113
(Г. З. Байжасарова, В. К. Бішімбаев, Ш. М. Каланова, А. Н. Майо-
ров, Т. В. Паньшина, Ш. Таубаева).
Заманауи педагогикалық əдебиетте «білім сапасы» термині əртүрлі
түсіндіріледі. Оның келесі дефинициялары беріледі:
1. Түлектер білімінің сапасы – білім беру мекемесінің түлектері
оқу мен тəрбиенің жоспарланған мақсаттарына сəйкес қол жеткізген
білімдер мен ептіліктердің, ақыл-ой, дене жəне адамгершілік дамуы-
ның белгілі деңгейі [77].
2. Білім сапасы – заманауи кезеңде экономика талаптарына сəйкес
маманның кəсіби қызметін үздік жүргізу қажеттілігін анықтайтын
кəсіби сана сипаттамаларының кешені [87].
3. Білім сапасы – мақсат пен нəтиженің арақатынасы, мақсаттар
(нəтижелер) тек операциялық түрде берілгеніне жəне оқушының
əлеуетті даму аймағында болжанғанына қарай мақсаттарға жету ша-
расы [105].
4. Білім сапасы – қоғамда білім үдерісінің жағдайын жəне
нəтижелілігін, оның қоғам қажеттіліктері мен үміттеріне (тұлғаның
азаматтық, тұрмыстық жəне кəсіби сапаларын) сəйкес келуін
анықтайтын əлеуметтік санат [117].
П. И. Третьяков жəне Т. И. Шамова, білім сапасының бар
анықтамаларына талдау жүргізіп, зерттеушілер білім сапасының
түсінігін баян етуде келесі бағдарлаумен байланысты əртүрлі уəждеу
бағыттарын ұстанған деген қорытындыға келді:
– тұлға мен қоғамның қажеттіліктеріне;
– БЕД-дың қалыптасқан деңгейіне жəне басқа əлеуметтік маңызды
қасиеттерге;
– қасиеттер мен нəтижелердің жиынтығына;
– мақсаттар мен қорытындыларға;
– білім беру мекемесінің бекітілген жəне болжанатын қажеттілік-
терді қанағаттандыру қабілетіне.
Сапаның қоғамдағы рөлін, сапаны басқару мен бағалауға деген за-
манауи көзқарастарды зерттеу осы түсініктің мазмұны мен құрылымын
толық елестетуге мүмкіндік береді (9-сурет қараңыз). Осы ұғым білім
сапасы жəне білімдер (немесе жоғары мектепке қатысты - маманды
дайындау сапасы) сапасы түсініктері мүлдем ұқсас еместігін көрсетеді.
Білім сапасы – білім беру қызметтерін ұсыну мен тұтынудың бүкіл
үдерісін қамтитын көпаспектлі термин, ал білім сапасы/маманды да-
йындау сапасы осы үдерістің соңғы, қорытынды құрауышына қатысты
болады (6-кестені қараңыз).
8–7420
114
9-сурет. Білім сапасы жəне білім беру қажеттіліктері
Қазіргі таңда білімнің жоғары сапасы сапаның жаңа философиясы-
на сəйкес мынаны көздейді:
– білім беру бағдарламалардың мазмұны тапсырыс берушілердің
талаптарына жəне білім беру стандарттарына сəйкес келуі (мемлекет,
бизнес, тұлға);
– мүдделі жақтардың (білім алушылардың, жұмыс берушілердің
жəне басқалардың) білім беру қызметтерінің сапасымен жоғары
қанағаттануы;
– білім беру мекемесінің оқытушылары мен қызметкерлерінің өз
жұмысымен қанағаттануы;
– қоғамға оң ықпал ету, жалпы мəдениетін жəне оның мүшелерінің
біліктілігін арттыруы [97].
6-кесте. Білім беру сапасының құрылымы
1
2
3
4
Мақсаттар мен
нормаларының сапа-
сы, қоғам жəне білім
беру қызметтері
тұтынушыларының
(білім алушылар-
дың, олардың
ата-аналарының
жəне басқалардың)
сұраныстарына
сəйкес келу
Жағдайлардың,
материалдық-
техникалық
базаның, білім беру
бағдарламаларының,
əдістемелік
жəне ақпараттық
қамтамасыз етудің
жəне басқалардың
сапасы
Оқу-тəрбие
үдерісінің
сапасы
Педагог
тің кəсіби
жетілу
үдерісінің
сапасы
Соңғы нəтиженің
сапасы (білім беру
үдерісінің барлық
субъектілерінің:
оқушылардың да,
педагогтардың да)
БІЛІМ САПАСЫ
оқыту мен ағартушылық сала-
сында бекітілген жəне көзделген
қажеттіліктерді қанағаттандыру
қабілетін беретін қасиеттер мен
сипаттамалардың жиынтығы
бекітілген қажеттіліктер –
нормативтік құжаттарда көрсетілген
көзделген қажеттіліктер –
білім беру мекемесімен
тұтынушының мүдделерін
диагностикалау негізінде
анықталады
115
4.1.
– Дене,
психикалық
жəне құ-
лықтылық
саулығы;
– Тəрбие-
лілігі
– Өзінің
Мен дегенін
дамытуы
– Басқалары
4.2.
– БЕД
сапасы;
– Кəсіп-
тілік дең-
гейі;
– Қыз-
меттің
əртүрлі
өнімдері;
Қазақстан Республикасының 12 жылдық орта білім беру
тұжырымдамасында [3] білім сапасы білім берудің тұлға жəне қоғам-
ның қажеттіліктеріне барабар болу көрсеткішімен сипаталады
делінген.
Мектеп білімінің сапасын арттыру, оның тиімділігі бірқатар
проблемалардың шешілуіне байланысты екендігі анықталған.
Тұжырымдама əзірлеушілері ең маңызды проблемалар қатарына
келесілерді қосқан:
– басшылық, басқару, есептемелік жəне нəтижелер, жұмсалған
ресурстар, үлгерушілік, дағдылар, проблемаларды шешу, командада
жұмыс істеу, өзін-өзі оқыту жəне т.б. бойынша нақты ақпарат ұсынуға
мүмкіндік беретін тиісті құралдарды əзірлеу жүйесін жетілдіру;
– əкімшілік жүргізудің, мектептерді басқарудың саналы
орталықсыздандыруын, білім сапасының сараптамасы жəне мектеп-
терге мақсаттарға жетуіне көмек көрсету үшін əріптестерді мүдделі
тараптарды жəне жергілікті қоғамдастықтың жұмылдыруын жүргізу;
– білім беру, мектеп қызметінің сапасының мониторинг жүйесін
құру;
– мектеппен демократиялық басқару қағидаттарын енгізу бойынша
білім беру мекемелерінің қызметін белсендіру механизмін құру;
– педагогикалық үдеріске тиісті өзгерістерді кіргізіп отыру үшін,
белгілі сыныптардың (4, 6, 10, 12) соңында білім сапасын тəуелсіз диа-
гностикалау қызметін құру;
– педагогикалық кадрларды дайындау бағдарламаларын аккредит-
теу, мұғалімдердің біліктілігін арттыруын ұйымдастырудың сертифи-
каттау жүйесін жəне т.с.с. жетілдіру.
Байқағанымыздай, сапаның жаңа философиясы сапаны белсенді
басқарумен, ұйымдарда заманауи менеджментті, оның ішінде сапа
менеджменті қағидаларын енгізумен тығыз байланысты.
Педагогикалық менеджмент аясындағы білім сапасын басқару
– бұл кез келген жəне кездейсоқ емес, жай ғана жақсылары емес, өз
Достарыңызбен бөлісу: |