98
4. Мəселелерді шешу стра-
тегиясын негіздеу
4.1. Объектінің бөлшектеп сипаттауы
4.2. Ауыспалы факторлардың өзгеру саласын
анықтау
4.3. Шешімге талаптарды анықтау
4.4. Шешімнің тиімділік межелерін анықтау
4.5. Шектеулерді анықтау
5. Шешім нұсқаларын
əзірлеу
5.1. Міндетті кіші міндеттерге бөлшектеу
5.2. Əр кіші міндет бойынша шешім идеяла-
рын іздестіру
5.3. Үлгілерді құрастыру жəне есептерді
жүргізу
5.4. Əр кіші міндет жəне əр кіші жүйе бойын-
ша шешімнің ықтимал нұсқаларын анықтау
5.5. Əр кіші міндет бойынша қорытындыларды
жинақтау
5.6. Əр кіші міндет бойынша шешімдер сал-
дарын болжау
5.7. Бүкіл міндетті шешудің нұсқаларын
əзірлеу
6. Үздік нұсқаны таңдау
6.1. Шешім нұсқаларының тиімділігін талдау
6.2. Бағынбайтын параметрлердің ықпалын
бағалау
7. Шешімді түзету жəне
келісу
7.1. Атқарушымен шешімді талқылау
7.2. Функционалды өзара əрекет етуші
қызметтермен шешімді келісу
7.3. Шешімді бекіту
8. Шешімді жүзеге асыру
8.1. Жүзеге асырудың жұмыс жоспарын да-
йындау
8.2. Оны жүзеге асыру
8.3. Жүзеге асыру барысында шешімге
өзгертулерді енгізу
8.4. Қабылданған жəне жүзеге асырылған
шешімнің тиімділігін бағалау
Басқарушы шешімдерді əзірлеу жəне қабылдау негіздері:
– ең бастысы басшымен жинақталған тəжірибеге, қызметтің
белгілі саласындағы білімдер жүйесіне байланысты басшының ин-
туициясы. Мысалы, проблеманың шешілуімен байланысты версияны
тұжырымдағанда, кейіннен ең үздігін таңдау үшін ең көп нұсқаларды
анықтауға болады. Бірақ ұйым уақытының жеткілікті көлемі, əсіресе,
проблемалық жағдаятқа адамдар, одан гөрі балалар тартылғанда,
көбінесе аз болады. Білім беру менеджерінің интуициясы, оның іс
жүзіндегі үлкен тəжірибесі бірнеше, ең оңтайлы нұсқаларға тоқтауға,
көбінесе бір өнімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді;
99
– басшы шешім қабылдағанда, мазмұны онымен жинақталған
практикалық тəжірибеде айғақталған дұрыс ойлауды дəйекті
дəлелдемелермен негіздейді. Мүмкін болатын нұсқаларды бағалау
кезеңінде, менеджердің дұрыс ойлауы, оған ең жақсы шешімнің екіта-
лай екендігін, маңызды басқарушы шешімдер əрдайым келісімдікте
негізделетінін ескертуі мүмкін;
– ақпараттың көп мөлшерін өңдеу жолымен оңтайлы шешімдердің
таңдауын көздейтін ғылыми-тəжірибелік көзқарас. Басқарушының
эрудициясы, оның педагогика, заманауи менеджмент, басқару психоло-
гиясы саласындағы құзыреттілігі білім беру мекемесінің үздік қызмет
етуіне əкелетін шығармашылық шешімдерді шығаруға мүмкіндік
береді.
Басқарушы шешім, егер де ол шешілетін жағдайдан жəне
ұйымдастыру мақсаттарынан шықса, тиімді деп саналады:
– шешімнің тиімділігі, яғни ол алға қойылған мақсатқа жетуін
неғұрлым толық қамтамасыз етуге тиіс;
– шешімнің үнемділігі, яғни ол алға қойылған мақсатқа ең аз
шығындармен жетуін қамтамасыз етуге тиіс;
– шешімнің өз уақыттылығы. Сөз шешімді дер кезінде қабылдау
жөнінде ғана емес, мақсатқа уақытында жетуде маңызды. Бұрын да жақсы
болған тамаша идея (балама) келешекте ескіріп, мəнін жоғалту мүмкін;
– шешімнің негізділігі. Орындаушылар шешім негізделгеніне көз
жеткізуге тиіс. Осыған орай, нақты негізділікті жəне оны орындаушы-
лармен қабылдауды, менеджердің дəл осы шешімді қабылдауға ниетте-
ген дəлелдерді олармен түсінуін шатастыруға болмайды;
– шешімнің нақты жүзеге асырылуы, яғни орындаушылардың
өкініші мен ашуын тудыратын жəне өз негізінде тиімсіз, шынайы
емес немесе дерексіз шешімдерді қабылдауға болмайды. Қабылданған
шешім тиімді жəне оны орындаушы ұжымның күштері мен қаражат-
тарына сəйкес келуге тиіс [50, 171-172 б.].
Оңтайлы шешімді іздестірумен қатар оны орындаушылардың ал-
дына дұрыс қою да ұйым қызметінің тиімділігі үшін кең мағынаға ие.
Менеджердің шеберлігі осы жағдайда келесі құрамдауыштарда болуда:
– адамдардың білімдеріне, олардың мүмкіндіктері мен шектеулеріне
негізделетін орындаушылардың дұрыс таңдауы;
– орындаушыны шешімді орындауға нақты бағдарлау, тапсырманы
түсінбеушілік болмайтындай жəне маңыздылығы төмендемейтіндей
етіп беру керек;
– қызметкер қызметін уəждеу жəне ынталандыру, үнемі қадағалау
жəне шешімді орындау бойынша оның əрекеттерін қолдау жəне
басқалары.
100
Менеджмент саласындағы көптеген мамандар, шешімді
орындамағаны немесе дұрыс орындамағаны үшін жауапты нақты
қызметкер емес, тапсырманы орындауға дұрыс бағыт бермеген
менеджердің өзі жауапты деп санайды. Сонымен, мысалы, [50] шешімді
орындамаудың негізгі төрт себептері анықталуда:
– шешім менеджермен нақты əрі анық тұжырымдалмаған;
– шешім анық жəне нақты тұжырымдалған, бірақ орындаушы оны
дұрыс түсінбеген;
– шешім нақты тұжырымдалған жəне орындаушы жақсы түсінген,
оны орындау үшін барлық қажетті керек-жарақтарына да ие болған,
бірақ менеджер ұсынған шешімнің нұсқасымен іштей келіспеген.
Мұндай жағдайда орындаушының өз тиімді пікірі мен шешу жолдары
болуы мүмкін.
Басқарушы орындауға қатысатын барлық буындар өз міндеттерін
дұрыс түсінгендігіне жəне алға қойылған мақсат үшін қажетті барлық
керек-жарағы бар екендігіне сенімді болғанда ғана «шешімді орындауға
кіріс» деген тапсырма берілуі мүмкін.
1.4.5-бөлімге ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ
ШЕШІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ
Егер де сіз табысқа жеткіңіз келсе, шешімдерді қабылдау сіз үшін
қызметтің дағдылы түрі болуға тиіс. Шешімді қабылдау əрдайым
тəуекелмен байланысты: əрекеттердің қандай да бір тəсілін таңдау –
көптеген басқа нұсқаларға «жоқ» деу.
Бірақ өте іскер менеджерлер – бұл шешімді қабылдауға дайын
адамдар. Осында олар үшін жетістікке жетудің жалғыз мүмкіндігі
бар екендігін біледі. Менеджерге осы үдерісті жеңілдететін, оған
өкілеттіліктерге құқық беруге, шешімдерді қабылдауға жəне олар-
ды жүзеге асыруға көмектесетін бірнеше негізгі ережелерді
қарастырамыз.
1-ереже. Сіз шешім қабылдауға тиіс мəселелердің шеңберін нақты
шектеу керек. <...>
2-ереже. Шешім қабылдау деген өзіне жауапкершілік алу деген.<...>
3-ереже. Стресс жағдайында ешқашан шешім қабылдамаңыз. <...>
Кейбір шешімдерді кейде дəл осы қалыпта болғанда қабылдау
қажет болады. Бұл жағдайда, асықпай, келесіні орындаңыз:
а) өткеннің жəне қазіргінің тəжірибесін ескере отырып жəне ойша
болашақты көз алдына елестетіп, жағдайды саралаңыз;
Достарыңызбен бөлісу: |