Сабақ Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні Тенсел Бердгуль 8-сынып Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицей Апта



жүктеу 67,38 Kb.
Дата05.02.2018
өлшемі67,38 Kb.
#8628
түріСабақ

15 сабақ

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Тенсел Бердгуль

8-сынып


Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицей

Апта







Сабақтың атауы

«Жылу құбылыстарын» қайталау

Сілтеме


Физика және астрономия. Алматы «Мектеп» 2012. Б.М.Дүйсенбаева, Г.З.Байжасарова, А.А.Медетбекова. Слайдтар.

Жалпы мақсаты


Ішкі энергия және заттың агрегаттық күйлері тарауларын қайталай отырып, алған білімдеріне қорытынды жасайды

Міндеттері

Осы уақытқа дейін оқып-үйренгендерін практикада қолдана алуға дағдыланады

Сабақта туындаған негізгі идеялар

Күнделікті өмірмен байланыстыра, құбылыстардың мәнін түсіне білуге және қорытынды жасай білуге үйретеді

Күтілетін нәтиже


- ішкі энергия тарауын қайталай отырып, негізгі мәселелерге баса мән береді

- заттың агрегаттық күйлеріне мысалдар келтіре отырып, физикалық мағынасын түсіндіре алады

- бұрынғы алған білімдерімен салыстыра отырып, талдау жасайды

- формулаларды, анықтамаларды, өлшем бірліктерді қолдана алады

- есеп шығаруда тиімді әдістерді пайдаланады

- теорияны практикамен ұштастыра отырып, тақырыпты тиянақтайды



Тапсырмалар


- жеке жұмыс

- топтық жұмыс

- есеп шығару


Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады?

а) «Ұшақтағы тілек» - қағаз қиындысынан жасалған ұшаққа әр оқушы өзіне қандай тілек тілейді соны жазып, достарына қарай кезекпе-кезек ұшыра отырып, түстерге сәйкес 3 топқа бөліну /5 мин/

ә) «Нені естісең, соны көңіліңнен қайталап өткізіп, жадыңда сақтауға тырыс» (Қабуснама) / 1 мин/


СТО сұрақтары

Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Сабақтың маңыздылығы не?

- оқушылар не алады?

- бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

- өмірден алған тәжірибесінің әсері?

- сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?

- өткен тақырыптарды қайталап, қорытынды жасайды

- формулаларды пайдаланудың тиімді жолдарын қолдана алады

- практиканы теориямен нақтылайды

- табиғаттағы, күнделікті құбылыстың физикамен байланысын ажырата алады


Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер

- еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?

- өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?





  1. Шығармашылық жұмыс – үй тапсырмасы / 6 мин/

Тақырыпқа байланысты физикалық ертегі немесе әңгіме құрастырып келу берілген. Соны әр топтан бір оқушы шығып, ең үздігін оқу.

  1. «Шатастырылған логикалық баулар» /6 +3 мин/

Анықтамалар, формулалар, физикалық шамалар, шамалардың таңбалануы мен өлшем бірліктері шатастырылып беріледі.

  1. Болжау /6 мин/

  2. Еркін жазу /2 мин/

Мағынаны ажырату сатысы (жаңа ақпарат)

- оқушыларды белсене қатыстыру

- стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жасай білу, баяндау және қызу ой талқысын жасай білу қабілеттерін жетілдіру жолдарын беру)

- оқушылармен бірлесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

- оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу



2. «Шатастырылған логикалық баулар» - флипчартпен жұмыс /6+3 мин/

1-топ: Меншікті булану жылуы – сұйықтың бірлік массасын қайнау температурасында буға айналдыруға қажетті жылу: r = Q / m, [1 Дж/кг]. Сұйықты буландыруға қажетті жылу мөлшері: Q = r m, [1 Дж]

Буландыруға қажет сұйық массасы: m = Q / r, [1 кг]

Бірдей массадағы түрлі сұйықтарды қайнау температурасында буға айналдыру үшін әртүрлі жылу қажет болады.

2-топ: Отынның меншікті жану жылуы – массасы 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін көрсететін физикалық шама: q = Q / m, [1 Дж/кг].

Отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшері: Q = q m, [1 Дж]

Жанған отынның масасы: m = Q / q, [1 кг]

Отын жанған кезде оның ішкі энергиясы жұмыс атқаруға немесе жылу алмасу жолымен басқа денелерді қыздыруға жұмсалады.



3-топ: Заттың меншікті балқу жылуы – 1 кг кристалл затты балқу температурасында сұйыққа айналдыруға жұмсалатын жылу мөлшері: λ = Q / m, [1 Дж/кг].

Затты балқыту үшін жұмсалатын жылу мөлшері: Q = λ m [1 Дж]

Балқытуға қажет зат массасы: m = Q / λ [1 кг]

Балқу температурасында тұрған сұйық күйдегі заттың ішкі энергиясы, массасы осындай қатты күйдегі заттың ішкі энергиясынан артық.




  1. «Болжау» / 6 мин/

Бір күні аты әлемге әйгілі Алдар көсе Шық бермес Шығайбайдың үйіне қонаққа келеді. Алдар көсе ұзақ әңгіме айтып отырып қалады да, бай оны шайға шақырады. Шайға байдың қызы Бикеш темірден өріліп жасалған ыдысқа бауырсақты салып әкеліп дастарханға қойып жатып былай дейді:
- Бауырсақты ыстық кезінде жеген дәмдірек, сондықтан да бауырсақ тез суып қалмас үшін мына темірден өріп жасалған ыдысқа әдейі салып әкелдім. Дәмнен ауыз тиіңіздер.
Сонда көпті көрген қу Алдар былай деп жауап қайтарады:
- Жоқ, қарындасым, сіз қателесесіз. Темір ыдыста бауырсақ тез суиды, ал бауырсақ тез суымасын десеңіз, бауырсақты ағаштан өріліп жасалған ыдысқа салғаныңыз жөн болар еді.

Алдардың дастархан басында берген кеңесі дұрыс па?



Толғаныс (рефлексия)

-сабақта үйренгендерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру



4. Есептер шығару /15 мин/

112. Керосин мен спирт жанғанда 48 ГДж жылу бөліну үшін қай отын көп жағылады?

114. 12 кг шымтезек пен 5 кг антрацит толық жанғанда қайсысынан көп жылу бөлініп шығады?

119. Массасы 10 кг сутек жанғанда массасы сондай табиғи газ жанған кездегіден қанша есе артық жылу бөлінеді?

157. Ұзындығы 50 м, ені 12 м және тереңдігі 5 м бассейндегі суды 150С-тан 250С-қа дейін жылытқанда, қанша жылу мөлшерін алады?

304. Қайнау температурасындағы аммиакты буландыруға 364 кДж энергия жұмсалған. Буланған аммиактың массасын таыңдар.

27. Масссы 2 кг бензинді масасы 3 кг спиртпен араластырғанда шығатын қоспа отын толық жанғанда қандай жылу мөлшері бөлінеді?
311. Көлемі 1,2 л шәйнекті температурасы 150С суға толтырып, отқа қойған. Шәйнекті оттан алғанда, ондағы судың көлемі 50 см3- ге кемісе, оны қыздыруға және қайнатуға қанша жылу мөлшері жұмсалады? Осы кезде жанған табиғи газдың массасын анықтаңдар.

246. Массасы 1,5 т темір сайманды 200С-тан балқу температурасына дейін қыздырып, соңынан балқыту үшін қанша кокс керегін анықтаңдар. Балқыту пешінің ПӘК-і 60%.

247. Үй тоңазытқышы 20 мин ішінде 1,5 л суды 160С-тан 40С-қа дейін салқындатады. Процесс осы ретпен жүретін болса, онда тоңазытқышта 1 сағ-та мұздың қандай мөлшері пайда болады?

174. Массасы 40 г керосин жанған кезде туристік примустағы 2 кг судың температурасы 100С-тан 1000С-қа дейін көтерілген. Примустың ПӘК-і неге тең?

165. Көлемі 50 м3 бөлмедегі ауаны 220С-қа дейін қыздыруға 780 кДж энергия жұмсалған. Бөлмедегі ауаның бастапқы температурасын анықтаңдар.

150. 175 г су спиртовкада 150С-қа дейін қыздырылды. Спиртовканың спиртпен бірге есептегендегі бастапқы массасы 163 г. Ал қыздырылғаннан кейінгі массасы 157 г болды. Қыздырғыштың ПӘК-ін табыңдар.




Бағалау (түрлері)

-оқушының өзін-өзі бағалауы

-топтың өзін-өзі бағалауы

-мұғалімнің бағалауы

-жалпы бағалау

-критерийлер арқылы бағалау



Бағалау /2+1 мин/

Оқушының өзін-өзі бағалауы

2 минуттық еркін жазу арқылы өзіне-өзі баға береді. Сабақ соңынан мұғалім кімде қандай баға бар екенін қол көтертіп сұрау арқылы белгілейді.


Үйге тапсырма: Жылу құбылыстарына байланысты мақал-мәтелдер жинақтап, мағынасын физикалық тұрғыдан түсіндіру, жұмбақтар дайындау, толық тарауға байланысты көлемді эссе дайындау.

жүктеу 67,38 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау