Отраслевое соглашение



жүктеу 450,54 Kb.
Pdf просмотр
бет3/8
Дата13.11.2018
өлшемі450,54 Kb.
#19159
1   2   3   4   5   6   7   8

8

мен оқу шартына сəйкес іссапар шығындарын өтеуді қамтамасыз ету.

6) Бала күтіміне байланысты немесе бала тууға байланысты декреттік 

демалыстан шыққан əйелдердің алғашқы жыл ішінде кəсіптік шеберлігін 

жоғарылату немесе кəсіби қайта даярлаудан өтуін қамтамасыз етуге.

7) Сала қызметкерлерінің біліктілік деңгейі мен кəсіби білімін анықтау 

бойынша  аттестаттау  комиссиясының  жұмыс  құрамына  Кəсіподақ 

өкілдерін енгізуді қамтамасыз етуге.

8)  Жұмысберуші  мен  Кəсіподақ  өкілдерінен  тең  құрамда  құрылған 

комиссияның оң шешімінсіз, Қазақстан Республикасы еңбек Кодексінің 52 

бабы 1 тармағы 2 жəне 4 тармақшаларын негізге ала отырып, көзделгендей 

зейнет  жасына  екі  жылдан  кем  уақыт  қалған  қызметкерлермен  еңбек 

шартын бұзбауға.

9)  Білім  беру  ұйымдарында  оқып  жүрген  қызметкерлерге  емтиханға 

дайындық,  емтихан  мен  сынақ  тапсыру,  лабораторлық  жұмыс  орындау, 

дипломдық  жұмысқа  (жобаға)  дайындық  жəне  оны  қорғау,  əскери-оқу 

резервін даярлау бағдарламасынан өту үшін оқу демалысын тағайындауға. 

Оқу демалысына ақы төлеу мөлшерін ұжымдық жəне оқу шарттарында 

анықтауға.

10)  Қазақстан  Республикасының  «Мемлекеттік  жастар  саясаты 

туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V Заңын жүзеге асыру шараларын 

əзірлеуге,  сонымен  қатар,  ұрпақтар  сабақтастығын,  тəлімгерлікті 

дамыту мен нығайтуға, жастар денсаулығын сақтау мен нығайтуға, дене 

шынықтыру  жəне  спортпен  айналысуға  жағдай  тудыруға,  студенттік 

форумдарды ұйымдастыру мен өткізуге.

21. Жастар арасында жұмыспен қамту жəне жұмысқа орналасу үшін 

жағдай тудыру мақсатында Тараптар міндеттенеді:

1) Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 29 б. 1 тармағының сəйкес, 

3),4),5),6) тармақшаларында белгіленген жағдайдан басқа, жұмысқа жаңа 

келген жас мамандармен еңбек шартын белгілі мерзімге жасасуға;

2)  Жұмысқа  алар  кезде  он  сегіз  жасқа  толмағандарға,  сондай-ақ 

техникалық  жəне  кəсіптік,  орта,  жоғары  жəне  жоғары  білім  алғаннан 

кейінгі  ұйымдарда  оқу  білім  беру  бағдарламаларын  меңгерген,  алған 

мамандығы  бойынша,  бірақ  оқу  бітіргендеріне  бір  жылдан  кеш  емес, 

жұмысқа жаңа келген тұлғаларға сынақ мерзімін белгілемеуге. 

22.  Министрлік  пен  Ұлттық  денсаулық  сақтау  палатасы 

міндеттенеді:

1)  Қазақстан  Республикасы  Еңбек  Кодексінің 12-бабына  сəйкес 

жұмыс берушінің, қызметкерлердің əлеуметтік жəне еңбек құқықтарына 

қатысты,  актілерін  шығару  кезінде  кəсіподақ  өкілдерінің  дəлелді  ойын 

ескеруін, сонымен қатар:



9

-  босатылған  қызметкерлердің  даярлықтан  өтуін,  қайта  даярлауын, 

еңбекпен қамтамасыз етілуін;

-  даярлықтан,  қайта  даярлаудан,  біліктілігін  жоғарылатудан  өтіп 

жатқан, сондай-ақ жұмысын оқумен қоса атқарып жүрген қызметкерлерге 

жеңілдіктері мен кепілдіктерін;

- еңбек тəртібі ережесі;

- демалыс кестесі;

- ауысым кестесі;

- толық емес жұмыс уақытын енгізу режимі;

- ҚР Еңбек кодексінің 52 бабының 1 тармағының келесі тармақшаларына 

көзделген еңбек шартын бұзу:

- 2) тармақша (жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған);

- 3) тармақша  (жұмыс  берушінің  экономикалық  жай-күйінің 

нашарлауына  əкеп  соққан  өндіріс,  орындалатын  жұмыстар  мен 

көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген);

- 7) тармақша (сынақ мерзімі кезеңінде жұмыс нəтижесі теріс болған);

- 8) тармақша  (жұмыскер  бір  жұмыс  күні  (жұмыс  ауысымы)  ішінде 

дəлелді себепсіз үш жəне одан көп сағат бойы жұмыста болмаған);

- 16) тармақша  (тəртіптік  жазасы  бар  жұмыскер  еңбек  міндеттерін 

дəлелді  себепсіз  қайталап  орындамаған  немесе  қайталап  тиісінше 

орындамаған).

2)  Денсаулық  сақтау  ұйымдарындағы  қызметкерлер  санын  негізсіз 

қысқартуға жол бермеуге шара қабылдауға.

3)  Қызметкерлер  санын  немесе  қызметкерлер  штатын  қысқарту 

қажеттілігі туған жағдайда Кəсіподақ өкілдерімен өзара консультациялар 

жəне  қызметкерлерді  əлуметтік  қорғау,  жұмыспен  қамту  бойынша  іс-

шаралар əзірлеуге.



23. Кəсіподақ міндеттенеді:

1)  Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы  заңнамамен  қара с-

тырылған  сала  қызметкерлерінің  еңбек  құқықтары  мен  мүдделерінің 

сақталуына,  сонымен  қатар  жұмыс  орнының  қысқаруына  негізділік, 

меншік  иесі  ауысқан  жағдайда,  ведомстволық  бағыныстағы  тиістілігі 

өзгергенде немесе мекеме қайта құрылғанда қызметкерлердің құқықтық 

кепілдері  мен  өтемақыларының  сақталуына  қоғамдық  бақылауды 

қамтамасыз етуге.

2) Жеке жəне ұжымдық еңбек дауларын сотқа дейінгі тəртіппен қарауға 

жəрдем көрсетуге.

3) Кəсіподақ мүшелеріне тегін заң консультациясын беруге, олардың 

құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуге.

4) Медицина жəне фармацевтика мамандығы қызметкерінің мəртебесін 



10

көтеруге, ұрпақтар сабақтастығын дамыту мен нығайтуға, инновациялық 

технологияларды  ендіруді  ескере  отырып,  денсаулық  сақтаудың 

интеллектуалдық  əлеуетін  дамыту  мен  сақтау  бойынша  шараларды 

əзірлеуге жəне іске асыруға.

5)  Кəсіподақтың  Орталық  Кеңесі  жəне  филиалдары  жанындағы 

жастармен  жұмыс  бойынша  тұрақты  қызмет  атқаратын  комиссия 

қызметін жандандыру.

6)  Облыстық  келісімдер  мен  ұжымдық  шарттар  жасауда  мазмұнына 

арнайы  жас  мамандардың  жəне  оқитын  жастардың  əлеуметтік 

экономикалық  жəне  еңбек  құқықтарын  қорғау  бойынша  бөлімдерді 

енгізуді қарастыруға.

7) Кəсіподақ (конкурс негізінде) орта жəне жоғарғы оқу ұйымдарының 

студенттеріне  тағайындаған  шəкіртақысын,  республикалық  жəне 

облыстық кəсіптік шеберлік конкурстарынан жүлделі орынға ие болған 

дəрігерлер мен медбикелердің сыйақыларын төлеуге.



4.  ДЕНСАУЛЫҚ ЖƏНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ

24. Тараптар міндеттенеді:

1) Қызметкерді қауіпсіз еңбек құқымен қамтамасыз етуге, өндірістік 

жарақат  алушылық  пен  қызметкерлердің  кəсіби  ауруларының  пайда 

болуын ескертетін еңбек қауіпсіздігінің заманауи құралдарын енгізуге. 

2)  Қазақстан  Республикасы  денсаулық  сақтау  жəне  əлеуметтік 

даму  Министрлігінің 2015 ж. 28 желтоқсандағы  №1053  бұйрығымен 

бекітілген  қысқартылған  жұмыс  уақыты  мен  қосымша  жыл  сайынғы 

ақылы  демалысқа  құқық  беретін  орында  жұмыс  істейтін  ауыр,  зиянды 

(аса  зиянды),  жəне  (немесе)  қауіпті  (аса  қауіпті)  жұмыстар  тізбесі, 

өндірістер, цехтар, мамандықтар мен қызметтер Тізіміне сай ауыр жəне 

өте ауыр, зиянды жəне аса зиянды еңбек жағдайында жұмыс жасайтын 

қызметкерлерді қосымша жыл сайынғы ақылы демалыспен, қысқартылған 

жұмыс уақытымен қамтамасыз етуге кепілдендірілген құқық беруге. 

3)  Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау  жəне  əлеуметтік  даму 

министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы  Қызметкерлерді  еңбек 

қауіпсіздігі  жəне  еңбекті  қорғау  мəселелері  бойынша  оқыту,  оларға 

нұсқама беру жəне білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдерін бекіту 

туралы №1019 бұйрығына сəйкес еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау 

мен  еңбек  заңнамасын  түсіндіру  бойынша  келіссөздер  жүргізу,  еңбек 

дауларында  бітімгершілікке  келу  туралы  тренингтердің  оқу  жүйесін 

жетілдіруге  басшылар  мен  қызметкерлерге,  сондай-ақ  қауіпсіздік  пен 

еңбекті қорғау мəселелерімен айналысатын Кəсіподақ өкілдеріне аталған 




жүктеу 450,54 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау