анықтау да естен қалмауы да орынды. Орындалып үлгермеген
шығармашылық жұмысты үй тапсырмасына беругеде болады.
Келесі кезеңде оқушының жасаған бұйымын бақылау формасы мен
əдістерін анықтауда, студент шығармашылық жұмыстарды бағалаудың
қосымша критерияларын анықтау керек. Бұл кезең аяқталғаннан кейін сабақ
жоспарының құрылымын толық жазбаша құрастыруға кіріседі. Сабақтың
оқыту əдістемесінің көлемі, нақты, анық жəне кең ашылып орындалады.
Сонымен бірге, сабақ құрылымындағы кезеңдердің уақытысы белгіленеді.
Осы тақырыптық оқыту мазмұнының жобасын белгілеген сабаққа
кететін жалпы уақыт мөлшеріне сəйкестігі дəл анықталады. Орындалған
сабақ жоспарының жобасын ұжымды формада талқылай түзете отырып,
оқытушыдан рұқсат ала, тəжірибеде (мектепте) тиімділігі мен қолайлығын
сынай тексереді. Оның мазмұндылығы мен тиімділігі туралы бастауыш
мектеп мұғалімдерінен пікір алып, олардың бағасы белгіленеді. Жұмыстың
соңында студент өзінің жұмысы туралы оқытушыға есеп береді.
Жұмыстың орындалу шартына ескертулер.
- жұмысты орындаушы тақырыптың оқу материалын толықтыруға,
тереңдетуге, ықшамдауға мүмкіндігі бар;
- оқыту түрін, формасын, құралын, əдістерін өз еркімен сабақтың
мақсатына сəйкес таңдайды;
- тақырыптық сабақ жоспарының оқыту құралдары, формасы жəне
əдістері,
дидактикалық
материалдары
оқушының
танымдық,
психикалық жəне физиологиялық функциялары мен процесс
қасиеттерін дамытуға ықпалының болуы;
- орындалған сабақ жоспарының жобасындағы құралдардың, іс -
əрекеттердің дидактикалық принциптер мен критерияларына қайшы
келмеуі;
- жұмысты
орындаушы
төмендегі
материалдарды
оқытушыға
тапсырады:
а) сабақ жоспарының жобасына теориялық негіздемесі;
б) тақырыптық сабақ жоспарының тəжірибеде тексерілген үлгісі;
в) оқытудың дидактикалық материалдары.
Тапсырма №1.
Тапсырма: Мата немесе былғарыдан аппликация техникасында сəнді
«Панно» дайындау(1 сағат).
Панно – қоғамдық мəдени орындарды, үй бөлмелерін əсемдеу жəне
безендіру үшін жасалатын өнер туындысы. Оны оқушыларда жасай алады.
Ол үшін қажетті заттар: сурет жақтаушы (рама), ирек таспа, түрлі түсті мата,
жіп, ине,желім, бір түсті қалың қатты мата.
Оқушы өзінің таңдауы бойынша безендіру объектісінің нобайын қалам
саппен қағазға орындайды. Қатты ағаштың ұнтағынан жасалған тақтайшаны
кесіп(өлшеммен) немесе картонды алуға да болады. Оның бетіне «фон»
ретінде бір өңді түсті матамен немесе былғарымен жапсырылады. Нобай
бойынша бейне кесіннің пішіні мен түсіне орай мата немесе былғарыны
қыиып, бір өңді жазық матаның немесе былғарының бетіне жапсырады.
Дайын болған жұмыстың жиек бөліктерін ағаш немесе тығыз түсті
картонмен безендіріп рамасын қондырады. Соңғы кезең «Панно» ілгекті
жасап, жұмыстың теріс жағына қондырады.
Тексеру сұрақтары.
1. Оқу материалында толықтыру, ықшамдау өзгерістері енгізілді ме?
2. Қандай сабақтың түрі мен типі қолданылды?
3. Оқушыны жаңа оқу материалын басқа жағдайда қолдана алу мүмкіндігі
қандай болды?
4. Шығармашылық жұмысқа оқушының игерген білімі мен іскерлігі
жеткілікті болды ма?
5. Қандай технологиялық процесін материалды өңдеуде, оқушы жұмыс
орындауда жиі қолданды?
6. Мұғалімнің тарапынан қандай көмек көрсетілді?
7. Оқушының шығармашылық жұмысы қандай критерияда бағаланды?
Ұсынылатын əдебиеттер.
1. Еңбекке баулу пəнінің оқу бағдарламасы(4 сынып). -Алматы, 2003 ж.
2. Выгонов В. В. Практикум по трудовому обучению. -М., 1999 ж.
3. Геронимус Т. М. Урок труда. Я все умело сам (УМК). -М., 1998 ж.
4. Гукасова А. М. Методика трудового обучения. -М., 1990 ж.
5. Давлетова К. Ш. Методика трудового обучения в начальных классах. -
Уральск, 2005 ж.
6. Өстеміров К. Еңбекке баулу (4 - сынып). -Алматы, 2000 ж.
7. Барадулин В. А. Основы художественного ремесла. -М., 1979 ж.
8. Əміргазин Қайрат. Қазақ қолөнері. -Алматы, 1986 ж.
9. Афонькин С. Ю. Орнаменты народов мира. -С – ПБ., 1998 ж.
10. Маргулин А. Х. Казахская народная прикладная искусство. В 3 – х
томах. -Алматы, 1986, 1988, 1994 ж.ж.
11. Гукасова А. М. Рукоделие в начальных классах. -М., 1984 ж.
Лабораториялық жұмыс №9
Тақырыбы: оқушыларды техникалық құрастыруға үйретудің оқыту
мазмұны жəне оның технологиясы.
Жұмыстың объектісі: бастауыш мектептің оқу процесіндегі 1 – сынып
еңбекке баулу пəнін оқытудың мазмұны.
Жұмыстың предметі: объектіні құрастыру жұмысындағы жаңа ұғымдарды
игерудің сабақ жоспарын құрастыру.
Мақсаты: еңбекке баулу сабағында оқушылардың объектіні құрастыру
жұмысындағы ұғымдарды игеру сабақ жоспарының жобасын жасау.
Міндеттері:
- жұмыстың құрылымы жəне мазмұнымен ұқыпты танысу;
- белгіленген сыныптағы тақырыптың оқу материалы мазмұнымен
танысу;
- көмекші оқу - əдістемелік құжаттармен оқытудың мазмұнына тиімді
оқыту құралдарын негіздей іріктеу;
- сабақ жоспарының мазмұнын құрастыру;
- оқытудың дидактикалық материалдарын (құралдарын) жасау;
- орындалған сабақ жоспар жобасын тəжірибеде тексеру;
- орындалған жұмыс мазмұны туралы есеп беру.
Жұмыстың құралдары: бастауыш мектептің еңбекке баулу пəнінің білім
беру стандарты, 1 сыныпқа арналған еңбекке баулу пəнінің оқу
бағдарламасы, күнтізбелік жоспар, оқу жəне əдістемелік құралдары,
ұсыныстар, көрнекіліктер: техникалық объектілердің үлгілері (картоннан,
пластмассадан, ағаштан, металлдан жасалған), альбомдар, «Лего», техника
моделін жасаудың техникалық сызбалары, схема, технологиялық карта;
сызба құралдары; материал: қағаз, картон, желім жəне т.б..
Жұмысты орындауға нұсқау.
1 сыныпқа арналған тақырыптық оқу материалының мазмұнымен
тапсырма №1 танысып, оқу бағдарламасында анықталған сол тақырыпқа
сəйкес
білім беру мазмұнымен салыстырылады. Тақырыпқа белгіленген уақыт
мөлшерін күнтізбелік – тақырып пен оқу бағдарламасынан көруге болады.
Тақырыптың оқу материалы арқылы сабақтың дидактикалық, дамытушылық
жəне тəрбиелік мақсаттары айқындалынады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру
жəне оқушыға оқу материалын игерту үшін теориялық негіздей отырып,
сабақтың тиімді жəне қолайлы формасы, əдістері жəне құралдары
іріктелінеді. Оқытудың құралдарын пайымдаудан кейін сабақтың
құрылымын қарастыруға кіріседі. Тақырыптың мазмұнындағы оқу
материалының көлемін, қиындығын, күрделілігін, тереңдігін, аумақтылығы
Достарыңызбен бөлісу: |