Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет29/78
Дата01.01.2020
өлшемі0,78 Mb.
#25655
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   78

89
Білім беру ұйымдарының өкілеттіктеріне сол 43-бапта [1] ағымдағы 
үлгерімді бақылау, оқушылардың білімін аралық жəне қорытынды ат-
тестаттау жатқызылады; бірыңғай ұлттық тест өткізу мен техникалық 
жəне қызмет көрсету еңбегінің кəсіптер (мамандықтар) бойынша 
біліктілік беру ғана айрықша ҚР БжҒМ құзіретіне енеді. 
«Білім туралы» ҚР заңының «Оқу жəне тəрбие процесін 
ұйымдастыру» 28-бабында білім беру ұйымында жүргізілетін оқу-
тəрбие барысын бақылаудың мəні ашылған:
«<...> білім беру ұйымдары білім алушылардың үлгерімін ағым-
дағы бақылауды жəне білім алушыларды аралық аттестаттауды жүзеге 
асырады. 
Білім беру ұйымдары білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы 
бақылауды жəне білім алушыларды аралық аттестаттауды жүргізудің 
нысандарын, тəртібін жəне мерзімділігін таңдауда дербес болады.
<...> Негізгі орта, жалпы орта, техникалық жəне кəсіптік, орта 
білімнен кейінгі, жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім 
берудің білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушыларды 
міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады.
<...> Жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды жəне 
оқуын бітіретін жалпы орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім 
беретін ұйымдарға оқуға түсуге ниет білдірушілерді қорытынды аттес-
таттау ұлттық бірыңғай тестілеу нысанында жүзеге асырылады.
<...> Техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру 
ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау:
1) білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттес-
таттауды;
2) кəсіптік даярлығының деңгейін бағалауды жəне біліктілікті 
беруді қамтиды».
Мұнда үдеріс деп түсінілетін жəне «баға» сөзіне синоним болатын 
«бағалау» мен осы үдеріс нəтижесінің сандық айнасы болып табы-
латын, «белгі» түсінігі синонимі болатын «бағаны» айыру маңызды. 
Бірақ білім беру тəжірибесінде бұл түсініктер мүшеленбей, синкретті 
түрде пайдаланылады, бұл бақылау мəнін қате түсінуге əкелуі мүмкін. 
Баға жіктеліміне оның келесі түрлері енеді [68]:
– оқушылардың жетістіктері мен белгіленген нормативті 
салыстыруға негізделген жағдай бағасы; 
– оқушының бүгінгі жəне бұған дейінгі қол жеткізген жетістіктерін 
салыстыруды мегзейтін дамуды бағалау; 
– көбінесе біліміндегі олқылықтарға назар аударатын шегеру бағасы; 
– қалыптасқан білімдері, іскерлігі мен дағдыларын есепке алуға 
бағдарланған жинақтаушы баға; 


90
– оқушыда қазіргі уақытта бар білімдері, іскерлігі мен дағдыларын 
есептейтін статикалық баға; 
–  оқушының білімдері, іскерлігі мен дағдыларының өзгеру 
динамикасының сипатын ашатын динамикалық баға. 
Оқу-тəрбиелеу үдерісінде оқушыларда өздік менеджменттің 
құзіретіне енетін өзін-өзі бақылау жəне өзін-өзі бағалау іскерліктерін 
қалыптастыру маңызды болып табылады. 
Г. А. Цукерман [69] кіші сынып оқушыларында баламалы жəне 
объективті өзін-өзі бағалау жəне бірін-бірі бағалау дағдыларын 
қалыптастыру көзқарасын келтіреді. Сызғыштың көмегімен тақтада 
салынған суреттерде балалар өз оқу əрекетінің табыстылығын
орындалған тапсырма сапасын белгілеп, басқа оқушылардың жауап-
тарын да бағалайды. Бағалау осы үдерісті мұғалім мен оқушылардың 
бірлесіп талқылауы арқылы жүреді. Талқылаудың нəтижесінде бала 
өзіне-өзі берген бағасын талдап, басқаларының берген бағасына қарап, 
оның баламалық деңгейін, əділдігін анықтай алуы керек. 7-суретте 
оқушының өзін-өзі бағалау нəтижелері (сол жақ тік сызық) жəне 
сыныптың басқа оқушылары оған берген бағалары (өзара баға беру) 
көрсетілген. Осындай, көрнекі құралдың көмегімен оқушы қыз өзін-
өзі бағалауда төмен екендігін көреді, өйткені, басқа оқушылармен оң 
жақ сызғышта таяқшалармен белгіленген оның жауабының бағалары 
өзіне-өзі қойған бағалардан жоғары екеніне көз жеткізеді. Бүкіл сынып 
болып жауап сапасын, баға негіздемелерін, сұрақтарға жауап беруді 
талқылау («Өз оқуыңды қалай бағалайсың?», «Дашаның оқуын кім 
дəл солай бағалайды?», «Неге бағамен келіспейсің?», «Неге сен өзіңді 
сондай төмен бағаладың?», «Неге сондай үлкен айырмашылық пайда 
болды?») оқушыларға білім, іскерлік пен дағдыларды бақылау құралы 
ретінде, өз оқу қызметін басқару функциясы ретінде бағалаудың 
межелерін, негізгі тəсілдерін түсініп, меңгеруге көмектеседі. 
7-сурет. Оқушылардың өзін-өзі бағалау жəне өзара бағалау сызбасы


91
1.4.4-бөліміне 1-ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ
 Əр елдердің бір пəн бойынша емтихандарының құрылымы мен 
мазмұнының ерекшеліктерін көрсетейік. 
A-level емтиханын тапсыруға ағылшын мектеп оқушылары орташа 
алғанда 9-10 сағатқа дейін уақыт жұмсайды. Емтихан жұмысы əдетте 
бір нұсқада əзірленіп, бірнеше бөліктен тұрады, оларды орындау бары-
сында түрлі білімдер мен дағдыларды көрсету қажет. 
<...> Биология бойынша емтихан міндетті тақырыптар мен таңдап 
алынған тақырыптар ды қамтиды. 
Емтихан пəндік жəне жалпы білім алу дағдыларының келесі 
түрлерін меңгеруді тексереді: 
A. Білу жəне түсіну 
– биологиялық деректерді, терминдерді, ұстанымдарды, түсініктер 
мен өзара қарым-қатынастарды; 
– эксперименттік əдістемелерді; 
– қоғам өмірінде, сондай-ақ экономика мен технологияда зама-
науи биологияны пайдалану сүрақтарын (мысалы, қоршаған орта 
мəселелерін шешу үшін). 
Б. Биологиялық білімді: 
– гипотезаларды ұсынуда, эксперименттерді жоспарлауда жəне 
өткізуде, нəтижелерді түсіндіруде; 
– эксперименттердің нəтижелерімен бірге сандық жəне сапалық 
ақпаратты өңдеуде жəне талдауда; 
– қорытындылар шығаруда; …
– мəселелерді шешуде (əлеуметтік, экологиялық, экономикалық, 
технологиялық жəне т.б.) пайдаланады. 
В. Эксперименттік жəне тəжірибелік əдістемелерді пайдаланудағы 
нақтылық, соның ішінде байқау нақтылығы мен нəтижелерді жазу 
нақтылығы. 
Г. Биологиялық ақпаратты келіскен жəне дəйекті етіп жазбаша, кес-
телер, диаграммалар, суреттер түрінде баяндау. 
Емтихан 5 бөліктен тұрды. Барлық тапсырмалар жазбаша жауап-
ты талап етеді. Олардың ішінде қысқаша жауап беретін, толық жауап 
беретін жəне эссе жазу қажет болған тапсырмалар да болды. Барлық 
тапсырмаларда қысқаша сұрақтары болды, əрқайсысының соңында 
оның орындалуына неше ұпай берілетіні хабарланды (1-ден бастап 30-
ға дейін). 
<...> Бакалавр дипломын алу үшін француз студенттері тапсыратын 
емтихандар ағылшын емтихандарынан мөлшері бойынша да өткізу 
уақыты бойынша да айтарлықтай өзгешеленеді. Биология бойынша 


жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   78




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау