Оқу-əдістемелік кешен 050102 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен əдістемесі» мамандығына арналған мемлекеттік стандарт жəне Қр бжҒМ 28. 09



жүктеу 5,17 Kb.
Pdf просмотр
бет29/36
Дата18.12.2017
өлшемі5,17 Kb.
#4695
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36

айдарды  бекітеміз.  Тұмсығын  ағаштың  қаңқаларынан  кесіп  пласиллинмен 
қосамыз.  Көзіне  акацияның  тұқымын  аламыз.  Мойнын  ағаштың  сабағымен 
дене  бөлігіне  біріктіреміз.  Қанаты  мен  құйрық  бөліктеріне  құстың  үлпі 
қанаттарын  пластиллинмен  отырғызамыз.  Орындалған  əтештің  кейбір 
бөліктерін түсті бояумен əсемдеугеде болады.  
 
 
 
Тексеру сұрақтары. 
 
1.  Қандай оқу материалымен сабақтың мазмұны өзгерді? 
2.  Қандай сабақтың түрі мен типі қолданылды? 
3.  Не себепті анықталған сабақ формасы таңдалды? 
4.  Сабақ  оқушының  қандай  қасиетін  қалыптасыру  мен  дамытуға 
арналды? 
5.  Оқушының іскерлігі қалыптасуы қалай айқындалды? 
6.  Таңдаған объекті оқу материалының мазмұнына сəйкес келді ме? 
 
Ұсынылатын əдебиеттер. 
 
1.  Еңбекке баулу пəнінің оқу бағдарламасы(2 сынып). -Алматы, 2003 ж.  
2.  Выгонов В. В. Практикум по трудовому обучению. -М., 1999 ж. 
3.  Геронимус Т. М. Урок труда. Я все умело сам (УМК). -М., 1998 ж. 
4.  Гукасова А. М. Методика трудового обучения. -М., 1990 ж. 
5.  Давлетова К. Ш. Методика трудового обучения в начальных классах. -
Орал, 2005 ж.   
6.  Оралбекова Т. Еңбекке баулу (2 – сынып). Оқулық, -Алматы, 2002 ж.  
 
Лабораториялық жұмыс №5 
 
Тақырыбы:  оқушыларды  ағаш  материалынан  жұмыс  орындауға  үйретудің 
оқыту мазмұны жəне оның технологиясы. 
 
Объектісі:  бастауыш  мектептің  оқу  процесіндегі  3  –  сынып  еңбекке  баулу 
пəнін оқыту мазмұны. 
 
Предметі:  оқушыларды  ағаш  материалын  тазалау  білімі  мен  іскерлігін 
қалыптастырудың оқыту мазмұнын құрастыру. 
 
Мақсаты: 
еңбекке  баулу  сабағында  оқушыларды  ағашты  өңдеу 
технологиясына үйрету сабақ жоспарының жобасын жасау. 
 
Міндеттері:  
-  жұмыстың құрылымы жəне мазмұнымен ұқыпты танысу; 


-  белгіленген  сыныптағы  тақырыптың  оқу  материалы  мазмұнымен 
танысу; 
-  көмекші  оқу  -  əдістемелік  құжаттармен  оқу  мазмұнына  тиімді  оқыту 
құралдарды  негіздей іріктеу; 
-  сабақ жоспарының мазмұнын құрастыру; 
-  оқытудың дидактикалық материалдарын (құралдарын) жасау; 
-  орындалған сабақ жоспар жобасын тəжірибеде тексеру; 
-  орындалған жұмыстың мазмұны туралы есеп беру. 
 
Жұмыстың құралдары: Бастауыш мектеп еңбекке баулу пəнінің білім беру 
стандарты,  3  сыныпқа  арналған  еңбекке  баулу  пəнінің  оқу  бағдарламасы, 
күнтізбелік  -тақырыптық  жоспар,  3  сыныптың  оқу  жəне  əдістемелік 
құралдары,  ұсыныстар,  көрнекіліктер:  жұмысты  орындаудың  үлгісі, 
технологиялық  карта;  сызғыш,  қалам,  зімпара  ағаш  жəне  қосымша 
материалдар. 
 
Жұмысты орындауға нұсқау. 
 
 
3  сыныпқа  арналған  тақырыптық  оқу  материалының  мазмұнымен 
тапсырма № 1(2) танысып, оқу бағдарламасында анықталған сол тақырыпқа 
сəйкес  білім  беру  мазмұнымен  салыстырылады.  Тақырыпқа  белгіленген 
уақыт  мөлшерін  күнтізбелік  –  тақырып  пен  оқу  бағдарламасынан  көруге 
болады.  Тақырыптың  оқу  материалы  арқылы  сабақтың  дидактикалық, 
дамытушылық 
жəне 
тəрбиелік 
мақсаттары 
айқындалынады. 
Осы 
мақсаттарды  жүзеге  асыру  жəне  оқушыға  оқу  материалын  игерту  үшін 
теориялық  негіздей  отырып,  сабақтың  тиімді  жəне  қолайлы  формасы, 
əдістері  жəне  құралдары  іріктелінеді.  Оқытудың  құралдарын  пайымдаудан 
кейін 
сабақтың 
құрылымын 
қарастыруға 
кіріседі. 
Тақырыптың 
мазмұнындағы  оқу  материалының  көлемін,  қиындығын,  күрделілігін, 
тереңдігін,  аумақтылығы  жəне  т.  б.  ерекшеліктерін  іріктеу,  даралау, 
толықтыру,  жүйелеу  жұмыстарымен  шұғылдана  нақты  оқушыға  игерілетін 
оқу  материалының    элементтерін  анықтап  жүйелейді.  Оқушының 
белсенділігі  мен  танымдық,  психикалық  жəне  физиологиялық  қасиеттерінің  
дамуына  ықпал  көрсететін,  оның  теориялық  білімі  мен  практикалық 
іскерлігін  меңгертуге  арналған      дидактикалық  тапсырмалар  дайындалады. 
Оқушының  теориялық  білімі  мен  практикалық  іскерлігі  нығайтылатын 
жұмыстың  объекті  үлгісі  жасалынып,  оның  көрнекіліктегі  тиімді 
технологиялық  процессі    белгіленеді.  Таңдалған  объектіні  оқушы 
практикалық  сабақта    жасап  үлгеру  уақыт  мөлшері  тексеріледі.  Оның 
қажетті,  нақты,  қолайлы  материалдары  мен  аспаптарын  анықтау  да  естен 
қалмауы да орынды. 
 
Келесі  кезеңде  оқушының  білімі  мен  іскерлігін  бақылау  формасы  мен 
əдістерін  анықтай  қажетті құралдарын дайындайды.  Бұл  кезең  аяқталғаннан 
кейін  сабақ  жоспарының  құрылымын  толық  жазбаша  құрастыруға  кіріседі. 
Сабақтың  оқыту  əдістемесінің  көлемі,  нақты,  анық  жəне  кең  ашылып 


орындалады.  Сонымен  бірге,  сабақ  құрылымындағы  теориялық  жəне 
практикалық кезеңдердің уақытысы белгіленеді.  
 
 
Осы  тақырыптық  оқыту  мазмұнының  жобасын  белгілеген  сабаққа 
кететін  жалпы  уақыт  мөлшеріне  сəйкестігі  дəл  анықталады.  Орындалған 
сабақ  жоспарының  жобасын  ұжымды  формада  талқылай  түзете  отырып, 
оқытушыдан  рұқсат  ала,  тəжірибеде  (мектепте)  тиімділігі  мен  қолайлығын 
сынай  тексереді.  Оның  мазмұндылығы  мен  тиімділігі  туралы  бастауыш 
мектеп  мұғалімдерінен  пікір  алып,  олардың  бағасы  белгіленеді.  Жұмыстың 
соңында студент өзінің жұмысы туралы оқытушыға есеп береді. 
 
 
Жұмыстың орындалу шартына ескертулер. 
 
-  жұмысты  орындаушы  тақырыптың  оқу  материалын  толықтыруға, 
тереңдетуге, ықшамдауға мүмкіндігі бар; 
-  оқыту  формасын,  құралын,  əдістерін  өз  еркімен  сабақтың  мақсатына 
сəйкес таңдайды; 
-  тақырыптық  сабақ  жоспарының  оқыту  құралдары,  формасы  жəне 
əдістері, 
дидактикалық 
материалдары 
оқушының 
танымдық, 
психикалық  жəне  физиологиялық  функциялары  мен  процесс 
қасиеттерін дамытуға ықпалының болуы; 
-  орындалған  сабақ  жоспарының  жобасындағы  құралдардың,  іс  - 
əрекеттердің  дидактикалық  принциптер  мен  критерияларына  қайшы 
келмеуі; 
-  жұмысты 
орындаушы 
төмендегі 
материалдарды 
оқытушыға 
тапсырады: 
а) сабақ жоспарының жобасына теориялық негіздемесі; 
б) тақырыптық сабақ жоспарының тəжірибеде тексерілген үлгісі; 
     в) оқытудың дидактикалық материалдары. 
 
Тапсырма №1. 
 
Тақырып: Жұмыр ағаш дайындаудағы негізгі тəсілдермен танысу. 
                  Жұмыр ағаш əзірлеу(1 сағат). 
 
 
Естеріңе  түсіріңдерші:  біз  гүлзарлардың  арасын  бөліп  тұратын 
қазықшаларды,  жалауша  сабына  арналған  таяқшаларды,  тоқыма  біліктерін, 
жіп  иіретін  ұршықтарды  жиі  пайдаланамыз.  Ал  құрастыру  жұмыстарына 
қаншама бөлшектер керек! Бұлар, негізінен, жұмыр болып келеді. Бұлардың 
бəрін де ағаштарды қолмен өңдеу арқылы өзіміз жасай аламыз. 
 
Ағаш – берік құрылыс материалы. Ағаштың тамыры мен бұтақтарына 
қарағанда,  діңі  қатты  келеді.  Жоғарыда  аталған  жұмыр  бұйымдарды 
дайындау үшін қарағай мен шыршаның қурамаған, түзу діңін аламыз. Терек 
секілді  жұмсақ  ағаштарды  да  пайдалануға  болады.  Жұмыр,  қырлы 
ағаштарды,  бөреленерді  бізге  жоғары  сынып  оқушылары  дайындап  береді. 


жүктеу 5,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау