Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет63/78
Дата01.01.2020
өлшемі0,78 Mb.
#25655
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   78

191
10.  2-ҚОСЫМША МАТЕРИАЛЫНДА келтірілген шиеленіс 
жағдайларымен танысыңыз. Келтірілген мысалдардың қайсысында 
ақпарат, құрылым, құндылықтар, қатынастар мен тəртіп шиеленістердің 
көздері болатынын көрсетіңіз.
11.  2-ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАН қандай да бір шиеленіс 
жағдайын таңдаңыз. Н Қосымшада келтірілген келіссөздерді принципті 
жүргізу əдісінің негізінде білім беру мекемесінің əкімшілігімен оны 
шешу жолдарын ашыңыз (Р. Фишер, У. Юри).
2.5. Басқару еңбегінің этикасы жəне мекемедегі 
корпоративтік (ұйымдық) мəдениет
Басшының мəдениеті өзіне олар атқаратын күрделі жəне алуан түрлі 
қызметтер жиынтығын бейнелейтін əртүрлі сипаттамалардың бүтін 
бір спектрін енгізеді. «Мектеп менеджерінің қызметі жəне мектепті 
басқару»деп аталатын 2.1-бөлімде білім саласындағы менеджердің 
кəсібилігіне қойылатын негізгі талаптар қарастырылған. Осы саладағы 
дұрыс ұйымдастырудың ерекше маңыздылығын тек аса іскерлік 
өзара əрекет емес, сондай-ақ, өзара жеке қатынастар, педагогикалық 
еңбектің жоғары стрестілігі, білім беру мекемелерін басқаруда 
этикалық нормаларды сақтау қажеттігін көрсетеді. Сол сияқты мына-
ны есте сақтау қажет, өзара қарым-қатынастардың осы нормалары пе-
дагогтар мен оқушылардың қатынас үдерісінде көрінеді, бұл байланыс 
үдерістерге қатысушылардың ниетіне қатыссыз пайда болады. Жалпы 
білім беру мектептерінде, колледждерде немесе жоғары оқу орында-
рында гуманистік мақсаттар мен оларға сəйкес келетін міндеттердің 
жариялануы, азаматтық қасиеттерді жəне жоғары адамгершілік иде-
алдарды қалыптастыруға бағытталған жұмыс жоспарлары жасалуы 
мүмкін. Алайда басқаларды сыйламау, олардың жеке ар-намысын 
менсінбеушілік, дөрекілік, өзімшілдік (оның ішінде топтық), жанжал-
шыл т.б. сияқты педагогикалық ұжымдарда байқалатын жағдайлар, 
өкінішке орай, тек көптеген оқушылардың арасында ғана емес, сол 
сияқты қызметкерлердің өздерінде де жиі қалыпты жағдай ретінде 
қабылданады.
Осының салдарынан, басшының адамгершілік қасиеттері, ол 
басқару қызметтерін жүргізе отырып басшылыққа алатын моралдық 
нормалары мен ережелері өзіндік əкімшілік құзыреттілікке ие болуға 
қарағанда, аз рөлді емес, анағұрлым үлкен рөлді атқарады.
Этика (грек тілінен – ēthiká, ēthosдегеннен – əдет-ғұрып, мінез) – 
мораль, адамгершілікті зерттейтін философиялық пəн екені белгілі [17, 


192
1415 б.]. Бірақ басшының этикасы туралы айтқанда, ол философияның 
осы теориялық сала мəселесін зерттейді деген сөз емес. Бұл жерде, 
əрине, басқарушылық қызметте т.б. жүзеге асырылатын қағидалардың 
жүйесі, басшының адамгершілік тəртіп ережелері мен нормалары, 
қабылданған басқарушылық шешімдердің адамгершілік негіздері ту-
ралы сөз болып отыр.
Басшының этикасы [119] айқындалғандай, кəсіби (қызметтік) 
этиканың əртүрлілігін көрсетеді. Басшының этикасы, жалпы ада-
ми адамгершілік талаптармен негізгі басқарушылық қағидаттарды 
(аса кəсіптік) біріктірудің қажеттілігінен тұрады. Бұл, сондай-ақ, 
басқарушының адамдар, тұлға жəне топпен ұжымның, ұжымдар 
арасындағы өзара қарым-қатынастың мəнісін жəне негізгі нормала-
рын білуді көздейді. Қызметтік этика, басқарушылық қызметтерді іске 
асыру үдерісіндегі адамдардың өзара қарым-қатынастарына тікелей 
қатысы бар тəртіп нормаларына көңіл бөледі. Осылайша, қызметтік 
этика басшыға оған қол астындағы адамдармен қатынаста əділ, талап-
шыл, сонымен қатар, шыдамды, əдепті, ұжымда қолайлы моральдық-
психологиялық ахуал құру жөнінде қамқорлық көрсетуді ұсынады.
Сонымен, кəсіби этиканың нормаларына қатынастың жоғары 
мəдениеттілігіне сəйкес келетін белгілер жатады. Бұл басшының 
құзыреттілігімен қатар, өзінің мамандығында оның беделін қалып-
тастырады жəне қолдап отырады. Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, 
басшы уақытының көп бөлігі орындаушымен, сондай-ақ жоғарғы 
жəне төменгі жақта отырған басшылармен қатынасқа кетеді. Əдетте, 
əдебиеттерде бұл нормаларға:
– басшының қол астындағы адамдарымен, жұмыс бабындағы 
əріптестерімен қатынасының демократиялығы;
– оның қолжетімділігі, ұқыптылығы;
– жолдастық сенім атмосферасын жасай білуі;
– өз сөзіне қатысты нақтылығы мен жауапкершілігі жатады.
Жинақылық, ұқыптылық жəне нақтылық сияқты сыртқы сипатта-
малар да белгілі мəнге ие. Басшының сыртқы тəртіп жоспары мен ішкі 
адамгершілік мақсаты сай келгенде, біршама басқарушылық нəтижеге 
жетуге болады.
Басшының қолжетімділігі, қол астындағы адамдармен жиі 
байланысуға тырысуы оның беделіне оң əсерін тигізеді, оған деген 
сенімділік деңгейін көтереді. Сонымен бірге, басшының үйірлігі – баға 
мен тиімділік көп жағдайларға байланысты болатын, біршама күрделі 
жəне бір мағыналы емес құбылыс. Ұйымшыл, табысты дамушы 
ұжымдағы тіпті төмен қатынастық, оның басшысына еңсерілмейтін 
теріс фактор болып табылмайтыны сөзсіз. Қызметкерлердің өзара 


193
əрекет ету дəрежесі нашар, ұжымдық көңіл-күй əлі қалыптаспаған ме-
кемеде басшы қызметкерлермен белсенді байланыста болуы, тұрақты 
ұйымдастырушылық күш, жоғары қатынастықты көрсетуі, жекеленген 
адамдарға жəне бүкіл еңбек ұжымына ықпал ете білуі қажет.
Егер басшының қызметін адамдармен өзара іс-əрекет саласында 
деп қарастырсақ, онда қызметкерлер құрамын [106] басқару саласының 
зерттеушілерімен, үш топқа біріктірілген, менеджер құзыреттілігінің 
11 негізгі саласы берілген:
І. Жеке бас тəртіптілігі, оған кіретіндер:
– этикалығы – жеке бас құқығын сыйлау, алған уəделеріне жауап-
кершілік арту, сенімділік, шыншылдық, əділдік;
– адалдық – өз жұмысының нəтижесіне жоғары талаптар қою;
– парасаттылық – ақылға қонымды, шындыққа негізделген 
шешімдерді қабылдай білу қабілеттілігі;
ІІ. Мақсаткерлік жəне өнімділік, оған кіретіндер:
– нəтижелілік – соңғы нəтижені бағдарлай білу;
– талапшылдық – қалыптасқан жағдайларға таңылған шектеулерді 
жеңу қабілеттілігі;
– ұйымға берілгендігі жəне іскерлік бағдар – ұйымның нормала-
рымен жүру дайындығы, жұмысқа берілгендігі жəне өз жұмысының 
сапасына деген жауапкершілігі;
– өзіне деген сенімділік – қарапайым емес міндеттерді шеше білуі 
жəне оған дайындығы;
ІІІ. Командамен жұмыс істей білу дағдысы, болжанғандар:
– командалық бағдар – бірлескен істің қажеттілігін түсіну жəне 
басқалармен бірлесе əрекет етіп жұмыс істей білу;
– байланыстылық – серіктестермен іскерлік жəне шығармашылық 
қатынас орната білу;
– байланысқа бейімділік – ауызша жəне жазбаша сөйлейтін сөздерді, 
стилистикалық жəне басқа да мазмұнды құралдарды пайдалана білу, 
серіктестерге ықпал ете білу жəне өзара түсіністікке жету;
– тыңдай білу – ауызша байланыстан шыққан ақпараттарды 
қабылдау, меңгеру жəне пайдалану қабілеттілігі.
Қызметкерлер жөніндегі менеджердің табысты жұмысы үшін 
құзыреттіліктердің осы басты салаларының маңыздылығына сарапта-
малық баға оларды келесі ретте (маңыздылық деңгейі төмендеуіне 
қарай) қоюға мүмкіндік берді:
1. Этикаға сəйкестік. 
2. Жайдарлылық. 
3. Тыңдай білу. 
4. Байланыстылық. 
13–7420


жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   78




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау