Оқу құралы Көкшетау 2009 Пікір жазғандар


Сұйықтықтарды залалсыздандыру



жүктеу 2,75 Mb.
бет2/14
Дата01.01.2018
өлшемі2,75 Mb.
#6442
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Сұйықтықтарды залалсыздандыру

Термиялық залалсыздандыру. Сұйықтықтардың (қоректік орта, көбік басқыш т.б) термиялық залалсыздандыру тәртібін таңдау кезінде екі қарама-қарсы жағдайға мән беру керек. Біріншіден, микроорганизмдерді толығымен жою, екінші, сұйыктықта болатын пайдалы заттардың минимальды түрде ұзылуын қадағалау.

Тәжірибеде сұйықтықты залалсыздандырудың үздіксіз және мерзімді әдістері қолданылады. Мерзімді әдіспен қоректік ортаны ыстық бумен, кейде электр жылытқыштармен қыздыра отырып, тікелей аппаратта немесе колбада залалсыздайды. Залалсыздандырудың ұзақтығы мен температурасы қоректік ортаның құрамына тәуелді. Оның саны және тұқымдануы 100-ден 126°С және 15-тен 60мин аралығында ауытқып отырады.

Қоректік ортаны өндірістік жағдайда залалсыздандырудың біршама жаңа және тиімді әдісі үздіксіз залалсыздандыру. Ол арнайы үздіксіз залалсыздан-дыру құралдарында жүзеге асырылады және үш негізгі бөлімнен тұрады: жылыту, ұстап тұру және салқындату. Жылу алмастырғыш құрылғының құрылымы әр бөлімінде әр түрлі болуы мүмкін, көбінесе олар «кұбыр ішіндегі құбыр» типті болып келеді, ал тиімділігі пластинкалы жылу алмастырғыштарға қарағанда төмен, қарапайым. Залалсыздандырудың үздіксіз әдісінің артықшылығы -құрылғының өндіргіштігін күшейтуінде және қол еңбегін қысқартуында. Ең негізгі артықшылығы - ортаны жылыту және суытуда үлкен жылдамдықпен қамтамасыз етуінде. Бұл жоғары темпера-турада, яғни 130-дан 160°С- да қысқа мерзімді залалсыздандыру жүргізуге мүмкіншілік береді, ал ұстау уақыты 3-10 минутқа созылады. Осындай тиімділікте үздіксіз залалсыздандыру үдерісінде ортаның термофильді компоненттердің жоғалу дәрежесі бірден төмендейді, соған сәйкес, споралардың өлу жылдамдығы мен жылыту кезіндегі ферменттер, витаминдердің жайылуында да айтарлықтай айырмашылықтар болады.

Үздіксіз залалсыздандыруды жүргізу барысында ортада қатты бөлшектердің болуының да маңызы бар, олар сұйықтарға қарағанда баяу жылиды. Оны залалсыздандыру режимін таңдау кезінде еске алу қажет: 100 мкм бөлшекті жылыту ұзақтығы 0,01с, ал 1м -1с, 10мм -100с болатындығы көрсетілді.

Залалсыздандырылган ортаның рН-ы да маңызды болып табылады. Залалсыздандырылған сұйықтықтың соңғы рН көлемі және термофильді заттардың жойылу жылдамдығы осы параметрге байланысты. Бастапқы және соңғы рН мәнінің арасындағы байланыс залалсыздандыру барысында әр орта үшін тәжірибеге сәйкес орнатылады.

Аралас термомембранды залалсыздандыру.

Соңғы жылдары жартылай өткізгіш мембрананы пайдалануга негізделген алсыздандыру көбірек қолданылып жүр. Төменгі энергия сыйымдылық, рмофильді компоненттерге кері әсерінің жоқтығы сияқты артықшылықтары -болғанмен, бұл әдіс құрамында жүгері бөлшектері немесе соя ұны, бор т.б. қатты заттары бар тұтқыр ортаны өңдеуге жарамсыз. Осындай кемшіліктерін азайту үшін, қоректік орта компоненттерін жекелеп өңдеуге болады.

11

Мысалы; технологиялық суды және тұзды ерітінділерді микрофильтрлеу жолымен,ал қатты бөлшектері бар концентратты үздіксіз залалсыздандыру құралдарында залалсыздандырады. Бұл термиялық әдіспен залал-сыздандырылған сұйықтықтың көлемін, бу шығымын және салқындатылған судың көлемін бірден қысқартуға мүмкіндік береді. Концентраттар мен технологиялық судың (тұзды ертінді) келемінің арақатынасы 1:3 тең, залалсыздандырудың аралас әдісі жылытып залалсыздандырумен салыстырғанда энергетикалық шығынды 73% -ға төмендетеді.



Технологиялық су, тұзды ерітінді немесе басқа залалсыздандырылған сұйық сығылған ауаның қысымының әсерінен қатты бөлшектерді ұстап қалатын фильтрден өтіп, буферлік ыдысқа түседі. Тазартылған ерітіді айналмалы насостың көмегімен мембранды сүзгіш аппаратқа беріледі, одан ферментаторға кетеді, ал ерітіндінің қалған бөлігі буферлік ыдысқа қайтып келеді.

Осы технологиялық нұсқау бойынша сұйықтықты кері айналдырса мембрана астынан мембрана үстіне сұйықтықтың интенсивті ағымы орын алады және ол таза болады. Айналымдағы ерітінді құрамында қатты бөлшек-тер аз болғандықтан, мембрана бетінде тұнба қабаты түзілмейді.



Қоректік ортаны суық залалсыздандыру.

Залалсыздандырылған қоректік ортаны алудағы ең басты мәселе-оның биологиялық толыққандығы немесе біртұтастығын сақтап қалу. Ол дегеніміз термофильді компоненттэрдің (мысалы витамин) сақталуы, түрлі ингибиторлардың түзілу үдерісін болдырмау.

Соңғы жылдары асбестсіз целлюлозды және мембранды сүзгіш элементтер кең көлемде қолдау тауып отыр. Бұл сүзгіштер 12-ден 0.01м саңылаулы, қалыңдығы шамамен 80-150мкм.

Суық залалсыздандыруда «miuipor», «владипор» деген фирмалардың мембраналық сүзгіштері арқылы сүзу, ультра сүзу де бар. Мембраналарды полипропилен, целлюлоза, ұсақ саңылаулы таттанбайтын темір, ұйысқан жіп және сым торлар, микро талшық, нейлон т.б. материалдардан дайындайды.

Барлық залалсыздандырғыш агенттердің әсері клетканың өсуіне және көбеюіне қажетті клеткаішілік маңызды заттарды инактивациялауға негізделген. Клетканың барлық даму фазаларына күрделі жолмен қосылатын көптеген белоктар, әсіресе, ферменттер жылудың әсерінен денатурланады Олар сондай-ақ хромосомаға радиацияны немесе химиялық улы заттардың әсерін тудыратын молекулалық өзгерістерге де сезімтал.

Ауаны тазарту және залалсыздандыру.

Газды сүзу механизмдері

Биологиялық өндірістерде механикалық қосылыстардан тазарту және ауаны залалсыздандыру маңызды технологиялық үдеріс болып табылады Осындай залалсыздандырылған ауа цехтар мен бокстарды желдету үшін залалсыздандырылған дақылдық сұйықтарға қысыммен берілу үшін және залалсыздандырылған ыдыстарда бастапқы қысымды ұстап тұру үшін қолданылады. Негізгі залалсыздандырылған ауаны дақылдау үдерісінде аэрация кең қолданылады. Лабораториялардан және өндіріс орындарынана

12

шыққан қалдық ауа, құрамындағы микроорганизмдерінен тазартылып, азалығы бақыланады.



Ауаны залалсыздандыру үшін қолданылатын техникалық тазарту жүйесіне қойылатын негізгі талап-оны микрофлорасынан және басқа да қосылыстардан тазарту болып табылады. Осы талаптарды қанағаттандыр-ғаннан асқа, қарастырып отырған жүйе белгілі бір термодинамикалық сипаттамалары (температура, ылғалдылық, қысым) бар ауаны алуды да қамтамасыз ету керек.

Ауаны жоғары дәрежеде тазарту (99,9999999%) үшін газдағы аэрозольды бөлшектерді жойып, оны әр түрлі талшықты ( қағаз, картон) немесе тесіктері бар (полимерлер, металдар, керамика) материалдардан өткізуге болады.

Микроорганизмдерді, жануар және вирус клеткаларын өсіргенде, биореакторға залалсыздандырылған ауаны немесе басқа газдарды дақылдық сұйықтықты аэрациялау үшін жіберу керек. Биореакторға жіберілген ауа өсіп жатқан дақылды оттекпен, азотпен, көмірқышқыл газымен қамтамасыз етіп қана коймай, микроорганизмдердің биосинтез үдерісінде бөліп шығарған газ алмасу және физиологиялық жылу өнімдерін аластатады. Нәтижесінде, масса және жылу алмасу үдерісінің жылдамдығы артып, суспензия гомогенизация-ға қабілетті болады. Газдың ылғалдылығына да мән беру керек, егер ол тым жоғары болса, онда сүзгіштің жұмысы тұрақсызданады.

Ауаны тазартуға арналган сүзгіштер құрылысы бойынша 2 топқа бөлінеді: талшықты сүзгіш материалдарын пайдаланатын күрделі типті сүзгіш және жеке сүзгіш. Күрделі типті сүзгіштің артықшылығы, ол арзан және қарапайым, сондай-ақ шаң жинағыш (сүзгіштің үстіңгі бетінде шаңды көп мөлшерде ұстап қалады). Ал, кемшілігіне келсек, тиімділігі біркелкі емес және бұл сүзгіштермен жұмыс істеу сенімсіз және тұрақсыз болып табылады.

Жұмыс істеуге сенімді, жақсы сүзгіштер жогары тиімді, механикалық, мықты материалдардан дайындалады. Оның пішіні мен көлемі дайындалған материалдың сипатына байланысты болады. Сүзгіш материалдар

Жұмыстың мақсатына байланысты қазіргі кезде сүзгіш материалдың көптеген жаңа түрлері қолданылады.

Ауа тазартқыш сүзгілердің құрылысы

Ауаны алдын ала тазалау сүзгіші. Бұл сүзгіш ауа үрлейтін құбырдың немесе компрессордың алдындагы сіңіргіш линияға орнатылады. Инерциялық тұндыру тәсілімен 1,5-3,0 м/с сүзу жылдамдықта көлемі 5мкм -ден үлкен ауа бөліктері тазартылады.

Нәзік тазарту сүзгіші (басты). Басты сүзгіш компрессор немесе ауа үрлегіш құбырдан алдын ала тазарту сүзгісінен өткеннен кейінгі жүйеге түскен -ауаның негізгі ластанған массасын ұстап қалуға арналған.

80-ші жылдарға дейін Отандық өндірістерде технологиялық ауаны залалсыздандыру үшін көбінесе тереңнен сүзгіштер қолданылып келді.



Коммуникацияны және жабдықтарды залалсыздандыру.

Асептикалық жағдаймен қамтамасыз ету үшін, барлық коммуникациялар мен құрал жабдықтарды, микроорганизм дақылымен байланысты заттарды, сондай-ақ тығындалуды реттеуші арматураның кейбір элементтерін

13

залалсыздандыру қажет. Өндірістік ферментатордың техникалық жүйесі өте күрделі болып келеді, көптеген құбырлардан, көрсеткіштерде (датчик) тұрады.



Ауаны залалсыздандыру мен тазалаудың өнеркәсіптік жүйесі

Қысыңқы технологиялық ауаны дайындау, оның фильтрация әдісімен

биосинтез және залалсыздандыру үшін биореакторларға берілуі бірнеше

сатыдан тұрады.

Газдарды залалсыздандыру мен тазалау жүйесі техникалық белгілеріне байланысты бөлінеді:

1. Аэробты дақылдау үшін ауаны дайындау және беру немесе газдарды биореакторларға, яғни сұйық дақылға беру.

2. Газдарды дайындау және беру.

3. Микроорганизмдердің суспензиясын және таза сұйықтықтарды бір

ыдыстан екінші ыдысқа ауыстыру, қысыңқы ауаны дайындау немесе

ары қарай өңдеу (центрифугалар, сеператорлар, фильтрлер және т. Б)

4. Әртүрлі кұрал-жабдықтан шыққан ауаны және газдарды тазалау.

Ауаны залалсыздандыру мен техникалық тазалық жүйесі келесі сатылау

бойынша жүреді: механикалық қоспалардан алдын ала тазарту; сығу

салқындату; конденсацияланған ауаны бөліп алу, ылғалдылықты және

майды залалсыздандыру.

1-ші этап - дөрекі тазапау. Газдарды компрессор алдында дәрекі қоспалардан тазартады.

2-ші этап - газдың сыгыпуы. Қазіргі кезде әртүрлі өнеркәсітерде көбінесе поршеньді компрессорлар қолданылады. Сығылу кезінде ауа 100-ден 200°С- қа дейін қызады, сондықтан оны дақылдау температурасына дейін салқын-датып тұру керек. Ауаның жоғары ылғалдылығына байланысты салқындат-қан кезде 50-70% -ға дейін түседі.

3-ші этап - газ фильтрациясы және біріншілік тазалау.

4-ші этап - жіңішке тазалау және газ фильтрациясы. Басты фильтерден кейін газ жеке фильтрге, одан әрі биореакторға түседі.

1.3. Биореакторлар және олардың жұмыс істеу принциптері

Биотехнологиялық өндірістің негізін биореакторлар (ферментерлер) құрайды. Биотехнологияда қолданылатын құрал жабдықтар гигиеналық және санитарлық нормаларға сай келу керек. Аппараттағы бір бөлшектерді ауыстырғанда ондағы ішіндегі заттарға сол бөлшектердің зақымы тимеу керек. Әсіресе ол бөлшектер биореактор ішіне түспеу керек.

Өсімдік клеткаларының клетка қабығы болғандықтан, ол организдер аппаратта көп уақыт өседі. Нәтижесінде аппаратта қосымша енгізулер болу керек. Ал жануарлар мен адам клеткаларының клетка қабығы болмағандық-тан олар биореактордағы ортада көп талапты қажет етеді. Сондықтан бұл биореакторлар ондағы биообъектілерге өте сезімтал болу керек.

К. Шюгерль 1982жылы биореакторды 3 негізгі топқа белді:

14

1 ішкі құрылғылардың орын ауыстыруына негізделген механикалық әрекетті биореактор.



2 сыртқы насостың рециркуляциясына негізделген биореактор. 3. газдың дақылды сұйықтыққа берілуі мен ығысуына негізделген

биореакторлар.

Адам бұрынғы кездерден ашытқы организмдерді қарапайым үдерістерде (нан) ашыту, сыра ашыту және т.б.) қолданған. Антибиотиктер өнеркәсібінің «шылуы микроорганизмдерді дақылдау үшін арнайы аппаратураның пайда болуына әкеп соқтырды.

Биореакторлар түрлері

Биореактор (культиватор, ферментер) - микробтарды өсіретін ыдыс. Ол әртүрлі материалдардан жасалған болуы мүмкін. Мысалы, зертханалық биореакторлар шыныдан жасалады, ал өнеркәсіптік биореакторлар-таттанбайтын -болаттан, әртүрлі контрукциялы ішкі бөлігі бос және ішінде араластырғышы бар ыдыстар түрінде жасалады.

Биореакторлар субстрат қосылып отырылатын мерзімділік, жартылай мерзімділік және ағынды режимдерде жұмыс жасай алады. Мерзімділік режимде жұмыс істегенде реакторға керекті компоненттер салынады, үдерісті жүргізіп, түзілген арнаулы өнімді жинап алады. Субстрат қосылып тұратын мерзімділік режимде, субстратты оқтын-оқтын немесе үздіксіз енгізеді де, қажетті өнімді үдеріс аяқталғаннан соң бірден жинайды.

Жартылай үздіксіз режим үдерісті жартылай, оқтын-оқтын тәсілмен атқарады да артынан реактор ішіндегі сұйықтың жартысын құйып алып, яғни өнімді жартылай жинап, ыдысқа сондай мөлшерде жаңа қоректік ортаны құяды үдерісті ақырына дейін жүргізеді. Кейін жұмысты осы жүйемен қайталап ірады. Бұндай режим өндірістік қондырғыны толық пайдалануға мүмкіндік реді.

Үздіксіз істейтін биореакторлар

Үздіксіз істейтін биореакторлар екі типке бөлінеді:

І.Әмбебапты араластырғышы бар реактор, хемостат сияқты жұмыс істейді. Культураның өне бойы тығыздығы, шектеуші субстратты пайдалану есебінен немесе басқа қоректік заттар, болмаса турбидостат сияқты жұмыс істейді. Бұндағы жарық сезгіш аспап культураның тығыздығын өне бойы бақылайды, арнаулы құрылым көмегімен тұрақтылығын үзбей бірқалыпты күйде тұрады. Өнеркәсіпте хемостат режимінде жұмыс істейтін реакторлар қолданылады.

2.Ағындық реактор. Толық ығыстырып шығарушы режимде жұмыс итін ағындық реактор /поршенді типтес реактор. Суспензия культуралар жағдайында олар сирек қолданылады.

Өнеркәсіпте бұрыннан қолданылып келе жатқан дәстүрлі мерзімді пен өсіру көбінесе микробтар синтезі кезінде қолданылады, жартылай әдіс-микробтар биомассасын өндіруде, ал үздіксіз әдіс-оқтын-оқтын лас суларды тазартуда және сірке суының өндірістік қалдықтарын өңдеуде ылады. Соңғы жылдары химиялық өзгерістер үшін оқтын-оқтын режимді және субстратты қосып тұратын реакторларды қолданып келеді.

15

Микробиологиялық өндірістерде кей кезде көпсатылы үздіксіз үдерістерді өткізуге қажеттілік туады. Бұл жағдай келесі кездерде болуы мүмкін



- қоректік ортада әртүрлі жылдамдықпен ассимилиацияланатын

заттардың

қоспасы болғанда;

- қажетті өнім екі немесе одан да көп метаболиттік ауыстырулардан

пайда

болғанда (мысалы, антибиотиктер, споралар);



- өнделуге берілетін субстраттың бір қоспасы дақылдық сұйықтың іші

шектеулікке ұшырағанда;

Бір ағынды жүйелерде қоректік орта тек қана бірінші аппаратқа беріл ал көп ағынды жүйелерде жаңа қоректік орта бірнеше бір-бірінің арты қосылған культиваторларға беріледі. Бұл екі жүйелерде де культуральды сұйық бір-біріне тізбектеле қосылған аппараттардың біреуінен келесісіне ағады. Өте жиі бір ағынды үздіксіз дақылдап өсіру жүйесі пайдаланылады.

Үздіксіз жұмыс жасайтын аппараттардың батареясының негізгі артықшылықтары, ол-жоғары өнімділікпен субстратты толық (терең) өндеу және көп сатылы үрдістерде әртүрлі дақылдау режимдер, жағдайлар жасауға қолайлы. Микроорганизмдерді өсіру үшін соңғы жылдары мембран-ды биореакторлар, қуысты талшықтары бар және т.б. биореакторлар апробациядан өтті.

Биореакторда жасағанда түрлі микроорганизмдердің өсуін, әртүрлі биологиялық үдерістердің өту уақытын ескеру керек.

Ең көп кездесетін биореакторлардың түрлерінің ішінде аэробты анаэробты биореакторлар, олар әмбебап болып саналады. Бұл биореактор-ларды өз кезегінде аппаратқа газды фаза (ГФ) мен сұйықтықты фаза (СФ), газды сұйықтықты фаза (ГСФ) энергиясын енгізу әдісімен классификация-лайды.

Айтылған биореакторлардың үш түрі жалпы элементтердің санына ие болады. Ортаны аэрациялайтын ауа құбыр арқылы келеді. Ол биореактор-лары вертикальды орналасады. Шығатын ауаның қозғалуын реттейтін аэра-тор диффузордың төменгі бөлімінде орналасқан, нәтижесінде ол қоректік ортаны оттегімен қамтамасыз етеді.

Қоректік белоктың өндірісте кең таралуы, өзін-өзі соратын араластыратын аппараттар арқылы алынған. Бұл СФ тобының биореакторлары Ашытқылар-дың таза дақылын алу үшін 0,32 , 3,2 және 50м3 сыйымдылығы бар биореакторлар жасалған. Бұл биореактор вертикальді, цилиндрлі аппарат болып саналады, ол жылу алмасумен қамтамасыз етілген. Жылу алмасу құрылғы ' трубкалар түрінде диффузорлардың трубкалық торларында орнатыл Микробиологиялық өндірістерде ашытқыларды сұйық парафиндерде өсірге үнемі араласып тұратын аппараттарды қолданады. Оның көлемі 800м3 , секцияға бөлінген.

Биореактордың тиімді жұмысы керекті араластыру интенсивтілігі анықталады. Араластыратын құрылғы биореактордағы біркелкі температур үстап тұрады, клеткаларға дер кезінде қоректік заттарды әкеліп тұрады метаболиттік заттарды әкетіп тұрады.

16

Биореакторлардың құрылымы қазіргі кезде Ресейде және шет мемлекет-терде үнемі өзгеріп отырады. Мысалы, New Вrunswick Sсіепtific Со, Inc (АҚШ) биореакторлардың мынадай түрлерін ұсынады:



Био - Фло III - микроорганизмдер, жануарлар, өсімдіктер клеткаларын

үздіксіз дақылдауға арналған, ол микропроцессор және дербес

компьютермен жабдықталған;

- Микрос -1 микроорганизмдерді дақылдау үшін арналған;

- 1987 жылы Gist-Вrocades Дат мультинационалды компанияда

пенициллин өндірісі үшін ең үлкен биореактор құрастырылған, оның

көлемі –200м3.

Биореакторлар жұмыс тәртібі жағынан ғана емес (кезеңдік және үздіксіз жұмысты), ол көлемі және алға қойылған мақсаты бойынша (зертханалық-көлемі -30-10л, тәжірибе - өндірістік немесе пилоттық -30-100л, өндірістік-100 және одан көп литр), өсіру жағдайы бойынша (аэробтық және анаэробтық, мезо және термофильді, беттік және терендікте өсіру, т.б.) деп ажыратылады.

II. ТАҒАМДЫҚ БИОТЕХНОЛОГИЯҒА МИКРООРГАНИЗМДЕРДІ

ПАЙДАЛАНУ



2.1. Ашыту өндірістеріндегі микроорганизмдер және олардың

тағам өндірісінде колданылуы

Фотосинтез үдерісі кезінде өсімдіктер ауадағы көмірқышқыл газын пайдаланып, күн сәулесінің көмегімен оны күрделі органикалық заттарға -көмірсуға , белокқа , және майға айналдырады. Егер жер бетінде өсетін барлық өсімдіктер бұл газды пайдаланатынын ескерсек , көмір қышқыл газының табиғаттағы мөлшері аз уақытта таусылып қалар еді. Бірақ мұндай жағдайды біз байқамаймыз. өйткені көмір қышқыл газы органикалық затардан атмосфераға қайтып оралады . Осы үдерісте микроорганизмдердің атқаратын ролі үлкен. Көмір қышқыл газының атмосфераға қайтып оралатын жолының бірі - ашу үдерісі. Ашу деп микроорганизмнің әсерінен көмірсу, май, белок және басқа да органикалық заттардың түрлі биохимиялық өзгерістерге ұшырауын айтамыз.

Ашудың көптеген түрі (шарап, сыра сүт тағамдарын даярлағанда) адам баласына ертеден таныс болғанымен, соның ішкі табиғаты 19 ғасырдың екінші жартысына дейін белгісіз болып келді. Ашу үдерісіне микроорганизм-дердің белсенді қатысатынын алғаш Л.Пастер (1857) зерттеген болатын. Ашу үдерісі көбінесе микроорганизмдегі ферментерге, солардың құрамына байланысты болатыны анықталды. Ашудың бірнеше түрлері бар . Ашу үдерісі оның ең соңғы түзілетін өнімінің атымен аталады . Мәселен, қатты затты ашытқанда, одан ақырында спирт түзілсе спиртті ашу деп, сүт қышқылы бөлінсе сүт қышқылды ашу деп атайды. Кейде өзгеріске түсетін бастапқы заттың атымен де (пектин , юллоза т.б) аталады.

17

Ашу -субстраттың толық тотығуы жүрмейтін және АТФ түзілуі сипатталған метаболиттік үдеріс. Түзілген өнімнің түріне байланысты үдерісінің бірнеше түрін ажыратады:



1. Спирттік ашу үдерісі

2. Сүт қышқылдық ашу үдерісі

3. Пропион қышқылдық ашу үдерісі

4. Құмырсқа қышқылдық ашу үдерісі

5. Май қышқылдық үдерісі

6. Сірке қышқылдық үдерісі.

Ашу үдерісін жүргізетін микроорганизмдердің көбісі облигатты анаэробтар, кейде факультативті анаэробтар да кездеседі. Оттегі ашу үдерісін тежейді, ал тынысалу үдерісін активтендіреді.

Ашыту өндірістерінде ашытқы, зең саңырауқұлақтарын және бактерияларды көптеп қолданады.

Өндірістік жағдайда ашытқы және микроскоптық саңырауқұлақтар бактериялар және балдырлар көмегімен өсімдік текті шикізаттардың целлюлоза - қағаз, спирт, сүт өнеркәсібінің және ауылшаруашылық қалдықтарынан, сонымен қатар мұнай парафиндерінен бағалы заттар: белоктар витаминдер, аминқышқылдары және антибиотиктер өндіріле бастды. Микробологиялық өнімнің экономикалық маңызы соншалық , мәселен, 1 тонна ашытқы саңырауқұлактарды құс рационына қосқанда одан қосымша 1,5-2 тонна ет өндіруге немесе 25- 35 мың жұмыртқа алуға болатынын дәлелдеді. Ал ашытқы саңырауқұлақтардың осындай мөлшерін шошқа рационына қосқанда 3,5-5 тоннадай жемшептік дәнді үнемдеуге мүмкіндік туады.

Ашытқы саңырауқұлағы - бір клеткалы қозғалмайтын және бактериялардан шамамен алғанда он еседей ірі микроорганизмдер. Табиғатта кең тараған. Клетка пішіні әр түрлі: дөңгелек, сопақша және таяқша тәрізді болады. Ашытқы саңырауқұлағы клеткасының мөлшері 8-10 микронға тең. Оларда қозғалу органеллалары болмайды. Клетка сыртында қабығы бар . Цитоплазмада ядро, вакуоля және басқа да (май, гликоген, волютин) заттар кездеседі. Ашытқы саңырауқұлағын адам қолдан өсіріп, пайдаланады. Ал, табиғатта жабайы ашытқы саңырауқұлағы да болады. Олар ауыл шаруа-шылық өнімдерін зақымдап, едәуір зиянын тигізеді. Ашытқы саңырауқұлағы-ның пайда келтіретін түрлерін біз мәдени ашытқы саңырауқұлақтар деп атаймыз. Ашытқы саңырауқұлағы өнеркәсіпте кең қолданылады. Олар қантты ашытып, көмір қышқыл газы мен спирт түзеді. Олардың бұл қасиеті нан өндірісінде және спирт өндіруде, түрлі шарап, сыра, сүт тағамдарын даярлауда қолданылады.

Ашытқы саңырауқұлағында белок және витаминдер (В. Д. Е) көп бол сондықтан оларды қазір тамақ және мал азықтық мақсатқа кеңінен қолданады

Ашытқы саңырауқұлағы көбінесе бүршіктену арқылы көбейеді. Спора түзу және жай беліну арқылы көбеюі сирек болады. Олардың жыныс жолмен көбейетін түрлері де бар. Бүршіктеніп көбейгенде, алдымен ан клеткадан төмпешік пайда болады да, кейіннен ол үлкейіп бүршікке айнал Бұдан кейін жас клетка аналық организмнен мүлдем бөлініп кетеді. Қола жағдайда бүршіктену екі сағатқа созылады. Көмірсу мен азотты қоректік затқа

18

бай ортада ашытқы саңырауқұлағының бүршіктенуін жай биологиялық микроскоппен де көруге болады.



Спорамен көбею оларда жынысты және жыныссыз жолдармен жүреді. Ашытқы саңырауқұлағы клеткасындағы споралардың саны екіден он екіге дейін барады. Жыныссыз жолмен спора пайда болганда, вегетативтік клеткалар ұсақ бөлшектерге бөлінеді де, олардың әрқайсысының сыртында қабықша пайда болады. Ал жыныстық жолмен спора пайда болғанда екі клетка қосылады да, оны қабықша қаптайды. Споралардың пішіні дөңгелек немесе сопақша болып келеді.

Ашытқы саңыраукұлағының систематикасы көбею тәсілдері мен изиологиялық қасиеттеріне негізделген. Олар екі тұқымдасқа бөлінеді: ахаромицеттер және сахаромицет еместер.



Сахаромицеттер. Бұларға мәдени ашытқы саңырауқұлағы жатады. Олар бүршіктену және спора тузу арқылы көбейеді. Сондықтан бұларды нағыз шытқы саңырауқұлағы деп атайды. Мәдени ашытқы саңырауқұлағына нан, арап, сыра ашытқы саңырауқұлақтары жатады. Өндірісте, әсіресе олардың ахаромицет церевидзе және сахаромицес эллипсойдеус деген түрлерінің аңызы зор.

1-сурет. Sассгһоnyсеs сеrеvіsіаеа ашытқы жасушалары.

Сахаромицес церевидзе (1-сурет) клеткасы шар немесе жұмыртка тәрізді. Олар шарап спиртін алу үшін, сыра қайнатуда және нан ашытуда қолданылады. Бұлардың белгілі бір температурада және жағдайларда тіршілік ететін жеке оптары - расалары бар.

Ал сахаромицет эллипсойдеустің клеткасы элиппс тәрізді, шарап өнеркәсібінде қолданылады, олардың кейбір расалары шараптағы хош иісті түзуге тікелей қатысады.



Сахаромицет емес ашытқы саңырауқұлағы - негізінен жалған ашытқы -саңырауқұлақ. Олай аталған себебі: ашытқы саңырауқұлағының спора тузуге қабілеті болмайды, бүршіктену арқылы ғана көбейе алады. Бұлардың көпшілігі түрлі өндірістегі өнімдерді зақымдайды. Дегенмен, олардың ішінде аруашылық үшін маңызды туыстары бар. Олар: торула және микодерма. Рула туысына жататын ашытқы саңырауқұлағы шар тәрізді келеді және ашыту процесі барысында азғана мөлшерде спирт түзеді. Торула кефир деп аталатын өкілі қымыз және кефир сияқты сүт тағамдарын даярлауда пайдаланылады, ал торула утилистің - тағамдық және мал азықтык ашытқы саңырауқұлақты өндіруде үлкен маңызы бар. Микодерма туысына

19

жататын ашытқы саңырауқұлағының клеткасы ұзынша. Олар спирт түзе алмайды. Бірақ ортадағы бар спиртті және органикалық қышқылдарды су мен көмір қыш газына дейін тотықтыра алады. Құрамында спирті бар ішімдіктердің бетіне қонса, микодерма қатпарланған пленка түзеді де, оның иісі мен дәмін бұза бастайды. Сонымен қатар микодерма сүт тағамдарын, тұздалған овощтарды бүлдіріп, сірке және нан ашытқы саңырауқұлағын жасайтын өндіріске өте зиянын тигізеді. Ашытқы саңырауқұлақтарға родоторула жатады. Ол қызғылт пигмент түзеді және кей-бір тағамдық заттарды бүлдіреді. Бұлардың іші кандида деген тобының ауру қоздыратын қасиеті бар.



жүктеу 2,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау