Оқу құралы Көкшетау 2009 Пікір жазғандар



жүктеу 2,75 Mb.
бет7/14
Дата01.01.2018
өлшемі2,75 Mb.
#6442
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

2.9.1. Өсімдік майын өндіру

Май шикізаты мен оның сақталуы және біріншілік өңдеу.

Майлар - өсімдіктің әртүрлі мүшелері мен морфологиялық бөліктерінде жинақталған. Майдың нақ қоймасы болып - көптеген майлы дақылдардың дәндері, жүгері дәнінің, какаоның бұршақтары, соя, арахис табылады.

60

Май шикізатының сипаты:

Біздін елде майлы дақылдардың негізі болып, күнбағыс пен мақта қолданылады. Күнбағыс дәнінен өсімдік майы өндірісінің 75%-ын алады. Күнбағыс - өсімдігі күрделігүлділер тұқымдасына жатады. Күнбағыстың жақсы сорттары өзінің жоғары өнімділігімен (35-37 ц/га) және майлылығымен (52-54%) ерекшеленеді.

Мақта - құлқайыргүлділер тұқымдасына жатады. Дәндерінің майлылығы - 22-24%. Осы екі майлы дақыл біздің елде 90%-ке дейін өсімдік майын береді. Басқа майлы дақылдар - лен, соя, қыша, кунжут, арахис аз көлемде өндіріледі.

Дәндерді қабыршақтарынан тазалау.

Сактау мен өңдеуге келіп түсетін дәнді масса, біртекті емес қоспадан құралады, яғни дән мен басқа қоспалардан, мысалы: органикалық (дәннің жапырағы, сабағы, сыртқы қабат), минералды (жер, тас, топырақ) және майлы (бұзылған дәндер) қоспалардан тұрады. Қоспалардың болуы технологиялық қондырғылардың өнімділігінің төмендеуіне, машиналардың жұмыс тетіктерінің қажалуына әкеледі. Қоспалардың кейбіреулері майға жат бояуды береді, майдың тағамдық құндылығын төмендетеді. Оған қоса қоспа-ның болуы-дәнді саны сақтау кезінде бұзылуға әкелетін микроорганизм-дердің көзі болып табылады. Қоспалар дәндердің сақталуы мен өңдеуін қиындатады, сондықтан дәнді қоспалардан тазалап отыру қажет. Дәндерді дайындаудың негізі болып, дәнді массаны өлшемдері бойынша 2-3 фракцияға бөлу жатады.



Май шикізатын сақтау.

Көптеген майлы дақылдар үшін шикізатты дайындау кезеңі 2-3 аймен шектелген. Сондықтан көп партиялы дәндерді өңдеуге дейін сақтау, оған қоса шығынсыз сақтау, сапасының нашарламауын болдырмау - қиын іс. Дегенмен, өте маңызды.

Сақтауға түскен дәндер тазалаудан кейінгі жетілу сатысына түседі, нәтижесінде оның физиологиялық және технологиялық қасиеттері жақ-сарады, дәндердің ферменттік жүйесі минимальді активтілік жағдайына келеді. Тазалаудан кейінгі жетілу жағдайы тынығу жағдайына ауысады, оның нәтижесінде дәннің тыныс алуы төмендейді. Тыныс алу - заңды үдеріс. Тыныс алу кезінде дәннің қор заттары, соның ішінде май жұмсалады. Сондықтан олардың майлылығы аздап төмендейді. Тыныс алу қарқын-дылығы дәндегі ылғалдың болуына, температура мен атмосфераның газдық құрамына байланысты. Осы факторлар дәннің өзіне ғана әсер етіп қоймайды, оған қоса дәннің массасының барлық тірі компоненттері, яғни микро-организмдерге де әсер етеді. Өсімдікте өзінің пісіп-жетілуін толық аяқтаған дәннен тұратын массаның төменгі деңгейде ылғалдылығы мен тыныс алудың да төмен деңгейі байқалады.

Май шикізатын кептіру

Ұзақ уақыт бойы өзінің төзімділігін тек кұрғақ дәндер сақтай алады, сондықтан сақталуға келіп түсетін майлы дәндердің орташа ылғалдылығы критикалық деңгейден төмен, яғни 2-3 % болуы керек. Көптеген майлы өсімдіктердің дәндері жиналып болғаннан кейін белгілі ылғалдылықта болады.

61

Әдетте дәндерді ауаның және шахты (ВТИ.ЛСП) кептіргіштердегі түтінді газдардың қоспаларымен кептіреді. Кептірілген дэндерді олардың атмосфералық ауасымен үрлей отырып, суытқыш камераларда суытады. Жылумен әсер ету кезінде дәнде болатын қажетсіз өзгерістерді болдырмау үшін сатылы кептіруді қолданады.



Перспективті кептіргіш болып, дәндерді «қайнап жатқан» қабатта кептіру әдісі саналады. Егер горизонтальді бағытта торлы тегістікте жатқан дәндер қабатының астынан ауаны үрлейтін болса, онда ауаның белгілі бір жылдамдыққа жетуі кезінде, әрбір дән өзінің массасына тең ауа та тасқынын сезетін болса, онда ол жалпы массадан ауытқымай белгілі бір ортаңғы нүктенің вертикаль бойымен ауытқиды.

Егер осындай «қайнап жатқан» немесе псевдокүйдірілген қабатқа ауаның орнына кептіргіш агентті жіберсе, онда дәнді кептірудің жылдамдығы елеулі түрде өзгереді. Қайнап жатқан қабаттагы кептіру әдісі ВНИИЖ кептіргішінде жүргізіледі (23-сурет).


23-сурет. ВНИИЖ ротациялық кептіргіш.

Кептіргіш цилиндрлік камерадан тұрады (кептіргіш-1, суытқыш-2) және олардың ортак вертикальды валы бар, оның үстіне роторлар орналасқан-3 Роторлар – дәндерді араластыруды қамтамасыз етеді. Роторлардың астында темір торкөздер бар-4. Ол арқылы кептіргіш агент пен ауа келіп түседі. Келіп түскен кептіргіш агент пен ауаның әсерімен дәндер «қайнап жатқан» жағдайда камералардың ішінде роторлармен бірге араласып, одан кейін кептіргіш және суытқыш камералардан өтіп кептіргіштен шығарылады.

Май шикізатынан майды алуға дайындау.

Майлы дәндердің ұлпаларында майдың қоры біркелкі таралмаған;. Негізгі бөлігі дәннің ядросында жиналған, ал олардың қабығының құрамында майдың көлемі азғантай. Осыған байланысты, көптеген майлы дәндерді өңдеу кезінде оларды ядродан бөліп алып, қабығынан ажыратады. Нәтижесінде шикізаттың майлылығы жоғарылайды.



Дәндерді опыру

Қабықты ядродан бөліп алудан кейін одан алынған қалдық қоспаның ядро мен қауызға дейін бөледі. Майлы жемістер мен дәндерді қабықша мен ядро-ның физика - химиялық қасиетіне байланысты әртүрлі әдістермен опырады. Дәнді опыруға арналған машиналарға қойылатын негізгі талап – ол

62

ядроны бұзбау керек. Осы үдеріске центробежді рушка автоматтанған аппараты қолданылады.



Дәндерді майдалау.

Дәннен немесе ядродан майды алу үшін олардың клеткалық құрылымын бұзу керек. Майдалау операциясының соңғы сатысы - ол дән клеткасында жиналған майдың әрі қарай технологиялық өңдеу үшін пайдаланылу болып саналады. Шикізаттың майдалануының керекті деңгейі - ұнтақтауды жүргізетін, дән немесе ядроны басу мен ысуды жүргізетін механизммен орындалады. Майдалаудан кейін алынатын материал метка деп аталады және ол ауқымдылығымен ерекшеленеді. Майдалау кезінде клетка қабықшасының бұзылуымен қатар, клетканың майы бар бөлігінің құрылысы бұзылады. Майдың елеулі белігі босап шығып, метка бөліктерінің үстінде адсобцияланады. Метканы 80°С-температураға дейін қыздырады. Ылғалдылығы ылғалдандырудан кейін 8-9 % болуы керек. Сосын метканы 105°С -ге дейін қыздырып, кептіреді. Осындай жолмен өңделген метка мезга деп аталады. Дайын мезганың ылғалдылығы 5-6 %-ға жетеді. Осындай мезга мадын алдын - ала тиімді шығуын қамтамасыз етеді. Мезганы жасап шығару үшін: кептіргіш барабанды және шнекты аппарат-тары қолданылады. Көбіне кең таралған 5 немесе 6 чандардан тұратын кептіргіштер қолданылады (24-сурет).





24-сурет. Кептіргіш Ж-68

Майды бөліп алу.

Мезгадан майды бөліп алу престеу немесе органикалық еріткіштер арқылы экстракциялау көмегімен өтеді. Әдетте осы екі үдеріс бір - біріне сәйкес келеді.



Престеу әдісі.

Майды сығу барысында алдымен мезгадағы престелетін материалдың тығыздалуы жүреді, яғни мезганың бөліктерінің жақындасуы мен олардың үстіңгі жағындағы май қабаттарының адсорбцияланғандарының бірімен-бірінің жанасуы жүреді. Майдың қалыңдығы жоғарылап, оның бөліктерінде жоғары күштермен ұсталып тұрған майлар өз еркімен бөліне бастайды. Мезганың бөліктерінің әрі қарай толық тығыздалуының нәтижесінде мезга деформацияланып толықтауыш май тек үстіңгі бетінде ғана емес, бөліктің ішкі капиллиярларынан да бөлініп шығады.Әрі қарай қысымның жоғарылауы мезга бөліктерінің жабысуына әкеледі, оны брикет деп атайды. Мезга-ның созылғыштығы өсіп, оның нәтижесінде майдың бөлініп шығуы тоқтай-ды. Престен шығатын брикеттің кұрамында азғантай май толықтауыш



63

майсыздандыруға әкеледі. Ол үшін шнекті пресс қолданады. Оны төмендегі суреттен көруге болады.



25-сурет. Шнекті пресс МП-68



Экстракциялау әдісі.

Престеу арқылы мезганың толық майсыздануына жетуге болмайді. Тек экстракциялық әдіс арқылы толық майдың шығарылуын қамтамасыз етуге болады.



Экстракциялауға арналған еріткіштер ретінде А және Б маркалы бензиндер мен гексан қолданады. Бензин мен гексан химиялық инертті болғандықтан олар аппаратты коррозияға ұшыратпайды. Экстракциялау диффузиялы үдеріс. Өсімдік майларын экстракциялау және майды май материалынан бөліп алу үшін оның еріткіштің ағынынан үздіксіз өтуі керек оған қоса ол ағынға қарсы жүруі керек, яғни экстракцияланатын материал мен еріткіш үздіксіз біріне-бірі қарама-қарсы жүріп отыру қажет. Осы үді жылдамдық жоғары болып, үдеріс ұзаққа созылмайды. Экстракциялаушы аппараттың конструкциясы қарапайым болады. Ол үшін НД-1250 модернизацияланған экстрактор қолданылады (26-сурет).

26 -сурет. НД-1250 модернизирленген экстракторы.

Экстрактор - декантаторы бар жүктеуші колоннадан (1), горизонтальді шнектан (2), экстракциялық колоннадан (3) тұрады. Корпустың ішінде перфорирленген жұмыс шнектері қондырылған (4). Шнектерді редуктор арқылы электрқозғағыш көмегімен айналдырады. Шнек валының үстінде шротты жіберіп отыратын қондырғы орналасқан. Еріткіштің енуі форсункалар (5) арқылы жүргізіледі. Ол экстракциялаушы колоннаның үстінде орналасқан

Еріткіш немесе мисцелла материал арқылы фильтрленіп, одан майды қатты мисцелла түрінде экстракциялайды. Сосын мисцелла жинағы арқылы экстрактордың шығу жағына мисцеллалар шығады.



Мисцелланы дистилляциялау.

64

Экстрактордан шығатын мисцелланың құрамында 10-15 тен 30-35% ке Йін май бар. Мисцелладан еріткішті алып тастауды дистилляция деп атайды. дистилляцияның 2 сатылы үдерісіне қабықты дистиллятор қолданылады.



27-сурет. Қабықты дистиллятор Ақырғы дистиллятор

Ол атмосфералық қысым арқыльі жұмыс істейді. Оған қоса ақырғы дистиллятор да қолданылады, ол қалдық қысымда жұмыс істейді. Қабықты дистилляторда құбырлы секция (1) мен сепаратор (2) бар. Қыздырудың жалпы ауданы 100м. Мицелла насос арқылы құбырның төменгі жағына беріледі. Құбырлардан өте отырып, құбырлар арасына қыздырылган будың

( 180-200°С температурасында) әсерінен мицелла құбырдың 1/3 биіктігінде қайнай бастайды. Қайнау барысында мицелланы жоғары жылдамдықпен жұқа қабық түрінде итеретін еріткіштің буы түзіледі, ол бумен қыздырылған ішкі кеңістікті жауып жатады. Мицелланың өте жұқа қабығына байланысты еріткіш тез, оңай түрде одан ұшып кетеді. Еріткіш пен мицелла буларының қоспасы сеператордың (3) пластинкаларына түсіп, оның қабырғаларына лақтырылып кетеді. Осыдан кейін концентрленген мицелла ақырғы айдалымға кетеді.(Ақырғы дистилляция) Қабықты дистиллятордың жақсы жұмыс істеуінің міндетті жағдайы болып, оған мицелланың қайнау нүктесіне жақын температурада берілуі табылады. Сондықтан дистилляция алдында мицелла жылдамдатқыштан өтеді. Дистилляцияның ұзақтығы 6-10 мин.

Ақырғы дистилляторда еріткіштің толық бөлінуі жүреді, оған қоса вакуум арқылы мицеллидің шашырауы жүреді. Дистиллятор 3 камерадан тұрады шашыратқыш (1), қабықты (2) және дезодорациялық (3)) және тамшы Ұстағыштан (4) тұрады. Қыздырылган мицелла форсункага енгізіліп, вакуум арқылы дистиллятордың жоғарғы зонасына шашырайды. Шашырату ұшып кетудің жоғарылауына септігін тигізеді.Жоғары концентрленген мицеллалар-дың тамшысынан еріткіштің маңызды бөлігі алынып тасталынған соң форсункалар (6) арқылы вертикальді пластиналарға (5) жіберіледі. Қабық түрінде олардан ағып түсу барысында су буының жылуының әсерінен еріткіштен айырыла береді.

Дистиллятордың төменгі бөлігіндегі май жинағыш құбырда май 400-500 мм Қалыңдықта қыздырылған бу арқылы ұрленеді (барботирленеді), онымен бір уақытта булы қапшық арқылы бумен қыздырылып отырады. Осындай

65

өңдеуден кейін еріткіштің соңғы дақтары алынып тасталынады. Ал, дайын май суытылуға алынып кетеді. Дистилляцияның ұзақтығы 4-5 мин.Дайын мадын температурасы 100-110 °С.




жүктеу 2,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау