110
5-кесте. Менеджменттің əдістері мен тəсілдері
Менеджмент
функциясы
Əдістер мен тəсілдердің
түрлері
Қол жеткізілетін нəтиже
(...есебінен
тиімділікті
арттыру)
1. Жоспарлау,
оның ішінде
мақсаттарды қою
Оқиғалық талдау,
мақсаттық стратегия-
лар, «швейцар сүзбесі»,
«Альпі» əдісі
Əлсіз жақтарын
анықтау жəне жою,
артықшылықтарды тану,
күштерді шоғырландыру,
оңтайлы бөлу жəне
уақытты жоспарлау
2. Уəждеу жəне
ынталандыру
Ауызша мақтау, құрмет
тақтасына енгізу, алғыс
айту, еңбек жағдайларын
жақсарту, өкілеттіліктерін
кеңейту, сыйақы беру
Ішкі уəждерін да-
мыту, еңбек
өнімділігін жақсарту,
қызметкерлердің
ниеттестігін
қалыптастыру, еңбек
құндылықтарын
қабылдау
3. Ұйымдастыру
Күн тізбесі, өнімділік
кестесі, күндізгі жұмыс
жоспары
Маңызды міндеттерде
шоғырлану, өнімділік
шынын пайдалану,
жеке жұмыс стилінің
қалыптасуы
4. Бақылау
Алға қойылған
мақсаттарға жетуін
талдау, өткен күннің
қорытындыларын шолу
(өзіндік бақылау), сапа
үйірмелері
Жоспарланған
нəтижелерді қамтамасыз
ету, өмір
ағысына оң
ықпал ету
5. Шешімдерді
қабылдау
Басымдылықтарды орнату,
Паретто қағидаты, АВС
талдауы, Эйзенхауэр
қағидаты, өкілеттіліктерге
құқық беру
Өмірлік маңызды
проблемалардың бірінші
кезекте шешілуі, істерді
олардың маңыздылығы
бойынша реттеу,
шұғылдылық «індетінен»
айырылу, еңбек
шығындарының өнімділігі
6. Ақпарат жəне
коммуникация
Ұтымды кеңестер,
келісімдерді
ұтымды
жүргізу, телефонды
ұтымды пайдалану, жады-
парақшалары мен форму-
лярлар
Жылдам оқу, кеңестер мен
конференцияларды жақсы
ұйымдастыру, сұхбаттасу
үшін уақыт бөлу
111
1.5. Білім сапасы: мəні мен құрылымы
Нарықтық экономика жағдайларында кəсіпорындар мен
ұйымдардың үздік қызметі тұтынушыларына ұсынатын өнім мен
қызметтерінің сапасында негізделеді. Сапа ішкі жəне сыртқы нарықта
фирманың басымды жағдайын анықтайтын қаражаттарды жұмсауының
үздік бағыты болуда. Сапа түсінігі материалдық жəне рухани өндірістің
əртүрлі аяларында басым болады, осының салдарынан менеджмент
проблемалары бойынша жариялымдардың
көптеген авторлары XXI
ғасырды сапа ғасыры дейді.
Сапа проблемаларын теориялық негіздеудің қажеттілігі Ре-
сейде 1992 жылдың басында ғылыми зерттеудің жаңа саласы –
квалиметрияның пайда болуына əкелді, оның басында Н. А. Селезне-
ва, А. И. Субетто, Ю. Г. Татур сияқты ғалымдар тұрды. Осы ғылыми
саланың шегінде өз шешімін табуды керек ететін міндеттердің ара-
сында адам мен білім квалиметриясының философиялық негіздерін
əзірлеу аталған. А. И. Субетто білім берудің бүкіл сан алуандығындағы
сапасы туралы ғылым ретінде білім беру квалитологиясының
тұжырымдамасын құрастыран. Осы тұжырымдама «сапа» түсінігінің
мəнін, сапаны бағалаудың жергілікті операцияларынан басталатын
жəне бүгінгі күні, сапаны басқарудың бүкіл үрдісін енгізетін, сапамен
жұмыс істеудің дамуын айқындауда.
Осының салдарынан «сапа менеджменті» термині сапаның жүйелі
түсінігін,
оның қоғамдағы заманауи рөлін, оны басқарудың жүйелі
көзқарасын көрсетеді.
Сапа санатының философиялық түсінігі «бағалау сипатында
емес, сондықтан да сапаның философиялық баяндалуында сапаны
өлшеу немесе басқалай бағалау, жаман жəне жақсы, төмен жəне
жоғары сапаны айыру жəне т.б. мəселесін қою орынсыз» [105]. Ге-
гель, «сапа, бірінші кезекте, болмыспен бірдей белгілілік... Бір нəрсе
өз сапасының арқасында бар болады жəне сапасын жоғалтқанда,
өзі де жоқ болады» деп көрсеткен... [116]. ISO 9000:2008 «Сапа
менеджменті жүйелері, Негізгі ережелері жəне сөздік» халықаралық
стандартында жеке сипаттамалардың жиынтығымен талаптарды
атқаратын дəреже сапа деп түсіндірілген, сонда «жоспарланған» де-
ген ұғымға қарама-қайшы берілген «жекеменшік» деген тұжырым
объектінің, қызметтің жəне т.б. тұрақты сипаттамасына қатысты бо-
лады. «Сапа» термині жаман, жақсы немесе өте жақсы деген сын
есімдерімен қолданылуы мүмкін. Сонымен,
осы термин сапаның
философиялық түсінігімен қатар, өндірістік түсінігі үшін де жал-
пылауыш болуда [91].
112
Өндірістік жағдайда «өнім сапасы» тұтынушы үшін, осы
өнімнің мəнді қасиеттерінің жиынтығы ретінде маңызды болады.
Осы қасиеттердің жиынтығы өнімге, эталондарға, стандарттарға
ерекшеліктерінің негізіне қаланады. Осындай баян етілуде кез келген
өнім сапасының екі белгісін бөледі:
1) онда белгілі қасиеттердің болуы;
2) олардың құндылықтарын өндірушінің ұстанымынан емес,
тұтынушы ұстанымынан қарастыру [91, б.27].
Осы талдау беруде өнім тұтынушыларының бар сұраныстарымен
қатар, əлеуетті сұраныстарының да маңызды рөлі белгіленген.
А. И. Субетто сапаның заманауи баян етілуі келесі [98] аспектілерді
көздейтінін көрсетеді:
– сапа қасиеттер жиынтығы болады;
–
сапа - құрылымды;
– сапа - өсуде;
– сапа объектінің маңызды анықтылығы;
– сапа – объектінің болу негізі;
– сапа - объектінің жекелігін анықтайды;
– сапа - құнды;
Сапаның маңыздылығын осы проблеманы қарастырған көптеген
авторлар да мойындайды. Олардың қатарына Ю. П. Адлер, В. И. Бай-
денко, Г. З. Байжасарова, М. Ж. Жадрина, А. А. Жайтапова, И. А. Зим-
няя, Ш. М. Каланова, В. А. Кальней, В. И. Качалов, Г. С. Ковалева,
А. Н. Майоров, Г. С. Минажева, Г. Мутанов, М. М. Поташник,
Д. В. Пузанков, Р. М. Салина, Н. А. Селезнева, А. И. Субетто, П. И. Тре-
тьяков, Н. Д. Хмель, С. Е. Шишов сияқты басқа отандық жəне шетел
зерттеушілері жатады
Осы жұмыстарда сапа түсінігі құрастырылуының тари-
хи аспектілері менеджмент жəне
мониторингте негізгі ретінде
қарастырылған (Ю. П. Адлер, В. И. Байденко, А. И. Субетто), осы
салаға қарасты терминдердің анықталуы берілген (Ш. М. Каланова,
Р. М. Салина, Н. А.Селезнева), оның əртүрлі деңгейінде білім сапасы-
мен басқарудың маңыздылығы айтылған (Ю. В. Баталов, В. А. Каль-
ней, Г.С. Минажева, Ғ. Мұтанов, Солонин С. И., М. М.Поташник,
Д. В. Пузанков, С. И. Солонин, П. И. Третьяков, Н. Д. Хмель,
С. Е. Шишов), оның ішінде педагогтің дайындығындағы жəне оның
біліктілігін арттырудағы маңыздылығы көрсетілген (А. А. Жайта-
пова, И. А. Зимняя, Г. Б. Скок), білім сапасы мониторингісінің, оны
бағалаудың межелері мен əдістерін əзірлеу сұрақтары зерделенген