Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет37/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   105

122
 
– білім  алушылардың  оқу-өндірістік  жұмыстарына  қойылатын 
талаптарды біртіндеп күрделендіру;
 
– құрылымдық  нұсқауларының  нақтылығы,  айқындылығы, 
түсініктілігі, көркемділігі, ықшамдылығы, техникалық сауаттылығы;
 
– көрнекілігі, нақты нұсқаулық мəні бар суреттер кестелер, сыз-
балар;
 
– жұмыс амалдары мен оның орындалу сапасының өлшемдерінің 
көрініс алуы;
 
– өзін-өзі  бақылау  амалдары  жəне  қауіпсіздік  талаптарының 
көрініс алуы;
 
– мүмкін болатын ақаулардың себептерін анықтау;
 
– өңдемелеу кестесін есептеу;
 
– автоматтандырылған 
құрылғылардың 
басқару 
бағдарламаларын өңдемелеу жəне іске қосу;
 
– қажетті 
мəліметтерді 
кестелерден, 
диаграммалардан, 
анықтамалық сөздіктерден іздеп табу.
 
– Техникалық тапсырмаларды шешу:
 
– машиналардың, агрегаттардың, қондырғылардың жұмысының 
экономикалық көрсеткіштерін жəне т.б. анықтау;
 
– монтаждық кестелердің жағдайын анықтау;
 
– кинематикалық кестелер мен механизмдерді пайдаланып, оқу-
өндірістік  жұмыс  кестесі  мен  орындалу  параметрлерін  жəне  т.б. 
анықтау.
Шығармашылық тапсырмалардың типтік кестесі:
 
– оқу-өндірістік  еңбектің  сапасы  мен  өнімділігін  арттыратын 
тетіктерді жəне басқа да жабдықтарды жобалау;
 
– оқу-өндірістік жұмыстарын орындау технологиясын жетілдіру; 
 
– технологиялық  үдерістерді  өз  бетімен  өңдемелеу,  құрастыру, 
іске қосу;
 
– оқу-өндірістік  жұмысты  орындау  барысындағы  еңбекті 
ұйымдастыруды рационализациялау
 
– жұмысшының уақытын, материалдарды, қуатты үнемдеу бой-
ынша ұсыныстар беру;
 
– құрылғыларды, агрегаттарды, қондырғыларды жəне т.б. тиімді 
таңдау жəне  өңдемелеу амалдарын жəне т.б. негзідеу. 


123
3.3.  Білім  алушылардың  білім,  дағды  жəне  іскерліктерін 
бақылаудың ерекшеліктері
Білім алушылардың білім, дағды жəне іскерліктерін бақылаудың 
екі негізгі амалы қалыптасқан. Оның біріншісі, білім алушылардың 
оқу іс-əрекеттерін ағымдық бақылау, екіншісі, олардың білім жəне 
іскерліктерін  тексеру.  Кəсіптік  оқыту  педагогы  сабақты  жоспарла-
мас бұрын, ең алдымен білім алушылардың белгілі бір тақырыпты 
зерделеу  барысында,  яки  есте  сақтау,  білу  (ережелер,  оқиғалар, 
кəсіби  материалдың  мазмұны  жəне  т.б.),  оқу  дағдыларын  (кəсіби 
шығармаларды  орындау,  тыңдау,  кəсіптік  сауаты  жəне  т.б.)  жəне 
алған  білімдерін  түрлі  жағдаяттарда  қолдану  сияқты  нəтижелерге 
қол жеткізуі керектігін нақтылап, белгілеп алғаны жөн.
Жеке 
сабақтарды 
ұйымдастыру 
күнтізбелік-тақырыптық 
жоспардың  негізінде  жүзеге  асырылады.  Тақырыпқа  байланы-
сты  сабақтың  білімділік,  дамытушылық,  тəрбиелік  мақсаттары 
анықталады, сабақтың типі жəне құрылымы ойластырылады. 
Сабақ  жоспары  кəсіптік  оқыту  педагогының  сабақты 
ұйымдастыруына,  жүргізуіне  көмектеседі.  Əсіресе,  қызметін  жаңа 
бастаған кəсіптік оқыту педагогы сабақтың мазмұны, оқытудың əдіс-
тəсілдері  нақтылы  белгіленген  конспекті  дайындағаны  дұрыс.  Ал 
бірінші тəжірибе жинақталғаннан кейін, сабақ жоспарын, ең мəнді 
қағидалар ғана көрсетілген, қысқаша ғана тезис түрінде дайындауға 
болады.  Қандай  сабақ  жоспары  болмасын,  оларда  сабақтың 
өтілу  мерзімі,  міндеттері,  қолданылатын  қосымша  жабдықтар 
көрсетіледі.  Бұдан  əрі  сабақтың  барысында  оның  кезеңдері,  білім 
алушының  оқу  мотивтері,  əдіс-тəсілдері,  мазмұны  мен  формала-
ры, туындайтын сұрақтар мен жауаптар, тапсырмалар, тексеру мен 
түзетулер, үй тапсырмаларының мазмұны, оған берілетін нұсқаулар 
қарастырылады.
Оқытудың  нəтижелерін  бақылау  мен  тексеру  оқыту  үдерісінің 
міндетті компоненттерінің бірінен саналады. Оның мəні пəн бойын-
ша  білім  алушылардың  меңгерген  білім  деңгейлерінің  білім  стан-
дартына  сəйкес  құрылған  бағдарламалық  талаптарға  сай  болуын 
анықтау  болып  табылады.  Дидактика  саласында  оқу  жетістіктерін 
бақылау, баға берудің дəстүрлі түрлері: алдын-ала бақылау; ағымдағы 
бақылау;  қорытынды  бақылау.  Кейінгі  кезде  оқыту  үдерісінде  осы 
жұмысты тиімділікпен жүзеге асыруда «педагогикалық диагности-
ка» термині жиі қолданылып жүр.


124
1. Алдын-ала тексеріс (бағалау):  сабақты өткізуге дайындалған 
жоспары,  материалдары  қаралады  жəне  түсіндірудің,  бекітудің, 
білім алушылардың өздік жұмыстарының тəсілдері, əдісі, формала-
ры жөнінде əңгімелесу жүргізіледі.
2.  Ағымдағы  тексеріс:  сабақтардың  жүргізілу  барысы  тікелей 
бақыланады,  білім  алушылардың  білімі,  дағдыларының  деңгейі, 
білім алушылардың шығармашылық тапсырмаларды орындау сапа-
сы тексеріледі. Мұндай тексерудің барысында білім алушылардың 
ұжымдық, топпен бірге жəне жеке орындайтын кəсіби іс-əрекеттері 
есепке алынады.
3. Қорытынды тексеріс: жарты жылдықта немесе оқу жылының 
аяғында білім алушылардың білім мен тəрбие беру жұмыстарының 
нəтижелері  сарапталады.  Оларды  сабақ-ойын  түрінде  өткізуге  бо-
лады.  Себебі,  кəсіптік  сабағында  кəсіби  іс-əрекеттер  негізінен 
ұжымдық түрде жүзеге асырылатындықтан, тексеруді де ұжымдық 
формада ұйымдастыру мүмкіндіктері бар.
Бұдан  басқа  тексерудің  жеке  немесе  фронтальды  сұрақ-
жауап  түріндегі  формасы  пайдаланылады.  Сонымен  қатар,  кəсіби 
іс-əрекеттердің  өзіне  тəн  ерекшеліктеріне  байланысты  білім 
алушылардың  білімін  кəсіби  шығарма  орындау  үдерісіне  бақылау 
жүргізу  арқылы  қорытындылауға  болады.  Сондай-ақ,  өнер  пəні 
ретінде кəсіптік сабағының ең маңызды қызметі білім алушылардың 
белсенділігін  қолдау,  ынталандыру  екендігін  есте  ұстаған  жөн. 
Осыған  орай,  баға  беруде  көңіл  қалдырарлық  тым  қатаң  ескерту-
лер жасамай, керісінше, олардың кəсіптік өнеріне деген жағымды, 
эмоционалдық қарым-қатынасын қалыптастыруға бағыттай білу ке-
рек. 
Білім  алушылардың  білім,  іскерлік,  дағды  деңгейлерін  тексеру 
оқыту үдерісінің құрамдас бөлігі бола отырып, білім алушылардың 
оқу  жұмысын  тек  қана  тексеру  емес,  тəрбиелік,  дамытушылық 
қызметтерін де атқарады. Ол үшін мына төмендегі элементтер есеп-
ке алынуы тиіс:
1) білімді қабылдау, ой қорыту, есте сақтау, яғни білім алушыға 
сабақта берген білімі мен оқулықтардағы теориялық материалдарды 
өз бетімен меңгеруі деңгейіндегі тексеріс;
2) алған білімді ұқсас жағдаяттарда, яки үлгі бойынша қолдана 
білу деңгейіндегі тексеріс.
Бақылау, тексеру əдістері де əртүрлі. Бақылау əдістерін, кəсіптік 
оқыту педагогы мен білім алушының оқу жетістіктері мен үдерісінің 
тиімділігі жөнінде кері байланысты қамтамасыз ететін, бірізділіктегі, 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау