Сублимациялық кептіргіштердің кейбір түрлері.
76
Бұл - өндірістік жағдайда көкөністерді, жеміс-жидектерді, жуаны және т.б. азык - түліктерді кептіруге арналған қондырғы. Осы аппаратпен жылына 8,5 тонна ұнтақ немесе кепкен күйінде (табиғи дәмі, түсі және иіс. сақталған) өнімдерді алуға болады.
УСС25 сублимациялық кептіргіш.
Сублимацияланған биологиялык препараттарды, қанның белокты компоненттерін, тағамдық қосындыларын кептіруге арналған.
УЗВІО сублимациялық кептіргіш.
Биообъектілерді вакуумды сублимациялық кептіруге (лиофилизация) арналған қондырғы..
77
УКСЗ сублимациялық қондырғы
Қатырылған биообъектілерді вакуумды сублимациялық кептіруге (лиофилизация) арналған.
Вакуумды кептіргіш камера.
Бұл кептіргіш камера негізінен ағашты кептіруге арналған, бірақ оны көкөніс пен жеміс-жидектер үшін де қолдануға болады. Қысымды -0,95кг/ см.кв, төмендеткенде, қайнау температурасы 40°С-қа түседі. Кептіргіш камерадан тұрады, ол металдан жасалған. Камераның диаметрі 1,4-тен 2,6 метрге дейін жетеді. Құрылысы өте қарапайым. Автоматты түрде тек камерадағы температура бақыланады. Қалған параметрлері қолмен жүзеге асырылады.
Үздіксіз әрекетті сублимациялық кептіргіш қондырғысы, тәулігіне өнімнің 60 тоннасын өндіреді.
Қатырып-кептіру әдісімен өңделген азық-түліктер. Сублимация дегеніміз не? Бізге ҒКЕЕZЕ DRIТD) термині - ерігіш кофесі бар ыдыстағы жазудан белгілі.
Бұл термин заттың қатты фазадан, сұйық стадияға өтпей, газ тәрізді күйге айналуын білдіреді.
Сублимацияланған тағамдық өнімдерді өндірудің негізі - тез қататын азық-түліктерден (сұйық фазаны өтіп), суды буландыру.
78
Сублимациялық өнімдер - бұл құрамында консерванттары, аромати-заторлары мен бояғыштары жоқ, табиғи азық-түліктер. Сублимациялық өнімдерді өндіру екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында дами бастады. әсіресе бұл мәселе ядролық қаруды қолданудан және адамның ғарышты игерінен кейін өзекті проблемаларға айналды. Себебі осындай жағдайларда сублимациялық азық-түліктер жалғыз экологиялық таза тағам болып саналады, олар радиацияны жинақтамайды. Қазіргі кезде дуние жүзіндегі сублимациялық азык-түліктердің өндірісінде 350 астам кәсіпорындар бар - бұл негізінен санырауқұлақтар, жуа, ет, ерігіш кофе, т.б. өндірісі. Латын Америкасы елдерінде экзотикалық жемістерді консервілеу үшін арнайы технологиялар қолданады. Сублимацияланған өнімдер экстремальды жағдайларда жұмыс істейтін ғарышкерлерге, альпинисттерге, арнайы бөлімдерінің әскери қызметкерлеріне жақсы таныс.
Сублмицияланған өнімдердің артықшылықтары:
- сублимациялық өнімдер тек жоғары сапалы шикізаттардан
дайындалады;
- сублимациялық әдіспен өңдегенде, бастапқы өнімдерде 95% қоректік
заттар, витаминдер, ферменттер мен т.б. биологиялық активті қоспалар
сақталады;
- суға салғанда сублимацияланған өнімдер өте тез қалпына келеді;
- сублимацияланған өнімдер арнайы сақтау жағдайларын талап етпейді,
ал олардың аз салмағы және дайындау жеңілдігі, оларды кез-келген
жағдайда қолдануға мүмкіндік береді;
- бастапқы шикізаттың дәмдік қасиеттері, формасы, түсі жақсы
сақталады;
- сублимациялық өнімдер қоспасыз болып табылады.
Осы жаңа технологияның мәні неде? Жай сөзбен айтқанда, белгілі бір тағамды кептіреді және өте төмен температурада ұсақтайды. Өңдеудің осындай әдісі қажет өнімдерді (витаминдер, микроэлементтер, биофлавоноидтар, т.б.) белсеңді қалпында сақтауға мүмкіндік береді.
Организмде қоректік заттардың сіңірілуі бірнеше есе жоғарлайды. Мысалы, А витаминінің сіңірілуі:
Баубақшадағы сәбіз 10%
Сәбіз + қаймақ 30%
Ұнтақталған сәбіз 90%
Сублимация - тағамдық өндірістің жаңа бағыты, XXI гасырдың тағамы.
Сублимациялық азық-түліктер бізге не бере алады?
1- Организмдерге қажет заттардың - витаминдердің, минералдардың,
биофлавиноидтардың, т.б. жоғары концентрациясы;
2.барлық биологиялық активті заттар 100%-ды табиғи күйінде болады,
олардың құрылысы өзгермейді;
3.ұсақ дисперстілігіне байланысты ұнтақтың емдік қасиеттері бастапқы
шикізатқа қарағанда жоғарырақ;
4.өнімнің организммен сіңірілуі асқазанда емес, ауыз қуысында жүреді;
79
5. табиғи азық түліктерде жасанды препараттарға қарағанда витаминдер
белсендірек;
6. табиғи өнім организмге жақсы әсерін тигізеді;
7. токсинді және кері әсерлері жоқ;
8. өнім ыңғайлы формада, яғни ұнтақ күйінде болғандықтан, кез келген
жағдайда қолдануға болады.
Сублимация үдерісін бірқатар өнімдерге қолдануға болады:
• көкөністер;
• саңырауқұлақтар;
• жеміс пен жидектер
• жуа мен шөп
Сүт өнімдерін қатырып-кептірудің сусындардың қайта қалпына келуі қиын.
Сублимациялық әдіспен өнделетін бүтін, кесектер, дәндерін, ұнтақ ретінде шығарылады.
Дүниежүзілік тағамдық нарықта сублимациялық азық-өндірісімен бірқатар компаниялар айналасады: «Molda», «Галакс», «Фудлайн» «Три Топ», Nestle, Cadbury, «Русский продукт» «Быстрое», «Бишоп «Люкс» Версия»,т.б.
Қазіргі нарықтағы табиғи азық-түліктерге деген жоғары сұранысқа байланысты тағамдық өндірісте жаңа технологиялық жолдар ізделуде Сублимациялық кептіру әдісі осы талаптарға сай, алайда жоғары эффективті технологиясына байланысты бағасы да қымбат. Сондықтан осындай өнімдермен тек ірі кәсіпорындар - әйгілі тауарлы брендтер айналасады.
«Доктор Отто Сувелак» компаниясының жаңа перспективалы өнімдері.
Криспи. Бұл - жемістерден және т.б. шикізаттардан қатырып кептіру арқылы алынған дәндерін. Табиғи дәмі, жаңа біртекті құрамы толығымен сақталған.
Сублимацияланған кофені өндіру.
Жақсы дәндерді таңдап алу, қуыру, ұнтақтау типтері, қатырып кептіру технологиясы нәтижесінде жоғары сапалы кофені өндіру мүмкін болып отыр.
80
Ал бұл Синхуа қаласының ДИННЭН компаниясының тағамдык өнімі. Құрғақ картоп, мөлшері 10х10х10мм.
2.11. Тағамды сақтау мен консервілеуде микробиологиялық
Достарыңызбен бөлісу: |