1) "дейін тұтынылсын";
2) "дейін жарамды".
Алдын ала және мерзімді медициналық тексеруден өтпеген, сондай-ақ әртүрлі аурудың көздері болып табылатын жұқпалы аурулармен ауырған субъектілер персоналын зертханалық зерттеулердің теріс нәтижелері алынғанға дейін тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату үдерістеріне (сатыларына) жіберуге тыйым салынады.
Ү. ГЕНЕТИКАЛЫҚ МОДИФИКАЦИЯЛАНҒАН ӨНІМДЕР.
Бүгін генетикалық модифицирленген өнімдер ХХІ-ғасырдың жетістіктерінің бірі болып саналады. Көптеген ғалымдардың пікірінше ондай өнімдерді тамаққа қолдану аштықпен күресудің бір әдісі болып есептеледі.
Генетикалық модификацияланған немесе трансгенді өнімді қалай түсінеміз? Бұл гендік инженерия әдісінің көмегімен организмдердің қалыпты гендеріне бөтен генді енгізу. Алғашқы трансгенді өсімдікті Өсімдіктер институтында 1983 жылы алды. Биотехнологияның бір жетістігі болып кәдімгі томат пен америкалық тегіс қызанақты будандастыру арқылы суыққа төзімді қызанақтың шығуы болды.
1994 жылы американдық супермаркеттерінде алғашқы генетикалық модификацияланған қызанақ пайда болды, ол өзінің өнімдік түрін көп уақыт бойы сақтай алды. Биоинженерияның келесі өнімі болып картоп алынды. Оны колорад қоңызы жеміне пайдалана алмайды, себебі оған қоңыздың өліміне дейін әкелетін бактерия гені енгізілген. Қазіргі кезде генетикалық өзгертілген өсімдіктің 120 түрі бар - соя, кукуруза, күріш, мақта, және
тағы басқалар. Бірақ генетикалық өзгертілген өнімнің тек 1%-зын ғана адамзат тағамына қосады. Бірақ адамдар осы өнімдерге көп сенбейді және де оны «Франкенштеин тамағы» деп атады. Бірақ трансгенді өнімдерді жақтаушылардың айтуынша өзгертілген өнімдер дүниежүзін аштықтан сақтайды.
Біріншіден, жоғары сапалы тағамдарды барлық адамдардың пайдалануына мүмкіндігі бар, себебі қаржы жағынан олар арзан болады.
Екіншіден, трансгенді культураларды өсіргенде гербицидтер мен пестицидтердің мөлшері азаяды.
Үшіншіден, асқазанға ауыр әсер етпейтін тағамдар алынады. Күріш көптеген дамып келе жатқан мемлекеттерде көп мөлшерде тамаққа қосылады, сондықтан оны арнайы модификацияланды. Күріште енді витамин А және темір бар, олар қауіпті ауруларды болдыртпайды
125
Қазір ғалымдар әлі толығымен трансгенді өнімдердің адам организміне мутагенді әсерлерін зерттеген жоқ.
Генетикалық модификацияланган көкөністерді дүниежүзінің 13 елінде сонымен қатар АҚШ, Канада, Аргентина, Австралияда өсіреді. Ондай өсімдіктердің түрлерінің өсірілуі өндірушілерге өте жақсы қаражат әкеледі.
Трансгенді жануарларды алу.
Геномында бөтен ген (немесе гендер) бар жануарлар трансгенді деп аталады. Трансгенді жануарлар алу трансгеноз әдісі арқылы іске асады. Трансгеноз деп генді бір биологиялық жүйеден басқа жүйеге жаңа белгілері бар организмнің жаңа формасын алу үшін жасанды жолмен тасымалдауды түсінеді . Трансгенді жануарлар әр түрлі биологиялық активті биотехно-логиялық заттарды синтездеу жане бағалы белгілері (тұқымдылығы және өсу қарқындылығы жоғары, вирустық ауруларға төзімді т.б.) бар малдардың жаңа тұқымдарын алу үшін қолданылуы мүмкін.
Трансгеноз әдісімен бөтен генді эухариоттық жыныс клеткаға енгізіп оның жұмысын бақылау арқылы генетикалық инженерияның көптеген ірі мәселелерін айқындауға болады, өйткені мұнда трансгенді эмбрионның жатырдағы даму ерекшеліктерін зерттеу мүмкін болады. Бұдан басқа ген жұмысы механизмдердің түр ерекшелік дәрежесін айқындауға болады. Тасымалданған гендер жаңа иесінің генетикалық аппаратымен құрылымды әрі функциялы байланысқандықтан бұл үдерісс іn vivo жағдайындағы генетикалық рекомбинацияға алып келеді, ал бөтен гендерді тасымалдау тәсілдері клетка және организмдердің генетикалық инженериясының әдістері болып саналады. Трансгенді жануарларды алу үшін рекомбинантты гендерді микротүтікше және микрокапиллярлар көмегімен ұрықтанған ооциттің (жұмыртқа клетканың) пронуклеусіне енгізу әдісі кең қолданылады. Трансгеноз әдісі үшін ооциттер цитоплазмасының мөлдір болуы керек. Бірақ тышқаннан басқа жануарлардың, соның ішінде малдың ооциттері мөлдір емес сондықтан рекомбинантты ДНҚ-ны пронуклеуске енгізу ете күрделі және қиын. Осыған қарамай, соңғы кезде әртүрлі әдістемелік және техникалық жетілдірулер арқасында трансгенді қой, сиыр, шошқа және қоян алу іске асты.
126
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Афанасьева О.В. Микробиологический хлебопекарного производства. М.
Пищевая промышленность.1976.287с
2. Мишустин Е.И., Трисвятский Л. А.,Микробиология зерна и муки. М:
Хлебоиздат. 1960. 406с.
3. Абдиева Г.Ж.. Морфологические и биохимические особенности Васіllus
subikis // Биотехнология. Теория и практика. Астана. 20О2.-№1(2) с.83-86.
4. Жубанова А.А. Изучение количественных взаимоотношений
спорообразующих палочек и молочнокислых бактерий зерна пшеницы
различных регионов Казахстана.// Вестник КазГУ, серия экологическая.
2002-№1(2).- с. 92-102.
5. Калинина В.И., Кветный Ф.М., Маслова И.Е. Способы борьбы с тягучей
болезнью пшеничного хлеба длительного хранения // Хлебопекарная и
кондитерская промышленнность. 1974.№4 с.16-20.
6. Мудрецова К.А. Микробиология. М: Экономика. 1985. с. 217-221.
7. Козьмина П.П. Зерноведение. М.1955. 281 с.
8. Шлегель Г. Общая микробиология. М. Мир. 1987. 567 с.
9. Кретович В.Л. Биохимия зерна и хлеба. М. Наука. 1991.246 с. 10.М.Х.Шигаева.,М.Ш.Оспанова. Микрофлора национальных
кисломолочных напитков. Издательство "Наука" Казахской ССР. Алма -
Ата. 1983. с 5-36.
11.Б.Барақбаев.,Сүт және сүт тағамдары. Алматы:Қайнар.1989 12.Л.И.Воробьева. Промышленная микробиология..М.1989 13.Н.Шоқанов.С.Сағындықов. Микробиология.,Алматы. 2003 ж.
14. Г.Шлегель.Общая микробиология. М.1987г.
15.Генкель П.А. «Промышленная микробиология» Просвещение . 1976 год. 16.Основа кондидерских изделии - һпр:/Gооgl. rаһаt.kz
17.Кузнецов А.Е., Градова Н.Б. Научные основы экологической
биотехнологии. -М: Мир 2003
18.Жубанова А.А., Абдиева Г.Ж., Шөпшібаева Қ.К., «Биотехнология
негіздері» Алматы, Қазақ университеті2006
19.Елинов Н.П. Биотехнология. Наука, 1995. 600 с
20.Әлмағанбетов Қ.Х., «Биотехнология негіздері» Астана, 2007
Өнерхан Гүлжайна
ТАҒАМ БИОТЕХНОЛОГИЯСЫ (Оқу құралы)
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Кекшетау мемлекеттік университетінін
редакциялык-баспа бөлімі
15.03. 2009ж баспаға қол қойылды. Көлемі 8б.п. Таралымы 50 дана.
Тапсырыс №7 . Қағаз кешірмелі. Ризография. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінін баспаханасында басылған Отпечатано в типографии Кокшетауского государственного университета им.Ш.Ш. Уалиханова Мекен жайымыз: Қазакстан, Ақмола обл., Көкшетау к., Абай 76, Ш. Уәлиханов атындағы КМУ РБҚ е-таіі: ипіуег5І@к.ок5һе1аи.оп1іпе.кг
Достарыңызбен бөлісу: |