Дипломды қ ж ұ м ы с «Өндірістің табыстылығын арттыру жолдары»



жүктеу 2,53 Mb.
бет1/20
Дата11.12.2017
өлшемі2,53 Mb.
#3840
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті
«Экономика» факультеті
«Экономика» кафедрасы
Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С
«Өндірістің табыстылығын арттыру жолдары»

тақырыбына жазылған


Күндізгі оқу бөлімінің 4 курс студенті

Мамандығы 070842 - «Экономика және

кәсіпорынды басқару»

«Экономика және АӨК кәсіпорынды басқару»

мамандандырылуы бойынша


Алтыбасарова Айжан
Ғылыми жетекші :

аға оқытушы Жүнісбекова Г.Е.


Рецензент

Жұмыс қорғауға жіберілді


«Экономика» кафедрасының

меңгерушісі, э.ғ.к., профессор



Сейдахметов А.С.

Алматы, 2006 ж.



Кіріспе
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысымен оның жолдауы бойынша 2003-2005 жж. ауылды қайта жаңғырту жылдары жарияланған болатын. 2006-2008 жж ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттарында алдағы жылдары ауыл шаруашылығы өндірісін, Қазақстанның бәсекелік қабілеттілігін арттыру ескертілді. Ол үшін:

1-ден, республиканың азық-түлік нарығын тұрақтандыру қажет;

2-ден, халықты отандық азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейін түсірмеу;

3-ден, аграрлық және өнеркәсіптік секторларын корреляция арқылы экономиканың тұрақты өсуі үшін алғы шарт қажет;

4-ден, ауыл тұрғындарын оңтайландыру негізінде адамдардың тұрақты өмір сүруін қамтамасыз ету

«2003-2015жж. ҚР индустриялық-инновациялық даму стратегиясының мақсаты – экономика саласын әртараптандыру жолымен еліміздің тұрақты дамуына қол жеткізу, сонымен қатар шикізат бағытынан қалдықтың болуына себепші болу, ұзақмерзімді сервистік-технологиялық экономикаға көшу үшін дайындыққа жағдай жасау».

Бұл барлық қаулылар ауылда шаруашылықты рентабельді жүргізу мен өндірістің құлдырауының алдын алу мақсатында ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Өнім өндіру табыстылығын (рентабельділігін) арттырудың өзектілігімен ғылыми-тәжірибелік маңызы нарықтық экономиканың шарттары мен талаптарына байланысты туындайды. Нарықтық экономикада өндірістің рентабельділігі өнімді өткізуден түскен ақшалай түсімдер арқылы өндіріс шығындарын жабу ғана емес, ұдайы өндірісті жүргізу үшін қажетті деңгейде пайда алудағы кәсіпорынның рентабельділігін білдіреді.

Қабылданған аграрлық бағдарламада, ауылдың қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті өнім өндіру, импорт алмастыру және экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту қажеттілігі аталған.

Өндірістің табыстылық (рентабельділік) көрсеткіштері кәсіпорын жұмысының жалпы тиімділігін, әртүрлі бағыттағы қызметтердің табыстылығын, түсімділігін сипаттайды, пайдаға қарағанда олар шаруашылықтың соңғы нәтижелерін анықтайды, себебі олардың шамалары эффекттің қолда бар немесе тұтынылған ресурстармен арақатынасын көрсетеді.

Дипломдық жұмыс мақсаты – өндірістің табыстылығын арттыру жолдарын қарастыру.

Дипломдық жұмыста шешілетін мәселелер:



  1. Өндірісітің табыстылық категорияларының теориялық негіздерін, оны анықтау әдістемесін қарастыру.

  2. Аграрлық сектордағы ауылшаруашылық кәсіпорындарының қызметінің табыстылығына талдау жасау.

  3. «КВР» АҚ-ның қаржылық-шаруашылық қызметін бағалау

  4. Акционерлік қоғамның табыстылығын талдау.

  5. Ауылшаруашылық өндірісінің табыстылығын арттыру бағыттарын негіздеу.

Дипломдық жұмыс, кіріспеден, 3 бөлімнен және қорытындыдан тұрады.

Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде ауылшаруашылық кәсіпорындарының экономикалық тиімділік көрсеткіштері табыстылығы, мәні, анықтау әдістемесі, жалпы ҚР-дағы ауылшаруашылық кәсіпорындарының қаржылық экономикалық көрсеткіштеріне, яғни таза табысы мен рентабельділік деңгейіне талдау жасалған.

Дипломдық жұмыстың екінші бөлімінде «КВР» АҚ-ның жалпы сипаттамасы келтірілген, мұнда кәсіпорынның мінездемесі, айналысатын қызметі немесе өндірілетін өнімнің түрлері келтіріліп талданған, сондай-ақ қоғамның табыстылық көрсеткіштері анықталған.

Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде ауылшаруашылық өндірістерінің тиімділігін, табыстылығын арттыру жолдары келтірілген.

Дипломдық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының статистикалық жинақтарының мәліметтері, монографиялар, оқу құралдары, кәсіпорынның мәліметтері пайдаланылған.


  1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

    1. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының экономикалық тиімділігінің негізгі көрсеткіштері

Қазіргі жағдайда ауыл шаруашылығын дамытуды, келешекте жеделдетудің маңызды проблемаларының бірі – сала тиімділігін арттыру.

Өндіріс тиімділігі – экономикалық заңдылықтардың жүзеге асырылуы мен кәсіпорын қызметінің маңызды жағы – оның нәтижелілігі бейнеленетін күрделі экономикалық категория.

Ауыл шаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігін сипатттау үшін натуралды және құндық көрсеткіштер жүйесі пайдаланылады. Натуралды тиімділік көрсеткіштеріне өсімдік және мал шаруашылығының өнімділігі жатады. Натуралды көрсеткіштер құндық көрсеткіштерді есептеу үшін баға (негіз) болып табылады.: жалпы және тауарлы өнім, жалпы және таза табыс, пайда мен өндірістің табыстылығы.




1-сурет - Өндірістің экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері

Жалпы өнім – белгілі кезеңдегі ақшалай мәндегі барлық ауыл шаруашылық өнім, тауарлы өнім бұл - өткізілген өнім.

Жалпы табыс (ВД) – жалпы өнім (ВП) құнымен тұтынылған материалдық шығындар (Мз) арасындағы айырма:
ВД = ВП - Мз ( 1 )
Таза табыс (ЧД) жалпы өнім құнынан өндіріс шығындарын немесе оның өзіндік құнын (Сп) алып тастағанға тең:
ЧД = ВП – Сп ( 2 )
Таза табыс мөлшерін жалпы табыстан (ВД) еңбекақы төлемінің (От) алып тастағанда табуға болады:
ЧД = ВД – От ( 3 )
Экономикалық әдебиеттерде құрылған табыс (Т) және өткізілген таза табысты (Т) бөліп қарастыратын. Таза табыстың жүзеге асқан бөлігі кәсіпорын пайдасының мөлшеріне жауап береді. Бұдан, егер таза табысты жалпы өнімді бөлу кезінде анықтаса, онда пайда (П) өнімді өткізуден түсетін түсім (Вр) мен оның толық өз құны (Сп) арасындағы айырмамен есептеледі:
П = Вр – Сп ( 4 )
Ауыл шаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігінің жалпылама нәтижесі болып рентабельділік саналады.

Рентабельділік деңгейі (Р) пайданың өнімнің толық өзіндік құнына пайыздық қатынасымен есептеледі.

Ауыл шаруашылық өндірісінің экономикасының тиімділігінің мәні.

Шаруашылықтың кез-келген жүйесінде өндіріс тиімділігінің спецификалық мазмұны келесілермен анықталады:



  • өндірістің қоғамдық нысанымен;

  • өндірістің мақсатты бағыттылығымен;

  • берілген жүйеге тән өндіріс факторы мен нәтижелерінің өзіндік сипатымен;

2-сурет – Ауылшаруашылық өндірісіндегі тиімділіктің негізгі түрлері

Өндіріс тиімділігі экономикалық және әлеуметтік – экономикалық болып бөлінеді.

Әлеуметтік-экономикалық тиімділік – шығарылатын өнім есебінен халық мұқтаждықтарының қанағаттандыру деңгейі болып табылады. Ол халықтардың өмір сүру деңгейін арттыруға, еңбек жағдайын жақсартуға, адамдардың бос уақытын арттыруға т. б. бағытталған.

Соңғы нәтижені сипаттау кезінде эффект және экономикалық тиімділік түсініктерін ажыратуға болады .

Эффект – бұл ауыл шаруашылығында жургізілген қандайда бір іс – шаралардың нәтижесі. Мысалы, тыңайтқыштарды қолданудан болатын эффект өнімге қосымша ретінде көрінеді. Алынған эффект тыңайтқыштарды пайдалану тиімділігі туралы ақпарат бермейді.

Экономикалық тиімділік өндіріс нәтижелері материалды – ақшалай қорлардың шығындарымен салыстыруда орын алады.

Соңғы экономикалық эффект ауыл шаруашылығы бойынша жалпы барлық ресурстарды тиімді пайдалануға, үнемдеу және сақтау ушін жүйелі түрде күресу, өнімнің өзіндік құнын төмендету және еңбек өнімділігін арттыруға байланысты

Ауыл шаруашылығының экономикалық тиімділігін бағалау үшін өндіріс процесіне әртүрлі факторлардың әсерінен бейнеленетін нақты көрсеткіштер қажет.

Экономикалық тиімділіктің аса маңызды көрсеткіші болып мыналар табылады:



1. Жалпы өнімнің (ВП) жанды және заттай еңбек шығындарына қатынасы саналады:

Эв = ( 5 )

мұндағы ВП – ауыл шаруашылығының жалпы өнім құны, тг;

Пз - өндірістік шығындар, тг;

Фос – негізгі өндірістік қорлар, тг;

К - қорлардың тиімділік коэффициенті.

2. Жалпы табыстың жанды және заттай еңбек шығындарына қатынасы:



Эв = ( 6 )
Жалпы табыс (ЖТ) мөлшері өндірілген өнімді өткізуге, бағасына және

материалды шығындардың шамасына байланысты. Жалпы табыс мөлшері өндіріс құралдарындағы заттық еңбекті пайдалану және жанды еңбек шығындарына қатынасы:



Эч = ( 7 )

Таза табыс қосылған өнім құнының ақшалай мәні және жалпы өнім құнымен өндіріс шығындары арасындағы айырмамен анықталады. Таза табыс өндірісті келешектегі кеңейту мен қоғамдық тұтыну қорларының өсімі болып табылады.

Табыстылық (рентабельділік) - барлық кәсіпорындарға тән маңызды экономикалық категория болып табылады. Ол кәсіпорынның табыстылығын, тиімділігін білдіреді.

Рентабельділікте тек жанды еңбек емес, бұрыңғы еңбек шығындарының нәтижесі, өткізілген өнімнің сапасы, өндірісті ұйымдастыру деңгейі мен оны басқару бейнеленді.

Рентабельділіктің екі түрі бар: халық шаруашылық және шаруашылық есептік. Алғашқысы құрылған таза табыс шамасымен, екіншісі тікелей кәсіпорынның жүзеге асыруымен сипатталады.

Өзіндік қорларды пайдалануды сипаттау үшін таза табыс нормасы пайдаланылады.

Таза табыс нормасы - таза пайданың негізгі және айналым қорларының орташа жылдық құнына паыздық қатынасымен сипатталады.


жүктеу 2,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау