Келесі кезеңде оқушының білімі мен іскерлігінің жүйеленуі, оны
қорыту бақылау формасы мен əдістері анықталып ,қажетті тапсырмалар
дайындалады. Бұл кезең аяқталғаннан кейін сабақ жоспарының құрылымын
толық жазбаша құрастыруға кіріседі. Сабақтың оқыту əдістемесінің көлемі,
нақты, анық жəне кең ашылып орындалады. Сонымен бірге, сабақ
құрылымындағы кезеңдердің уақытысы белгіленеді.
Осы тақырыптық оқыту мазмұнының жобасын белгілеген сабаққа
кететін жалпы уақыт мөлшеріне сəйкестігі дəл анықталады. Орындалған
сабақ жоспарының жобасын ұжымды формада талқылай түзете отырып,
оқытушыдан рұқсат ала, тəжірибеде (мектепте) тиімділігі мен қолайлығын
сынай тексереді. Оның мазмұндылығы мен тиімділігі туралы бастауыш
мектеп мұғалімдерінен пікір алып, олардың бағасы белгіленеді. Жұмыстың
соңында студент өзінің жұмысы туралы оқытушыға есеп береді.
Жұмыстың орындалу шартына ескертулер.
- жұмысты орындаушы тақырыптың оқу материалын толықтыруға,
тереңдетуге, ықшамдауға мүмкіндігі бар;
- оқыту түрін, формасын, құралын, əдістерін өз еркімен сабақтың
мақсатына сəйкес таңдайды;
- тақырыптық сабақ жоспарының оқыту құралдары, формасы жəне
əдістері,
дидактикалық
материалдары
оқушының
танымдық,
психикалық жəне физиологиялық функциялары мен процестерін
дамытуға ықпалының болуы;
- орындалған сабақ жоспарының жобасындағы оқыту құралдардың, іс -
əрекеттердің дидактикалық принциптер мен критерияларына қайшы
келмеуі;
- жұмысты
орындаушы
төмендегі
материалдарды
оқытушыға
тапсырады:
а) сабақ жоспарының жобасына теориялық негіздемесі;
б) тақырыптық сабақ жоспарының тəжірибеде тексерілген үлгісі;
в) оқытудың дидактикалық материалдары.
Тапсырма №1.
Тақырып: Жібек жіп туралы мағлұмат. Матамен жұмыс істеу(1 сағат).
Мақта, жүн жіптерді станокта иіретін болса, жібек жіпті адам иірмейді,
оны көбелектің дернəсілі иіреді.
Мұндай құрттың түрін тұт жібек құрты деп атайды. Сонымен жібек
құрты дегеніміз түсінікті. Ал неліктен «тұт» деп атайды?
Өйткені көбелектің жібек құрты тек қана тұт ағашының жапырағымен
қоректенеді. Қуыршаққа айналардың алдында құрт жіңішке жіп шығарып,
бүкіл денесін түгел сол жіппен орып тастайды. Одан жібек қуыршақ пайда
болады. Адамдар жібек қуыршағын тарқатып, жіп орап, бірден тоқыма
фабрикасына жеткізеді. Одан жібек матасы өндіріледі. Жібек құрты мен
қуыршақтың салмағы бар болғаны екі грамм мөлшерінде. Бірақ бір
қуыршақтағы жібек жіптің ұзындығы бір жарым километр болады. Жібектен
парашют жасағанда мықты əрі жеңіл болатынын ең бірінші рет орыс
өнертапқышы Глеб Евгеньевич Котельников ойлап тапқан. Қазіргі кезде
жібектің қолданбайтын жері жоқ. Одан неше түрлі өздерің киіп жүрген əсем
көйлектер, орамалдар, жейделер, терезе перделері, төсек жапқыштар т. б.
бұйымдар тігеді.
Практикалық сабақта жібек матасының қалдығынан раушан гүлінің
пішінін сəнді етіп жасаттыру.
Ол үшін жібек матаны түтікше етіп ине-жіппен тігіледі. Оның
ұзындығы 20 см, диаметрі 10-15 болады. Түтікшенің бір ұшын ине-жіппен
ұстатып екінші ұшына қарай тартқанда бастапқы ұшында раушанның гүл
шоғы сияқты пішін пайда болады.
Тексеру сұрақтары.
1. Қандай өзгерістер оқу материалының мазмұнына енгізілді?
2. Қандай сабақтың түрі мен типі қолданды?
3. Дəстүрлі сабақ құрылымымен, сіздің жасаған сабақ жоспары
құрылымында өзгеріс бар ма?
4. Оқушының білім мен іскерлігін жүйелеп қорытындылауда, қандай
оқытудың құралдары қолданылды?
5. Оқушының білімі мен іскерлігінің жүйелену дəрежесін, қандай
бақылау əдісімен тексердің?
Ұсынылатын əдебиеттер.
1. Еңбекке баулу пəнінің оқу бағдарламасы(4 сынып). -Алматы, 2003 ж.
2. Выгонов В. В. Практикум по трудовому обучению. -М., 1999 ж.
3. Геронимус Т. М. Урок труда. Я все умело сам (УМК). -М., 1998 ж.
4. Гукасова А. М. Методика трудового обучения. -М., 1990 ж.
5. Давлетова К. Ш. Методика трудового обучения в начальных классах.
Уральск, 2005 ж.
6. Өстеміров К. Еңбекке баулу (4 - сынып). -Алматы, 2000 ж.
7. Нагибина М. И. Чудесы из ткани своими руками. -Ярославь, 1998 г.
Лабораториялық жұмыс №7
Тақырыбы: оқушыларды ермек саздан бұйым орындауды үйретудің оқыту
мазмұны жəне оның технологиясы.
Объектісі: бастауыш мектептің оқу процесіндегі 2 – сынып еңбекке баулу
пəнін оқыту мазмұны.
Предметі: ермек саздан бұйым жасауда оқушылардың машықтық қасиетін
дамытудың оқыту мазмұнын құрастыру.
Мақсаты: еңбекке баулу сабағында оқушылардың ермек саздан бұйым
орындау сабақ жоспарының жобасын жасау.
Міндеттері:
- жұмыстың құрылымы жəне мазмұнымен ұқыпты танысу;
- белгіленген сыныптағы тақырыптың оқу материалы мазмұнымен
танысу;
- көмекші оқу - əдістемелік құжаттармен оқытудың мазмұнына тиімді
оқытудың құралдарын негіздей іріктеу;
- сабақ жоспарының мазмұнын құрастыру;
- оқытудың дидактикалық материалдарын (құралдарын) жасау;
- орындалған сабақ жоспар жобасын тəжірибеде тексеру;
- орындалған жұмыс мазмұны туралы есеп беру.
Жұмыстың құралдары: бастауыш мектептің еңбекке баулу пəнінің білім
беру стандарты, 2 сыныпқа арналған еңбекке баулу пəнінің оқу
бағдарламасы, күнтізбелік жоспар, оқу - əдістемелік құралдары, ұсыныстар,
көрнекіліктер: бұйым үлгілері,технологиялық карта; сызба құралдары;
техникалық аспаптар, темір сымы, саз немесе пластилин, қағаз, ыдыстар,
стектер жəне т.б..
Жұмысты орындауға нұсқау.
2 сыныпқа арналған тақырыптық оқу материалының мазмұнымен
тапсырма №1 танысып, оқу бағдарламасында анықталған сол тақырыпқа
сəйкес
білім беру мазмұнымен салыстырылады. Тақырыпқа белгіленген уақыт
мөлшерін күнтізбелік – тақырып пен оқу бағдарламасынан көруге болады.
Тақырыптың оқу материалы арқылы сабақтың дидактикалық, дамытушылық
жəне тəрбиелік мақсаттары айқындалынады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру
жəне оқушыға оқу материалын игерту үшін теориялық негіздей отырып,
сабақтың тиімді жəне қолайлы формасы, əдістері жəне құралдары
іріктелінеді. Оқытудың құралдарын пайымдаудан кейін сабақтың
құрылымын қарастыруға кіріседі. Тақырыптың мазмұнындағы оқу
материалының көлемін, қиындығын, күрделілігін, тереңдігін, аумақтылығы
жəне т. б. ерекшеліктерін іріктеу, даралау, толықтыру, жүйелеу
жұмыстарымен шұғылдана нақты оқушыға игерілетін оқу материалының
элементтерін анықтап жүйелейді. Оқушының белсенділігі мен танымдық,
психикалық жəне физиологиялық қасиеттерінің дамуына ықпал көрсететін,
оның машықтану қабілетіне арналған дидактикалық тапсырмалар
дайындалады. Оқушының машықтану қасиетін нығайтатын əдіс-тəсілдері
көрсетіліп, практикалық жұмыстың объекті үлгісі жасалынып, оның
Достарыңызбен бөлісу: |