған сəйкес негізгі жəне қосымша
əдебиеттер қарастырылуы тиіс;
176
2-кесте
Педагогикалық технологиялардың жіктемесі
Г.К.Селевко бойынша
Педагогикалық
технологиялардың
топтары
Авторлық технологиялар
Педагогикалық
үдерістің жеке
тұлғалық бағыттылығы
негізіндегі
технологиялар
Ынтымақтастық педагогикасы:
–
Ш. А. Амонашвилидің гуманды-тұлғалық
технологиясы.
–
Е.Н.Ильинаның жүйесі: əдебиетті адамды
қалыптастырушы пəн ретінде оқыту.
Білім алушының іс-
əрекетін белсендіру
жəне жеделдету
негізіндегі
педагогикалық
технологиялар
Ойын технологиясы:
–
проблемалы оқыту технологиясы.
–
шетел тіліндегі мəдениетке коммуникативтік
оқыту технологиясы (Е. И. Пассов).
–
оқу материалының кестелік жəне белгілік
моделдері негізінде жеделдетіп оқыту
технологиясы (В. Ф. Шаталов).
–
модульдік оқыту технологиясы (П. А. Юця-
вичене).
Оқу үдерісін тиімді
ұйымдастыру жəне
басқару негізіндегі
педагогикалық
технологиялар
–
С.Н.Лысенкованың технологиясы: түсінік
бере отырып басқару барысында тірек
кестелерін пайдаланып перспективалы-оза
оқыту.
–
деңгейлік дифференциациялау технологиясы.
–
міндетті нəтижелер негізінде деңгейлік
дифференциациялау (В.В.Фирсов).
–
балалардың қызығушылығы бойынша
саралап оқытудың мəдениет тəрбиелеуші
технологиясы (И.Н.Закатова).
–
оқытуды жекелендіру технологиясы (Инге
Унт, А.С.Границкая, В.Д.Шадриков)
–
бағдарламалап оқыту технологиясы
–
ұжымдық
оқыту
амалы
(А.Г.Ривин,
В.К.Дьяченко)
–
топтық оқыту технологиялары.
–
компьютерлік оқыту (жаңа ақпараттық)
технологиясы.
177
Оқу материалын
дидактикалық
жетілдіру жəне қайта
құру негізіндегі
педагогикалық
технологиялар
– «Экология жəне диалектика» (Л.В.Тарасов).
– «Мəдениеттер
диалогы» (В.С.Библер,
С.Ю.Курганов).
– дидактикалық бірліктерді ірілендіру
(П.М.Эрдниев)
– ақыл–ой деңгейлік дифференциациялау ой
əрекетін кезеңдеп қалыптастыру теориясының
жүзеге асырылуы (М.Б.Волович).
Жеке пəндік
педагогикалық
технологиялар
- сауат ашуды ертерек жəне жеделдетіп оқыту
технологиясы (Н.А.Зайцев).
- бастауыш мекетепте жалпы оқу іскерліктерін
жетілдіру технологиясы (В.Н.Зайцев)
- есептер шығару негізінде математикаға оқыту
технологиясы (Р.Г.Хазанкин)
- тиімді сабақтар жүйесі негізіндегі педагогикалық
технология (А.А.Окунев)
-
физиканы
кезеңдеп
оқыту
жүйесі
(Н.Н.Палтышев)
Баламалы
технологиялар
- Вальдорф педагогикасы (Р.Штейнер).
- еркін еңбек технологиясы (С.Френе)
- ықтималдық білім технологиясы (А.М.Лобок).
- шеберханалар технологиясы.
Табиғатқа сəйкестілік
технологиясы
- сауат ашуды табиғатқа сəйкестілікте тəрбиелеу
(А.М.Кушнир).
- өзін-өзі дамыту технологиясы (М.Монтессори)
Дамыта оқыту
технологиясы
- Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесі
- Д.Б.Эльконин-В.В.Давыдовтың дамыта оқыту
технологиясы.
- жеке тұлғаның шығармашылық сапаларын
дамыту бағыттылығындағы дамыта оқыту жүйесі
(И.П.Волков, Г.С.Альтшуллер, И.П.Иванов).
-
тұлғалық-бағдарлы
дамыта
оқыту
(И.С.Якиманская).
- өзін-өзі дамытушы оқу технологиясы
(Г.К.Селевко)
Авторлық мектептер
технологиясы
- бейімделуші педагогика мектебі (Е.А.Ямбург,
Б.А.Бройде).
- «Орыс мектебі» моделі.
- өзін-өзі анықтау мектебі (А.Н.Тубельский).
- Мектеп-парк (М.А.Балабан).
- Агромектеп (А.А.Католиков).
- Ертеңгі Күн Мектебі (Д.Ховард).
Достарыңызбен бөлісу: |