14
берушінің бастамасымен негізгі қызметінен босатылмаған кəсіподақ
ұйымының басшысыларын (төрағаларын) қызметінен босатуға, сондай-
ақ тəртіптік жаза қолдануға, заңды тұлғаның немесе жұмыс берушінің
қызметі тоқтаған жағдайдан басқа уақытта.
9) Кəсіподақ мүшелеріне Кəсіподақ Жарғысы белгілеген мерзімде
жұмыс уақытында жиналыс өткізуге құқық беруге.
10) Негізгі қызметінен босатылмаған кəсіподақ қызметкерлеріне,
оның ішінде еңбекті қорғау бойынша техникалық инспекторларға ұжым
мүддесіне қоғамдық міндеттерін атқаруға, орташа айлық жалақысын
сақтай отырып, уақыт бөлуді қарастыруға. Уақыттың дəл мөлшері
ұжымдық шартпен белгіленеді.
11) Кəсіподақ органдарының мүшелерін өз мүшелерінің мүддесінде
қоғамдық қызмет атқару үшін, кəсіподақтық оқу уақытында, делегат
ретінде кəсіподақ шақырған съезд (конференция) уақытында негізгі
қызметін атқарудан босатуға жəне оның орташа айлық жалақысын
сақтауға.
12) Жұмыс беруші кəсіподақ мүшесі болып табылатын қызметкердің
жазбаша өтініші болған жағдайда айына бір рет, келесі айдың бірінші
декадасынан кешіктірмей, тиісті филиалдың есеп шотына барлық табыс
көздерінен толық көлемде кəсіподақ жарнасын аударады.
6. ƏЛЕУМЕТТІК ƏРІПТЕСТІКТІҢ ДАМУЫ
28. Тараптар міндеттенеді:
1) Əлеуметтік əріптестік ұстанымдарын əрі қарай дамытуға жəне
өркендетуге, жасалатын келісімдер мен ұжымдық шарттардың тиімділігін
арттыруға, қабылданған міндеттірдің орындалуына қадағалау орнатуды.
2) Аталған келісімнің шарттарының орындалу нəтижелерін
Тараптардың ресми сайттарында, бұқаралық ақпарат құралдарында,
сондай-ақ салалық жəне кəсіподақтық баспа беттерінде жариялауды.
3) Қызметкерлердің еңбек, əлеуметтік экономикалық, кəсіптік
мүдделерін қозғайтын, қызмет бағыттары мен болашақ шаралары жөнінде
толық ақпаратпен дер кезінде алмасуды.
4) Денсаулық сақтау ұйымдарына облыстық келісімдер мен ұжымдық
шарттар жасасуға ұйымдастырушылық жəне əдістемелік көмек көрсетуді.
5) Тараптар қабылдаған міндеттемелердің орындалуын қадағалау.
Салалық комиссияда салалық Келісімнің орындалу барысын ұдайы
қарастырып отыруды.
6) Əлеуметтік əріптестік аясында əлеуметтік-еңбек тартыстары мен
шиеленістерді болдырмау жəне алдын алу бойынша іс шаралар əзірлеу.
15
7) Келесі сұрақтарды қарастыру:
- келісім, ұжымдық шарттар əзірлеу мен қабылдауға қатысу үшін
бақылаушылар топтарының қалыптасу тəртібі, құзыреті мен қызметі
туралы;
-
еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша Кеңестің
қалыптасу тəртібі мен қызметі туралы;
-
кадрлық потенциал мен біліктілікті дамыту бойынша үйлестіру
орталығы туралы;
-
ұжымдық еңбек дауларын шешу жəне алдын алу сұрақтары
бойынша Кеңестің қызметі мен қалыптастыру тəртібі туралы;
-
біліктіліктің салалық шеңберін бекіту тəртібі туралы.
8) Аталған келісімге толықтырулар мен өзгерістер енгізу бойынша
келіссөздерді жүргізуді əлеуметтік əріптестік пен əлеуметтік жəне еңбек
қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссия атқарады.
Салалық комиссияның құрамын Тараптар өз бетінше Тараптар
өкілдерінің тепе-тең негізінде анықтайды.
Комиссия туралы Ереже, оның жұмыс тəртібі, міндеті мен өкілеттігі
салалық комиссияның отырысында бекітіледі.
9) Келісімге толықтырулар мен өзгерістер енгізу кезінде осы
толықтырулар мен өзгерістерді енгізуге бастама көтеріп отырған тарап
басқа тараптарға Келісім жасасу тəртібіне сай келіссөздер жүргізуді
бастау туралы жазбаша хабарлайды.
7. КЕЛІСІМНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
ЖƏНЕ ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІГІ
29. Тараптар келесі мəмілеге келді:
1) Келісімге қол қойылғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде
Тараптар Келісім мəтінін ресми жариялайды жəне денсаулық сақтау
органдары мен ұйымдары басшыларының, Кəсіподақтың құрылымдық
бөлімдерінің, Ұлттық денсаулық сақтау палатасы назарына жеткізеді
жəне де қабылданған міндеттемелерді іске асыру жөніндегі іс-шараларды
1 ай мерзімде əзірлейді. Келісімге қол қойған əрбір тарап өз өкілеттіктері
шегінде өзінің жауапкершілігін мойындайды жəне туындайтын
проблемаларды шешуде ынтымақтастық жасауға міндеттенеді.
2) Бірде бір Тараптың бір жақты тəртіппен Келісімнің қолданылуын
тоқтата тұруға немесе алып тастауға құқығы жоқ, оған өзгерістер мен
толықтырулар Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша енгізіледі.
3) Келісімнің орындалуын бақылау Келісім тараптарымен жəне
олардың өкілдерімен, сондай-ақ əлеуметтік əріптестік пен əлеуметтік
16
жəне еңбек қатынастарын реттеу бойынша салалық комиссиясымен
жүзеге асырылады. Бақылау жүргізу үшін Келісім тараптары жыл сайын
Келісімнің орындалу барысы туралы расталған ақпаратпен алмасады.
Келісім орындалмаған жағдайда мүдделі тұлғалар салалық екіжақты
комиисияны немесе Келісімге қол қойған басшыларды тікелей жазбаша
түрде хабардар етеді. Тараптар табыс етілген ақпаратты талқылауды
жүргізеді жəне тиісті шешімдер қабылдайды.
4) Осы Келісім оған қол қойылған сəттен бастап күшіне енеді жəне
жаңа келісім қабылданғанға дейін, бірақ 2020 жылдың ақпан айынан
кешікпей қолданылады.
2017 жылдың 18 сəуірінде Астана қаласында мемлекеттік жəне
орыс тілдерінде, 8 данада жасалды. Қол қойған қатысушылардың əр
қайсысында Келісімнің бір данасы бар.
Осы салалық Келісімге мыналар қол қойды: