11
мəселе бойынша нұсқаулық өткізіп, білім деңгейін тексеріп, оқыту
жүйесін жетілдіруге, озық тəжірибелермен бөлісуге.
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму
министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы Жұмыс берушінің қаражаты
есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері,
емдік-профилактикалық тағам, арнайы киім жəне басқа да жеке қорғаныш
құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғаныс құралдарымен, санитарлық-
тұрмыстық үй-жайлармен жəне құрылғылармен қамта масыз ету
қағидаларын бекіту туралы № 1054 бұйрығына сəйкес еңбек қауіпсіздігі
жəне еңбекті қорғау іс-шараларын, оның ішінде қызметкерлерді арнайы
киіммен, аяқ киіммен жəне басқа да қорғау құралдарымен толықтай
қамтамасыз етуді қаржыландыруға шара қабылдауға.
5) Қолданыстағы заңнамаға сəйкес өндірістегі жазатайым оқиғаларды
дер кезінде тергеуге, өндірістік жарақат алушылықтың алдын алу,
сондай-ақ қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша
шара қабылдауға.
6) Əлеуметтік маңызы бар аурулар, оның ішінде (ВИЧ), гепатит, В
жəне С туберкулез вирустары тудыратын аурулардың алдын алу бойынша
бірлескен жұмыстар өткізуге. Халықаралық еңбек ұйымының АИВ/
ЖИТС (ВИЧ/СПИД) жəне туралы Ұсыныстарын жылжыту бойынша
шара қабылдауға.
7) Қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыру мақсатында еңбек жағдайын
сараптау рөлін жоғарылатуды, Салада еңбекті қорғауды басқарудың
шығынды моделінен кəсіптік тəуекелді басқарудың заманауи жүйесіне
өтуге қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың жаңа стратегиясын əзірлеу жəне
енгізу бойынша консультациялар өткізуге.
8) Қалалар мен ауылды жерлерде қызмет атқаратын, жұмыс
барысында қоғамдық көлікпен жүріп қызмет етуге міндетті, медицина
қызметкерлерінің көлік шығындарын өтеу бойынша шара қабылдауға.
9) Ауылдық жерлерде тұрып қызмет ететін медицина қызметкерлеріне
коммуналдық қызмет жəне отын шығынының толық өтелуіне қол жеткізу.
10) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 31
желтоқсанындағы «Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті
кəсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты
есебінен міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге
асыратын еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен
айналысатын қызметкерлер кəсіптерінің тізбесін бекіту туралы» №1562
Қаулысына сəйкес денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне 5% міндетті
зейнетақы жарналарының аударылуын қамтамасыз етуге.
11) «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны
жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан
12
Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы №30 Заңына сəйкес медицина
қызметкері тарапынан азаматтың денсаулығына немқұрайдылық пен
ұқыпсыздық əсерінен емес келтірілген зиянға кəсіби жауапкершілікті
сақтандыруды енгізуге ықпал жасауға.
12) В жəне С вирусты гепатиті бойынша қатер тобындағы медицина
қызметкерлерін жұмыс беруші қаражаты есебінен тексерілуіне, сондай-
ақ кəсіптік аурулардың Мемлекеттік тізімін əзірлеу барысында аталған
ауруларды қосу туралы сұрақты қарастыруға.
13) Медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында сала
қызметкерлерінің скринингтік тексерілуден өтуін қамтамасыз етуге.
14) Облыстық жəне салалық əлеуметтік əріптестік комиссия
отырыстарында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өндірістік
жарақатты жəне кəсіптік ауру жағдайлары сұрақтарын қарастыру жəне
қарастырылған нəтижесі бойынша шаралар қолдануға.
25. Министрлік жəне Ұлттық денсаулық сақтау палатасы
міндеттенеді:
1) Қызметкер еңбек міндеттерін атқаруына байланысты, сондай-ақ
қоғамдық жұмыс кезінде оның өміріне жəне (немесе) денсаулығына зиян
келтірілген жағдайда келтірілген шығынды жұмыс берушінің Қазақстан
Республикасы азаматтық заңнамасында қарастырылған көлемде өтеуіне.
2) Республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде қауіпсіз еңбек
жəне еңбекті қорғау бойынша іс-шараларды, қызметкерлердің арнайы
киіммен жабдықталуын, уəкілеттік еңбек органдарының тізімі мен
нормасына сай арнайы тағаммен үзіліссіз қамтамасыз етілуін, Қазақстан
Республикасы Еңбек Кодексінің 125 бабына сəйкес жұмыс беруші
есебінен қызметкерлердің жыл сайынғы медициналық тексеруден өтуін
қаржыландыруды ескеруді, сондай-ақ облыстар жəне Астана мен Алматы
қалаларының əкімдіктеріне аталған шығындарды жергілікті бюджет
есебінен қаржыландыруды ұсынуға.
26. Кəсіподақ міндеттенеді:
1) Еңбекті жəне еңбекті қорғау бойынша құқықтық мəдениетті
жоғарылату, өндірістік жарақат алушылық пен кəсіби ауруларды
төмендету аясында өз міндеттерін орындау бойынша қызметкерлермен
түсіндірме жұмысын жүргізуге.
2) Денсаулық сақтау ұйымдарында қауіпсіз еңбек жағдайларын туғызуға,
еңбек міндеттірін орындау барысында қызметкерге келтірілген зиян шығыны
дер кезінде жəне толық өтелуіне, Еңбек заңнамасының сақталуына тиімді
қоғамдық бақылау қолданыстағы заңңамаға сəйкес жүргізуге .
3) Өндірістік жарақат пен кəсіби аурулардың алдын алуға, еңбек
13
жəне еңбекті қорғау заңнамалары талаптарын қамтамасыз ету бойынша
ұйымдарда біріккен əрекет аясында Өндірістік кеңестердің тиімді
қызметін қолдауға.
4) Өндірісте зардап шеккен жəне қаза тапқан Кəсіподақ мүшелерінің
отбасыларына құқықтық жəне материалдық көмек көрсетуге.
5) Салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстарын жүргізуге,
медициналық көрсеткіштері бойынша сауықтыруды қажет ететін
кəсіподақ мүшелеріне санаторлық-курорттық емдеуге жеңілдік
қарастырылған жолдамалармен қамтамасыз етуге жəрдем көрсетуге,
сондай-ақ олардың балаларын сауықтыруға.
5. КƏСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ КЕПІЛДЕРІ
27. Тараптар міндеттенеді:
1) Кəсіподақтық қызметі мен Кəсіподаққа мүшелігіне байланысты
кез келген қызметкердің заң кепілдік берген əлеуметтік, еңбектік жəне
басқада құқықтары мен бостандығын шектеуге, мəжбүрлеуге, қызметінен
босатуға немесе басқа əрекеттерге жол бермеу бойынша шара қолдануға.
2) Салада Кəсіподақ пен оның құрылымдық бөлімдері қызметінің
кепілдері мен заңмен белгіленген құқықтарының сақталуы бойынша
шара қолдануға.
3) Сала ұйымдарында Кəсіподақтың бастауыш ұйымдарының қызметін
қамтамасыз ету үшін отырыстар өткізуге орын-жай, жиһаз, оргтехника
мен байланыс құралдарымен жабдықтауға, сондай-ақ қызметкерлер үшін
қол жетімді жерде ақпарат орналастыруға мүмкіндік беруге.
4) Жарғылық міндеттері мен заңмен берілген құқықтарын жүзеге
асыру үшін сайланбалы кəсіподақ органдарының өкілдеріне Кəсіподақ
мүшелері қызмет атқаратын ұйымға кіруге.
5)
Кəсіподақ
органдарының
сұранымы
бойынша
ақпарат,
қызметкерлердің еңбек жағдайы, жалақы, тұрмыстық қызмет көрсету,
қоғамдық тамақтану, күн көріс жағдайы жəне басқа да əлеуметтік-
экономикалық жағдайлары бойынша мəліметтер мен түсініктемелер
беруге.
6) Жұмыс берушілер өкілдерінің кəсіподақ ұйымдары мен
органдарының қызметіне араласуына жол бермеуге, сондай-ақ олардың
қызметіне кедергі жасамауға.
7) Өздері мүше кəсіподақ ұйымының дəлелді пікірінсіз жұмыс
берушінің бастамасымен негізгі қызметінен босатылмаған сайланбалы
кəсіподақ ұйымының мүшесін қызметінен босатуға, сондай-ақ тəртіптік
жаза қолдануға.
8) Өздері мүше кəсіподақ ұйымының дəлелді пікірінсіз жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |