200
1. Өзін жəне ұйымдағы орнын ұғыну. Бұл жүріс-тұрыста,
байсалдылық жəне қызметкермен ішкі көңіл-күйі
мен проблемаларды
жасыруын, сондай-ақ, ашықтықты, уайымдауын көрсетуін, эмоциялық
қолдауын мадақтап көздейтін нормалар болу мүмкін.
Кəсіби шығармашылықты не ынтымақтастық, не дарашылдық
жəне тағы басқалары арқылы жүргізу.
2. Коммуникациялық жүйе жəне байланыс тілі (ауызша, жазба-
ша, сөзсіз коммуникацияны пайдалану ерекшеліктері; ашықтық –
коммуникациялардың жабықтылығы; кəсіби сленгтің ерекшеліктері
жəне басқалары).
3. Сыртқы түрі, жұмыстағы түрі (белгілі
талаптардың болуы неме-
се жоқтығы; униформа – дресс-код – еркін стиль; косметиканы, парфю-
мерияны пайдалану нормалары жəне т.б.).
4. Тамақ ішу жəне оның түржинағымен байланысты əдеттер мен
дəстүрлер (қызметкерлердің тамақтануын ұйымдастыру; асханалар
мен буфеттердің болуы немесе жоқтығы; тамақтануға шығындарын
төлеудегі ұйымның қатыстылығы – төлем тек қызметкерлердің
өзімен жүргізіледі; əртүрлі ұйымдастырушылық мəртебесімен
қызметкерлердің біріккен немесе бөлек тамақтануы; тамақтанудың
мерзімділігі мен ұзақтылығы жəне т.б.).
5. Уақытқа деген көзқарас жəне оны пайдалану (уақытты маңызды
немесе маңыздылығы аз
ресурс ретінде қабылдау; ұйымдастырушылық
қызметтің уақыттық параметрлерін сақтау немесе бұзу).
6. Адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас (жас мөлшерінің,
жыныстың, мəртебенің, билік көлемінің, білімділіктің, тəжірибенің
жəне тағы басқаларының тұлғааралық қарым-қатынастарға ықпал
етуі; қарым-қатынастардың формалды болу дəрежесі; шиеліністерді
шешудің қабылданған түрлері жəне басқалары).
7. Құндылықтар мен нормалар.
8. Дүниетану (адалдылыққа, жамандықтың жазалануына жəне
жақсылықтың жеңуіне, табыстылыққа, басшылыққа, өз күштеріне
сенімділік – осындай сенімділіктің жоқтығы;
өзара көмекке, этикалық
немесе лайықсыз тəртіпке қарым-қатынас жəне т.б.).
9. Қызметкердің дамуы мен өзіндік іске асуы (жұмысты ойсыз неме-
се саналы орындау; зияткерлігіне немесе күшіне деген тірек; ұйымдағы
ақпараттың еркін жəне шектеулі алмасуы; адамдар санасы мен тəртібі-
нің тиімділігін мойындау немесе одан бас тарту; шығармашылық
жағдай немесе қатаң қарбаластық; адамның шектеулігін мойындау не-
месе оның өсу мен жетілуге деген əлеуетіне назар аудару).
10. Еңбек этикасы жəне уəждеу (жұмысқа құндылық немесе бо-
рыш
ретінде қарау; өз еңбегінің нəтижелеріне жауапкершілік немесе
201
немқұрайлылық; өз жұмыс орнына деген иелік көзқарас – осындай
көзқарастың жоқтығы; еңбек қызметінің сапалық сипаттамалары;
жұмыстағы лайықты жəне зиянды əдеттер; қызметкер үлесінің жəне
оның сыйақысының арасындағы əділетті байланыс; ұйымда
қызметкердің кəсіби мансабын жоспарлау).
Рюттингер Р. Культура предпринимательства / немісшеден ауд. –
М.: ЭКОМ, 1992. – 196 б.
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. «Этика» жəне «мораль» ұғымдарының арасында қандай
айырмашылық бар? Осы айырмашылықтар басшының этикасында
қалай білінетін болады?
2. Қызметтік этиканың негізгі сипаттамаларын қарастырыңыз.
Олар білім беру мекемесінің басшысына қатысты түрін өзгертетінін
немесе өзгертпейтінін көрсетіңіз.
Өзгерткен
жағдайда, дəл нені өзгертеді?
Өзгертпеген жағдайда, неліктен өзгертпейді?
3. Басқарудың үш стилінің əрқайсысының мықты жəне əлсіз
жақтарын көрсетіңіз.
4. Стильдің əрқайсысы басқамен салыстырғанда ең тиімді болатын
жағдайларды келтіріңіз.
5. Жақында лауазымына тағайындалған сіздің орынбасарыңыз оның
кеңестері мен нұсқауларына құлақ аспайтын, сондай-ақ проблеманың
маңыздылығына қарамастан ескертулерге аз назар салатын қол
астындағы жұмысшысына деген шағыммен келді. Орынбасар осы
қызметкермен сөйлесуді өтінді. Егер сізде басқарудың басымды стилі
келесі болса, осы қызметкермен өз сұхбаттынызды қалай құрайтын
нұсқаңызды көрсетіңіз:
–
өктемшіл стиль,
– демократиялық стиль,
– бетімен жіберу (либералды) стиль.
6. Əдебиетте корпоративтік (ұйымдастырушылық) мəдениеттің
анықтамасын табыңыз. Оларды өзара салыстырыңыз.
7. Корпоративтік (ұйымдастырушылық) мəдениет қандай функция-
лар атқарады?
8. Əр алуан деңгейлердегі білім беру мекемелерінің корпоративтік
(ұйымдастырушылық) мəдениетінің əртүрлі типте болуының
өзгешіліктерін қарастырыңыз.
9.
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДЫҢ негізінде сіз оқитын оқу меке-
месінің корпоративтік мəдениетінің негізгі сипаттамаларын
суреттеңіз.
202
10. Ұйымның тарихы, мифтері мен аңызы корпоративтік мəдениет-
тің элементі болады. Корпоративтік мəдениет саласындағы мамандар -
қызметкерлер ұйымның дамуы жөнінде
қаншалықты хабардар болуын,
қандай тарихтар кең таралғанын білген жағдайда, осы тарихтар қандай
құндылықтарды қолдайтынын жəне неліктен бұл құндылықтар үстем
болатынын анықтауға болады деп көрсетеді.
Сіздің білім беру мекемеңіздің тарихының қандай мезеттері
мойындалғанын талдаңыз. Неліктен? Олар қандай құндылықты əкеледі
жəне қолдайды?
11. Ұйымның корпоративтік мəдениетінің элементі ретінде
салт жоралар мен дəстүрлер көп жағдайда қандай да бір оқиғаны
мерекелеуінмен білінеді. Осындай салт жоралар мен дəстүрлердің
рөлі адамдардың топқа (кəсіби), өз кəсібіне, қоғамға деген
қатыстылығына жұмылдыру қажеттілігін қанағаттандыруда
белгіленеді. Мерекелер арқылы ұйым өз құндылықтарын жүзеге
асырады.
Сіздің білім беру мекемеңізде қандай мерекелер мен салт жора-
лар бар екендігін анықтаңыз. Оларды жүргізгудің арқасында қандай
құндылықтар бекітіледі?
12. «Шиеленістер жəне білім беру мекемесімен басқару» деген
2.4-тарауға
1-ҚОСЫМША МАТЕРИАЛЫНДА жəне
2 – ҚОСЫМША
МАТЕРИАЛЫНДА келтірілген жағдайларды талдаудың негізінде іскер
этиканың қандай талаптарының бұзылуы шиеленістердің пайда болу-
ына əкелгенін көрсетіңіз.
2.6. Білім беру мекемесіндегі менеджменттің тиімділігін
диагностикалау
4-тарауда айтылғандай, менеджменттің негізгі функциялар жүйе-
сіне бақылау функциясы да жатады. Мектепішілік бақылауды жүргізген-
де дəстүрлі түрде жалпыға міндетті оқуды орындау; мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарттардың жəне білім беру бағдарламаларының
жүзеге асырылуы; оқушылардың білім, ептіліктері мен дағдыларының
сапасы; олардың тəрбиелілігінің деңгейі;
педагогикалық кадрлардың
біліктігі жəне педагогтардың кəсіби деңгейін жетілдіру бойынша
жұмыс; педагогикалық жəне əдістемелік кеңестерде қабылданған
нормативтік құжаттардың, шешімдердің орындалуы жəне басқалары
қадағаланады. Мысалы, Білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестат-
тауды ұйымдастыру жəне өткізу жөніндегі нұсқаулығында [41] «білім
беру ұйымын аттестаттау кезінде білім беру қызметінің мемлекеттік