Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет31/78
Дата01.01.2020
өлшемі0,78 Mb.
#25655
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   78

95
11. «Қазақстан Республикасындағы бiлiм жəне ғылым бiлiм сапа-
сын бақылау» мақаласын оқыңыз (Бiлiм берудегi менеджмент. – 2010. 
– № 4. – Б. 3-8). Білім ұйымдарының мемлекеттік аттестатталуы сияқты 
бақылау түрінің бағытталуын анықтаңыз, МАБ (мемлекеттiк аралық 
бақылау). 
1.4.5. Шешімдерді қабылдау
Шешім қабылдау функциясы менеджментте, оның ішінде 
педагогикалық менеджментте қосалқылар тобына жатады. Білім 
беру жүйесінде, кейбір білім беру мекемесінде болып жатқан едəуір 
өзгерістер білім беру мекемесі басшысының қызметінде бұдан да əрі 
үлкен орын алады.
Г. Я. Гольдштейн [26], шешімді қабылдау функциясының мəнін 
жəне басқарушы цикліндегі оның орнын анықтап, ол бүкіл басқару 
үрдісінің орталық мезеті екендігін көрсетті; бұдан əрі, менед-
жер кəсібінің мəні шешімді қабылдау болуда. Ол осы түсінік, кең 
мағынада шешімді қабылдауының дайындығын (яғни, жоспарлаудың 
өзін), ал қысқа мағынасында – мүмкін боларлық нұсқалардың бірін 
таңдауын енгізетінін атап көрсетті. Болашақ жоспарлау аясында, 
негізін қалаушы шешімдер қабылданады (не істеу керек?), содан кейін 
ағымдағы жоспарлау, ұйымдастыру, уəждеу жəне басқалардың бары-
сында таяз мағынадағы шешімдер (қалай жасау керек?) қабылданады. 
Осы функцияның мəнін ашу басқарудың кейбір функцияларының 
тəжірибесінде тығыз өзара байланысты жəне жіктеудің күрделілігін 
тағы да көрсетеді.
Басқару үдерісінде қабылданатын шешімдердің барлық түрлерін 
келесі белгілер бойынша (жіктеу негіздемелері) жіктеуге болады [26, 
28а]:
– шешім объектісі бойынша (құрылымдық немесе жағдайлылыққа 
негіз болатын мақсаттар мен құралдарға бейімделген);
– бастапқы ақпараттық сенімділігі бойынша (сенімді ақпараттың 
негізінде, тəуекелді жəне сенімсіз);
– салдардың əрекет мерзімдері бойынша (ұзақ-, орта-, қысқа 
мерзімді);
– иерархиясымен байланыста жоспарлау (стратегиялық, тактика-
лық, жедел);
– дайындау нысаны бойынша (жеке, топтық жəне ұжымдық);
– қайталама жиілігі бойынша (кездейсоқ, қайталанатын, 
ескішілдікке негізделген);
– деректердің өзгеруін есепке алу бойынша (қатаң, икемді);


96
– тəуелсіздігі бойынша (автономдық, бірін-бірі толықтырушы);
– күрделілігі бойынша (қарапайым жəне күрделі); 
– регламенттеудің қатаңдығы бойынша – контурлық, құрылымдық 
жəне алгоритмдік жəне басқа.
В. И. Коробко, контурлық шешімдерді қол астындағы адамдардың 
əрекеттерінің жақындатылған сызбасын белгілейтін жəне оларды 
жүзеге асыру тəсілдері мен əдістерін таңдауға кең өріс беретінін си-
паттайды. Құрылымдық шешімдер бағынышты адамдар əрекеттерін 
қатаң регламенттеуді көздейді, сонда олардың бастамасы тек қосалқы 
мəселелерді шешуде көрсетілу мүмкін. Алгоритмдік шешімдер 
бағынышты адамдар қызметін барынша қатаң регламенттейді жəне іс 
жүзінде олардың бастамасын жояды [50]. Білім беру мен оның əртүрлі 
жақтарымен басқару аясындағы шешімдер əрдайым икемді, күрделі 
контурлық (əлсіз құрылымдық) сипатқа ие. 
8-суреттегі сызба білім беру аясындағы шешімді қабылдау үдерісі-
нің негізгі құрауыштарын, субъектілік мезеттердің маңыздылығын, 
шешімді қабылдайтын тұлғаның (ШҚТ) жеке ерекшеліктерін көрсетеді. 
Бірақ тек басшының тұлғасы ғана шешімді қабылдау үдерісі мен 
нəтижесіне əсер етпейді, сонымен қатар, оның таңдауы, жүзеге асуы, 
нəтижелері өзіне, интуиция сезімдерінің дамуына, жауапкершілігінің 
қалыптасуына жəне басшының басқа да жеке жəне кəсіби қасиеттеріне 
шарасыз əсер ете бастайды.
8-сурет. Əлсіз құрылымдалған шешім [26]
Коршаған орта 
Тұлға
Түркі болу
Бағалар
Шешім
Қабылдау
Көзқарасы
ШҚТ


97
Басшының қызметінде басқарушы шешімді қабылдау шығар-
машылық үдеріс сияқты жəне тым шартты кезеңдер (фазалар) қатары-
нан тұрады жəне бірқатар факторларға байланысты болады (4-кестені 
қараңыз). Білім беру аясында басқарудың тұлғалық құраушысы мен 
орындаушылары үлкен рөл атқарады, шешімді қабылдау үдерісіне, 
оның кезеңдерінің (фазаларының) реттілігіне:
– проблема күрделілігінің, оның маңыздылығының дəрежесі;
– басшының жəне/немесе топтың билігіндегі белгілі уақыттық 
ресурстарының болуы;
– білім беру мекемесінің сыртқы ортасында болған өзгерістер;
– шешімді қабылдайтын жəне/немесе жүзеге асыратын топтың 
құрамындағы өзгерістер,
– осы топтағы тұлғааралық өзара қарым-қатынастар. Сонымен, 
мысалы, америкалық зерттеуші Ирвин Дженис кейіннен сəтсіз болған 
шешімдерді қабылдау үдерісін талдап, осыған қатысушылардың ойлау 
қиындығының төмендеуімен, олардың топтық стереотиптерге душар 
болуы жəне т.б. байланысты топтың психологиялық атмосферасы се-
беп болғанын анықтады. Осы феномен «ойлаудың топтастырылуы» 
деген атқа ие болды;
– бастапқы ақпараттың шектеулі көлемі;
– үдеріске қатысушылардың алдын ала мақсаттық нұсқаулары; 
– менеджерлердің жеке ұмтылулары жəне олардың мінездерінің, 
басқару мəнерінің жəне т.б. ерекшеліктері əсер етуі мүмкін.
4-кесте. Шешімді қабылдау мен жүзеге асырудың негізгі 
фазаларының мазмұны [26] 
 
Фаза
Фазаның мазмұны
1. Болуы мүмкін мəселелер 
туралы ақпарат жинау
1.1. Фирманың ішкі ортасын бақы-лау 
1.2. Сыртқы ортасын бақылау
2. Мəселелердің пайда 
болуын жəне себептерін 
анықтау 
2.1. Проблемалық жағдайды сипаттау
2.2. Проблема пайда болған 
ұйымдастырушылық буынды анықтау
2.3. Мəселелерді тұжырымдау
2.4. Оның маңыздылығын бағалау
2.5. Проблеманың пайда болу себептерін 
анықтау
3. Мəселелерді шешу 
мақсаттарын анықтау
3.1. Фирма мақсаттарын анықтау
3.2. Проблеманы шешу мақсаттарын 
қалыптастыру
7–7420


жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   78




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау