Отраслевое соглашение



жүктеу 450,54 Kb.
Pdf просмотр
бет2/8
Дата13.11.2018
өлшемі450,54 Kb.
#19159
1   2   3   4   5   6   7   8

5

10.  


Қызметкерлерге еңбекақы төлеу саласында Тараптар сүйенеді:

1)  мемлекеттік  мекемелер  мен  қазыналық  кəсіпорындар  қызмет-

керлерінің  еңбекақысын  төлеу  Қазақстан  Республикасы  Үкіме тінің 

2015  жылдың 31 желтоқсанындағы  №1193 «Азаматтық  қызметшілерге, 

мемлекеттік  бюджет  қаражаты  есебінен  ұсталатын  ұйымдардың 

қызметкерлеріне, 

қазыналық 

кəсіпорындардың 

қызметкерлеріне 

еңбекақы  төлеу  жүйесі  туралы»  Қаулысына  сəйкес  жүзеге  асырылады. 

(əрі қарай №1193 Қаулы)

2)  шаруашылық  жүргізу  құқы  бар  мемлекеттік  кəсіпорын 

қызметкерлеріне  еңбекақы  төлеу  жүйесі,  сыйлықақы  жəне  басқалай 

сыйақы  жүйесі  ұжымдық  шартпен  бекітілген  еңбекақы  төлеу  қоры 

аясында анықталады.

3)  акционерлік  қоғам  қызметкерлерінің  лауазымдық  айлықақысы, 

лауазымдық  айлықақыға  дербес  үстеме  ақы,  сыйлықақы  мөлшерін 

белгілеу  Қазақстан  Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы 

«Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сəйкес жүргізіледі. 

11.  Денсаулық  сақтау  қызметкерлерінің  ең  төменгі  тарифтік 

ставкасының  (айлықақы)  мөлшері  Қазақстан  Республикасының 

«Республикалық бюджет туралы» Заңы бекіткен мөлшерден төмен болуы 

мүмкін емес.

12.  Ұйымдастырушылық-құқықтық  формасына  тəуелсіз  денсаулық 

сақтау  ұйымдарының  ауыр,  зиянды  (аса  зиянды),  қауіпті  еңбек 

жағдайымен  қамтылған  қызметкерлеріне  қосымша  ақы  төлеу  №1193 

Қаулысына сəйкес жүзеге асырылады.

13.  Ұйымның  орналасқан  жері  мен  түріне  тəуелсіз  денсаулық  сақтау 

ұйымдарының дəрігерлері мен орта медицина қызметкерлері үшін үйдегі 

кезекшілік  белгіленуі  мүмкін.  Үйдегі  кезекшіліктің  əр  сағатына  кеткен 

уақыт,  күндізгі,  сондай-ақ  түнгі  жұмыс  уақыты  нормасының  əр  жарты 

сағатына сай есептеледі. Осы кезекшілікті орындаушы қызметкер жұмыс 

орнына (ұйымға), оқиға орнына, науқастың үйіне шақырылған жағдайда, 

шақыртуға  кеткен  нақты  жұмыс  уақыты  қызметкердің  лауазымдық 

айлықақысы  (мөлшерлеме)  есебінен  денсаулық  сақтау  ұйымдары 

қызметкерлеріне  түнгі  уақытта  жəне  мереке  күндері  төленетін  тəртіпті 

сақтай отырып төленеді. 

14. Қызметкерлерге лайықты еңбек пен лайықты еңбек ақыны сақтап 

қалу іс-шаралар кешенін жүзеге асыру мақсатында тараптар келісті:

1) Қызметкерлерге лайықты еңбек пен лайықты еңбек ақыны сақтап 

қалу іс-шаралар кешенін жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырушылық 

құқықтық  формасын  «шаруашылық  жүргізу  құқындағы  мекемеге» 

өзгерткен  мемлекеттік,  сондай-ақ  сенімгерлік  басқаруға  өткен  жəне 

мемлекеттік-жеке  компаниялар  қызметкерлеріне  лауазымдық  жалақы 




6

мөлшерінде  сауықтыруға  арналған  жəрдемақысымен 30 календарлық 

күннен кем емес негізгі ақылы еңбек демалысын беруге жəне лауазымдық 

жалақы  мен  үстеменің  ең  төменгі  деңгейін  азаматтық  қызметкерлердің 

сəйкес  лауазымдық  жалақысы  мен  үстемесінен  кем  емес,  соның  ішінде 

1193 Қаулысына сəйкес ерекше еңбек жағдайына үстемені сақтап қалуға.

2)  меншік  нысанына  қарамастан,  денсаулық  сақтау  ұйымдарының 

күтушілеріне,  тазалық  бикелеріне  (санитарларға),  шаруашылық  бике-

леріне  жыл  сайынғы  ақылы  еңбек  демалысына  лауазымдық  жалақы 

мөлшерінде  сауықтыруға  арналған  жəрдемақы  төлемін  қамтамасыз  ету 

бойынша шара қолдануға.

3) зейнет жасына жетіп зейнеткерлік демалысқа шығуына байланысты 

бір  жолғы  өтемақы  төлеуге.  Бір  жолғы  өтемақы  мөлшерін  ұжымдық 

шартпен анықтауға.

15.  Қаржы  мүмкіндігі  болған  жағдайда,  мемлекет  үлесінің 100% 

қатысуымен акционерлік қоғамның барлық қызметкерлеріне лауазымдық 

жалақы  мөлшерінен  кем  емес  көлемде  сауықтыру  жəрдемақысының 

төленуін қамтамасыз етуді қарастыруға.

16. Жан басылық нормативтің қосымша (ынталандырылатын) құрамдас 

бөлігі  жүйесін  (ЫҚБЖ)  жетілдіруге  жəне  амбулаторлық-емханалық 

көмектің  қолжетімділігі  мен  сапасын  жоғарылатуға  қатынасатын  жəне 

өз  еңбегіне  үстеме  алуға  құқылы  мамандар  тізімін  кеңейтуге  шара 

қолдануға.

17.  Сала  қызметкерлеріне  еңбек  ақы  төлеу  аясында  мемлекеттік 

кепілдіктерді  жүзеге  асыруға,  жалақының  толық  жəне  дер  кезінде 

төленуін қадағалауды қамтамасыз етуге.



18. Министірлік міндеттенеді:

1)  Қызметкерлердің  құқықтары  мен  мүдделерін  қорғауға,  олардың 

еңбек  жəне  əлеуметтік  экономикалық  мəселелерін  шешуге  қатысу 

мақсатында денсаулық сақтау басқармаларына, Қазақстан Республикасы 

Ұлттық  экономика  министрлігінің 2015 жылдың 20 ақпандағы  №113 

Бұйрығына  сай,  құрылатын  бақылау  кеңестеріне  Кəсіподақ  өкілдерін 

енгізуге ұсыныс беруге.

2)  Кəсіподақ  өкілдерін  жаппай  барлық  Алқа  құрамына  енгізуге, 

денсаулық  сақтау  аясында  əлеуметтік  жəне  еңбек  қатынастарына 

нормативтік  құқықтық  актілер  жобаларын  əзірлеу  мен  қарастыру 

бойынша комиссиялар мен жұмыс топтарына қосуға, сондай-ақ аумақтық 

денсаулық сақтау басқармаларының кепілдендірілген тегін медициналық 

жəрдем  көлемі  қызметін  жеткізушіні  анықтау  тəртібі  бойынша 

жүргізілетін, қатысушы бақылаушы ретінде тартуға.




7

19.  Кəсіподақ  жəне  Ұлттық  денсаулық  сақтау  палатасы 

міндеттенеді:

1)  Сала  қызметкерлерінің  əлеуметтік-экономикалық  жəне  еңбек 

құқықтары мен мүдделерін тиімді қорғауды қамтамасыз етуге.

2) Əлеуметтік экономикалық жəне еңбек қатынастарымен байланысты 

нормативтік  құқықтық  актілер  жобаларын  əзірлеу  мен  қарастыру 

бойынша жұмыс топтары мен комиссиялар жұмысына қатынасуға.

3) Кəсіподақ мүшелері арасында міндетті медициналық сақтандыруды 

енгізу бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жалғастыруға.

4) Ел Президентінің Жолдауындағы денсаулық сақтау жүйесі алдына 

қойған міндеттерін орындау аясында Денсаулық сақтау Министрлігінің 

бес негізгі бастамасын іске асыруға қатынасуға. 

3.  ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ЖƏНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУҒА 

КӨМЕК

20. Өз құзіреті шегінде тараптар өздеріне келесі міндеттерді алады:

1)  Денсаулық  сақтау  ұйымдарында  қызметкерлермен  еңбек  шартын 

жасасқанда  Қазақстан  Республикасы  еңбек  заңнамасы  нормаларының, 

Қазақстан  Республикасы  Үкіметі,  қызметкерлердің  республикалық 

бірлестігі  жəне  жұмыс  берушілердің  республикалық  бірлестіктері 

арасындағы 2015-2017 жылдарға Бас Келісімнің, осы Келісімнің сақталуын 

пəрменді қадағалаумен қамтамасыз етуге.

2) Келісім тараптарының əр қайсысы өз өкілеттігі шегінде əлеуметтік 

қауырттылық  пен  еңбек  дауларының  туындау  тəуекеліне  мониторинг 

жүргізуге, мониторинг нəтижесін салалық комиссияның отырыстарында 

қарастыруға.

3)  Денсаулық  сақтаудағы  кадр  саясатын  жүзеге  асыру,  медицина 

қызметкері  мамандығының  беделін  көтеру,  олардың  əлеуметтік  еңбек 

құқықтары мен мүдделерін тиімді қорғау мəселелерін шешудің кешенді 

тəсілімен қамтамасыз ету.

4) Жеке жəне ұжымдық еңбек дауларын сотқа дейін жедел қарастыру 

жəне  шешу  мақсатында  денсаулық  сақтау  ұйымдарында  келісу  жəне 

бітістіру комиссияларын Кəсіподақ пен жұмыс беруші өкілдерінен теңдік 

негізінде құру.

5) Сала қызметкерлерінің кəсіби шеберлігі мен біліктілік деңгейін 

жоғарылатуды,  мемлекеттік  бюджет  немесе  жұмысберуші  есебінен, 

мəлімделген категорияға сəйкес оқу сағаттары нормасы шегінде, бес 

жылда  бір  рет  жұмыс  орны  мен  орташа  жалақысын  сақтай  отырып, 

Қазақстан  Республикасы  Еңбек  Кодексінің 118 бабының 4 тармағы 




жүктеу 450,54 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау