Оқу-əдістемелік кешен 050102 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен əдістемесі» мамандығына арналған мемлекеттік стандарт жəне Қр бжҒМ 28. 09



жүктеу 5,17 Kb.
Pdf просмотр
бет32/36
Дата18.12.2017
өлшемі5,17 Kb.
#4695
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36

көрнекіліктегі  тиімді  технологиялық  процессі    белгіленеді.  Бұл  объектіні 
оқушы практикалық сабақта  жасап үлгеру уақыт мөлшері тексеріледі. Оның 
қажетті,  нақты,  қолайлы  материалдары  мен  аспаптарын  анықтау  да  естен 
қалмауы да орынды. 
 
Келесі  кезеңде  оқушының  машықтану  қабілетінің  даму  дəрежесін 
бақылау  формасы  мен  əдістерін  анықтай  қажетті  тапсырмаларды 
дайындайды.  Бұл  кезең  аяқталғаннан  кейін  сабақ  жоспарының  құрылымын 
толық  жазбаша  құрастыруға  кіріседі.  Сабақтың  оқыту  əдістемесінің  көлемі, 
нақты,  анық  жəне  кең  ашылып  орындалады.  Сонымен  бірге,  сабақ 
құрылымындағы кезеңдердің уақытысы белгіленеді.   
 
Осы  тақырыптық  оқыту  мазмұнының  жобасын  белгілеген  сабаққа 
кететін  жалпы  уақыт  мөлшеріне  сəйкестігі  дəл  анықталады.  Орындалған 
сабақ  жоспарының  жобасын  ұжымды  формада  талқылай  түзете  отырып, 
оқытушыдан  рұқсат  ала,  тəжірибеде  (мектепте)  тиімділігі  мен  қолайлығын 
сынай  тексереді.  Оның  мазмұндылығы  мен  тиімділігі  туралы  бастауыш 
мектеп  мұғалімдерінен  пікір  алып,  олардың  бағасы  белгіленеді.  Жұмыстың 
соңында студент өзінің жұмысы туралы оқытушыға есеп береді. 
 
Жұмыстың орындалу шартына ескертулер. 
 
-  жұмысты  орындаушы  тақырыптың  оқу  материалын  толықтыруға, 
тереңдетуге, ықшамдауға мүмкіндігі бар; 
-  оқыту  түрін,  формасын,  құралын,  əдістерін  өз  еркімен  сабақтың 
мақсатына сəйкес таңдайды; 
-  тақырыптық  сабақ  жоспарының  оқыту  құралдары,  формасы  жəне 
əдістері, 
дидактикалық 
материалдары 
оқушының 
танымдық, 
психикалық  жəне  физиологиялық  функциялары  мен  процесс 
қасиеттерін дамытуға ықпалының болуы; 
-  орындалған  сабақ жоспарының  жобасындағы оқыту  құралдардың, іс  - 
əрекеттердің  дидактикалық  принциптер  мен  критерияларына  қайшы 
келмеуі; 
-  жұмысты 
орындаушы 
төмендегі 
материалдарды 
оқытушыға 
тапсырады: 
а) сабақ жоспарының жобасына теориялық негіздемесі; 
б) тақырыптық сабақ жоспарының тəжірибеде тексерілген үлгісі; 
        в) оқытудың дидактикалық материалдары. 
 
  Тапсырма №1. 
 
  Тақырып: Ермек саздан ыдыс жапсырмалау(1 сағат). 
 
 
Ыдыс – аяқ жиынтығын сервиз деп атайды. Шай ішетін сервиздер бар. 
Шай сервиздері 2 – 6 нəрседен тұруы мүмкін. 
 
Демек сервиздер пайдаланылатын орнына қарай əр түрлі болады. Біз де 
сервиз жапсырмалағанда осыны есте ұстаймыз. Сервиз ыдыстарының сыртқы 


беттерін  өрнектеу  онша  күрделі  емес.  Өрнектер  өсімдік  дəндерімен 
бейнеленген  бедерлі  суретпен  жəне  қалемшемен  өңдеу  арқылы  жасалады. 
Бояумен жазуға да болады. Екінші сыныпта бедерлі суреттерді қалай жазып, 
бейнелегенімізді естеріңе түсіріңдер. 
 
Пішіннің  ұнамдылығының  үлкен  мəні  бар.  Кофе  қайнатқыштың 
пішініне  қарап,  оның  негізіне  пластмасса  шөлмекті,  ал  шайнек  үшін 
пластмасса  стақанды  алуға  болатынын  білу  қиын  емес.  Осындай  стақанға 
ермексазды  жапсырмалап,  шайнектің  пішініне  келтіреміз.  Пішінді  өңдеп, 
бояу ғана қалады. 
 
 
Тексеру сұрақтары. 
 
1.  Ермек саз бұйымын оқушыға орындату үшін оқу материалында өзгеріс 
енгзілді ме? 
2.  Кандай сабақтың түрі мен типі қолданды? 
3.  Сабақта оқушының қандай қасиетін бақыладың? 
4.  Қандай оқытудың формасы қолданылды? 
5.  Оқушының  машықтану  қасиетін  дамытуға  өзің  қандай  тəсілдер 
ұсындың? 
6.  Объектіні  басқа  қандай  материалдан  жасауға  жəне  безендіруге  болар 
еді? 
7.  Машықтану қасиетін қандай критериямен бағалайсың? 
 
Ұсынылатын əдебиеттер. 
 
1.  Еңбекке баулу пəнінің оқу бағдарламасы(2 сынып). -Алматы, 2003 ж. 
2.  Выгонов В. В. Практикум по трудовому обучению. -М., 1999 ж. 
3.  Геронимус Т. М. Урок труда. Я все умело сам (УМК). -М., 1998 ж. 
4.  Гукасова А. М. Методика трудового обучения. -М., 1990ж. 
5.  Давлетова  К.  Ш.  Методика  трудового  обучения  в  начальных  классах. 
Уральск, 2005 ж.  
6.  Оралбекова Т. Еңбекке баулу (2 - сынып). -Алматы, 2003 ж. 
7.  Конышева Н. М. Лепка в начальных классах. -М., 1985 г. 
 
Лабораториялық жұмыс №8 
 
Тақырыбы:  оқушыларды  қолөнер  бұйымын  жасауға  үйретудің  оқыту 
мазмұны жəне оның технологиясы. 
 
Объектісі:  бастауыш  мектептің  оқу  процесіндегі  4  –  сынып  еңбекке  баулу 
пəнін оқыту мазмұны. 
 


Предметі:  оқушылардың  жұмсақ  материалдан  (былғары)  игерген  білімі  мен 
іскерлігін жаңа жағдайда қолдана алудың оқыту мазмұнын құрастыру. 
 
Мақсаты:  еңбекке  баулу  сабағында  оқушының  былғарыдан  көркем 
бұйымдарды  шығармашылықпен  орындау  сабақ  жоспарының  жобасын 
жасау. 
 
Міндеттері:  
-  жұмыстың құрылымы жəне мазмұнымен ұқыпты танысу; 
-  белгіленген  сыныптағы  тақырыптың  оқу  материалы  мазмұнымен 
танысу; 
-  көмекші  оқу  -  əдістемелік  құжаттармен  оқытудың  мазмұнына  тиімді 
оқытудың құралдарын  негіздей іріктеу; 
-  сабақ жоспарының мазмұнын құрастыру; 
-  оқытудың дидактикалық материалдарын (құралдарын) жасау; 
-  орындалған сабақ жоспар жобасын тəжірибеде тексеру; 
-  орындалған жұмыс мазмұны туралы есеп беру. 
 
Жұмыстың  құралдары:  бастауыш  мектептің  еңбекке  баулу  пəнінің  білім 
беру  стандарты,  4  сыныпқа  арналған  еңбекке  баулу  пəнінің  оқу 
бағдарламасы,  күнтізбелік  жоспар,  оқу  жəне  əдістемелік  құралдары, 
ұсыныстар, көрнекіліктер: былғары бұйымның үлгілері; былғары материалы, 
сызба  құралдары;  техникалық  аспаптар;  тігін  материалдары  мен  аспаптары 
жəне т.б.. 
 
Жұмысты орындауға нұсқау. 
 
 
4  сыныпқа  арналған  тақырыптық  оқу  материалының  мазмұнымен 
тапсырма  №1  танысып,  оқу  бағдарламасында  анықталған  сол  тақырыпқа 
сəйкес белгіленген шығармашылық жұмыстың мазмұнымен салыстырылады. 
Тақырыпқа  белгіленген  уақыт  мөлшерін  күнтізбелік  –  тақырып  пен  оқу 
бағдарламасынан  көруге  болады.  Шығармашылық  жұмыстың    мазмұны 
арқылы  сабақтың  дидактикалық,  дамытушылық  жəне  тəрбиелік  мақсаттары 
айқындалынады.  Осы  мақсаттарды  жүзеге  асыру  жəне  оқушының 
орындайтын жұмыс  мазмұнын  теориялық негіздей отырып,  сабақтың  тиімді 
жəне  қолайлы  формасы,  əдістері  жəне  құралдары  іріктелінеді.  Оқытудың 
құралдарын  пайымдаудан  кейін  сабақтың  құрылымын  қарастыруға  кіріседі. 
Тақырыптық  шығармашылық  жұмыстың  көлемін,  қиындығын,  күрделілігін, 
тереңдігін,  аумақтылығы  жəне  т.  б.  ерекшеліктерін  іріктеу,  даралау, 
толықтыру,  жүйелеу  жұмыстарымен  шұғылдана  нақты  объектілерді  алдын- 
ала дайындайды. Таңдалған объект оқушының қызығушылығына, қабілетіне 
сəйкес келмесе, онда жұмыстың тақырыбын өзі таңдауға мүмкіндігі бар. Бұл 
объектіні  оқушы  практикалық  сабақта    жасап  үлгеру  уақыт  мөлшері 
тексеріледі.  Оның  қажетті,  нақты,  қолайлы  материалдары  мен  аспаптарын 


жүктеу 5,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау