Оқу-əдістемелік кешен 050102 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен əдістемесі» мамандығына арналған мемлекеттік стандарт жəне Қр бжҒМ 28. 09



жүктеу 5,17 Kb.
Pdf просмотр
бет34/36
Дата18.12.2017
өлшемі5,17 Kb.
#4695
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36

жəне  т.  б.  ерекшеліктерін  іріктеу,  даралау,  толықтыру,  жүйелеу 
жұмыстарымен  шұғылдана  нақты  оқушы  игеретін  ұғым    элементтерін 
анықтайды.  Оқушының  белсенділігі  мен  танымдық,  психикалық  жəне 
физиологиялық қасиеттерінің  дамуына ықпал көрсететін, оның жаңа ұғымды 
меңгеруге  арналған      дидактикалық  тапсырмалар  дайындалады.  Оқушының 
техникалық  ұғымдарын  нығайтатын  практикалық  жұмыстың  объекті  үлгісі 
жасалынып, оның көрнекіліктегі тиімді технологиялық процессі  белгіленеді. 
Немесе  дайын  «Конструктор»  жинайтын  моделді  ұсынуға  да  болады.  Бұл 
объектіні  оқушы  практикалық  сабақта    құрастырып  үлгеру  уақыт  мөлшері 
тексеріледі.  Оның  қажетті,  нақты,  қолайлы  материалдары  мен  аспаптарын 
анықтау да естен қалмауы да орынды. 
 
Келесі  кезеңде  оқушының  жаңа  техникалық  ұғымды  игеруін  бақылау 
формасы  мен  əдістерін  анықтай  қажетті  тапсырмаларды  дайындайды.  Бұл 
кезең  аяқталғаннан  кейін  сабақ  жоспарының  құрылымын  толық  жазбаша 
құрастыруға  кіріседі.  Сабақтың  оқыту  əдістемесінің  көлемі,  нақты,  анық 
жəне  кең  ашылып  орындалады.  Сонымен  бірге,  сабақ  құрылымындағы 
кезеңдердің уақытысы белгіленеді.  
 
 
Осы  тақырыптық  оқыту  мазмұнының  жобасын  белгілеген  сабаққа 
кететін  жалпы  уақыт  мөлшеріне  сəйкестігі  дəл  анықталады.  Орындалған 
сабақ  жоспарының  жобасын  ұжымды  формада  талқылай  түзете  отырып, 
оқытушыдан  рұқсат  ала,  тəжірибеде  (мектепте)  тиімділігі  мен  қолайлығын 
сынай  тексереді.  Оның  мазмұндылығы  мен  тиімділігі  туралы  бастауыш 
мектеп  мұғалімдерінен  пікір  алып,  олардың  бағасы  белгіленеді.  Жұмыстың 
соңында студент өзінің жұмысы туралы оқытушыға есеп береді. 
 
Жұмыстың орындалу шартына ескертулер. 
 
-  жұмысты  орындаушы  тақырыптың  оқу  материалын  толықтыруға, 
тереңдетуге, ықшамдауға мүмкіндігі бар; 
-  оқыту  түрін,  формасын,  құралын,  əдістерін  өз  еркімен  сабақтың 
мақсатына сəйкес таңдайды; 
-  тақырыптық  сабақ  жоспарының  оқыту  құралдары,  формасы  жəне 
əдістері, 
дидактикалық 
материалдары 
оқушының 
танымдық, 
психикалық  жəне  физиологиялық  функциялары  мен  процесс 
қасиеттерін дамытуға ықпалының болуы; 
-  орындалған  сабақ  жоспарының  жобасындағы  құралдардың,  іс  - 
əрекеттердің  дидактикалық  принциптер  мен  критерияларына  қайшы 
келмеуі; 
-  жұмысты 
орындаушы 
төмендегі 
материалдарды 
оқытушыға 
тапсырады: 
а) сабақ жоспарының жобасына теориялық негіздемесі; 
б) тақырыптық сабақ жоспарының тəжірибеде тексерілген үлгісі; 
     в) оқытудың дидактикалық материалдары. 
 
Тапсырма №1. 


 
Тақырып: Құрастыру(1 сағат). 
 
 
Техника  саласының  объектілері  бөлшек  жəне  тетіктердің  көмегімен 
құрастырылып  бір  үлкен  техникалық  бұйым  болып  өндірістерде 
шығарылады.  Əрбір  тетіктің  өзінің  атауы  мен  қызметі  бар.  Кез-келген 
бөлшектер  техникада  жеке  қызмет  атқара  алмайды.  Олар  бір-бірімен 
біріктіріле  объектінің  негізгі  қызметін  атқаруға  мүмкіндік  жасайды.  Ол 
техникаларды конструкторлар жобаласа, инженерлер тетіктердің техникалық 
сипаттамаларын есептеп өндірісте жасау технологиясын анықтап отырады.  
 
Құрастыру  дегеніміз  түрлі  материалды  бір-біріне  жапсырып, 
бөлшектерді  біріктіріп,  бір  зат  жасау.  Жинақтау  бөлшектері  кез-келген 
табиғи  немесе  жасанды  материалдардан  жасалады.  Бөлшектерді  бір-бірімен 
ажырамалы,  ажырамайтын  түрде  біріктірулер  қолданады.  Құрастыру 
бөлшектері:  дөңгелек,  планка,  штифт,  гайка,  болт,  пластина,  қамытша, 
сақина, білік жəне т.б... 
 
Практикалық  сабақта  «Конструктор»  бөлшектер  жинағынан  техника 
моделін жинатуды орындау. 
 
Тексеру сұрақтары. 
 
1.  Белгіленген  оқу  материалындағы  техникалық  ұғымдарға  қосымша 
өзгерістер енгізілді ма? 
2.  Қандай сабақтың түрі мен типі қолданды? 
3.  Объектіні құрастыруда оқушының қандай психикалық қасиеті дамиды? 
4.  Оқушының ұғымдарды игеруге қандай дəстірлі жəне дəстүрлі емес əдіс 
– тəсілдер қолданылды? 
5.  Сабақтың негізгі бөліміне кеткен уақыт мөлшері қандай? 
6.  Оқушының 
игерген  ұғымдары  практикалық  сабақтарда  жиі 
қолданылуы табылады ма? 
 
Ұсынылатын əдебиеттер. 
 
1.  Еңбекке баулу пəнінің оқу бағдарламасы(1 сынып). -Алматы, 2003 ж. 
2.  Выгонов В. В. Практикум по трудовому обучению. -М., 1999 ж. 
3.  Геронимус Т. М. Урок труда. Я все умело сам (УМК). -М., 1998 ж. 
4.  Гукасова А. М. Методика трудового обучения. -М., 1990ж. 
5.  Давлетова  К.  Ш.  Методика  трудового  обучения  в  начальных  классах. 
Уральск, 2005ж.  
6.  Оралбекова Т. Еңбекке баулу (1 - сынып). -Алматы, 2001 ж. 
7.  Саткалиев  О.  С.  и  др.  Технология  1  класс  (12  лет  обучения), 
(методическое пособие). –Алматы, 2005ж. 
8.  Заворотов В. А. От идеи до модели. -М., 1988 ж.  
 
 


Лабораториялық жұмыс №10 
 
Тақырыбы:  оқушыларды  тұрмыстық  бұйымдарды  күтуге  үйретудің  оқыту 
мазмұны жəне оны технологиясы. 
 
Объектісі:  бастауыш  мектептің  оқу  процесіндегі  2  –  сынып  еңбекке  баулу 
пəнін оқытудың мазмұны. 
 
Предметі:  қызмет  көрсету  еңбегіндегі  оқушылардың  өзбетімен  жұмыс 
орындау қабілетінің  сабақ жоспарын құрастыру. 
 
Мақсаты:  еңбекке  баулу  сабағында  оқушылардың  тұрмыстық  қызмет 
көрсету  жұмысындағы  өзбетімен  орындау  сабақ  жоспарының  жобасын 
жасау. 
 
Міндеттері:  
-  жұмыстың құрылымы жəне мазмұнымен ұқыпты танысу; 
-  белгіленген  сыныптағы  тақырыптың  оқу  материалы  мазмұнымен 
танысу; 
-  көмекші  оқу  -  əдістемелік  құжаттармен  оқытудың  мазмұнына  тиімді 
оқытудың құралдарын  негіздей іріктеу; 
-  сабақ жоспарының мазмұнын құрастыру; 
-  оқытудың дидактикалық материалдарын (құралдарын) жасау;   
-  орындалған сабақ жоспар жобасын тəжірибеде тексеру; 
-  орындалған жұмыс мазмұны туралы есеп беру. 
 
Жұмыстың  құралдары:  бастауыш  мектептің  еңбекке  баулу  пəнінің  білім 
беру  стандарты,  2  сыныпқа  арналған  еңбекке  баулу  пəнінің  оқу 
бағдарламасы,  күнтізбелік  жоспар,  оқу  жəне  əдістемелік  құралдар, 
ұсыныстар,  көрнекіліктер:  тұрмыстық  бұйым  үлгілерінің  альбомы,  бөлме 
интерьерінің  бейне  кескіндерінің  альбомы,  сыртқы  киім,  аяқ  киім  үлгілері  
жəне т.б.. 
 
Жұмысты орындауға нұсқау. 
 
 
2  сыныпқа  арналған  тақырыптық  оқу  материалының  мазмұнымен 
тапсырма  №1  танысып,  оқу  бағдарламасында  анықталған  сол  тақырыпқа 
сəйкес 
білім  беру  мазмұнымен  салыстырылады.  Тақырыпқа  белгіленген  уақыт 
мөлшерін  күнтізбелік  –  тақырып  пен  оқу  бағдарламасынан  көруге  болады. 
Тақырыптың оқу материалы арқылы сабақтың дидактикалық, дамытушылық 
жəне тəрбиелік мақсаттары айқындалынады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру 
жəне  оқушыға  оқу  материалын  игерту  үшін  теориялық  негіздей  отырып, 
сабақтың  тиімді  жəне  қолайлы  формасы,  əдістері  жəне  құралдары 
іріктелінеді.  Оқытудың  құралдарын  пайымдаудан  кейін  сабақтың 


жүктеу 5,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау