3. Сабақ жоспарының құрылымы мен мазмұны қандай?
4. Сабақтың мақсаты дегеніміз не?
5. Оқытудың технологиясы жəне оқытудың əдістемесі дегеніміз не?
6. Оқушының оқу материалын меңгертуге, қанша уақыт белгіленеді?
7. Еңбекке баулу сабағы, қандай нұсқаулардан тұрады?
8. Сабақ жоспарын орындағаннан кейін, мұғалім келесі қандай іс -
əрекетке көшеді?
Ұсынылатын əдебиеттер.
1. Еңбекке баулу пəнінің оқу бағдарламасы(1 сынып). -Алматы, 2003 ж.
2. Выгонов В. В. Практикум по трудовому обучению. -М., 1999 ж.
3. Геронимус Т. М. Урок труда. Я все умею сам (УМК). -М., 1998 ж.
4. Гукасова А. М. Методика трудового обучения. -М., 1990ж.
5. Давлетова К. Ш. Методика трудового обучения в начальных классах.
-Уральск, 2005ж.
6. Оралбекова Т. Еңбекке баулу (1 - сынып). -Алматы, 2001 ж.
7. Калмыкова Н. В. и др. Макетирование из бумаги и картона. -М., 2000 г.
8. Сатканов О. С. и др. Технология. 1 класс (12 лет обучение),
(методическое пособие. –Алматы, 2006 ж.
9. Смирнова И. М. В мире много грантников. -М., 1995 ж.
10. Сержантова Т. Оригами для всей семьи. -М., 2001 ж.
Лабораториялық жұмыс №4
Тақырыбы: оқушыларды табиғи материалдан жұмыс орындауға үйретудің
оқыту мазмұны жəне оның технологиясы.
Объектісі: бастауыш мектептің оқу процесіндегі 2 – сынып еңбекке баулу
пəнін оқыту мазмұны.
Предметі: оқушыларды табиғи материалдардан бір фигуралы композициялы
объектіні жасатуда, олардың іскерлігін қалыптастырудың оқыту мазмұнын
құрастыру.
Мақсаты: еңбекке баулу сабағында оқушылардың табиғи материалдан
композициялық объект орындау сабақ жоспарының жобасын жасау.
Міндеттері:
- жұмыстың құрылымы жəне мазмұнымен ұқыпты танысу;
- белгіленген сыныптағы тақырыптың оқу материалы мазмұнымен
танысу;
- көмекші оқу - əдістемелік құжаттармен оқу мазмұнына тиімді оқыту
құралдарын негіздей іріктеу;
- сабақ жоспарының мазмұнын құрастыру;
- оқытудың дидактикалық материалдарын (құралдарын) жасау;
- орындалған сабақ жоспар жобасын тексеру;
- орындалған жұмыс туралы есеп беру.
Жұмыстың құралдары: Бастауыш мектептің еңбекке баулу пəнінің білім
беру стандарты, 2 - сыныпқа арналған еңбекке баулу пəнінің оқу
бағдарламасы, күнтізбелік жоспар, оқу құралдары, əдістемелік құралдар мен
ұсыныстар,
композициялы
объектіні
жасаудың
кескінді
бейнесі,
технологиялық картасы сызба, пышақ, қайшы, кептірілген ағаш, жеміс
қабықтары, өсімдік өнімдері,су коректілердің кепкен қабықтары, жəне т.б.
Жұмысты орындауға нұсқау.
2 сыныпқа арналған тақырыптық оқу материалының мазмұнымен
тапсырма №1 танысып, оқу бағдарламасында анықталған сол тақырыпқа
сəйкес
білім беру мазмұнымен салыстырылады. Тақырыпқа белгіленген уақыт
мөлшерін күнтізбелік – тақырып пен оқу бағдарламасынан көруге болады.
Тақырыптың оқу материалы арқылы сабақтың дидактикалық, дамытушылық
жəне тəрбиелік мақсаттары айқындалынады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру
жəне оқушыға оқу материалын игерту үшін теориялық негіздей отырып,
сабақтың тиімді жəне қолайлы формасы, əдістері жəне құралдары
іріктелінеді. Оқытудың құралдарын пайымдаудан кейін сабақтың
құрылымын қарастыруға кіріседі. Тақырыптың мазмұнындағы оқу
материалының көлемін, қиындығын, күрделілігін, тереңдігін, аумақтылығы
жəне т. б. ерекшеліктерін іріктеу, даралау, толықтыру, жүйелеу
жұмыстарымен шұғылдана нақты оқушыға игерілетін оқу материалының
элементтерін анықтап жүйелейді. Оқушының белсенділігі мен танымдық,
психикалық жəне физиологиялық қасиеттерінің дамуына ықпал көрсететін,
оның практикалық іскерлігін меңгертуге арналған дидактикалық
тапсырмалар дайындалады. Оқушының практикалық іскерлігін нығайтатын
жұмыстың объекті үлгісі жасалынып, оның көрнекіліктегі тиімді
технологиялық процессі белгіленеді. Бұл объектіні оқушы практикалық
сабақта жасап үлгеру уақыт мөлшері тексеріледі. Оның қажетті, нақты,
қолайлы материалдары мен аспаптарын анықтау да естен қалмауы да
орынды.
Келесі кезеңде оқушының іскерлігін бақылау формасы мен əдістерін
анықтай қажетті тапсырмаларды дайындайды. Бұл кезең аяқталғаннан кейін
сабақ жоспарының құрылымын толық жазбаша құрастыруға кіріседі.
Сабақтың оқыту əдістемесінің көлемі, нақты, анық жəне кең ашылып
орындалады. Сонымен бірге, сабақ құрылымындағы теориялық жəне
практикалық кезеңдердің уақытысы белгіленеді.
Осы тақырыптық оқыту мазмұнының жобасын белгілеген сабаққа
кететін жалпы уақыт мөлшеріне сəйкестігі дəл анықталады. Орындалған
сабақ жоспарының жобасын ұжымды формада талқылай түзете отырып,
оқытушыдан рұқсат ала, тəжірибеде (мектепте) тиімділігі мен қолайлығын
сынай тексереді. Оның мазмұндылығы мен тиімділігі туралы бастауыш
мектеп мұғалімдерінен пікір алып, олардың бағасы белгіленеді. Жұмыстың
соңында студент өзінің жұмысы туралы оқытушыға есеп береді.
Жұмыстың орындалу шартына ескертулер.
- жұмысты орындаушы тақырыптың оқу материалын толықтыруға,
тереңдетуге, ықшамдауға мүмкіндігі бар;
- оқыту түрін, формасын, құралын, əдістерін өз еркімен сабақтың
мақсатына сəйкес таңдайды;
- тақырыптық сабақ жоспарының оқыту құралдары, формасы жəне
əдістері,
дидактикалық
материалдары
оқушының
танымдық,
психикалық жəне физиологиялық функциялары мен процесс
қасиеттерін дамытуға ықпалының болуы;
- орындалған сабақ жоспарының жобасындағы оқыту құралдардың, іс -
əрекеттердің дидактикалық принциптер мен критерияларына қайшы
келмеуі;
- жұмысты
орындаушы
төмендегі
материалдарды
оқытушыға
тапсырады:
а) сабақ жоспарының жобасына теориялық негіздемесі;
б) тақырыптық сабақ жоспарының тəжірибеде тексерілген үлгісі;
в) оқытудың дидактикалық материалдары.
Тапсырма №1.
Тақырып: Табиғи материалдардан «Əтеш» жасау(1 сағат).
Табиғи материалдардан əр түрлі сувенирлер жəне ойыншықтар жасауға
болады. Олар күнделікті баланың ойынына жəне мереке кезінде туыстарға
қарапайым материалдардан бұйым жасап сыйлауға өте қолайлы материал.
Бұл бұйымдарды жасау үшін алдымен қарапайым аспаптар мен материалдар
қажет болады. Аспаптардан: кішкентай пышақ, қайшы, біз, пинцет, инелер,
ағаштан жасалған мүсінге қажет «стек», кисттер, қысқыш жəне т.б...
Əтешті жасау үшін мынандай материалдар қажет болады: грек
жаңғағының қабығы, орман жаңғағының қабығы, ағаштың сабағы, акация
ағашының кепкен тұқымы, құстың үлпі қанаттары, пластиллин, айдарды
жасауға қағаз немесе былғары материалы, ағаштың қабығы.
Əтешті жасау үшін алдымен грек жаңғағының ішін тазалап, оны
пластиллин арқылы бір-бірімен жапсырамыз. Аяғын ағаштың қисық
бөлігінен кесіп пішінін келтіре, жаңғақтың төменгі бүйіріне пластиллинмен
біріктіреміз. Əтештің аяғы ағаш қабығына пластиллинмен бекітіледі. Басты
жасау үшін, орман жаңғағының қабығын тазалап бір-бірімен пласиллин
арқылы қосып, оның жарық жеріне былғарыдан немесе қағаздан ойылған
Достарыңызбен бөлісу: |