Оқу-әдістемелік кешені


Жаттығуға берілген есептер



жүктеу 0,68 Mb.
бет18/38
Дата02.03.2023
өлшемі0,68 Mb.
#41556
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38
Î?ó-?ä³ñòåìåë³ê êåøåí³ Êîêøåòàó 2013 æ ??ðàñòûðóøû À?ïàðòòû? æ?

Жаттығуға берілген есептер.

  1. Әрбіреуінің құрамында 10 спортшы бар екі команда жарысқа қатысушыларға номір беру үшін жеребе салды. Ағайынды екі жігіт екі команданың құрамында. Ағайынды екеуі де жарысқа «5» нөмірімен қатысу ықтималдығын табу керек. Жауабы: 0,01.

  2. Көпірдің бұзылуы үшін бір авиабомбаның түсуі жеткілікті. Көпірге 4 бомба тасталған, олардың көпірге дәл түсу ықтималдығын табыңыздар. Жауабы: 0,9496.

  3. Кәсіпорынның жасайтын бұйымдарының 95 проценті стандартты, ал оның 86 проценті бірінші сортты. Қалай болса солай алынған осы кәсіпорыннан жасалынып шыққан бұйымның бірінші сортты болу ықтималдығы қандай? Жауабы: 0,817

  4. Жәшікте 10 деталь бар, оның алтауы боялған. Құрастырушы таңдамай 4 деталь алады. Алынған детальдардың барлығы да болған болу ықтималдығын табу керек. Жауабы:1/14

  5. Жәшікте 5 ақ және 4 қара шар бар. Жәшіктен бірінен соң бірін, үш шар алады. Алынған үш шардың ақ болу ықтималдығы қандай?

Жауабы: 0,12

  1. Нысанаға 3 рет оқ атқанда кем дегенде бір рет тигізу ықтималдығы 0,875-ке тең. Бір рет оқ атқанда нысанаға тигізу ықтималдығы қандай? Жауабы: р=0,5

  2. Телевизиялық студияда 3 телевизиялық камера орнатылған. Әр камера үшін оның тап осы кезде жұмыс істеп тұру ықтималдығы р=0,6. Тап осы кезде кем дегенде бір камераның жұмыс істеп тұру ықтималдығы (А оқиғасы) неге тең? Жауабы: 0,936.

  3. Бір рет оқ атқанда атқыштың ондыққа тигізу ықтималдығы 0,6-ға тең. Атқыш неше реет оқ атқанда 0,8-ден кем емес ықтималдықпен ондыққа ең болмағанда бір реет тигізеді? Жауабы: n2.

  4. Дорбада 1-ден 10-ға дейінгі нөмірленген 10 кубик бар. Қалай болса солай бір бірден 3 кубик алынған. 1,2,3-нөмірлі кубиктердің бірінен соң бірін алу ықтималдығы қандай, егер: а) алынған кубиктер қайтадан дорбаға салынбаса; б) алынған әрбір кубик бірден қайта салынып отырса? Жауабы: а) 1/720; б) 0,001.

  5. Жұмысшы 3 станоктың істейтін жұмысын бақылайды. Бір сағаттың ішінде жұмысшының станоктардың жұмысына араласпау ықтималдықтары сәйкес 0,9; 0,8 және 0,85-ке тең болсын. Мына жағдайлардағы ықтималдықтарды табыңыздар: а) бір сағат ішінде бірде бір станок жұмысшының араласуын керек етпейді; б) бір сағат ішінде барлық станок та жұмысшының аралсуын керек етеді.

Жауабы: а) 0,6120; б) 0,003.

  1. Атқыштың нысанаға тигізу ықтималдығы р=0,9. Атқыш 3 рет оқ атты. 3 оқтың да нысанаға тию ықтималдығын табу керек.

Жауабы: 0,729

  1. үш зеңбіректен бір дүркін оқ атқан. Бірінші зеңбіректің нысанаға тигізу ықтималдығы 0,8-ге тең, ал екінші және үшінші зеңбіректер үшін бұл ықтималдық сәйкес 0,7 және 0,9. Мына оқиғалардың ықтималдықтарын есептеңіздер, нысанаға: а) тек бір снаряд қана тиеді; б) тек екі снаряд қана тиеді; в) үш снаряд та тиеді; г) ең кемінде бір снаряд тиеді.

Жауабы: а) 0,092; б) 0,398; в) 0,504; г) 0,994

  1. Ақашалай-заттай лотеореяда 1000 билетке 24 ақашалай және 10 заттай ұтыс шығады. Бір кісі екі билет сантып алған. Мына оқиғалардың ықтималдықтарын есептеңіздер: а) ұтыс кемінде бір билетке шығады; б) бірінші билетке ақшалай, ал екінші билетке заттай ұтыс шығады. Жауабы: а) 0,064; б) 0,00024.

  2. Екі атқыш нысанаға бір реттен оқ атты. Әр атқыштың нысанаға тигізу ықтималдығы 0,8-ге тең. Мына оқиғалардың ықтималдықтарын есептеңіздер: а) екі атқыш та нысанаға тигізеді; б) екі атқыш та мүлт кетеді; в) тек бір атқыш нысанаға тигізеді; г) кем дегенде бір атқыш нысанаға тигізеді.

  3. Ойын сүйегін n рет лақтырғанда кем дегенде бір рет бірлік ұпай түсу ықтималдығы неге тең? Жауабы:




жүктеу 0,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау