Отраслевое соглашение



жүктеу 450,54 Kb.
Pdf просмотр
бет1/8
Дата13.11.2018
өлшемі450,54 Kb.
#19159
  1   2   3   4   5   6   7   8


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау 

министрлігі мен «Қазақстандық денсаулық сақтау 

қызметкерлерінің салалық кəсіптік одағы» ҚБ-і жəне 

Ұлттық денсаулық сақтау палатасы арасындағы 

2017-2019 жылдарға арналған 

САЛАЛЫҚ КЕЛІСІМ

ОТРАСЛЕВОЕ СОГЛАШЕНИЕ

между Министерством здравоохранения 

Республики Казахстан, Казахстанским отраслевым 

профессиональным союзом работников 

здравоохранения и Национальной палатой 

здравоохранения 

на 2017-2019 годы

Астана-2017




3

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен 

«Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық 

кəсіптік одағы» ҚБ-і жəне Ұлттық денсаулық сақтау палатасы 

арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған 

САЛАЛЫҚ КЕЛІСІМ

1.  ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. Əлеуметтік əріптестік тараптарының өкілетті өкілдері – Қазақстан 

Республикасы  Денсаулық  сақтау  министрлігі  (бұдан  əрі – Министрлік), 

«Қазақстандық  денсаулық  сақтау  қызметкерлерінің  салалық  кəсіптік 

одағы»  қоғамдық  бірлестігі  (бұдан  əрі – Кəсіподақ),  Ұлттық  денсаулық 

сақтау  палатасы,  бұдан  əрі  бірлесіп  «тараптар»  деп  атала  отырып, 

2017-2019  жылдарға  саладағы  еңбек  жағдайын,  жұмыспен  қамту  жəне 

əлеуметтік  кепіл  бойынша  Тараптардың  мазмұны  мен  міндеттерін 

белгілейтін аталған салалық Келісімді (əрі қарай Келісім) жасасты.

2. Осы Салалық Келісім (əрі қарай Келісім) Қазақстан Республикасы-

ның  Конституциясына,  Қазақстан  Республикасының  Еңбек  Кодексіне, 

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау 

жүйесі туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Кəсіптік одақтар 

туралы» 2014 жылғы 27 маусымдағы  заңына,  еңбек  құқықтары  мен 

мүдделеріне қатысты басқа да Қазақстан Республикасының заңнамалық 

жəне нормативтік құқықтық актілеріне жəне Қазақстан Республикасының 

Үкіметі,  қызметкерлердің  республикалық  бірлестіктері  жəне  жұмыс 

берушілердің  республикалық  бірлестіктері  арасындағы 2015-2017 

жылдарға жасалған Бас Келісіміне сай жасалды.

3.  Осы  Келісімнен  шығатын  Ереже  тараптарға  міндетті  болып 

табылады, Кəсіподақ филиалдары, ұлттық денсаулық сақтау палатасы мен 

жергілікті  денсаулық  сақтау  басқармалары  арасындағы  келісімді  жəне 

денсаулық  сақтау  ұйымдарында  ұжымдық  шартты  бекіткен  жағдайда 

негіздеме болып, кемітуге немесе қысқартуға жатпайды.

4. Келісім жұмыскерлердің еңбек ақысы, жұмыс тəртібі, негізгі жəне 

қосымша  төленетін  еңбек  демалысын  жəне  жұмыскерлерге  басқа  да 

облыстық келісімдер мен еңбек жəне ұжымдық шарттармен белгіленген 

əлеуметтік көмек бөліктерінде жұмыс берушілердің құқығын шектемейді.

5. Осы Келісімнің қолданылуы мемлекеттік орган ретінде Қазақстан 

Республикасы  денсаулық  сақтау  Министрлігіне,  жұмыс  берушілер  мен 

қызметкерлер  жəне  олардың  өкілдері  ретінде  Ұлттық  денсаулық  сақтау 

палатасына  жəне  Қазақстандық  денсаулық  сақтау  қызметкерлерінің 

салалық Кəсіподағына таратылады.



4

Кəсіподақ сондай-ақ кəсіподақ мүшелерімен қатар салалық кəсіподаққа 

мүше  емес  қызметкерлердің  мүдделерін  олардың  жазбаша  өтініштері 

бойынша көздейді.

6.  Қызметкерлер  кепілдігін  Қазақстан  Республикасының  еңбек 

заңнамасымен салыстырғанда төмендететін, жəне осы Келісімге қайшы 

келетін  келісімдер,  ұжымдық  жəне  еңбек  шарттары,  жұмыс  берушілер 

актілері жарамсыз болып табылады. 

7.  Осы  Келісімнің  қолданылу  мерзімінде  жағдайын  жақсартуға 

қабылданған заңнамалық жəне басқа нормативтік актілер күшіне енген 

күннен  бастап  аталған  Келісімнің  сəйкес  пункттерінің  қолданылуын 

кеңейтеді.

8.  Келісім  Тараптарының  бірі  қайта  құрылған  жағдайда,  құқықтары 

мен міндеттемелері заңды мұрагеріне (заңды мирасқорларына) өтеді жəне 

жаңа Келісім жасалғанша сақталады.

2.  ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ

9. Саладағы тиімді басқаруды, экономикалық қатынастар мен еңбекақы 

төлеуді жетілдіру аясында тараптар міндеттенеді:

1)  Республика  халқына  тиімді  медициналық  көмек  көрсету  жүйесін 

құруда Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жыл 15 қаңтардағы 

№176 Жарлығымен, денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға 

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша, сондай-

ақ «100 нақты  қадам»  Ұлт  жоспарына  сəйкес  міндетті  медициналық 

сақтандыруды енгізу бойынша жұмыстарды жалғастыруға. 

2)  Денсаулық  сақтау  саласындағы  бəсекелестікті,  мединалық  көмек 

көрсету  жөніндегі  тарифтік  саясатты  дамытуға,  мединалық  көмек 

көрсетулер  сапасын  арттыруға,  денсаулық  сақтау  мəселелері  бойынша 

халықты  дұрыс  жəне  объективті  ақпараттармен  қамтамасыз  етуге 

жəрдемдесуге.

3)  Денсаулық  сақтау  жүйесіне  білім,  ғылым  жəне  инновациялық 

технологиялар  мен  медициналық  көмектің  алдыңғы  қатарлы 

технологияларын  трансферттеу  бойынша  жұмысын  əрі  қарай 

жалғастыруға.

4)  Министрліктің  алқа  органдары  мен  Кəсіподақтың  сайланбалы 

органдарының,  Ұлттық  денсаулық  сақтау  палатасының  отырыстарында 

денсаулық  сақтау  жүйесіндегі  бағдарламалық  жəне  стратегиялық 

құжаттарды  қарастыруға  жəне  олардың  жүзеге  асырылуына  пəрменді 

шара қабылдауға.



жүктеу 450,54 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау